2009.17.07 № 187-IV ҚР Заңымен 9-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
9-бап. Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдар қызметкерлерiнiң жауапкершiлiгi
1. Жедел-iздестiру шараларын жүргiзу кезiнде құқыққа қарсы әрекеттерге жол берген қызметкерлер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
2. Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдар iс-әрекеттерiмен келтiрген залалды өздерi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен өтейдi.
3 бөлiм. Жедел-iздестiру шараларын жүргiзу
ҚР Президентінің 25.12.95 ж. № 2725 Жарлығымен; ҚР 15.07.96 ж. № 31-1; 16.03.01 ж. № 163-II; 16.07.01 ж. № 244-II; 10.07.02 ж. № 338-II; 09.08.02 ж. № 346-II; 09.07.04 ж. № 592-II; 2009.17.07 № 187-IV (бұр.ред.қара); 2010.27.05 № 279-IV (бұр.ред.қара) Заңдарымен; 2014.04.07. № 233-V ҚР Заңымен (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 10-бап өзгертілді
10-бап. Жедел-iздестiру шараларын жүргiзу негiздерi
2016.28.12. № 36-VI ҚР Заңымен (ресми жарияланған күнінен кейін екі ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2017.18.04. № 58-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.26.06. № 349-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2023.03.01. № 188-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 7 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Жедел-iздестiру шараларын жүргiзу үшiн:
а) сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалдарының болуы;
б) жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдарға келiп түскен:
- әзiрленiп жатқан, жасалып жатқан немесе жасалған құқық бұзушылық;
- жауап алу, тергеу және сот органдарынан жасырынып немесе қылмыстық жазадан жалтарып жүрген адамдар;
- азаматтардың хабарсыз кетуi және танылмаған мәйiттердiң табылуы туралы ақпарат;
в) тергеушінің өзі тергейтін қылмыстық істер бойынша жазбаша тапсырмалары;
в-1) Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының, оның бірінші орынбасарының не орынбасарларының, облыстар прокурорларының және оларға теңестірілген прокурорлардың қаулылары, сондай-ақ прокурордың жедел-іздестіру қызметінің заңдылығын қадағалауды жүзеге асыру барысында берген жазбаша нұсқаулары;
в-2) қылмыстық іс бойынша сотталушыны және азаматтық іс бойынша жауапкерді, жазасын өтеуден немесе пробациялық бақылаудан жалтарып жүрген адамды іздестіру туралы сот актілері, сондай-ақ сот орындаушыларының прокурор санкциялаған атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкерді іздестіру туралы қаулылары;
г) құқықтық көмек туралы шартқа (келісімге) сәйкес халықаралық құқық қорғау ұйымдарының және шет мемлекеттердiң құқық қорғау органдарының сауал салулары;
д) қоғам, мемлекет және оның экономикалық және қорғаныстық әлеуетiн нығайту мүддесiнде барлау ақпаратын алу қажеттігі;
е) өздеріне қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен уәкілетті мемлекеттік органдар жеке қауіпсіздікті қамтамасыз ету туралы қаулылар шығарған қорғалатын адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажеттігі негіздер болып табылады.
2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); 2016.28.12. № 36-VI ҚР Заңымен (ресми жарияланған күнінен кейін екі ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыратын органдар өз құзыретi шегiнде өзiнiң не өзге мемлекеттік органдардың бастамасы бойынша азаматтардың жеке басын сипаттайтын және шешiмдер қабылдау үшiн қажеттi:
- iшкi iстер, Әділет министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесі, ұлттық қауiпсiздiк, әскери барлау, қаржы полициясы, кеден органдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметiне жұмысқа және қызметке қабылдау туралы;
- жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдарға жұмысқа немесе қызметке қабылдау туралы;
- жеке және заңды тұлғалардың стратегиялық және күзетілетін объектілерді күзету және оларға қызмет көрсету жөніндегі, сондай-ақ күзетілетін адамдардың төңірегіндегі жұмыстарды істеуіне рұқсат беру туралы. Стратегиялық және күзетілетін объектілердің, сондай-ақ күзетілетін адамдардың тізбесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен айқындалады;
- тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын авариялық немесе экологиялық қауіптілігі жоғары объектiлер мен құрылыстарды пайдаланумен байланысты жұмыстарға рұқсат ету туралы;
- жедел-iздестiру қызметiне қатысуға рұқсат беру немесе оны жүзеге асыру нәтижесiнде алынған материалдарды пайдалануға рұқсат беру туралы;
- күзет қызметімен айналысуға лицензиялар берiлгенi туралы деректер жинауға құқылы.
3. Көрсетiлген негiздер түпкiлiктi болып табылады және тек заңмен ғана толықтырылуы немесе өзгертiлуi мүмкiн.
19.02.02 ж. № 295-II; 09.08.02 ж. № 346-II; 2005.08.07 № 67-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 11-бап өзгертілді; 2009.17.07 № 187-IV ҚР Заңымен 11-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2009.07.12 № 221-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.04.07. № 233-V ҚР Заңымен 11-бап өзгертілді (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
11-бап. Жедел-іздестіру іс-шаралары
1. Жедел-іздестіру іс-шаралары жалпы және арнаулы болып бөлінеді.
2. Жалпы жедел-іздестіру іс-шаралары мыналар болып табылады:
1) адамдарға сауал қою;
2) азаматтармен жария және жасырын қатынастар орнату, оларды жедел-іздестіру қызметіне пайдалану;
3) енгізу;
4) қылмыстық іс-әрекетті имитациялайтын мінез-құлық таныту;
5) астыртын кәсіпорындар мен ұйымдар құру;
6) бақыланатын өнім беру;
7) заңмен қорғалатын жеке өмірге, тұрғын үйге қол сұғылмауын, өзінің және отбасының құпиясын, сондай-ақ жеке салымдары мен жинаған қаражатының, жазысқан хаттарының, телефон арқылы сөйлескен сөздерінің, почта, телеграф арқылы және басқа да жолдармен алысқан хабарларының құпиялылығын қозғамайтын мәліметтер алу үшін техникалық құралдарды қолдану;
8) анықтамалар алу;
9) үлгілерді алу;
10) жедел сатып алу;
11) іздеу-қызмет иттерін пайдалану;
12) жеке адамды белгілері бойынша іздеу және ұқсастыру;
13) ақпаратты заңсыз алып тастау қондырғыларын іздеу;
14) құқыққа қарсы әрекеттер іздерін табу, жасырын орнықтыру және алып қою, оларды алдын ала зерттеу;
15) қылмысты әзірлеуші, жасаушы немесе жасаған адамның ізіне түсу және оны ұстау;
16) ұстап алынған адамдардың жеке басын жете тексеруді, оларда болатын қылмыстық әрекетке қатысты болуы мүмкін заттар мен құжаттарды алып қоюды, сондай-ақ, тұрғын үй-жайларды, жұмыс орындары мен өзге де орындарды жете тексеруді, көлік құралдарын жете тексеруді куәгерлердің қатысуымен жүзеге асыру.
Терроризмге қарсы операцияны жүзеге асыру барысында жеке басты жете тексеру және жеке тұлғаның жанындағы заттарды жете тексеру, көлік құралдарын, оның ішінде техникалық құралдарды қолдана отырып жете тексеру куәгерлердің қатысуынсыз жүргізілуі мүмкін;
17) қарулы қылмыскерлерді қолға түсіру жөніндегі операцияларды жүргізу;
18) байқау.
Осы тармақта көзделген жалпы жедел-іздестіру іс-шараларын ұйымдастыру және оларды жүргізу тактикасы Қазақстан Республикасының Бас Прокурорымен келісу бойынша, жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдардың бірінші басшыларының нормативтік құқықтық актілерімен айқындалады.
2017.21.12. № 118-VI ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2018.12.07. № 180-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Арнаулы жедел-іздестіру іс-шаралары мыналар болып табылады:
1) адамды немесе орынды жасырын аудио- және (немесе) бейнебақылау;
2) электр (телекоммуникация) байланысының желілері арқылы берілетін ақпаратты жасырын бақылау, ұстап алу және алу;
3) абоненттер және (немесе) абоненттік құрылғылар арасындағы қосылулар туралы ақпаратты жасырын алу;
4) компьютерлерден, серверлерден және ақпаратты жинауға, өңдеуге, жинақтауға және сақтауға арналған басқа құрылғылардан ақпаратты жасырын алу;
5) пошта жөнелтілімдері мен өзге жөнелтілімдерді жасырын бақылау;
6) жасырын кіру және (немесе) орынды жасырын зерттеп-қарау.
Осы тармақта көзделген арнаулы жедел-іздестіру іс-шараларын ұйымдастыру және оларды жүргізу тактикасы Қазақстан Республикасының Бас Прокурорымен келісу бойынша, жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдардың бірінші басшыларының нормативтік құқықтық актілерінде айқындалады.
2017.03.07. № 84-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.27.12. № 292-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді
4. Осы баптың 2-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9), 11), 12), 13), 14), 15), 16) және 17) тармақшаларында тізбеленген жедел-іздестіру іс-шаралары Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік заңнамасының ережелеріне сәйкес іздестіру шаралары ретінде жүзеге асырылуы мүмкін.
ҚР Президентінің 25.12.95 ж. № 2725 Жарлығымен; ҚР 15.07.96 ж. № 31-1; 16.03.01 ж. № 163-II; 16.07.01 ж. № 244-II; 19.02.02 ж. № 295-II; 10.07.02 ж. № 338-II; 09.08.02 ж. № 346-II;; 09.07.04 ж. № 592-II; 2004.29.12 № 25-III; 2005.08.07 № 67-III (бұр. ред. қара) Заңдарымен 12-бап өзгертілді және толықтырылды; 2009.17.07 № 187-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2009.07.12 № 221-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2010.27.05 № 279-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.29.11. № 502-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.18.01. № 547-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.08.01. № 63-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.07.04. № 185-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.04.07. № 233-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.03.11. № 244-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 12-бап өзгертілді
12-бап. Жедел-iздестiру шараларын жүргiзу шарттары
1. Адамдардың азаматтығы, жынысы, ұлты, тұрғылықты жерi, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайы, қандай қоғамдық бiрлестiктерге жататындығы, дiнге қатынасы мен саяси сенiмi, егер заңмен өзгеше белгiленбесе, Қазақстан Республикасының аумағында оларға қатысты жедел-iздестiру шараларын жүргiзуге кедергi бола алмайды.
2. Жалпы және арнаулы жедел-іздестіру іс-шараларын жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырушы барлық органдар өздеріне жүктелген міндеттерге сәйкес жүргізеді.
Жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдар Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде жедел-іздестіру іс-шараларын қылмыстық-атқару жүйесінің уәкілетті органымен немесе оның аумақтық бөлімшелерімен өзара іс-қимыл жасаса отырып жүргізуге құқылы.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің жедел қамтамасыз ету объектілеріндегі және күзет іс-шараларын жүргізу аймағындағы жедел-іздестіру іс-шаралары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметімен келісу бойынша жүзеге асырылады.
3. Жедел-iздестiру шараларын жүргiзуге құқығы бар қызметтердiң, бөлiмшелердiң және қызметкерлер санаттарының тiзбесiн жедел-iздестiру қызметiн жүргiзушi органдардың басшылары белгiлейдi.
2014.04.07. № 233-V ҚР Заңымен (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); 2017.21.12. № 118-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4-тармақ жаңа редакцияда
4. Арнаулы жедел-іздестіру іс-шаралары:
2019.27.12. № 292-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.19.12. № 384-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2023.12.07. № 23-VІІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1) тармақша өзгертілді
1) ауыр және аса ауыр қылмыстарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнің 116 (бірінші бөлігі), 126 (бірінші және екінші бөліктері), 161 (бірінші бөлігі), 185 (бірінші және екінші бөліктері), 188 (екінші бөлігі), 188-1 (бірінші бөлігі), 189 (екінші бөлігі), 190 (екінші бөлігі), 194 (бірінші бөлігі), 195 (төртінші және бесінші бөліктері), 197 (үшінші бөлігі), 207 (екінші бөлігі), 210 (бірінші бөлігі), 211 (екінші бөлігі), 213 (үшінші бөлігі), 216 (бірінші және екінші бөліктері), 218 (бірінші және екінші бөліктері), 231 (бірінші бөлігі), 232 (бірінші бөлігі), 234 (екінші бөлігі), 245 (бірінші және екінші бөліктері), 272 (үшінші бөлігі), 283 (бірінші бөлігі), 286 (бірінші бөлігі), 287 (үшінші бөлігі), 288 (бірінші бөлігі), 307 (екінші бөлігі), 308 (бірінші бөлігі), 309 (бірінші бөлігі), 315 (бірінші бөлігі), 361 (үшінші бөлігі), 362 (бірінші бөлігі), 365 (екінші бөлігі), 366 (бірінші бөлігі), 367 (бірінші бөлігі), 394 (екінші бөлігі), 399 (екінші бөлігі), 422 (бірінші және екінші бөліктері)-баптарында көзделген ауырлығы орташа қылмыстарды және қылмыстық топ жасаған қылмыстарды анықтау, олардың алдын алу және жолын кесу мақсатында, егер тексерілетін адам үшінші тұлғаның телефонын немесе өзге сөйлесу құрылғысын пайдаланады деген мәліметтер болса немесе үшінші тұлға телефонды және басқа сөйлесу құрылғыларын пайдаланып, тексерілетін адам үшін ақпарат алады не тексерілетін адамнан басқа адамдарға беру үшін ақпарат алады деген мәліметтер болса, тексерілетін адамға не үшінші тұлғаға қатысты прокурордың санкциясымен ғана жүргізіледі және олардың мазмұнын материалдық жеткізгіште тіркеп қою;
2) тергеуден, анықтаудан, соттан жасырынып жүрген және Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 232-бабының төртінші бөлігінде көрсетілген қылмыстарды жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықтан жалтарып жүрген, сондай-ақ хабарсыз кеткен адамдарды іздестіру жөніндегі шараларды жүзеге асыру үшін прокурордың санкциясымен ғана жүргізіледі.
Осындай іс-шараларды жүргізуге санкцияны жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдардың қаулысы бойынша Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры, оның бірінші орынбасары не орынбасарлары, Бас әскери прокурор, облыстардың прокурорлары мен оларға теңестірілген прокурорлар береді.
Осы Заңның 6-бабында санамаланған барлық органдардың міндеттерді шешуі мүддесінде байланыс желісін пайдалануға байланысты арнаулы жедел-іздестіру іс-шараларын Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары техникалық жағынан жүзеге асырады, бұл үшін оларға қажетті күш пен қаражат бөлінеді.
Байланыс желісін пайдалануға байланысты арнаулы жедел-іздестіру іс-шараларының ұйымдастырылуы және жүргізілу тактикасы Қазақстан Республикасының Бас Прокурорымен келісу бойынша, жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдардың бірінші басшыларының бірлескен нормативтік құқықтық актісімен айқындалады.
Барлау ақпаратын алу, Қазақстан Республикасының әскери қауіпсіздігін және күзетілетін адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында сыртқы барлау саласындағы уәкілетті орган, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери барлау органдары және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі Қазақстан Республикасының аумағында байланыс қызметтері мен құралдарын ұсынатын жеке және заңды тұлғалардың стационарлық аппаратурасы мен байланыс желілеріне қосылуды болғызбайтын телекоммуникациялар желілерін пайдалана отырып, арнаулы жедел-іздестіру іс-шараларын жүзеге асыруға құқылы.
2016.22.12. № 28-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2016.28.12. № 36-VI ҚР Заңымен (ресми жарияланған күнінен кейін екі ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5-тармақ жаңа редакцияда
5. Тек қана Қазақстан Республикасының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында барлау ақпаратын алу, сондай-ақ күзетілетін адамдардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында ақпарат алу үшін арнаулы жедел-іздестіру іс-шаралары Қазақстан Республикасының Бас Прокурорымен келiсiлген тәртiппен жүзеге асырылуы мүмкiн.
6. Жекелеген адамдардың өмiрiне, денсаулығына, меншiгiне қауiп төнген жағдайда олардың өтiнiшi немесе жазбаша келісімi бойынша жедел-iздестiру қызметiн жүргiзушi орган басшысы бекiткен қаулы негiзiнде, 24 сағаттың iшiнде мiндеттi түрде прокурорды хабардар ете отырып, қаулы шығарылған кезден бастап олардың олардың телефондары немесе басқа да сөйлесу құрылғылары арқылы жүргізілетін сөйлесулердi тыңдауға және жазып алуға рұқсат етiледi.
2014.04.07. № 233-V ҚР Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2023.27.03. № 216-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 8 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 7-тармақ өзгертілді
7. Кейінге қалдыруға болмайтын және ауыр және аса ауыр қылмыстардың, сондай-ақ қылмыстық топ дайындайтын және жасайтын қылмыстардың жасалуына әкеп соғуы мүмкін жағдайларда, жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын тиісті орган басшыларының біреуінің уәжді қаулысы негізінде, прокурорды хабардар ете отырып және кейіннен, қаулы шығарылған кезден бастап жиырма төрт сағат ішінде санкция ала отырып, арнаулы жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге жол беріледі.
Белгіленген мерзімде прокурордың санкциясы алынбаған кезде арнаулы жедел-іздестіру іс-шарасы дереу тоқтатылуға жатады.
Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьясына қатысты арнаулы жедел-іздестіру іс-шаралары Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының санкциясымен ғана жүргізілуі мүмкін.
Судьяға қатысты арнаулы жедел-іздестіру іс-шаралары Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының санкциясымен ғана жүргізілуі мүмкін.
8. Арнаулы жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге санкция алу кезінде прокурорға құпия көмекшілер мен штаттағы жасырын қызметкерлердің жеке басы туралы мәліметтердің құпиясын ашуға мүмкіндік бермейтін нысанда және мазмұнда оларды жүргізу үшін негіздеме материалдар табыс етіледі.
Арнаулы жедел-іздестіру іс-шарасының нәтижесі туралы оны жүргізуге санкция берген прокурор хабардар етіледі.
9. Жасырын жедел-iздестiру шараларын ұйымдастыру және оларды жүргiзу тактикасы «Мемлекеттік құпиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы негiзiнде Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтетiн Құпияландыруға жататын мағлұматтар тiзбесiне сәйкес қызметтiк, әскери және мемлекеттік құпияны құрауы мүмкiн.
2009.17.07 № 187-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2009.07.12 № 221-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 13-бап өзгертілді
13-бап. Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдарға жәрдемдесу
1. Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының, ұйымдарының, әскер бөлiмшелерiнiң, құрамаларының және қоғамдық бiрлестiктерiнiң лауазымды адамдары мен басқа қызметкерлерi осы Заңның 2-бабында көзделген мiндеттердi шешуде жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдарға жәрдемдесуге міндетті және олардың көрсетілген органдарға өз құзыреті шегінде жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыруына кедергі жасауға құқығы жоқ.
2. Жекелеген азаматтар өз қалауы бойынша жедел-iздестiру қызметiн жүргiзу органдарымен қызмет жасау құпиялылығын сақтай отырып, өз келісімiмен жедел-iздестiру шараларын әзiрлеуге және жүргiзуге (соның iшiнде келісім-шарт бойынша) тартылуы мүмкiн. Бұл адамдар жедел-iздестiру шараларын әзiрлеу немесе жүргiзу барысында өздерiне мәлiм болған мағлұматтарды құпия ұстауға және аталған органдарға көрiнеу жалған хабарлама бермеуге мiндеттi. Осындай мағлұматтарды жария еткенi және көрнеу жалған хабарлама бергенi үшiн олар Қазақстан Республикасының заңымен белгiленген жауапқа тартылады.
3. Жедел-iздестiру қызметiн жүргiзушi органдар кәмелетке толған әрекет қабiлетi бар адамдармен олардың азаматтығына, ұлтына, жынысына, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, білімiне, қандай қоғамдық бiрлестiктерге жататынына, саяси және дiни сенiмiне қарамастан ынтымақтасу туралы келісім-шарт жасай алады. Келісім-шарттың түрi, оның қолданылу шарты мен мерзiмi ведомстволық қалыптық құжаттармен белгiленедi.
2009.17.07 № 187-IV ҚР Заңымен 14-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2009.07.12 № 221-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара; 2010.27.05 № 279-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 14-бап өзгертілді
14-бап. Жедел-іздестіру қызметінің материалдарын пайдалану
2014.03.07. № 227-V ҚР Заңымен (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2016.28.12. № 36-VI ҚР Заңымен (ресми жарияланған күнінен кейін екі ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Жедел-іздестіру қызметі процесінде алынған материалдар тергеу әрекеттерін әзірлеу мен жүзеге асыру және қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу, жолын кесу жөніндегі жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу үшін, сондай-ақ олар Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік заңнамасының дәлелдемелерді жинауды, зерттеуді және бағалауды регламенттейтін ережелеріне сәйкес тексерілген жағдайда қылмыстық істер бойынша дәлелдеу процесінде пайдаланылуы мүмкін.
Барлау қызметі барысында алынған, оларды пайдалану тәртібі ведомстволық нормативтік құқықтық актілерде белгіленетін нәтижелерді қоспағанда, жедел-іздестіру қызметінің материалдары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тексерілгеннен кейін осы Заңның 2-бабында көзделген басқа да міндеттерді орындау кезінде пайдаланылуы мүмкін.
2024.21.11. № 136-VІІІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2024 ж. 3 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде алынған материалдар оларға Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу заңнамасында көзделген сипат берілгенге дейін не оларды қылмыстық процеске енгізуге мүмкіндік болмағанда жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін шектеуге, сондай-ақ судьяларға қатысты тәртіптік іс жүргізуге бастамашылық етуге негіз болып табылмайды.
3. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, жедел-іздестіру қызметін ұйымдастыру туралы, нақты жедел-іздестіру іс-шаралары туралы, мемлекеттік немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпарат көздері және оларды алу тәсілдері туралы мәліметтер, сондай-ақ адам мен азаматтың жеке өміріне, ар-ожданы мен қадір-қасиетіне қатысты мәліметтер жария етуге жатпайды.
4. Кәсіби міндеттерін орындау нәтижесінде жедел-іздестіру қызметі туралы өзіне белгілі болған мәліметтерді жария еткен адамдар Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен жауапты болады.
2009.17.07 № 187-IV ҚР Заңымен 14-1-баппен толықтырылды
14-1-бап. Жедел-іздестіру қызметін ақпараттық қамтамасыз ету әне құжаттау
1. Осы Заңда көзделген міндеттерді шешу үшін жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдар жедел есепке алулар мен ақпараттық жүйелерді құруы және пайдалануы, сондай-ақ жедел есепке алу істерін ашуы мүмкін.
2. Жедел есепке алулар мен ақпараттық жүйелерде мәліметтер жинақтау, сондай-ақ жедел есепке алу істерін ашу осы Заңның 10-бабының 1-тармағында көзделген негіздер болған кезде, мәліметтерді жинау мен жүйеге келтіру, жедел-іздестіру қызметінің нәтижелерін тексеру және бағалау, сондай-ақ солардың негізінде жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдардың тиісті шешімдер қабылдауы мақсатында жүзеге асырылады.
3. Жедел есепке алулар мен ақпараттық жүйелерді қалыптастырудың және пайдаланудың, сондай-ақ жедел есепке алуларды жүргізудің тәртібі жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдардың нормативтік құқықтық актілерімен айқындалады.
2009.07.12 № 221-IV ҚР Заңымен 15-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
15-бап. Жедел-iздестiру қызметіндегі шектеулер
Жедел-iздестiру қызметiн жүргiзу кезiнде:
- аса қажет және қорғаныс қажет болған жағдайда басқа реттерде азаматтардың өмiрiне, денсаулығы мен мүлкiне нақты қатер төндiретiн iс-әрекеттер жасауға;
- қандай да бiр саяси партияның, сондай-ақ қоғамдық және дiни бiрлестiктердiң мүддесi үшiн әрекет етуге;
- азаматтарды құқық бұзушылыққа итермелеуге және арандатуға;
- азаматтар мен лауазымды адамдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн шектейтiн зорлық-зомбылық жасауға, қатер төндiруге, бопсалауға және өзге де заңсыз әрекеттер жасауға;
- жедел-iздестiру материалдарын бұрмалауға, сол сияқты көрiнеу күмәндi не жалған мағлұматтарды пайдалануға;
адамның және азаматтың жеке өміріне қол сұғылмауын, өзінің және отбасының құпиясын, ар-намысы мен қадір-қасиетін қозғайтын және жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу процесінде белгілі болған мәліметтерді, заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, азаматтардың келісімінсіз жариялауға тыйым салынады.
2009.17.07 № 187-IV ҚР Заңымен 16-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
16-бап. Жедел-iздестiру шараларын тоқтату негiздерi
Жедел-iздестiру шаралары:
- жедел-iздестiру қызметiн жүргiзу арқылы шешу көзделген мiндеттер орындалған ретте;
- алға қойылған мiндеттердiң шешiлуi объективтi түрде мүмкiн еместiгiн растайтын жағдайлар анықталған ретте;
- тексерiлетiн адамды Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген негiздер бойынша жауапқа тартуға болмайтын жағдайлар анықталған кезде;
жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыру кезінде заңның, адам мен азаматтың құқықтары бұзылуы анықталған жағдайда жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырушы жоғары тұрған органның, прокурордың қаулысы не соттың шешімі бойынша тоқтатылады.
Жедел-iздестiру шаралары жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдардың қалыптық құжаттарында көзделген мерзiмде Қазақстан Республикасы Бас прокурорының келісімiмен жүзеге асырылады, тоқтатыла тұрады, тоқтатылады.
4 бөлiм. Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдардың өзара iс-қимылы
17-бап. Қазақстан Республикасының жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдарының өзара iс-қимылы
Қазақстан Республикасының жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдары: