Энергия ресурстарына бағаны ырықтандыру және кейбIр қызмет түрлерінің
тарифтерін реттеу туралы Қазақстан Республикасы Министрлер
Кабинетінің қаулысы 23 наурыз 1994 ж. № 288
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 13 наурыздағы № 258 қаулысына сәйкес осы қаулының күші жойылды
Республиканың отын-энергетика кешенiнiң кәсiпорындары мен бiрлестiктерiнiң тұрақты жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету және халық шаруашылығында энергия ресурстарының пайдалану тиiмдiлiгiн арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
(1-тармақ) .
(2-тармақ) .
Ескерту. 1 және 2 тармақтардың күшi жойылған - ҚРМК-нiң
1994 ж. 15 желтоқсандағы № 1416 қаулысымен.
(3-4-тармақтары) .
Ескерту. 3,4 тармақтардың күшi жойылған - ҚРМК-нің 1994.11.04. № 1224
қаулысымен.
5. 1994 жылғы 1 сәуiрден бастап коммуналдық-тұрмыстық қажеттерге арналған сұйытылған газ бен республиканың газ және мұнай өңдейтiн кәсiпорындары шығаратын бензиннен тазартылған газға келісімдi баға қолданылсын.
Ескерту. 5-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң 1996.03.05.
№ 280 қаулысымен.
(6-тармақ) .
Ескерту. 6-тармақтың күшi жойылған - КРМК-нiң 1994 ж. 12 желтоқсан
№ 1399 қаулысымен.
7. 1994 жылғы 1 сәуiрден бастап облыстардың, Алматы және Ленинск қалаларының әкiмдерiне:
(2-абзац) .
көпшiлiк пайдаланатын қала көлiгiмен жолаушылар мен жүк тасымалдау тарифтерiн реттеп отыру;
төмен разрядты моншалардың, қызметiнiң тарифтерiн реттеп отыру құқықтары берiлсiн.
Ескерту. 7-тармақтың екiншi абзацы күшiн жойған - КРМК-нiң
1994 ж. 12 желтоқсан № 1399 қаулысымен.
7-тармақтың 4-абзацына өзгерiс енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң
1996.03.05. № 280 қаулысымен.
8. Қазақстан Республикасының Экономика министрлігі жанындағы Баға комитетi "Қазақстанэнерго" Мемлекеттік электр-энергетика компаниясымен бiрлесiп 1994 жылғы 1 сәуiрден бастап көмiрге, табиғи газға, дизель отынына, мазутқа енгiзiлетiн бағаны және сатып алынатын электр энергиясының тарифтерiн есепке ала отырып, электр және жылу энергиясының тарифтерiн белгiлесiн.
Қазақстан Республикасының Экономика министрлігі жанындағы Баға комитетi мен "Қазақстанэнерго" Мемлекеттік электр-энергетика компаниясына отын мен импортқа шығарылатын электр энергиясы бағасының өзгеруiне қарай электр және жылу энергиясының тарифтерiн нақтылауға рұқсат етiлсiн.
9. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің "1992 жылға электр және жылу энергиясының тарифтерi туралы" 1992 жылғы 18 қаңтардағы № 120 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1992 ж., № 6, 98-бап) 1-шi және 2-шi тармақтарының екiншi абзацының қолданылу мерзiмi 1994 жылға ұзартылсын.
10. Электр энергиясының пайдалану тиiмдiлiгiн арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Экономика министрлігіне Энергетика және отын ресурстары министрлігімен бiрлесiп негiзгi тариф бойынша төленетiн тұрғындардың электр тұтынуының айлық лимитiн анықтау, сол сияқты 200 МВА және одан жоғары қуаты бар, оны сақтап жұмыс iстегенде электр энергиясына жеңiлдiктi тарифпен ақы төленетiн тұтынушылардың бiр өлшем өнiм өндiруге жұмсайтын кесiмдi шығынын анықтау тапсырылсын.
Электр тұтынудың белгiленген лимитi асып кеткен жағдайда электр энергиясын тұтыну үшiн Қазақстан Республикасы Экономика министрлігінiң жанындағы Баға комитетi "Қазақстанэнерго" Мемлекеттік электр-энергетика компаниясымен бiрлесiп жоғарылатқан тариф бойынша төлем алынады.
11. Қазақстан Республикасының Экономика министрлігі жанындағы Баға комитетiне Қазақстан Республикасының Көлiк министрлігімен бiрлесiп қатынастың барлық түрлерi бойынша (жергiлiктi және қала маңындағыдан басқа) жүктi, жолаушыларды, багаж бен жүк багажын темір жол көлiгiмен тасымалдау тарифтерiн реттеп отыру құқығы берiлсiн.
12. 1994 жылғы 1 сәуiрден бастап "Ұлттық валютаны енгізу жағдайында бағаның өсуiн шектеу жөніндегі төтенше шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 12 қарашадағы № 1121 қаулысының 1-тармағына сәйкес осы қаулының № 1 және № 2 қосымшаларына орай белгiленген жаңа көтерме бағалар мен тарифтер, сондай-ақ қолданылып жүрген тарифтерге ең жоғары шектегi коэффициенттер бекітілсiн.
13. Кәсiпорындарда, ұйымдарда және басқа да шаруашылық жүргiзушi субъектiлерде (ауыл шаруашылығы салаларынан басқа) мына жағдайлар бойынша:
1994 жылғы 25 наурызға - мұнайды 3,5 коэффициентке көбейту арқылы "Мұнай өнiмдерi" Мемлекеттік акционерлік компаниясы Баға комитетiмен келісіп анықтаған баға бойынша мұнай өнiмдерiн;
1 сәуiрге - көмiрдi осы қаулыға № 1 қосымшада көрсетiлген
баға деңгейiне дейiн және газды 3,5 коэффициентке көбейту арқылы
қалдықты қайта бағалау жүзеге асырылсын.
Қосылған бағаның сомасы меншiктi айналым құралдарын толықтыруға бағытталсын.
14. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Еңбек министрлігімен және Халықты әлеуметтiк қорғау министрлігімен бiрлесiп энергия көздерiнiң бағаларын ырықтандыруға байланысты халықтың жоқ-жiтiк тобын бәсiрелi түрде әлеуметтiк қорғауды ұйымдастыру туралы мәселе қарап, 1994 жылғы 10 сәуiрге дейiн республиканың Министрлер Кабинетiне ұсыныстар енгiзетiн болсын.
15. Қарағанды облысының және Екiбастұз қаласының әкiмдерi "Қарағандыкөмiр" және "Екiбастұзкөмiр" өндiрiстiк бiрлестiктерiмен келісім бойынша 1995 жылғы 1 қаңтардан бастап, аталған бiрлестiктердiң әлеуметтiк сала объектiлерiн аталған әкiмдердiң балансына беру туралы мәселе қарап, белгiленген тәртiппен оларды қаржыландырудың ықтимал көздерiн анықтасын.
16. "Ұлттық валютаны енгізу жағдайында бағаның өсуiн шектеу жөніндегі төтенше шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 12 қарашадағы № 1121 қаулысындағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., № 43, 522-бап):
"Өндiрiстiк-техникалық мақсаттағы қызметтердiң жекелеген түрлерiнiң қолданылып жүрген бағалары мен тарифтерiн қайта есептеудiң реттемелi бағалары (тарифтерi) мен коэффициенттерiнiң шектi мөлшерлерi" № 1 қосымшадағы алтыншы, жиырма бесiншi - жиырма тоғызыншы абзацтар 1994 жылғы 25 наурыздан бастап және бiрiншi - бесiншi, жетiншi - жиырма төртiншi абзацтар 1994 жылғы 1 сәуiрден бастап;
"Тұтыну тауарлары мен халыққа қызмет көрсетудiң жекелеген түрлерiне қазiргi қолданылып жүрген бағалар мен тарифтердi қайта есептеудiң реттемелi бағалары (тарифтерi) коэффициенттерiнiң шектi көлемi" № 2 қосымшадағы жиырма алтыншы - отыз тоғызыншы, қырық бiрiншi - елу бiрiншi абзацтар 1994 жылғы 1 сәуiрден бастап күшiн жойды деп танылсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 23 наурыздағы № 288 қаулысына № 1 қосымша
Өндірістік-техникалық мақсаттағы қызметтердің
жекелеген түрлерінің қолданылып жүрген бағалары мен
тарифтерін қайта есептеудің реттемелі бағалары
(тарифтер) мен коэффициенттерінің
Шекті мөлшерлері
Ескерту. № 1 қосымшаның көмiрдiң бағасына қатысты бөлiгiнiң
күшi жойылды - ҚРМК-нiң 5.05.1994 ж. № 482 қаулысымен.
теңге (қосылған құнға
салынатын салықсыз)
Көмір (1 тонна үшін орташа баға):
Қарағанды көмірі 129
Екібастұз көмірі 28
Байланыс бойынша көрсетілетін негізгі
қызметтер - орташа есеппен (оның ішінде
жергілікті телефонмен 15 минуттен артық
сөйлескені үшін уақытпен ақы төлеу) коэффициент 3
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетінің
1994 жылғы 23 наурыздағы
№ 288 қаулысына
№ 2 қосымша
Халыққа көрсетiлген қызметтiң негiзгi түрлерiнiң
реттемелi тарифтерiнiң (өсiру коэффициенттерiнiң)
ШЕКТI МӨЛШЕРI
Қолданылып жүрген тарифтердi
өсiрудiң ең жоғары тарифтерi
мен коэффициенттерi (қосылған
құнға салынған салықпен бiрге)
Жекешелендiрiлген тұрғын үй қорындағы
жалпы алаңның 1 шаршы метрi үшiн бiр
айда төленетiн пәтерақы мен пайдалану
шығындарының ұсынылатын ең аз мөлшерi 20 тиын
Су құбырлары мен канализация үшiн 2
Халықтың коммуналдық-тұрмыстық мұқтаждықтары
үшiн босатылатын электр энергиясы:
селолық елдi мекендерде 24 тиын
қалалық елдi мекендерде (тұрақты
электр плиталары және электрмен жылыту
кондырғылары бар үйлерден басқалары) 28 тиын
қалалық елдi мекендерде (тұрақты электр
плиталары мен электр қондырғылары бар
үйлер үшiн) 24 тиын
Байланыс бойынша көрсетiлген негiзгi қызметтер
орташа есеппен 2,5
(оның iшiнде жергiлiктi телефонмен 15
минуттен артық сөйлескенi үшiн уақытпен ақы
төлеу)