Сауда және жабдықтау-өткізу ұйымдары бойынша сауда үстемелерiнiң
мөлшерлерi мен рентабельдiлiктiң шектi деңгейлерi туралы
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің Қаулысы 2 қыркүйек
1992 ж. № 735
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 13 наурыздағы № 258 қаулысына сәйкес осы қаулының күші жойылды
(Үзiндi)
Экономикада нарықтық қатынастарды одан әрi дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасының территориясында орналасқан жабдықтау-өткізу, сауда кәсiпорындары мен ұйымдарына халық тұтынатын тауарлар мен өндiрiстiк-техникалық мақсаттағы өнiмiнiң еркiн босату /көтерме сауда/ бағаларына жабдықтау-өткізу үстеме бағалары мен сауда үстемелерiнiң мөлшерiн өздiгiнен белгiлеуге хұқық берiлсiн.
(2-тармақ)
Ескерту. 2-тармақтың күшi жойылған - ҚРКМ-нің 19 қазан 1994 ж.
№ 1171 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi