Еңбектi қорғау жөніндегі оқудан, нұсқау алу мен білімiн тексеруден өтпеген адамдар жұмысқа жiберiлмейдi.
23-бап. Қызметкерлердiң еңбек жағдайларының жайы және
оны қорғау туралы хабардар болу құқығы
Кәсiпорын қызметкерлерi жұмыс орындарында еңбек жағдайлары мен еңбектi қорғау, оның үстiне тиiстi және қорғаныс құралдары, жеңiлдiктер мен өтемдер туралы ақпарат талап етуге құқылы, ал әкiмшiлiк оны беруге мiндеттi.
Жұмыс берушiлер ақпарат бермегенi немесе бұрмаланған ақпарат бергенi үшiн Қазақстан Республикасы Заңдарында белгiленген тәртiппен жауапты болады.
24-бап. Кәсiпорында еңбектi қорғау жөніндегі заңдар
мен басқа да нормативтiк актiлердiң
сақталуын қоғамдық бақылау
Еңбектi қорғау жөніндегі заңдар мен басқа да нормативтiк актiлердiң сақталуын қоғамдық бақылауды еңбектi қорғау жөніндегі уәкiлдiк берiлген адамдар арқылы еңбек ұжымдары мен кәсiподақ ұйымдары жүзеге асырады.
Арнаулы әзiрлiктен өткен еңбектi қорғау жөніндегі уәкiлдiк берген адам жұмыс орындарында еңбектi қорғаудың жайын бөгетсiз тексеруге, ашылған тәртiп бұзушылықты жою туралы және оған айыпты адамдарды жауапқа тарту туралы ұсыныс енгiзуге құқылы. Еңбектi қорғау жөніндегі уәкiлдiк берiлген адамның өз мiндеттерiн орындауының шарттары ұжымдық шартта реттеледi.
25-бап. Кәсiптiк одақтардың қызметкерлердiң
еңбектi қорғау жөніндегі құқықтары
Кәсiптiк одақтар меншiк иесiнiң (әкiмшiлiктiң), мемлекеттік және шаруашылық органдарының алдында қызметкерлердiң еңбектi қорғау құқын қорғайды, оның iске асырылуын бақылауды жүзеге асырады, еңбектi қорғау жөніндегі бағдарламаларды, заңдарды және нормативтiк актiлердi әзiрлеуге қатысады.
Кәсiподақтардың өкiлдерi өндiрiстегi жазатайым жағдайларды тексеруге қатысады, еңбектi қорғау жайын оны жақсарту жөніндегі кәсiпорындардағы ұжымдық шараларды тексередi және олардың нәтижелерi бойынша анықталған тәртiп бұзушылықты жою туралы ұсыныстар енгiзедi.
Қызметкерлердiң денсаулығына немесе өмiрiне тiкелей қауiп төнген жағдайда кәсiподақтар ол жойылғанша белгiленген тәртiппен жұмысты тоқтата тұру туралы ұсыныс енгiзуге қақылы.
Кәсiподақтар қызметкерлердiң еңбектi мiндеттерiне байланысты мертiгуден немесе денсаулыққа өзге зақым келтiруден шеккен зиянның орнын толтыруға құқығын қорғап, қызметкерлердiң еңбектi қорғау құқығына қысым жасаудың басқа да жағдайларында талапкерлiк арызбен сотқа жүгiне алады.
V тарау
Еңбектi қорғау жөніндегі заң және басқа да
нормативтiк актiлердi бұзғаны үшiн жауаптылық
26-бап. Кәсiпорынның еңбектi қорғау талаптарын
қамтамасыз етпегенi үшiн экономикалық
жауаптылық
Қадағалау және бақылау органдары еңбектi қорғау туралы заңның бұзылғанын анықтаған кезде кәсiпорындар өз қаржылары есебiнен еңбектi қорғау қорларына Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген тәртiп пен мөлшерде айыппұл төлейдi.
27-бап. Кәсiпорындардың өндiрiстiк бағыттағы, еңбектi
қорғау талаптарына жауап бермейтiн өнiмдер
шығарғаны және өткiзгенi үшiн экономикалық
жауаптылығы
Еңбектi қорғау талаптарына жауап бермейтiн жаңа техниканы, технологияны, өндiрiстiк объектiлердi жасаушылар мен дайындаушылар әлеуметтiк сақтандыру органдары мен тұтынушылардың осы тәртiп бұзушылықты жоюдан шеккен зиянын, соның iшiнде жазатайым жағдай мен кәсiби аурулар нәтижесiнде зардап шеккендерге төленетiн өтемдiк төлемдерге байланысты шығындарды өтейдi. Зиян мөлшерiн белгiленген тәртiппен төрелiк сот белгiлейдi және өндiредi.
Өндiрiс құралдары мен жаңа технологиялардың жобаларын еңбектi қорғау нормалары мен талаптарын бұза отырып жасаған және оларды өндiрiске енгiзудi талап еткен ғылыми-зерттеу және жобалау-конструкторлық ұйымдар тапсырыс берушiлерге осы тәртiп бұзушылықты жою жөнiнде келтiрiлген зиянды өтеуге мiндеттi. Зиян мөлшерiн белгiленген тәртiппен төрелiк сот белгiлейдi және өндiредi.
Еңбектi қорғау жөніндегі стандарттардың, ережелер мен нормалардың белгiленген талаптарына сай келмейтiн, соның iшiнде шетелден сатып алынған өнiмдi өндiру, жарнамалау және сату заңсыз болып табылады. Кәсiпорынның мұндай қызмет нәтижесiнде тапқан пайдасы еңбектi қорғау қорына алып қоюға жатады.
28-бап. Лауазымды адамдардың еңбектi қорғау жөніндегі
заң және өзге де нормативтiк актiлердi бұзғаны
үшiн жауаптылығы
Еңбектi қорғау жөніндегі заң және өзге де нормативтiк актiлердi бұзуға кiнәлi не қадағалау мен бақылауға кедергi келтiрушi лауазымды адамдар заңдарда белгiленген тәртiппен әкiмшiлiк, тәртiптiк, материалдық немесе қылмыстық жауапқа тартылады.
29-бап. Қызметкерлердiң еңбектi қорғау талаптарын
бұзғаны үшiн жауаптылығы
Еңбектi қорғау жөніндегі нормативтiк актiлердiң талаптарын бұзғаны үшiн кәсiпорын қызметкерлерi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапқа тартылады.
30-бап. Кәсiпорынның өндiрiсте зардап шеккен қызметкерлерге
немесе қызметкерлер опат болған жағдайда талап
етуге құқылы адамға келтiрiлген зиянды өтеудегi
материалдық жауаптылығы
Кәсiпорын немесе оның заңды мирасқоры өндiрiстегi жазатайым жағдай немесе кәсiби ауру нәтижесiнде толық немесе iшiнара еңбек қабiлетiнен айырылған қызметкерге немесе қызметкер опат болған жағдайда талап етуге құқылы адамға бiр мәрте жәрдемақы төлейдi және заңдарда белгiленген тәртiп пен мөлшерге сәйкес қызметкердiң денсаулығына келген зақым немесе опат болғаны үшiн өтем бередi.
Бiр мәрте берiлетiн жәрдемақының мөлшерi ұжымдық шартпен және Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленедi әрi мына мөлшерден:
- өндiрiстегi жазатайым жағдайдан немесе кәсiби аурудан қайтыс болғанда қызметкердiң он еселенген жылдық жалақысынан;
- еңбектегi мертiгуден немесе кәсiби аурудан бiрiншi немесе екiншi топтағы мүгедек болып танылған жағдайда қызметкердiң бес еселенген жылдық жалақысынан;
- еңбектегi мертiгуден немесе кәсiби аурудан үшiншi топтағы мүгедек болып танылған жағдайда қызметкердiң екi еселенген жылдық жалақысынан;
- мүгедек болып танылмаған, бiрақ еңбек қабiлетiн бiршама жоғалтқан деп танылған жағдайда бiр жылдық жалақысынан кем болмауға тиiс.
Жылдық жалақыны есептеу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.
Қызметкердiң мұқтаждығына қарай кәсiпорын емдеу, протездеу және басқа да медициналық және әлеуметтiк көмек шығындарын өтейдi. Қажет болған жағдайда кәсiпорын медициналық қорытындыға сәйкес зардап шегушiнiң кәсiби жағынан қалпына келуiн, қайта даярлықтан өтеуiн және жұмысқа орналасуын қамтамасыз етедi немесе осы мақсатқа жұмсалған шығындарды өтейдi.
Қазақстан Республикасының
Президентi