бақылауға алынған объектiлердiң территориялық бөлiнiсi, қай салаға, қай меншiк түрiне жататындығы өзгерген жағдайда байланыстың үзiлiссiздiгi мен уақытша қатарлар сақталады;
талдау мiндеттерiн жекелеген аймақтарға қажеттi көрсеткiштермен толықтыру мүмкiншiлiгi;
ақпарды бақылау, өңдеу, оны сақтау және беру жүйесiн экономикалық тәсiлмен неғұрлым тез талдап жасау, өйткенi мұның негiзi республикалық Мемлекеттік статистика комитетіндегі Бас есептеу орталығында кәсiпорындар мен ұйымдарды есепке алудың (ОКПО) қазiрдiң өзiнде жұмыс iстеп тұрған жүйесi болып табылады, бұл жүйеге бағдарламалық-технологиялық және техникалық құралдар жиынтығы көмек етедi.
Мемлекеттік регистрдiң иегерi республиканың Мемстаткомитетi болып табылады, ол оны өзiнiң Бас ақпарат есептеу орталығы арқылы басқарады.
2. Халықтың жан басы регистрiн тұрғындардың аты-жөнi жазылып, үнемi жаңартылып отыратын тiзбесi ретiнде жасау көзделiп отыр, бұл тiзбе халық есебiн алу мақсатына қызмет ететiн болады.
Халықтың жан басы регистрiне әр түрлi ұйымдар мен мекемелерде жасалатын азаматтық жағдай актiсi, кадрлар бөлiмiнiң, халықты әлеуметтiк қорғау бөлiмiнiң және т. б. адам тiршiлiгi мен оның өзгерістерi туралы деректердi таратып берiп тұратын негiзгi банк ролi берiледi. Регистр формасы бойынша есепке алу ақпардың адамдық сипаты (адамның қасиеттерiн көрсететiн) мен конфиденциялдығы принциптерiнiң сақталуын көздейдi. Халықты есепке алудың бұл түрiнiң ерекшелiгi әрбiр тұрғын жынысы, туған жерi мен уақыты, т. б. туралы кодтардан тұратын қайталанбайтын идентификацияланған нөмiр (азаматтық код) беру арқылы әркiмнiң дербес деректерiн сақтау және үнемi жаңартып отыру болып табылады.
Халық регистрiн төмендегiдей территориялық деңгейде: аудандық (қалалық), облыстық, республикалық деңгейде жасау көзделген.
XIV. Өнiмдердi каталогтаудың мемлекеттік
жүйесiн жасау
Өнiмдердi каталогтаудың (тiзiмдердiң) мемлекеттік жүйесi мына мақсаттар үшiн жасалады:
республикада немесе аймақтарда өндiрiлетiн өнiммен оның сипаты туралы мемлекеттік ұйымдарды аналитикалық ақпарлармен қамтамасыз ету;
мемлекеттік үлгiлердiң мiндеттi талаптарының сақталуын бақылау;
тұтынушыларды өнiмнiң негiзгi сипаттары, оны өндiрушiлер, сәйкестiк куәлiгi бар екендiгi туралы, өнiм сол бойынша берiлетiн нормативтiк құжат туралы ақиқат ақпарлармен қамтамасыз ету.
Өнiм туралы ақпарлардың көзi үлгiлер мен техникалық шарттар болып табылады.
Каталогтау жүйесi республиканың жекелеген аймақтарының кәсiпорындары шығаратын өнiмдердi автоматты түрде есепке алуды қамтамасыз етедi және ол шығарылатын өнiмдердiң номенклатурасын үздiксiз қадағалап отыру үшiн конъюнктуралық статистика мақсаттарында пайдаланылуы мүмкiн.
Өнiмдердi каталогтау жүйесiн ақпар берудiң (стандартты) бiрыңғай формасы негiзiнде ұйғарылып отыр, бұл ретте оның бiрыңғай (стандартты) мазмұны, ақпарды жинаудың, өңдеудiң жалпы жүйесi және ең алдымен өнiм туралы және оны өндiрушi кәсiпорындар туралы ақпарды саралау мен кодтаудың бiрыңғай жүйесiн пайдалана отырып тұтынушыларға өнiм туралы ақпарды жеткiзудiң бiрыңғай жүйесi болады.
XV. Штрихтi кодтауды қолдану
Халықаралық тәжiрибеде автоматты идентификациялауды штрихтi кодтауды қолдану, саудада, банк iсiнде, денсаулық сақтау iсiнде, транспортта және басқа да салаларда деректердi өңдеген кезде есептеу техникасын қолданудың нәтижелiлiгi жоғары болуын қамтамасыз етедi.
Штрихтi кодтар шет елдерге шығарылатын тауарларға мiндеттi түрде қойылуға тиiс.
Бағдарламаның бұл бөлiмiнiң мақсаты халық шаруашылығы құрылымының барлық деңгейлерiнде - мемлекеттік, салалық, аймақтық және кәсiпорындар (ұйымдар) деңгейiнде штрихтi кодтауды жан-жақты қолдануды қамтамасыз ету болып табылады. Бағдарламаның бұл бөлiмiнiң блоктары осы деңгейлерге сәйкес бөлiнген.
XVI. Статистика және есеп кадрларын ұлттық
есепшот жүйесiнiң талаптарына сәйкес дайындау
және қайта дайындау
Қазақстан Республикасының халықаралық тәжiрибеде қолданылып жүрген есептеу мен статистика жүйесiне көшуi жөніндегі шараларды халықаралық статистика мен ұлттық есепшоттың негiздерiн игерген жоғары дәрежелi кадрларсыз жүзеге асыру мүмкiн емес.
Кадрлар потенциалын жасау және Мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру үшiн төмендегi шараларды жүзеге асыру белгiленiп отыр:
- статистикада ұлттық есепшоттар жүйесiн жасау жөнiнде әдiстеме құралдарын әзiрлеп, мамандар дайындауды барлық деңгейiнде оқу процесiн солармен қамтамасыз ету;
- бухгалтерлiк және банктiк есеп пен статистика бойынша мамандар дайындауды көздейтiн экономикалық және инженерлiк-экономикалық бағыттағы жоғары және орта дәрежелi арнаулы оқу орындары үшiн типтi бағдарламалар мен оқу жоспарларын жасау;
- бухгалтерлiк есеп пен статистика бойынша жаңа мамандардың үлгiсiн жасап, аталмыш мамандықтардың мамандары соларға сай болуға тиiс талаптарды жүзеге асыру;
- барлық деңгейлерде оқу процесiн оқулық-әдiстеме әдебиеттермен: оқулықтармен, оқу құралдарымен, практикумдармен, ЭВМ бағдарламаларымен, т. б. қамтамасыз ету;
- бүгiнгi күнгi жағдайда қызмет жасауға бейiмдеу мақсатымен оқу орынын бiтiрiп шығатын мамандардың практикасын ұйымдастыру;
- мамандар мен оқытушыларды шетелдерде оқыту iсiн және статистика мен есепке алу жөнiнен шетел мамандарының халықаралық методология бойынша консультациялар беруiн ұйымдастыру.
Қосымша
Халық шаруашылығында статистиканы,
бастапқы есеп пен бухгалтерлiк,
есептi қайта құру жөнiнде Қазақстан
Республикасының Мемлекеттік
бағдарламасын жүзеге асыру шаралары
(Кесте)