Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 23 шілдедегі № 1053 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 9 маусымдағы N 786 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 4 ақпандағы № 53 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Қазақстан Республикасының аумағындағы өрттер мен олардың зардаптары мемлекеттік есебінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 23 шілдедегі № 1053 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 38, 327-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағындағы өрттер мен олардың зардаптары мемлекеттік есебінің ережесіне:
6-тармақта:
үшінші абзац «Ішкі істер министрлігіне» деген сөздерден кейін», Қазақстан Республикасының Республикалық ұланына, Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігіне» деген сөздермен толықтырылсын;
төртінші абзац «МӨҚ-ке» деген сөздің алдынан «ай сайын» деген сөздермен толықтырылсын;
12-тармақта:
бесінші абзацта «өрттің қауіпті факторларының» деген сөздер «жанудың» деген сөзбен ауыстырылсын;
жетінші абзац «жануы» деген сөзден кейін», егер олар материалдық құндылықтарды жоюға, бүліндіруге әкеп соқтырмаса және олар тікелей материалдық залал келтірмесе,»деген сөздермен толықтырылып, «есеп жүргізуге жатпайды» деген сөздер алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«өзін-өзі өлтіруге әрекет еткен және өзін-өзі өртеу жолымен өлтірген жағдай, егер олар жанудың таралуын тудырмаса, есеп жүргізуге жатпайды.».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
,