Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 24 ақпандағы № 255-11қ
және 1997 жылғы 30 маусымдағы № 1037 қаулыларына өзгерістер
мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2000 жылғы 21 желтоқсандағы № 1870 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2008 ж. 12 маусымдағы № 578 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) құпия;
2) "Қазақстан Республикасында тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) экспорты мен импортын лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 30 маусымдағы № 1037 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1997 ж., № 29, 266-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Экспорты Қазақстан Республикасының Үкіметі рұқсатының негізінде лицензия бойынша жүзеге асырылатын тауарлардың тізбесіндегі:
2-бағандағы "Ядролық материалдар, технологиялар, жабдықтар және қондырғылар, арнаулы ядролық емес материалдар, радиоактивті қалдықтарды қосқандағы радиоактивті сәулелену көздері" деген жол "8401" деген саннан кейін "711041000" деген санмен толықтырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі