Қазақстан Республикасы Президентінің "Иран Ислам Республикасынан
және басқа мемлекеттерден отандастардың көшiп келу квотасы
және қоныс аударуын ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы"
1993 жылғы 15 сәуірдегі № 1184 қаулысын орындау жөніндегі шаралар
туралы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің
1993 ж. 27 мамырдағы № 437 қаулысы
Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылғы 15 сәуірдегі № 1184 қаулысын орындау мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
1. 1993 жылғы көшiп келу квотасын облыстар бойынша қосымшаға сәйкес бөлу бекітілсiн.
2. Облыстардың әкiмдерi:
отандастардың отбасыларын қабылдап, орналастыруға байланысты мәселелердi шұғыл қарау жөнiнде облыстық комиссиялар құратын болсын;
отандастардың отбасыларын қабылдау үшiн тұрғын үй және басқа да әлеуметтiк-тұрмыстық жағдайлар әзiрлеу жөнiнде шаралар қабылдасын;
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің "Тұрғын үй шаралары үшiн халыққа берiлетiн несиелердiң мөлшерiн өсiру туралы" 1993 жылғы 21 сәуірдегі № 322 қаулысына сәйкес келiп жатқан отандастарға жеке және кооперативтiк тұрғын үй салуға несие бөлу жөнiнде жәрдем көрсетсiн;
қоныс аударушылар жағдайға бейiмделiп, уақытша тұратын облыстық пункттер құратын болсын.
3. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігі:
тарихи отанына қайтып келуге тiлек бiлдiрген отандастардың құқықтары мен бостандығын қорғау мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасының министрлiктерi, ведомстволары және тиiстi мемлекеттер арасында шарттар жасау шараларын жүзеге асыратын болсын;
қоныс аудару кезiнде аумақтары арқылы өтетiн қоныс аударушыларға жәрдем көрсету жөнiнде тиiстi мемлекеттердiң Сыртқы iстер министрлiктерiне дипломатиялық жолмен хабарлайтын болсын.
4. Қазақстан Республикасының Көлiк министрлігі Еңбек министрлігімен бiрлесе отырып, қоныс аударатын адамдарды, олардың жеке мүлiктерiн көшетiн мемлекеттiң аумағынан баратын жерлерiне дейiн тасымалдау тәртібін белгiлейтiн болсын.
5. Қазақстан Республикасының Білім министрлігі қоныс аударушылардың отбасы мүшелерiнiң білім берудiң барлық түрлерiнде оқуын жалғастыруына, балаларын мектепке дейiнгi мекемелерге орналастыруға жәрдем көрсету жөнiнде шаралар қабылдайтын болсын.
6. Қазақстан Республикасының Экономика министрлігі мен Қаржы министрлігі өзiнiң тарихи отанына қайтып келуге тiлек бiлдiрген қазақтардың отбасыларына тұрғын үй салу және орналасу үшiн 1993 жылдан бастап қаржы бөлудi көздейтiн болсын.
7. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігі жол үстiнде қоныс аударушылардың жеке бастары мен мүлiктерiнiң сақталуын қамтамасыз ететiн болсын.
8. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Кеден бас басқармасы, Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Шекара әскерлерiнiң бас басқармасы мемлекеттердiң тиiстi органдарымен адамдарды және олардың жеке мүлiктерiн шекарадағы бақылау-өткізу пункттерiнен жедел өткізу мәселелерiн пысықтайтын болсын.
9. Қоныс аудару шараларын қаржыландыру "1993 жылғы арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Халықты жұмыспен қамтуға және көшiп-қонуға жәрдемдесудiң мемлекеттік қорының қаржысы есебiнен жүзеге асырылсын.
10.
ЕСКЕРТУ. 10-тармаққа өзгерістер енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң 1996.08.09. № 987 қаулысымен.
ЕСКЕРТУ. 10-тармақ күшін жойды - ҚР Үкіметінің 1999.08.18. № 1194 қаулысымен.
11. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкiне Халықтың көшiп-қону департаментiнiң, еңбек және жұмыспен қамту жөніндегі облыстық комитеттердiң (басқармалардың) ағымдағы есеп шотын ашу тапсырылсын.
12. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі облыстардың әкiмдерiмен бiрлесе отырып, қоныс аударушылардың жеке меншiгіндегі малын айдап келудi қамтамасыз етсiн.
13. Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп министрлігі қоныс аударушылар отбасының еңбекке жарамды мүшелерiн өнеркәсiп орындарына жұмысқа тарту мүмкiндiктерiн қарастырсын.
14. Қазақстан Республикасының Жастар iсi жөніндегі мемлекеттік комитетi отандастардың отбасыларын орналастыруға көмек көрсету үшiн жастар мен студенттерден мүмкiндiгiне қарай ынталы топтар ұйымдастыратын болсын.
15. Қазақстан Республикасының Еңбек министрлігі:
осы қаулыны орындау жөніндегі жұмыстарды үйлестiрудi және бақылау орнатуды қамтамасыз етсiн, отандастардың қоныс аударуы жөніндегі жұмыстардың барысы туралы ай сайын Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне хабарлап отыратын болсын;
қоныс аударушыларды жұмыспен тиiмдi қамтуды қамтамасыз ету мақсатында олардың еңбекке жарамды отбасы мүшелерiн даярлау, қайта даярлау және біліктiлiгiн арттыру жөнiнде шаралар қолданатын болсын;
Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне осы қаулының орындалуы жөнiнде тоқсан сайын ақпарат берiп отыратын болсын.
Қазақстан Республикасының Премьер-министрi
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетінің
1993 жылғы 27 мамырдағы
№ 437 қаулысымен
Бекiтiлген
1993 жылы көшiп келу квотасын облыстар бойынша
Бөлу
(Кесте)