Халық тұтынатын тауарлар жөніндегі департамент құру туралы Қазақстан
Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 ж. 20 қазандағы № 1039 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 9 ақпандағы № 124 Қаулысымен күші жойылды
Халық тұтынатын тауарлар өндiрiсiн дамытуды мемлекеттік реттеу, өндiрiс әлеуетiнiң пайдаланылуын арттыру, тұтыну нарығын қалыптастыру және оны тауарлармен молықтыру мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп министрлігі құрамында Халық тұтынатын тауарлар жөніндегі департамент құрылып, орталық аппарат қызметкерлерiнiң шектi саны 10 адамға көбейтiлсiн.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі оны ұстауға қажеттi қаражат бөлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп министрлігі Халық тұтынатын тауарлар жөніндегі департамент туралы ереженi бiр айлық мерзiмде белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің бекiтуiне енгiзсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi