Мұнайдың ренталық төлемдерiнiң ставкаларын белгiлеу туралы Қазақстан
Республикасы Министрлер Кабинетінің қаулысы 12 мамыр
1993 ж. № 379
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 13 наурыздағы № 258 қаулысына сәйкес осы қаулының күші жойылды
Қазақстан Республикасының "Кесiмдi ренталық төлемдер туралы" 1991 жылғы 24 желтоқсандағы № 1057 Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
1.
ЕСКЕРТУ. 1-тармақтың күшi жойылды - ҚРМК-нiң 1993.08.05. № 678
қаулысымен.
2. "Ақтөбемұнай", "Ембiмұнай", "Оңтүстiкқазмұнай" өндiрiс бiрлестiктерi және "Қаражанбастермұнай" тәжiрибе-эксперименттiк мұнайгаз өндiру басқармасы 1993 жылғы 1 ақпаннан бастап мұнайгаз өндiру басқармасы 1993 жылғы 1 ақпаннан бастап ренталық төлемдердi Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің "Энергия көздерiнiң және өнiмдер мен көрсетiлетiн қызметтердiң басқа да түрлерiнiң бағасын мемлекеттік реттеу туралы" 1992 жылғы 30 қазандағы № 905 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ, 1992 ж., № 41, 613-бап) бекітілген ставкалар бойынша төлейдi деп белгiленсiн.
1993 жылғы 1 ақпаннан бастап аталып өткен кәсiпорындар екi еселенген орташа салааралық рентабельдiлiк деңгейiн қамтамасыз ете алмаушылар ретiнде ренталық төлемдердi өтеуден босатылады.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi