биохимиялық реакцияларға арналған энзимдердi бiлдiредi;
"биополимер" мынадай биологиялық макромолекулаларды бiлдiредi:
а. өзiндiк ерекшелiкті химиялық немесе биохимиялық реакцияларға арналған энзимдер;
b. Антидене: моноканалды, полоканалды және "антидиопикалық антидене";
с. арнайы сентезирленген немесе арнайы өңделген "рецепторлар";
"ұрыста қолданылатын жарылғыш заттар" қатты, сұйық немесе заттардың
қоспасын бiлдiредi, оларды бастапқы зарядтар немесе аралық детонаторлар
не оқта, жару зарядтарында және басқа қару-жарақтарда негізгі заряд
ретінде пайданудың мақсаты жарылыс жүргізу болып табылады;
"экспрессия векторлары" "қожайын" - клеткаға генетикалық материалды енгізу
үшiн пайдаланылатын көздердi (мысалы, плазмидтар немесе вирустар)
бiлдiредi;
"жалпыға бiрдей игілiкте" одан әрi шектеусiз таратуға қол жетушiлiкті
бiлдiредi (авторлық құқықтардан туындайтын шектеулердi есепке алмағанда);
"әскери пиротехника" қатты немесе сұйық жанармайлар мен қышқылдағыштарды
бiлдiредi, олар тұтанған кезiнде бақыланатын қарқынмен жоғары
энергетикалық химиялық реакцияға түседi, бұл белгiлi бiр уақыттық кiдiрудi
және жылу, шу, түтін үшiн арналған көзге көрiнетін жарықты немесе инфра
қызыл сәуленi өндiрудi қамтамасыз етедi; пирофоирка - ауамен қатынаста
болған кезiнде қышқылдағыштар мен өзiнен өзi тұтанатындар болмайтын
пиротехниканың iшкi сыныбы;
"ӘМ"- әскери мақсаттағы;
"өзiнен өзi болатын жарылғыш құрылғысы" өзiне өзi болатын тәсілмен
дайындалған немесе пайдалануға көзделген және қирату, өлтіру, улы,
пиротехникалық немесе жандыру химикаттары бар құрылғыларды бiлдiредi;
оларда әскери компоненттер болады, әдетте, әскери емес компоненттерден
дайындалады;
осы өте өткiзгіш материалдың "сыни температурасы" (кейде өту температурасы
деп аталады) - осы материал электр тоғының өтуiне қарсыласуын жоғалтатын
температура;
"лазер" кеңiстiкте де, сондай-ақ уақыт бойынша да эмиссиямен немесе
сәулеленумен күштi ынталандыратын когоренттi генерациялайтын конструкцияны
бiлдiредi;
"микробағдарлама" арнайы есте сақтайтын құрылғыда болатын элементарлы
нұсқаулықтардың жүйелiлiгін бiлдiредi, оны орындау нұсқаулықтардың
регистрiне реперлi нұсқаулықты енгізу арқылы жасалады;
"моноканалды антидене" өзiндiк ерекшелiгі бар антигенмен байланысы бар
және бiр клеткалы клонмен өндiрiлетін белоктарды бiлдiредi;
"поликаналды антидене" өзiндiк ерекшелiгі бар антигенмен байланысы бар
және бiреуден көп клеткалы клонмен өндiрілетiн белоктарды бiлдiредi;
"қолдану" пайдалануды, орнатуды (оның ішінде пайдалану орнында қондыруды),
жұмыс қабiлетiн қолдауды, тексерудi, жөндеудi, күрделi жөндеудi және қайта
қалпына келтiрудi бiлдiредi;
"әскери қолдануға бейiмделген" адамдарға және жануарларға шығын келтiруде,
техниканы iстен шығаруда немесе ауыл шаруашылығы дақылдарына немесе
қоршаған ортаға зиян келтіруде тиiмдiлiктi арттыруға арналған кез келген
модификацияны немесе iрiктеудi (тазалықты, сақталушылықтық вируленттіктi,
таралу сипаттамаларын немесе ультракүлгiн (УК) сәулеленуге орнықтылықты
өзгерту секiлдi) бiлдiредi;
"бағдарлама" нысандағы мiндеттердi орындауға немесе орындалатын
компьютермен берілетiн нысанға арналған нұсқаулықтардың жүйелiлiгiн
бiлдiредi;
"пайдаланушымен бағдарламаланған" пайдаланушы үшiн мыналардан басқа
"бағдарламаларды" енгізудiң, модификациялаудың немесе ауыстырудың
мүмкiншiлiгін бiлдiредi:
а. Сымдардың немесе қосылыстардың физикалық өзгеруi; немесе
b. Параметрлердi енгізу арқылы реттеу.
"бағдарламалық қамтамасыз ету" кез келген материалдық нысанда тiркелген
бiр немесе одан көп "бағдарламаларды" немесе "микробағдарламаларды"
бiлдiредi;
"өндiрiс" өнiмдi жобалау, дайындау, жинақтау, жинастыру, бақылау, сынақтан
өткізу сапасын қамтамасыз ету секiлдi барлық өндiрiстiк сатыны бiлдiредi;
"жұмыс органдары" басып қалуды, белсендi өңдеушi тораптарды (яғни
қозғалатын күштi жайластыру, энергияны өңдеу немесе өңделетiн объектінi
зондтау үшiн) және "роботтың" манипуляторлық қолының ұшында негізгі
блокпен қосылған кез келген басқа да өңдеушi тораптарды бiлдiредi;
"әзiрлеме" жобалау, зерттеу жұмыстары, жобаны талдау, жалпы
(тұжырымдамалық) әзiрлеме, прототиптердi жинастыру және сынақтан өткізу,
эксперименталды өндiру, жобалық құжаттаманы дайындау, жобалық құжаттаманы
дайын өнiмге трансформациялау процесi, жобаны жерiне жеткізу, жобаны
жиынтықтау, өндiрiстiк құжаттаманы макетте және дайындау секiлдi сериялық
өндiрiске сай келетін барлық сатыға қатысты;
"рецепторлар" лигандаларды байластыруға қабiлетті, оларды байластыру
биологиялық функцияларға әсер ететін биологиялық макромолекулаларды
бiлдiредi;
"робот" тiкелей басқара алатын не:
а. Көп функционалды;
b. Үш өлшемде түрлi орнын ауыстыру арқылы орналастыруға немесе материалдарды, бөлiктердi, аспаптарды немесе арнаулы құрылғыларды бағдарлауға қабiлетті;
с. Қадамдық двигательдердi қоса алғанда, үш немесе одан да көп ашық не тұйық контурлы сервоқұрылғылары бар, және
d. Оқыту/қайта туындату арқылы не қисындық компьютермен, яғни механикалық әсер етусiз бағдарламаланатын компьютер арқылы "пайдаланушымен бағдарламалануы" мүмкiн бергiштерi бола алатын манипуляциялық тетiкті бiлдiреді;
Бұған мыналар кiрмейдi:
а. тек қолмен/дистанциялық басқарылатын манипуляциялық тетiктер;
b. Операциялардың тіркелген жүйелiлiгімен, яғни қозғалысы штифт немесе жұдырықшалар секiлдi тiркегіштермен шектелген және қозғалыстардың жүйелiлiгi, жолдардың таңдалуы немесе бұрыштар механикалық, электронды немесе электр құралдарымен өзгертіліне алмайтын бағдарламаларға сәйкес жұмыс iстейтін автоматты қозғалатын құрылғылары бар манипуляциялық тетiктер;
с. Операциялардың түрiн өзгерткен жүйелiлiгімен, яғни қозғалысы штифт немесе жұдырықшалар секiлдi тіркегiштермен шектелген және қозғалыстардың жүйелiлiгі, жолдардың немесе бұрыштардың таңдалуы схеманың берiлген бағдарламасының шектерiнде өзгертiлуi мүмкiн механикалық басқарылатын манипуляциялық тетiктер, және қозғалыстың бiр немесе одан көп бiліктерi бойынша вариациясы немесе схеманың модификациясы (мысалы, штифтердiң немесе жұдырықшалардың орындарын ауыстыру) тек механикалық тәсiлмен ғана мүмкiн;
d. Операциялардың жүйелiлiгімен, яғни қозғалыстың механикалық берiлген бағдарламасына сәйкес жұмыс iстейтін автоматты түрде қозғалатын құрылғылармен түрiн өзгертетін сервобасқарылмайтын манипуляциялық тетіктер; бағдарлама түрiн өзгертедi, бiрақ операциялардың жүйелiлiгі тек қадам сайын, механикалық тiркелген электрлiк екiұдай құрылғылардың немесе ретке келтірiлетін тiркегіштердiң екiұдай сигналы бойынша ғана орындалады;
е. Декарттық координаттарда жұмыс iстейтiн, сақтау орындарының вертикалды бөлiгінiң құрамдас бөлiгі ретінде дайындалған және орналастыру немесе алу үшiн осы сақтау орындарындағыға қол жеткізудi қамтамасыз ету үшін құрастырылған манипуляциялық жүйелер ретiндегі көтергiштер;
материалдарға (яғни, металдарға, қорытпаларға немесе композициялық
материалдарға) қатысты "аса өткiзгіш" электрлiк қарсыласуын толық
жоғалтуға қабiлеттi материалды бiлдiредi (яғни, шексiз электрлiк
өткiзгіштiкке ие болып, Джоулдiк қыздырусыз өте күшті электр тоғын
өткізуге қабiлетті бола алады); материалдың аса өткiзгіш күйi
температураның функциясы болып табылатын "сыни температурамен" сыни
магниттік өрiспен және магниттік өрiстiң де, сондай-ақ температураның да
функциясы болып табылатын токтың сыни тығыздығымен сипатталады;
"көзден жас ағызатын газдар" уақытша тітіркендiретiн немесе физикалық
әсер етудi қатардан шығаратын, оның әсерiнен алып кеткен соң бiр минуттың
iшiнде өтіп кететін газдарды бiлдiредi;
"арнаулы лафет" қаруды орнату үшiн құрастырылған кез келген бекітудi
бiлдiредi;
"технология" өнiмдi "әзiрлеу", "өндiру" немесе "қолдану үшiн қажет" өзiндiк
ерекшелiктi ақпаратты бiлдiредi. Ақпарат жазбаша түрде немесе диск,
пленка, тұрақты жазатын құрылғылар (ТЖҚ) секiлдi басқа ақпарат көздерiнде
немесе құрылғыларда жазылған сызбалар, карталар, диаграммалар, моделдер,
кестелер, инженерлiк жобалар мен мамандандырулар, басшылықтар мен
нұсқаулықтар нысанында болуы мүмкiн;
"технологияларға қолданымды "талап етiлетін" "технологияның"
өндiргіштiктің, сипаттамалардың немесе функциялардың бақыланатын
деңгейлерiне жеткенi немесе асқаны үшiн бөлiгінде ғана қатысты. Мұндай
"технология" түрлi "тауарлар" үшін талап етiлуi мүмкiн.
"iргелi ғылыми зерттеулер" нақты практикалық мақсаттарға қол жеткізу
үшiн емес, негiзiнен табиғаттың iргелi заңдары немесе байқалынған
фактілер туралы жаңа білім алу үшiн қадам жасалатын эксперименталды
немесе теориялық әзiрлемелердi бiлдiредi;
"тәртiпсiздiктерге қарсы күрестің химиялық құралдары" уақытша
тiтіркендiретiн немесе физикалық әсер етудi қатардан шығаратынының
әсерiнен алып кеткен соң бiр минуттың iшiнде өтіп кететін газдарды
бiлдiредi. Ұдайы (бүлдiрудiң айтарлықтай тәуекелi жоқ, және сондықтан
медициналық көмек сирек талап етiледi;
"бiрiншi буынның электронды оптикалық түрлендiргіштерi" микроканалды
үстiрттерi жоқ, көп қуысты фотокатодты (S-20 немесе S-25), кiру және шығу
талшықты-оптикалық немесе шынылы фронталды әйнектердi пайдаланатын
электрстатты фокусталатын электронды түтiкшелердi бiлдiредi;
"ядролық реактор" реактор корпусының ішінде не тiкелей өзiнде
орналасқан тораптар мен конструкцияларды бiлдiредi, реактордың белсендi
аймағындағы қуат деңгейiн бақылау мен реттеуге арналған жабдық және
тiкелей байланысқа түсетiн не бастапқы контурдың салқындатқыштарымен
басқаратын компоненттер.
ӘМ1 14,5 мм немесе кем калибрдегі қару-жарақтар мен автоматты қару,
оған керек-жарақтар және мыналар секiлдi оған арнайы жобаланған
компоненттер:
а. Винтовкалар, карабиндер, револьверлер, пистолеттер, автоматты
пистолеттер мен пулеметтер;
b. Әскери мақсат үшiн арнайы құрастырылған тегіс сүмбілi қару;
с. Гильзасыз оқ-дәрiлердi пайдаланатын қару;
d. Бақылануға жататын қару-жарақтарға арналған өшiргiштер, арнайы
қондырмалар мен от өшiргiштер,
бұған мыналар кiрмейдi:
а. Үрлеу энергиясы 7,5 Дж жоғары және калибрi 4,5 мм астам
пневматикалық қару;
b. Осы Бөлiмде санамаланып көрсетiлген бос оқ-дәрiлердi және
пайдалануға жарамсыз кез келген оқ-дәрiлердi пайдалану үшiн
арнайы құрастырылған ату қаруы;
с. Қатардан шыққан ретiнде сертификатталған және осы Бөлiмде
санамаланып көрсетiлген кез келген оқ-дәрiлердiң кез
келгенiн пайдалану үшiн жарамсыз ату қаруы;
d. Сүмбiлер.
Техникалық ескертпе:
ӘМ.1.b тармаққа сәйкес бақыланатын тегiс ұңғылы қару деп:
а. 1300 бар жоғары қысым кезiнде тексеруден өткен (130 МПа);
b. 1000 бар (100 МПа) жоғары қысым кезінде қалыпты және
қауiпсiз жұмыс iстейтiн; және
с. 70 мм астам ұзындықтағы оқ-дәрiлердi пайдалануға қабiлеттi.
ӘМ.1.1. ӘМ 1, ӘМ 2 және ӘМ 5-тармақтарда көрсетiлгендерден өзге
ӘМ.1.2.-тармақ бойынша бақыланатын тауарларға арналған
телескопиялық нысаналар.
ӘМ.1.2. ӘМ 1.b. немесе ӘМ.2.-тармақтарда көрсетiлгеннен өзге тегiс
ұңғылы қару және оған арнайы жобаланған компоненттер;
Бұған мыналар кiрмейдi:
е. Үрлеу энергиясы 7,5 Дж жоғары және калибрi 4,5 мм астам
пневматикалық қару;
f.
1. Өнеркәсiптiк аспаптар; немесе
2. Жануарларды жансыздандырып өлтiруге арналған құралдар
ретiнде құрастырылған пневматикалық немесе патрондық (жару
әрекетi) мылтықтар немесе пистолеттер;
g. Сигналдық пистолеттер.
ӘМ.1.3. Оқтарды ӘМ.1.2.-тармағында көрсетiлген "тауарларға" арналған
оқ-дәрiлер немесе патрондар, және олар үшін арнайы жобаланған
компоненттер;
Бұған мыналар кiрмейдi:
а. Пневматикалық қару үшін арнайы құрастырылған қорғасын
немесе қорғасын құймаларынан әзiрленген оқ;
b. Снарядсыз (бос) нығыздалған оқ-дәрiлер не тесiлген дәрi
камерасымен оқу-жаттығу оқ-дәрiлерi;
ӘМ 2 Төменде санамаланған 14,5 мм астам калибрлi қару-жарақ пен
қару, лақтыру қондырғылар мен аксессуарлар, сондай-ақ олар
үшiн арнайы құрастырылған компоненттер;
а. Зеңбiректер, гаубицалар, автоматты зеңбiректер, танкке
қарсы ататын зеңбiректер, минометтер, шағын ұңғылы
гранатометтер, әскери отатқыштар, ақаусыз жұмыс істейтін
танкке қарсы қолданылатын зеңбiректер және оларға арналған
бүркенiш жарақтары;
b. Әскери түтiндi, газды немесе пиротехникалық лақтыру
қондырғылары немесе генераторлар;
бұған мыналар кiрмейдi:
Сигналдық пистолеттер.
с. ӘМ.2 немесе ӘМ.2.b.-тармақтарда көрсетiлген қару-жарақтарға
арналған нысаналар.
ӘМ 3. ӘМ 1, ӘМ 2 немесе ӘМ 12-тармақтарда көрсетілген қару-жарақтарға
арналған оқ-дәрiлер және олар үшiн арнайы жобаланған компоненттер
бұған мыналар кiрмейдi:
а. Снарядсыз (бос) нығыздалған оқ-дәрiлер не тесiлген дәрi
камерасымен оқу-жаттығу оқ-дәрiлерi;
b. Пневматикалық қару үшiн арнайы құрастырылған қорғасын
немесе қорғасын құймаларынан әзiрленген оқ;
ӘМ 4 Әскери мақсат үшiн арнайы құрастырылған төменде санамаланып
көрсетiлген бомбалар, торпедалар, басқарылмайтын ракеталар,
басқарылатын ракеталар және ілеспе жабдық пен аксессуарлар және
олар үшiн арнайы құрастырылған компоненттер:
а. Бомбалар, торпедалар, гранаталар, түтіндi қылыштар,
басқарылмайтын ракеталар, миналар, басқарылатын ракеталар,
терең тасталатын бомбалар, бұзу зарядтары, бұзу құрылғылары
және оларға жиынтықтар, "әскери пиротехника", патрондар мен
имитациялық құрылғылар (осы бұйымдардың қандай да бiр болмасын
сипаттамаларын имитациялайтын жабдық);
b. ӘМ.4.а-тармағына сәйкес бақылануға жататын бұйымдарды басқару,
бақылау, белсендi ету, дайындыққа келтiру, зарядтау, ұшыру,
көздеу, тралерлеу, зарядтан алу, бағдарынан айыру, кедергілер
жасау, бұзу немесе детекторлау.
ӘМ.4.1. ӘМ 4.а.-тармаққа сәйкес бақылануға жататындарды қоспағанда әскери
мақсат үшiн арнайы жобаланған, өзiнен-өзi жарылатын құрылғыларды
немесе басқа да жарылғыш құрылғыларды басқару, бақылау, бәсеңдету,
бағдарсыздандыру, кедергілер жасау, бұзу немесе детекторлау
үшiн пайдаланылатын аппаратура мен iлеспе жабдық және олар үшiн
арнайы құрастырылған компоненттер.
бұған мыналар кiрмейдi:
Электронды басқаруды пайдаланбайтын бақылау жабдығы
ӘМ.4.2. ӘМ.4.а.-тармаққа сәйкес бақылануға жататындарды қоспағанда,
бомбалар мен гранаталар және олар үшiн арнайы құрастырылған
компоненттер.
ӘМ 5 Атысты басқарудың төменде санамаланған аппаратурасы, жауынгерлiк
әзiрлікке келтіру мен құлақтандырудың iлеспе жабдығы, әскери
мақсатты арнайы құрастырылған iлеспе аппаратура және қарсы
iс-әрекет жасау аппаратурасы, олар үшiн арнайы құрастырылған
компоненттер;
а. Зеңбiрек нысаналары, бомба бастауға арналған есептеу
машиналары, көздеу артиллерия жабдығы және қару-жарақтарды
басқару жүйелерi;
b. Нысананы, нысана-нұсқауларды барлау, қашықтықты айқындау,
нысананы байқау немесе ерiп жүру;
нысаналарды анықтау аппаратурасы, деректердi қорыту, тану
немесе нысаналарды бiрдейлендiру жүйесi; нысаналарды
анықтаудың техникалық құралдарын интеграциялау аппаратурасы.
с. ӘМ.5.а. және ӘМ.5.b.-тармақтарға сәйкес бақылануға жататын
бұйымдарға арналған қарсы iс-әрекет аппаратурасы.
ӘМ 6 Әскери мақсат үшiн арнайы құрастырылған жер бетiндегі көлік
құралдары мен оларға арналған компоненттер
Техникалық ескертпе:
ӘМ6-тармақтағы "жер бетіндегі көлiк құралдары" терминiмен,
сондай-ақ трейлерлер де ұғынылады.
Ескертпе: Әскери мақсат үшiн жер бетіндегі көлiк құралдарының
модификациясы бiр немесе одан көп арнайы
құрастырылған әскери мақсаттағы компоненттi
қамтитын құрылымдық, электрлiк немесе механикалық
өзгерістi білдiредi.
ӘМ 6.1. Жер бетіндегі көлiк құралдары, iлеспе жабдық және оларға
арналған компоненттер, осы Бөлiмнiң бiр жерлерiнде
көрсетілгендерден басқа:
а. Жолсыз жағдайларда пайдалануға жарамды, баллистикалық
қорғауды қамтамасыз ету үшiн металл немесе металл емес
материалдардан әзiрленген немесе жарақталған барлық
доңғалақты көлiк құралдары;
b. Әскери мақсат үшiн арнайы құрастырылған немесе
модификацияланған жер бетіндегі көлiк құралдарына
орнатуға арналған контейнерлер және әскери мақсат үшiн
арнайы құрастырылған немесе модификацияланған оларға
арналған компоненттер.
ӘМ 7 САS (СhеmiсаI Аbstract Service) индексiне сiлтемелер тек ыңғайлы
болуы үшiн келтірілдi. Осы тармақта сипаттамасы САS индексiн
қамтитын бұйымдар ол осы индекс бойынша жiктелетінiне-
жiктелмейтініне қарамастан осы тармаққа сәйкес бақылануға
жатады.
Мыналар секiлдi токсикологиялық агенттер, токсиндi заттар,
көзден жас ағызатын газдар, тиiсті жабдық, компоненттер,
материалдар мен "технологиялар":
а. Төменде санамаланған токсикологиялық агенттер мен токсиндi
заттар:
1. Адамдарды немесе жануарларды зақымдау, жабдықтарды
iстен шығару, астыққа немесе қоршаған ортаға зиян келтіру
мақсатында "әскери мақсатқа бейiмделген" биологиялық
агенттер мен радиоактивтi материалдар, сондай-ақ соғыс
жүргізудің химиялық құралдары;
2.3-Хинуклидинил бензилат (ВZ) (САS 6581-06-02);
b. "Уландырушы" заттарды дайындауға арналған төменде санамаланған
бинарлық және негiзгі прекурсорлар:
1. Алкил (метил, этил, н-пропил немесе изопропил фосфонил
дифторид (САS 676-99-3);
2. О-Алкил (Н немесе С10 артық емес, циклоалкилдi қоса
алғанда). О-2-диалкил (метил, этил, н-пропил немесе
изопропил)-аминоэтил, алкил (метил, этил, н-пропил немесе
изопропил) фосфониттерi мен тиiсiнше алкилирленген және
протинирленген тұздар, мысалы, QL: O-этил
2-дизопропиламиноэтил) метил-фосфонит (САS 57866-11-8);
3. Хлорзарин: О-изопропил метилхлорфосфонат (САS 1445-76-7);