Мұнай бағасын ырықтандыру туралы Қазақстан Республикасы Министрлер
Кабинетінің қаулысы 1994 жылғы 15 желтоқсан № 1416
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 13 наурыздағы № 258 қаулысына сәйкес осы қаулының күші жойылды
Тұрақты жұмысты қамтамасыз ету, бәсекелестiктi дамыту және республиканың мұнай-газ өндiретiн кәсiпорындарына бiрдей жағдай жасау мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
1. Республиканың мұнай-газ өндiретiн кәсiпорындарына 1994 жылғы 20 желтоқсаннан бастап мұнайды /газ конденсатын/ мұнай өңдеу кәсiпорындарына еркiн баға бойынша сатуға рұқсат етiлсiн.
2
Ескерту. 2-шi тармақ күшiн жойған - ҚРМК-нiң 26.09.1995
№ 1283 қаулысымен.
3. Мыналардың күшi жойылған деп танылсын:
"Энергия ресурстарын бағаны ырықтандыру және кейбір қызмет түрлерiнiң тарифтерiн реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 23 наурыздағы № 288 қаулысының 1 және 2-тармақтары /Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж.,№ 15, 145-бап/;
"Оңқазмұнайгаз" өндiрiстiк бiрлестiгi өндiретiн мұнайдың бағасы туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 13 мамырдағы № 507 қаулысы;
Қазақстан Республикасы Премьер-министрiнiң 1993 жылғы 7 желтоқсандағы № 561 өкімі.
Қазақстан Республикасы
Премьер-министрiнiң
бiрiншi орынбасары