Шағын кәсiпкерлiк субъектiсiнiң кәсiпкерлiк қызметiн тоқтатуды немесе тоқтата тұруды бақылау және қадағалау мiндеттерiн жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың өтiнiшi бойынша сот жүргiзедi.
Шағын кәсiпкерлiк субъектiсiнiң қызметiн тоқтату немесе тоқтата тұру туралы талап арызын уәкiлеттi мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгiленген тәртiппен және негiздерде сотқа жiбередi.
Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген ерекше жағдайларда шағын кәсiпкерлiк субъектiсiнiң қызметiн сот шешiмiнсiз тоқтатуға немесе тоқтата тұруға талап арызды 3 күннен аспайтын мерзiмде сотқа табыс ету мiндеттелiп, аталған мерзiмге рұқсат етiлуi мүмкiн. Бұл орайда бақылау және қадағалау мiндеттерiн жүзеге асыратын мемлекеттік органның қызметтi тоқтату немесе тоқтата тұру туралы актiсi сот шешiмi шыққанға дейiн қолданылады.
26-бап. Кәсіпкерлік қызметті тексерудің белгіленген тәртібін бұзғаны үшін жауаптылық
Мемлекеттік орган немесе оның лауазымды адамы кәсіпкерлік қызметті тексерудің белгіленген тәртібін бұзған жағдайда (қажеттілік болмаса да құжаттарды алып қою, материалдық құндылықтарды тізімге алу, өндірісті тоқтатып қою, артық анықтамалар мен түсініктер жасау, негізсіз сауалдар қою және өзге жағдайлар) өтелуге ұсынылған шығындар көлеміне кәсіпорын қызметкерлеріне тексеруге материалдар дайындағаны үшін төленген сый ақша сомасы, өндіріс лажсыз тоқтап тұрған уақыт үшін жалақы, өндірістің тоқтап тұруы салдарынан шығарылмай қалған тиісті товарларды (жұмысты, қызметті) өткізген жағдайда шаруашылық жүргізуші субъект алуына болатын алынбай қалған пайда қосылуы мүмкін.
27-бап. Негізсіз салық салғаны үшін жауаптылық
Шаруашылық жүргізуші субъектіден салық төлемдерін және басқа міндетті төлемдерді негізсіз әрі еріксіз өндіріп алған жағдайда, сондай-ақ салық заңдарын бұзғаны үшін негізсіз айыппұл салған жағдайда шаруашылық жүргізуші субъектінің осындай өндіріп алуды жүргізген органға қойған талабы бойынша оған Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес артық өндіріп алынған барлық сома қайтарылады.
ҚР 02.07.97 ж. № 144-I Заңымен 28-бап жаңа редакцияда
28-бап. Жеке кәсiпкерлiктi қорғау және қолдау туралы заңдарды бұзғаны үшiн жауапкершiлiк
Жеке кәсiпкерлiктi қорғау және қолдау туралы заңдарды бұзғаны үшiн жауапкершiлiк Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
29-бап. 02.07.97 ж. № 144-I ҚР Заңымен алып тасталды
30-бап. 02.07.97 ж. № 144-I ҚР Заңымен алып тасталды
Қазақстан Республикасының