Энергия көздерiнiң және өнiмдер мен көрсетiлетiн қызметтердiң
басқа да түрлерiнiң бағасын мемлекеттік реттеу туралы Қазақстан
Республикасы Министрлер Кабинетінің қаулысы 30 қазан 1992
ж. № 905
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 13 наурыздағы № 258 қаулысына сәйкес осы қаулының күші жойылды
Энергия ресурстарын пайдаланудың тиiмдiлiгiн арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
2. 1992 жылғы 1 қазаннан бастап, мұнайға ренталық төлем ставкалары, газ конденсатын қосып есептегенде, № 1 қосымшаға сәйкес белгiленсiн.
ЕСКЕРТУ. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚРМК-нiң 1993.03.10. № 192
қаулысымен.
8. (3-шi абзац) Жеңiл көмiрсутегiнiң кең фракциясына еркiн бағалар белгiленсiн.
9. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің "Энергия ресурстарының және өнiмдер мен көрсетiлетiн қызметтердiң басқа да түрлерiнiң бағасын мемлекеттік реттеу туралы" 1992 жылғы 1 маусымдағы № 484 (Қазақстан Республикасы ПҮАЖ-ы, 1992 ж., № 22, 349-бап) және "Темір жол көлiгiмен жүк тасымалдауға арналған тарифтер туралы" 1992 жылғы 2 шiлдедегi № 572 қаулыларына сәйкес белгiленген, осы қаулының № 2 және № 3 қосымшаларына орай, қазiргi қолданылып жүрген көтерме сауда және бөлшек сауда бағаларын (тарифтерiн) көтерудiң шектi коэффициенттерi бекітілсiн.
ЕСКЕРТУ. Қаулы өзгердi - ҚРМК-нiң 1993.03.10. № 192 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi Қосымшалар № 1-3