Табиғатты арнайы пайдалану тәртібімен жануарлар дүниесiн пайдалануды жүзеге асыру шарт пен тиiстi рұқсат негiзiнде жүргiзiледi.
Жануарлар дүниесiн пайдалану туралы шарт аңшылық шаруашылық жүргiзуге немесе балық және басқа су жануарларын кәсiпшiлiк аулауға құқық беру, аң аулайтын жерлердi немесе балық шаруашылығы суаттарын бекітіп беру туралы шешiмдер қабылдағаннан кейiн пайдаланушы мен жануарлар дүниесiн мемлекеттік басқаруға арнайы уәкiлдiк берiлген орган арасында жасалады.
Жануарлар дүниесiн пайдалану туралы шартта:
- шаруашылық және өзге де қызметке жол беруге жағдай жасайтын экологиялық талаптар;
жануарлар дүниесiн пайдалану үшiн төлемдер мөлшерлерi;
- жануарлар дүниесiн қорғау шарттары;
- жануарлар дүниесiн пайдаланушыға берiлетiн жеңiлдiктер;
- шарт талаптары мен жағдайларын бұзғаны үшiн талаптардың жауаптылығы;
- шарттың қолданылу мерзiмi;
- Қазақстан Республикасы заңдарына қайшы келмейтiн өзге де қажеттi талаптар көзделедi.
Шарт негiзiнде жануарлар дүниесiн мемлекеттік басқаруға арнайы уәкiлдiк берiлген органдар жануарлар дүниесiн пайдалануға тиiстi рұқсат бередi.
Жануарлар дүниесiн пайдалануға рұқсат жануарлар дүниесiн пайдаланғаны үшiн төленетiн ақының бюджетке толық енгiзiлгенiн растайтын құжат бар болған жағдайда ғана берiледi.
34-бап. Жануарлар дүниесiн пайдаланушылардың құқықтары мен мiндеттерi
Жануарлар дүниесiн пайдаланушылардың жануарлар дүниесiн пайдаланудың өздерiне рұқсат етiлген түрлерiн ғана жүзеге асыруға құқығы бар.
Жануарлар дүниесiн пайдаланушылар пайдалану түрiне қарай:
- жануарлар дүниесiн пайдаланудың белгiленген ережелерiн, нормалары мен мерзiмдерiн сақтауға;
- жануарлардың мекендеу ортасының бұзылуына жол бермеуге;
- жануарлар дүниесiн халыққа және айналадағы табиғи ортаға қауiпсiз, табиғи үйiрлердiң тұтастығын бұзуға жол бермейтiн және пайдалануға берiлмеген жануарлардың сақталуын қамтамасыз ететiн әдiстер арқылы пайдалануға;
- пайдаланылатын жануарлардың бас саны мен жай-күйiне, сондай-ақ олардың мекендеу ортасының жай-күйiне есеп жүргiзуге;
- жануарлар дүниесiн қорғауға, өсiмiн молайтуға және пайдалануға бақылау жасауды жүзеге асыратын мемлекеттік және өзге де органдарға барынша көмек көрсетiп отыруға;
- жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану жөніндегі Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген басқа талаптарды орындауға мiндеттi.
Мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың жануарлар дүниесiн пайдаланушылар құқықтарын шектейтiн, заңға негiзделмеген тыйымдарының күшi болмайды және орындауға тиiс емес. Жануарлар дүниесiн пайдаланушының өз қызметiне заңсыз кедергi жасалуы салдарынан шеккен барлық шығыны сот тәртібімен өтелуге тиiс.
Қазақстан Республикасының 24.12.01 ж. № 276-II Заңымен 35-бап өзгерді
35-бап. Жануарлар дүниесi бойынша төлемдер
Жануарлар дүниесiн пайдаланғаны үшiн бюджетке енгiзiлуге тиiс ақы алынады.
Жануарлар дүниесiн пайдаланғаны үшiн төленетiн ақының ставкалары, бюджетке есептеу және төлеу тәртібі Қазақстан Республикасының Салық кодексiне сәйкес белгiленедi.
Жануарларды табиғи ортадан айырмай және оларға зиян келтiрместен өздерiнiң эстетикалық және басқа да қажеттiлiктерiн қанағаттандыруы үшiн пайдалану ақысыз, жалпы табиғат пайдалану тәртібімен жүзеге асырылады.
36-бап. Жануарлар дүниесiн пайдалануға арналған лимиттер мен квоталар
Жануарлар дүниесiн пайдалануға арналған лимиттер мен квоталар жануарлар дүниесiнiң өсiмiн молайту және пайдалану жөніндегі биологиялық негiздемеге сәйкес белгiленедi.
Қазақстан Республикасының 24.12.01 ж. № 276-II Заңымен 37-бап өзгерді
37-бап. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы қызметтi ынталандыру жөніндегі жеңiлдiктер
Қазақстан Республикасында жануарлар дүниесiн ұтымды пайдалануды, өсiмiн молайтуды және қорғауды ынталандыру мақсатында мынадай жеңiлдiктер белгiленедi:
- жануарлар дүниесiн ұтымды пайдалану, өсiмiн молайту және қорғау жөніндегі шараларды iске асыру үшiн жеңiлдiктi шарттармен ұзақ мерзiмдi және қысқа мерзiмдi несиелер берiледi;
- негiзгi табиғат қорғау қорларының күн өтеу жарнасының (амортизациясының) және табиғат қорғау объектiлерiнiң жедел күн өтеу жарнасының жоғары нормалары белгiленедi.
38-бап. Жануарлар дүниесiн пайдалану құқығын тоқтату негiздерi
Жануарлар дүниесiн пайдалану құқығы:
- пайдаланудан өз еркiмен бас тартқанда;
- пайдалану мерзiмi өтiп кеткенде;
- пайдаланушының қызметi тоқтатылғанда;
- жануарлар дүниесiн басқа мақсатта пайдаланғанда немесе ережелердi, нормаларды және өзге де талаптарды ұдайы әрi өрескел бұзған кезде;
- мемлекеттік немесе қоғамдық қажеттер үшiн жануарлар дүниесiн пайдаланудан алып қойғанда тоқтатылуға тиiс.
VII бөлiм. АҢ АУЛАУ
39-бап. Аң аулау ұғымы мен түрлерi
Табиғи еркiн жағдайда мекендейтiн сүт қоректiлер (теңiз сүт қоректiлерiнен басқа) мен құстарды, бауырымен жорғалаушылармен қосмекендiлердi аулау аң аулау болып табылады.
Жабайы жануарларды шаруашылық жағынан пайдалы өнiм алу мақсатымен аулау - кәсiпшiлiк аң аулау, ал азаматтардың спорттық және эстетикалық қажеттерiн қанағаттандыру мақсатымен және ауланған өнiмдi жеке тұтынуы үшiн аулау - әуесқойлық және спорттық аулау болып есептеледi.
40-бап. Аң аулау құқығы
Аңшылықтың жеңiл шарты бойынша сыннан өткен және мемлекеттік бажды төлеген Қазақстан Республикасының барлық азаматтары және оның аумағында тұратын немесе мекендей тұратын басқа да адамдар Қазақстан Республикасында аң аулау құқығын пайдаланады. Аңшылық билет аң аулау құқығын беретiн куәлiк болып табылады және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау жөніндегі органдар бередi.
41-бап. Аң аулайтын жер және аңшылық шаруашылығын жүргiзу құқығы
Аң аулау және аңшылық шаруашылығын жүргiзу үшiн пайдаланып жүрген немесе пайдаланылуы мүмкiн барлық жер, су және орман аң аулайтын жер болып табылады. Аң аулайтын жердi бекітіп беру, пайдалану және қорғау тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтедi.
Жануарлар дүниесiн мемлекеттік басқаруға арнайы уәкiлдiк берiлген органдар аң аулауды экономикалық жағынан зерттеп, шаруашылықаралық аң аулауды ұйымдастыруға, ал жануарлар дүниесiн пайдаланушылар өздерiне бекітілiп берiлген аң аулайтын жерде шаруашылық iшiнде аң аулауды ұйымдастырып, жабайы жануарларды қорғау және өсiмiн молайту жөнiнде шаралар өткiзуге мiндеттi.
Аңшылық шаруашылығын жүргiзу құқығы Қазақстан Республикасының және шет мемлекеттердiң заңды ұйымдарына, Қазақстан Республикасының азаматтарына және оның аумағында тұратын немесе мекендей тұратын басқа да нақты адамдарға Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейтiн тәртiппен берiледi.
42-бап. Аңшылық шаруашылығын жүргiзу тәртібі мен аң аулау ережелерi
Аңшылық шаруашылығын жүргiзу тәртібі мен аң аулау ережелерiн ғылыми мекемелер ақыл кеңестерiнiң және аң аулау шаруашылығы ұйымдары ұсыныстарының негiзiнде жануарлар дүниесiн мемлекеттік басқаруға арнайы уәкiлдiк берiлген органдар әзiрлеп, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтедi.
VIII бөлiм. БАЛЫҚ АУЛАУ ЖӘНЕ БАСҚА
СУ ЖАНУАРЛАРЫН АУЛАУ
43-бап. Балық аулау және басқа су жануарларын аулау түрлерi
Балық және басқа су жануарларын кәсiпшiлiк аулау шаруашылық жағынан пайдалы өнiм алу мақсатымен, ал спорттық және әуесқойлық балық аулау азаматтардың спорттық және эстетикалық қажеттерiн қанағаттандыру үшiн және аулаған өнiмдi жеке тұтынуы үшiн жүргiзiледi.
44-бап. Балық және басқа су жануарларын кәсiпшiлiк аулау құқығы
Балық және басқа су жануарларын кәсiпшiлiк аулау құқығы Қазақстан Республикасының және шет мемлекеттердiң заңды ұйымдарына, Қазақстан Республикасы азаматтарына және оның аумағында тұратын немесе мекендей тұратын басқа да нақты адамдарға Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiппен берiледi.
45-бап. Спорттық және әуесқойлық балық аулау құқығы
Қазақстан Республикасында спорттық және әуесқойлық балық аулау құқығын Қазақстан Республикасының барлық азаматтары және оның аумағында тұратын немесе мекендей тұратын басқа да нақты адамдар пайдаланады.
46-бап. Балық аулаудың және басқа су жануарларын аулаудың ережелерi
Балық аулаудың және басқа су жануарларын аулаудың ережелерiн ғылыми мекемелердiң ақыл-кеңестерi мен балық шаруашылығы ұйымдарының ұсыныстары негiзiнде жануарлар дүниесiн мемлекеттік басқаруға арнайы уәкiлдiк берiлген органдар әзiрлеп, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтедi.
47-бап. Балық шаруашылығы суаттары
Балық аулау үшiн пайдаланылып жүрген немесе пайдаланылуы мүмкiн не балық қорларының өсiмiн молайту үшiн маңызы бар барлық суаттары (iшкi теңiздер, өзендер, көлдер, тоғандар мен бөгеттер және олардың қосымша суы) балық шаруашылығы суаттары деп есептеледi. Балық шаруашылығы суаттарын бекітіп беру, пайдалану және қорғау тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтедi.
IХ бөлiм. ЖАНУАРЛАР ДҮНИЕСIН ПАЙДАЛАНУДЫҢ ӨЗГЕ ТҮРЛЕРI
48-бап. Аң аулау мен балық аулау объектiлерiне жатпайтын жануарларды шаруашылық мақсатында, сондай-ақ ғылыми, мәдени-ағарту, тәрбиелiк және эстетикалық мақсаттарда пайдалану
Жануарлар дүниесiн пайдаланушыларға аң аулау мен балық аулау объектiлерiне жатпайтын жануарларды шаруашылық мақсатында, сондай-ақ табиғи ортадан айырмай немесе айырып ғылыми, мәдени-ағарту, тәрбиелiк және эстетикалық мақсаттарда пайдалануға рұқсат етiледi.
Жануарларды табиғи ортадан айыру жануарлар дүниесiн мемлекеттік басқаруға арнайы уәкiлдiк берiлген органдардың рұқсаты бойынша жүзеге асырылады.
49-бап. Зоологиялық жүйелi жинақтарды (коллекцияларды) жасау, сақтау және мемлекеттік есепке алу
Зоологиялық жүйелi жинақтарды (жануарлардың тiрi экспонаттары, тұлыптары, препараттары мен мүшелерi) табиғи ортадан жануарларды айырып алу жолымен жасауға жануарлар дүниесiн мемлекеттік басқаруға арнайы уәкiлдiк берiлген органның рұқсаты бойынша жол берiледi.
Ерекше ғылыми, мәдени-ағарту, оқу немесе эстетикалық жағынан құнды зоологиялық жүйелi жинақтар мемлекеттік есепке алынуға тиiс.
Кәсiпорындар, мекемелер, ұйымдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтары және оның аумағында тұратын немесе мекендей тұратын басқа да адамдар жануарлар дүниесi объектiлерiнiң жүйелi жинақтарын сақтаудың, есепке алудың және пайдаланудың жануарлар дүниесiн мемлекеттік басқаруға арнайы уәкiлдiк берiлген органдар бекiтетiн ережелерiн сақтауға мiндеттi.
50-бап. Жануарлар тiршiлiгіндегі пайдалы қасиеттердi және өнiмдердi пайдалану
Жануарлар тiршiлiгіндегі пайдалы қасиеттердi және өнiмдердi табиғи ортадан жануарларды айырмай, олардың мекендеу ортасын бұзбай, ал жекелеген реттерде жануарларды табиғи ортадан айырып пайдалануға жол берiледi.
Жануарлар тiршiлiгіндегі пайдалы қасиеттердi және өнiмдердi пайдалану ережесін жануарлар дүниесiн мемлекеттік басқаруға арнайы уәкiлдiк берiлген органдар белгiлейдi.
Х бөлiм. ЖАНУАРЛАРДЫҢ БАС САНЫН РЕТТЕУ
51-бап. Халық денсаулығын сақтау мақсатында жануарлардың бас санын реттеу
Халық денсаулығын сақтау мақсатында жануарлардың бас санын реттеу тәртібін жануарлар дүниесiн мемлекеттік басқаруға арнайы уәкiлдiк берiлген органдар Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігімен келісім бойынша белгiлейдi.
52-бап. Ауыл шаруашылық және басқа да үй жануарларын аурудан алдын ала қорғау мақсатында жабайы жануарлардың бас санын реттеу
Ауыл шаруашылық және басқа да үй жануарларын аурудан алдын ала қорғау мақсатында жабайы жануарлардың бас санын реттеу тәртібін жануарлар дүниесiн мемлекеттік басқаруға арнайы уәкiлдiк берiлген органдар Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігімен келісім бойынша белгiлейдi.
53-бап. Халық шаруашылығына нұқсан келтiрiлуiне жол бермеу мақсатында жануарлардың бас санын реттеу
Халық шаруашылығына нұқсан келтiрiлуiне жол бермеу мақсатында жануарлардың бас санын реттеу мүдделi кәсiпорындардың, мекемелердiң, ұйымдар мен азаматтардың негiзделген өтiнiштерi негiзiнде жануарлар дүниесiн мемлекеттік басқаруға арнайы уәкiлдiк берiлген органдардың рұқсаты бойынша жүргiзiледi.
ХI бөлiм. ЖАНУАРЛАРДЫ МЕМЛЕКЕТТIК ЕСЕПКЕ АЛУ ЖӘНЕ ЖАНУАРЛАР
ДҮНИЕСIНIҢ МЕМЛЕКЕТТIК ЖИЫНТЫҚ МӘЛIМЕТI (КАДАСТРЫ)
54-бап. Жануарларды мемлекеттік есепке алу және жануарлар дүниесiн мемлекеттік жиынтық мәліметі (кадастры)
Жануарлар дүниесiн қорғауды және ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету үшiн жануарлар мемлекеттік есепке алынады және жануарлар дүниесiнiң мемлекеттік жиынтық мәліметі жүргiзiледi, мұнда жануарлардың географиялық таралуы, олардың жай-күйi мен бас саны туралы мәлiметтер жиынтығы, олардың мекендейтiн жерлерiнiң сипаттамасы, жануарлардың шаруашылыққа пайдаланылуы туралы және басқа деректер болады.
55-бап. Жануарларды мемлекеттік есепке алу және жануарлар дүниесiнiң мемлекеттік жиынтық мәліметін жүргiзу тәртібі
Жануарларды мемлекеттік есепке алу және жануарлар дүниесiнiң мемлекеттік жиынтық мәліметін жүргiзу жануарлар дүниесiн мемлекеттік басқаруға арнайы уәкiлдiк берiлген органдар бекiтетiн бiрыңғай әдiстемелер бойынша жүзеге асырылады.
Жануарлар дүниесiн пайдаланушылар жабайы жануарлардың таралуы, бас саны және пайдаланылуы туралы өздерiнде бар мәлiметтердi жануарлар дүниесiнiң мемлекеттік жиынтық мәліметін жүргiзушi органдарға табыс етуге мiндеттi.
ХII бөлiм. ЖАНУАРЛАР ДҮНИЕСIНIҢ ҚОРҒАЛУЫН, ӨСIМIНIҢ
МОЛАЙТЫЛУЫН ЖӘНЕ ПАЙДАЛАНЫЛУЫН БАҚЫЛАУ
56-бап. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы бақылаудың мақсаттары мен мiндеттерi
Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы бақылаудың мiндетi жануарлар дүниесiнiң жай-күйi мен олардың шаруашылық және өзге де қызметтiң салдарынан өзгеруiн қадағалау, шаралардың орындалуын тексеру, жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы заңдардың бұзылуын дер кезiнде тоқтату мен олардың талаптарын сақтау болып табылады.
57-бап. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы бақылау органдары мен қызметтер
Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы бақылау iсiн:
- жергiлiктi өкiлдi және атқарушы өкiмет органдары;
- жануарлар дүниесiн басқарудың мемлекеттік органдары жүйесiнде әрекет ететiн жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласында мемлекеттік бақылау жөніндегі арнайы уәкiлдiк берiлген органдар;
- жануарлар дүниесiн пайдаланушылар болып табылатын министрлiктер, мемлекеттік комитеттер, ведомстволар, кәсiпорындар мен ұйымдар жанындағы бақылау қызметтерi;
- жарғыларында жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы қызмет қарастырылған қоғамдық ұйымдар мен бiрлестiктер жанындағы бақылау қызметтерi жүзеге асырады.
58-бап. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласында мемлекеттік бақылау жөніндегі арнайы уәкiлдiк берiлген органдардың құқықтары
Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласында мемлекеттік бақылау жөніндегі арнайы уәкiлдiк берiлген органдардың:
- Қазақстан Республикасы аумағында тұратын немесе мекендей тұратын азаматтардың, лауазымды және басқа адамдардың жануарлар дүниесiн пайдаланудағы белгiленген ережелер мен нормаларды, тыйымдар мен шектеулердi сақтауын талап етуге, тәртiп бұзушылықты тоқтату туралы орындалуға мiндеттi нұсқаулар беруге;
- жануарлар дүниесiн өз бетiмен пайдалануды тоқтатуға, жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану жөніндегі ережелердi, нормалар мен өзге де талаптарды бұзатын жұмыстарды тоқтата тұруға;
- жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану жөніндегі ережелердi, нормалар мен өзге де талаптарды бұзушыларды белгiленген тәртiппен жауаптылыққа тартуға немесе тәртiп бұзушылықтар туралы материалдарды тиiстi буындарға жiберуге құқығы бар.
Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласында мемлекеттік бақылау жөніндегі арнайы уәкiлдiк берiлген мемлекеттік органның өз құзыретi шегiнде бекітілген ережелерi мен нұсқауларын барлық министрлiктер, ведомстволар, кәсiпорындар, мекемелер мен ұйымдар, меншiк түрiне қарамастан, сондай-ақ Қазақстан Республикасы азаматтары мен оның аумағында тұратын немесе мекендей тұратын адамдар орындауға мiндеттi.
Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласында мемлекеттік бақылау жөніндегі арнайы уәкiлдiк берiлген мемлекеттік орган қызметкерлерiнiң арнаулы құралдар мен атыс қаруын сақтауға, алып жүруге және айрықша жағдайларда қолдануға құқығы бар. Осы құқық берiлген лауазымды адамдардың тiзбесiн, арнаулы құралдар мен атыс қаруын сақтау, алып жүру және қолдану тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.
Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласында мемлекеттік бақылау жөніндегі арнайы уәкiлдiк берiлген мемлекеттік орган қызметкерлерi мiндеттi түрде сақтандырылуға тиiс және өлген немесе жарақаттанған жағдайда зиянның белгiленген тәртiппен өтелуiне құқығы бар.
59-бап. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласында ведомстволық, өндiрiстiк және қоғамдық бақылау iсiнiң құқықтары мен оны жүзеге асыру тәртібі
Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласында ведомстволық, өндiрiстiк және қоғамдық бақылау iсiнiң құқықтары мен оны жүзеге асыру тәртібі белгiленген тәртiппен бекітілген әрi қолданылып жүрген заңдарға қайшы келмейтiн ережелермен және жарғылармен белгiленедi.
Ведомстволық, өндiрiстiк және қоғамдық бақылау қызметтерiнiң арнаулы құралдар мен атыс қаруын сақтау, алып жүру және қолдану құқығы берiлген лауазымды адамдарының тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi. Ондай лауазымды адамдар мiндеттi түрде сақтандырылуға тиiс және өлген немесе жараланған жағдайда зиянның белгiленген тәртiппен өтелу шарттары қолданылады.
XIII бөлiм. ЖАНУАРЛАР ДҮНИЕСIН ПАЙДАЛАНУ МӘСЕЛЕЛЕРI
ЖӨНIНДЕГI ДАУЛАРДЫ ШЕШУ
60-бап. Жануарлар дүниесін пайдалану жөніндегі дауларды шешудің тәртібі
Жануарлар дүниесiн пайдалану жөніндегі дауларды соттар мен төрелiк соттар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен қарайды.
ХIV бөлiм. ЖАНУАРЛАР ДҮНИЕСIН ҚОРҒАУ, ӨСIМIН МОЛАЙТУ ЖӘНЕ
ПАЙДАЛАНУ ТУРАЛЫ ЗАҢДАРДЫ БҰЗҒАНДЫҒЫ ҮШIН ЖАУАПТЫЛЫҚ
61-бап. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы заңдарды бұзғандығы үшiн жауаптылық
Қазақстан Республикасының:
- жануарлар дүниесiн тиiстi шартсыз және рұқсатсыз пайдалануға, аң аулау және аңшылық шаруашылығын жүргiзу құқығын, балық аулау мен басқа да су жануарларын кәсiпшiлiк аулау құқығын, аң аулайтын жер мен балық шаруашылығы суаттарын бекітіп беру, пайдалану және қорғау тәртібін, аң аулау, балық аулау тәртібін ережелер және жануарлар дүниесiн пайдаланудың өзге де түрлерiн бұзуға;
- жануарлардың мекендеу ортасын, көбею жағдайларын, қоныс аудару жолдары мен шоғырланған жерiн қорғау ережелерiн бұзуға;
- елдi мекендердi, кәсiпорындарды және басқа объектiлердi орналастыру, жобалау мен салу кезiнде, өндiрiстiк процестердi жүзеге асыру және көлiк құралдарын пайдалану, өсiмдiк қорғау құралдарын, минералдық тыңайтқыштарды және басқа да препараттарды қолдану кезiнде жануарларды қорғау ережелерiн бұзуға;
- халық денсаулығын сақтау, ауыл шаруашылық және басқа үй жануарларын аурудан қорғау, халық шаруашылығына нұқсан келтiрiлуiне жол бермеу мақсатында жануарлардың бас санын реттеу тәртібін бұзуға;
- сирек кездесетiн және құрып кету қатерi төнген жануарлардың қырылуына, бас санының азаюына немесе мекендеу ортасының бұзылуына, жануарларды өз бетiмен көшiруге, жерсiндiруге, қайта жерсiндiруге және будандастыруға, жануарларды республикаға әкелуге және одан тысқары әкетуге, сондай-ақ жануарлардың жаппай қырылуына әкеп соққан iс-әрекетке;
- зоологиялық жүйелi жинақтарды жасау, сақтау, есепке алу және пайдалану ережелерiн бұзуға;
- жануарлар дүниесiнiң қорғалуын, өсiмiнiң молайтылуын және пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыратын адамдарға қасақана бағынбауға, сондай-ақ олардың өмiрi мен қадiр-қасиетiне қылмыстық қол сұғушылыққа кiнәлi лауазымды адамдары, азаматтары, оның аумағында тұратын немесе мекендей тұратын басқа адамдар,
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тәртiптiк, азаматтық, әкiмшiлiк немесе қылмыстық жауапты болады.
Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы заңдарды басқадай бұзушылық үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында жауаптылық белгiленуi мүмкiн.
62-бап. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы заңдардың бұзылуынан келтiрiлген зиянды өтеу
Кәсiпорындар, мекемелер, ұйымдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтары, оның аумағында тұратын немесе мекендей тұратын басқа да адамдар жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы заңдарды бұзылуынан келтiрiлген зиянды Қазақстан Республикасы заңдарымен белгiленетiн мөлшерде және тәртiппен өтеуге мiндеттi.
Кәсiпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың зиянды өтеуiне байланысты шығынға ұшырауына кiнәлi лауазымды адамдар мен басқа да қызметкерлер белгiленген тәртiппен материалдық жауапты болады.
63-бап. Заңсыз ауланған жануарлар мен олардан өндiрiлген өнiмдi алып қою тәртібі
Заңсыз ауланған жануарлар мен олардан өндiрiлген өнiм Қазақстан Республикасы заңдарында белгiленген тәртiппен алып қойылуға жатады.
Заңсыз ауланған жануарлар мен олардан өндiрiлген өнiмдi алып қою мүмкiн болмаған жағдайда Қазақстан Республикасы заңдарымен белгiленетiн бағалар бойынша олардың құны өндiрiлiп алынады.
XV бөлiм. ЖАНУАРЛАР ДҮНИЕСIН ҚОРҒАУ, ӨСIМIН МОЛАЙТУ ЖӘНЕ
ПАЙДАЛАНУ САЛАСЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ
64-бап. Халықаралық шарттар
Егер Қазақстан Республикасы жасасқан халықаралық шарттар осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiлеген болса, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
65-бап. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы халықаралық ынтымақтастық
Қазақстан Республикасы жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы халықаралық ұйымдардың қызметiне, халықаралық конференцияларды әзiрлеп, өткiзуге, халықаралық бағдарламалар жасап, оларды iске асыруға қатысады.
66-бап. Шет мемлекеттердiң заңды ұйымдары мен азаматтарының және азаматтығы жоқ адамдардың жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану жөніндегі мiндеттерi
Шет мемлекеттердiң заңды ұйымдары мен азаматтары, азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасы аумағында шаруашылық және өзге де қызметтi жүзеге асырған кезде осы Заңның талаптарын сақтауға мiндеттi және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
Қазақстан Республикасының
Президентi | | | | | | | | | Н.Ә. Назарбаев |