5D1
5Е1 Технологиялар
5Е001 а Жалпы технологиялық ескертуге сәйкес, 5А001, 5А001 немесе
(W1g2) 5D001-тармақтар бойынша бақыланатын жабдықтарды немесе
"бағдарламалық қамтамасыз етудi" "әзiрлеуге", "өндiруге"
немесе "пайдалануға" (орындалатын операциялар) арналған
"технологиялар".
В Мыналар секiлдi "технологиялардың" арнайы түрлерi:
1. Телекоммуникациялық жабдықты "әзiрлеу" немесе "өндiру
"үшiн талап етiлетiн, спутниктердiң бортында пайдалануға
арнайы әзiрленген "технология";
2. Сырты атмосфера арқылы немесе сұйықтың (судың) қабаты
арқылы сигналды автоматты ұстау және қадағалау және
байланысты қолдау қабiлетiмен "лазерлiк" байланыстың
әдiстерiн "әзiрлеуге" немесе "пайдалануға" арналған
"технология";
3. Цифрлық ұялы радиожүйелердi "әзiрлеуге" арналған
"технология";
4. "Спектрдiң кеңеюі" немесе "жиiлiктердi қайта құру"
(жиiлiктердi секiрмелi түрде қайта құру) әдiстерiн
пайдаланатын аппаратураны "әзiрлеуге" арналған
"технология"
Жалпы технологиялық ескертуге сәйкес, қабылдау-беру
телекоммуникациялық аппаратурасының мынадай түрлерiнiң
кез келгенін "әзiрлеуге" немесе "қондырылған бағдарламамен
басқарылатын" коммутациялық жабдыққа, функцияларға немесе
қасиеттерге арналған "технология":
3. "Цифрлық деректердi берудiң жиынтық жылдамдығы" 1,5
Гбит/с-ден асатын жұмысқа есептелген "асинхронды
беру режимiн" (АБР) қоса алғанда цифрлық техниканы
пайдаланатын жабдық;
2. "Лазердi" пайдаланатын және мынадай сипаттамалардың
кез келгенiне ие жабдық:
а. Толқындардың жұмыс ұзындығы 1750 мм-нен астам;
b. Легирленген прзеолимдi фторидті талшықты
күшейткiштердi пайдалана отырып "оптикалық
күшейтудi" жүзеге асыру;
с. Когорентті оптикалық беру немесе когоренттi оптикалық
детекторлау техникасын (сондай-ақ оптикалық гетеродин
немесе гомодин техникасы ретінде де белгiлi) пайдалану;
немесе
d. Толқындардың ұзындығының қатарлас бөлу техникасын
пайдалану (бiр оптикалық ұяда сегіз оптикалық көзден
көп); немесе
4. Ұқсас техниканы пайдалану және өткізу белдеуiнiң енi
2,5 ГГц-ден астам;
Ескерту: 5Е001с2е тармақ бойынша коммерциялық
теледидарлық жүйелердi "әзiрлеу" үшін арнайы
жобаланған жабдық бақыланбайды.
5. "Оптикалық коммутацияны" пайдаланатын жабдық;
6. Мынадай сипаттамалардың кез келгенiне ие радиоаппаратура:
а. Квадратуралық амплитудалық модуляциясы (КАМ)
128 деңгейден жоғары; немесе
b. 31 ГГц-ден жоғары кiру немесе шығу сигналының
жиiлiгiнде жұмыс iстейдi.
Ескерту: 5Е001с42b-тармақ бойынша азаматтық
телекоммуникацияның жиіліктерiнiң стандартты
диапазондағы жұмыс үшiн әзiрленген немесе
модификацияланған аппаратураны "әзiрлеу" үшiн
арнайы жобаланған немесе модификацияланған
бағдарламалық қамтамасыз ету бақыланбайды
7. Келісілмеген немесе квази келісілген режимде жүзеге
асырылатын "ортақ арна бойынша сигналды берудi"
пайдаланатын аппаратура.
5Е101 Жалпы технологиялық ескертуге сәйкес 5А001-тармақ
(М) бойынша бақыланатын жабдықтарды "әзiрлеуге", "өндiруге"
немесе "пайдалануға" арналған "технологиялар".
5Е990 Осы тармақ бойынша бақыланатын тауарлардың экспортына
төменде санамаланған елдердiң: Иран, Ирак және Ливияның
кез келгенiне тыйым салынған
Жалпы технологиялық ескертуге сәйкес осы Тізiмнің 5А990
-тармағы бойынша бақыланатын "тауарларды" "әзiрлеуге",
"өндiруге" немесе "пайдалануға" арналған "технологиялар".
5Е1
2-Бөлiм - "АҚПАРАТТЫ ҚОРҒАУ"
1-ескерту: "Ақпаратты қорғаудың" "жабдыққа", "бағдарламалық
қамтамасыз етуге", арнайы қолданудың жүйелерiне,
"электронды жинауларына", модулдерге, интегралдық
схемаларға, компоненттерге немесе басқа
жабдыққа қатысты бақылаулық мәртебесi олар
басқа аппаратураның компоненттерi немесе
"электронды жинаулары" болған күннiң өзiнде
5-Санаттың 2-Бөлiмi бойынша айқындалады.
2-ескерту: 5-санаттың 2-Бөлiмi бойынша пайдаланушының
жеке өзi пайдалануы мақсатында әкелетiн өнiмдерi
бақыланбайды.
3-ескерту: Криптография бойынша ескерту:
5А002 және 5D002-тармақтар бойынша мынадай
сипаттамаларға ие тауарлар бақыланбайды:
а. Ашық бөлшек саудада шектеусiз сатылады
және былайша сатып алынады:
1. Тұрған жерiнде сатып алу;
2. Почта арқылы тапсырыс беру;
3. Электронды тапсырыс;
4. Телефон арқылы тапсырыс беру;
b. Криптографиялық қасиеттерiн пайдаланушы
оңай өзгерте алмайды;
с. Пайдаланушының берушiнің тарапынан одан
әрi елеулi көмегінсiз орнату үшiн жобаланған;
d. 64 бит кiлттiң ұзындығын пайдаланатын
"алгоритм" жоқ; және
е. Тауардың осы ескертудiң а-дан бастап d-ға
дейiнгі параграфтарына сәйкестiгiн растау
үшiн фирма-экспортер орналасқан мүше елдiң
құзыретті органының талап етуi бойынша қажет
болғанда тауардың тәптіштемесiне қол жетiмдi
және ұсыныла алады.
Техникалық ескерту: 5-Санаттың 2-Бөлiмiнде бит кiлттiң
ұзындығына қосылмаған.
5А2 Жүйелер, жабдық және компоненттер
5А002 а. Ақпаратты қорғау үшiн қолданылатын жүйелер, жабдық,
(W) арнайы қолданылатын "электронды жинаулар", модулдер
(IV) немесе интегралды схемалар және осы үшiн арнайы
әзiрленген компоненттер:
Ерекше ескерту: қабылдау аппаратурасы бар және
дешифровканы пайдаланатын (GPS немесе
ГЛОНАСС) кең ауқымды спутниктiк жүйелердi
бақылауға қатысты 7А005-тi қараңыз.
1. Жеке басын немесе цифрлық қолын куәландырудан
басқа, кез келген криптографиялық функцияларды
орындайтын цифрлық әдiстердi қолдана отырып
"криптографияны" пайдалану үшін әзiрленген немесе
модификацияланған, мынадай сипаттамалардың кез
келгеніне ие:
Техникалық ескерту:
1. Жеке басты немесе цифрлық қолды куәландыру
функциялары оларға байланысты кiлттердi басқару
функцияларын қамтиды;
2. Жеке басты куәландыру қол жеткізудiң барлық
аспектiлерін қамтиды және цифрлық файлдарды немесе
рұқсат етілмеген қол жеткізудi болдырмау үшiн
парольдердi қорғауға, дербестендiрiлген бiрдейлендiру
нөмiрлерiне (ДБН-кодтары) немесе осы секiлдi
деректерге тікелей байланыстылардан басқа мәтiндерді
қамтымайды;
3. Криптография деректердiң немесе кодтаудың
"тiркелген" компрессияларын қамтымайды;
Ескерту: 5А002а1-тармақ цифрлық әдiстердiң көмегімен iске
асырылған ұқсас алгоырғақтарды пайдалана
отырып "криптографияларды" пайдалану үшiн
арнайы жобаланған немесе модификацияланған
жабдықты қамтиды.
а Ұзындығы 56 бит-тен астам кiлтті пайдаланатын
"симметриялық алгоырғақ"; немесе
с. Алгоырғақтың қауiпсiздiгі мынадай белгілердiң
бiреуiне негізделген "ассиметриялық алгоырғақ":
1. Бүтiн сандарды факторлау 512 бит-тен жоғары
(мысалы, RSA);
2. 512 бит-тен астам мөлшердегi түпкi өрiстің
мультипликативтiк тобындағы дискретті
логарифмдердi есептеу (мысалы, Диффи-Неллман
эллиптикалық қисық);
3. 112 бит-тен жоғары 5А002а1b2 тармақта
көрсетiлгеннен өзге топтағы дискретті
логарифмдердi есептеу (мысалы, Диффи-Неллман
эллиптикалық қисық әдiсi);
2 Криптографиялық функцияларды орындау үшiн әзiрленген
немесе модификацияланған;
3 Пайдаланылмайды;
4 Денсаулықты, қауiпсiздiктi немесе электр-магниттi
сәулеленудiң стандарттарын сақтау үшiн қажеттіден тыс
келетiн ақпараттық сигналдардың жағымсыз шығып кетуiн
басып тастау үшiн әзiрленген немесе модификацияланған;
5 "Жиіліктердi қайта құру" жүйелерi үшiн "спектрдi кеңейту"
немесе секiрме түріндегі кодқа кеңейетін кодтың
генерациясының криптографиялық әдiстерін қолдану үшiн
әзiрленген немесе модификацияланған;
6 Компьютерлiк жүйелердiң берiктiгін бағалау өлшемiнiң В2
сыныбынан (КОНКС) немесе баламды сыныптан асатын
деңгейде пайдаланушыны сертификацияланған немесе
сертификациялауға жататын "көп деңгейлi" қорғауды
немесе оқшаулауды қамтамасыз ету үшiн әзiрленген немесе
модификацияланған;
7 Рұқсат етiлмеген қол жеткізудi табудың механикалық,
электрлiк немесе электронды құралдарын пайдалана отырып
әзiрленген немесе модификацияланған байланыстың
кабелдi жүйелерi.
Ескерту: 5А002-тармақ бойынша мынадай жабдық бақыланбайды:
а. Осы ескертудiң b немесе h тармақтарына сәйкес
бақыланбайтын аппаратурада немесе жүйелерде
пайдаланылуы шектелген "қондырылған процессоры
бар дербес карточкалар" немесе олар үшiн арнайы
әзiрленген компоненттер:
Ерекше ескерту: Егер "қондырылған процессорлары
бар дербес карточкалар" бiрнеше
функцияны орындай алатын болса,
онда әрбiр функция бөлек
бақыланады.
b. Цифрлық шифрлаусыз және шифрлау ақылы
функциялармен шектелген ақылы теледидардың
радиохабарын тарататын қабылдау аппаратурасы
немесе шектеулi аудиторияға арналған
телехабарларын тарату және бейне-немесе аудио
каналдарды басқарусыз;
с. Пайдаланушы үшiн қол жетiмсiз криптографиялық
мүмкiншiлiктегі және мынадай функцияларды орындау
үшiн арнайы жобаланған және шектелген аппаратура:
1. "бағдарламалық қамтамасыз етудi" көшiруден
қорғалынғанды пайдалану;
2. Мынадай тiзбенiң кез келгенiне қол жеткізу:
d. Көшiруден қорғалынған тек оқуға ғана қол
жетiмдi ақпарат көзі; немесе
е. Көзде сақталатын ақпарат көз бiрдей жиынтықтарда
ашық сатуға қойылған кезде қорғалынған (мысалы,
интеллектуалдық құқықтарды қорғауға байланысты);
немесе
3. Патенттер қорғаған аудио/бейне деректердi бiрмезгілде
көшiру