Темiржол көлiгiмен жүк және жолаушы тасымалдауға арналған тарифтер
туралы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің
Қаулысы 10 қыркүйек 1993 ж. № 861
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 13 наурыздағы № 258 қаулысына сәйкес осы қаулының күші жойылды
Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң темiржол көлiгiмен жүк және жолаушы тасымалдаудағы бiрыңғай тарифтiк саясатын жүргiзу мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
Қазақстан Республикасы Көлiк министрлігінiң Қазақстан Республикасы Экономика министрлігінiң жанындағы Баға комитетiмен және Қаржы министрлігімен келісілген:
1993 жылғы 11 қыркүйек айынан бастап тарифтi көтерудiң шектi коэффициентiн (қосымша құн салығынсыз) жүктердi мемлекетаралық қатынаста тасымалдаудың қолданылып жүрген тариф деңгейiне 1,28 есе;
1993 жылғы 15 қыркүйектен бастап жолаушыларды, жүктi және почтаны темiржол көлiгiмен тасымалдаудың (қала маңындағы қатынастан басқасы) шектi коэффициентiн қолданылып жүрген тариф деңгейiне 2,5 етiп белгiлеу туралы ұсынысы қабылдансын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi