"Көп ағымды өңдеу" (4):
а. Деректердiң ағынын орталықтандырылған басқару архитектурасы (SIMD);
б. Деректердiң ағынын паралельдi-орталықтандырылған архитектурасы
(MSIMD);
в. Тығыз байланысқандарын жақын байланысқандарын немесе әлсiз
байланысқандарын қоса алғанда деректердiң ағынын
орталықсыздандырылған архитектурасы (МIМD); немесе
г. Систологиялық массивтердi қоса алғанда өңдеу элементтерiнiң
массивтерiн құрылымдау секiлдi әдiстер арқылы бiр немесе одан көп
командалы жүйесiмен басқарумен екi немесе одан көп деректердiң
жүйесiн бiр мезгiлде жүзеге асыруға мүмкiндiк беретiн
"микробағдарлама" немесе жабдықтардың архитектурасының әдiсi.
Ерекше ескерту: "Микробағдарлама" - арнаулы жадтағы элементарлар
командалардың жүйесi, оларды орындау командалық регистрге
команданы енгізумен жүргiзiледi.
"Көпдеңгейлi қорғау" (5) - сезiмталдықтың түрлi дәрежеде ақпараты бар
жүйелердiң сыныбы, оларға қол жеткізу ақпаратқа және қажеттіліктерге
қол жеткізудiң түрлi құқықтары бар пайдаланушылар үшiн ашық, бiрақ қол
жеткізу құқығы жоқ пайдаланушылардың топтарына тиым салынған.
Ерекше ескерту: "Көпдеңгейлi қорғау" - жабдықтың дұрыс жұмыс iстемеуін
немесе оператордың қателесуiн болдырмауға қатысты
оның сенiмдiлiгi емес компьютердi қорғау болып табылады
"Моноталшық" (1) немесе жiп - ең кiшi талшықтан тұрады, әдетте диаметрде
бiрнеше микрометр.
"Тұтастай құйылған интегралды схема" (3) - пассивi немесе белсендi
"схемалар элементтерiнiң" комбинациясы, ол:
а. Диффузиялық процесстер, инплантация процесстерi немесе микро
кристалл деп аталатын жартылай өткiзгiш материалдың бөлек бiр
бөлшегінiң iшiне немесе үстіңгi бетiне шөгу арқылы жүргізiледi;
б. Ажырамастай қосылған болып есептеліне алады; және
в. Схеманың функцияларын орындай алады;
Ерекше ескерту: "Схеманың элементi" - бiр диот, транзистр, резистр және
конденсатор және осылар секiлдi электронды схеманың
жеке белсендi немесе пассивтi деталi.
"Бейнелердiң моноспектральдi бергіштерi" (6) - бiр дискретті спектральды
диапазоннан бейне туралы ақпаратты алуға қабiлеттi бергiштер. Бейнелердi
көп спектральды бергіштер.
"Бейнелердiң көпсектральды бергіштерi" (6) - екi және одан көп дискреттi
спектральды диапозондардан бейне деректердi бiр жолғы немесе жүйелi
жинауды жүзеге асыруға қабiлеттi бергiштер. Жиырма дискретті спектральды
диапазоны көп бергiштер бейненi гиперспектральды бергiшгер ретiнде
белгiлi.
"Еңкейген шпиндель" (2) - инструменттi ұстап тұрған шпиндель, ол өңдеу
процессiнде басқа осьтерге қатысты өзiнiң орталық білігінiң бұрыштық
күйiн өзгертедi.
"Нейронды ЭЕМ" (4) - нейронның немесе нейрондардың жиынтығының
мiнез-құлқын көрсету үшiн жобаланған немесе модификацияланған есептеу
құрылғысы, мысалы, алдында болған ақпараттың негiзiнде есептеу
компоненттерiнiң көп шегінің өзара байланыстарының салмағы мен санын
модульдейтiн қабiлетті аппаратура ретiнде сипатталатын есептеу құрылғысы.
"Тiкелей гидравликалық нығыздау" (2) - деформациялау процесi онда
дайындаумен тiкелей қатынастағы сұйық толтырылған икемдi камера
қолданылады.
"Кедейленген уран" (1,0) - табиғи уранға қарағанда 235 изотопты төмен уран.
"Терминалдық интерфейс жабдығы" (4) - ақпарат телекоммуникациялық жүйеге
келiп түсетін жабдық, мысалы, телефон, ЭЕМ, ақпараттық құрылғысы,
факсимильдi аппарат немесе одан шығады.
"Уақыттың нақты масштабындағы өңдеу" (2,4,6,7) - жүйелердi сыртқы
оқиғалармен қозуы жағдайында жүктеменiң деңгейiне қатыссыз жүйе
реакциясының кепiлдiк берiлген уақыт iшiндегі ресурстардың функциясының
қызмет көрсетудiң қажеттi деңгейiн қамтамасыз ететiн ЭЕМ деректерiн өңдеу.
"Сигналды өңдеу" (3,4,5,6) - уақыт жағынан қысу, сүзу параметрдi бағалау
селекция, корреляция көрiнiстiң бiр аясынан екiншiсiне аудару немесе
жаңғырту секiлдi арго ырғақтар арқылы ақпарат әкелетiн сырттан алынған
сигналдарды өңдеу (мысалы Фурьенi жаңғырту немесе Вольшті жаңғырту)
"Цифрлық берудiң жалпы жылдамдығы" (5) - каналды кодтаудың молдығы және
осы секiлдiлердi қоса алғанда биттің цифрлық беру жүйесіндегі тиiсті
жабдықтаудың арасында берiлген уақыт бiрлiгіндегі цифрi.
Ерекше ескерту: Қараңыз, сондай-ақ "сандық бергiштiң жылдамдығы".
"Ұшуды жалпы басқару" (7) - ұшу аппаратының ауыспалы параметрлерiнiң
және мiндеттер, бүлiнулер туралы бөлiнулер немесе уақыттың нақты
масштабындағы басқа да ұшу аппараттары туралы деректердiң өзгерiстерiне
сәйкес қойылған мiндетті орындау мақсатында оның ұшу траекториясын
автоматтандырылған басқару.
"Объектілік код" (9) - бiр немесе одан көп процестердiң ыңғайға келетін
көрiнiсiн нысанын атқаруға жатады (бағдарламаның мәтiнi немесе
бағдарламаның тілі), ол бағдарламаланатын жүйемен жаңғыртылған.
"Оперативтi жад" (4) - орталық процессордан тез қол жеткізуге арналған
деректердi немесе командаларды сақтайтын негізгі орын. "Сандық
компьютердiң" iшкi жадынан және кэш-жад немесе параллельдi қол
жеткiзiлетін кеңейтілген жад секiлдi оның иерархиялық кеңейтiлуiнiң кез
келген құралдарынан тұрады.
"Ұшудың траекториясын оңтайландыру" (7) - сипаттамаларды барынша өсiру
немесе мiндеттердi орындаудың тиiмдiлiгін арттыру негізiнде талап етiлетін
траекторияның төрт өлшемiнен (кеңiстiкте және уақытта) ауытқуын барынша
азайтатын ресiм.
"Оптикалық интегралды схема" (3) - фотоқабылдағыш немесе фотокатот
немесе оптикалық немесе электрооптикалық функцияларды орындау
ретіндегі жұмысқа арналған бiр немесе одан көп бөлiктерден тұратын
тұтастай құйылған интегралды схема немесе будан интегралды схема.
"Оптикалық коммутация" (5) - сигналдарды электр сигналдарына жаңғыртусыз
оптикалық нысанда маршруттау немесе коммутация.
"Оптикалық ЭЕМ" (4) - деректердi, есептеу қисынының элементтерi ұсыну
үшiн жарықты пайдалану мақсатымен жобаланған немесе модификацияланған
немесе аппаратура. Ол тiкелей байланысқан оптикалық құрылғыларға
негізделген.
"Оптикалық күшейту" (5) (оптикалық байланыстар) - электр сигналына
жаңғыртусыз, мысалы, жартылай өткізгіш оптикалық күшейткiштердi
талшықты, люминисцентті күшейткiштердi қолдана отырып, жеке оптикалық
көзбен байланысқан оптикалық сигналдарды күшейту әдiсi.
"Негізгi элемент" (4) - элементтiң қатысы бар жүйенiң жалпы бағасы 35%
құрайтын оның ауыстыру құны болған жағдайда негізгі болып есептеледi.
Жүйенiң өндiрушiсi немесе жүйенiң жинаушысы ол үшiн төлейтiн баға
элементтiң бағасы болып есептелiнедi. Жалпы баға өндiру немесе берулердi
жинақтау орнында қалыпты халықаралық баға болып табылады.
"Жұмыс істемей қалуы болмаушылығы" (4) - компьютерлiк жүйенiң оның
аппараттық компонентінде немесе "бағдарламалық қамтамасыз етуiнде"
қандай да бiр болмасын ақаулық пайда болғаннан кейiн адамның
араласуынсыз жұмысты жалғастыру, жұмыстың үздіксiздiгін, деректердiң
тұтас сақталуын және берiлген уақыт аралығының шектерiнде жұмысты
қалпына келтіру қасиеті.
"Бұрыштық күйдiң ауытқуы" (2) - өңдегеннен кейiн бекітiлген деталь
бұрынғы күйiне қарай бұрылған соң өте жоғары дәлдiкпен өлшенген бұрыш
бойынша бұрыштық күймен iс жүзiндегі күйдiң арасындағы ең жоғарғы
айырма. (қараңыз, VDI/VDЕ 2617, жұмыс нұсқасы: "бұрылыстың
"координаттарды" өлшеу тетiктерiне қатысты кесте").
"Ортақ канал бойынша беру" (5) - беру әдiсi, мұнда бiр канал бойынша
станциялардың арасында каналдардың санына немесе шақыруларға қатысты
белгіленген хабарламалардың ақпараты немесе желiнi басқару үшін
пайдаланылатын басқа ақпарат берiледi.
"Бейiмделiп құрылатын" лазер - лазердiң бiрнеше өту диапазонында
толқынның барлық ұзындығында сәулеленудi генерациялау қабiлетті лазер.
Лазер кейбір сызықты таңдап ала отырып лазердiң бiр өтуiнiң шектерiнде
толқындардың дискретті ұзындықтарының сәулеленуiн генерациялайды
және бейiмделiп құрылатын болып есептелмейдi.
"Өтпелi лазер" (6) - қозбаған атомның немесе қозбаған атомдары немесе
молекулалары бар молекулалардың қос соғуы кезiнде энергияның өтуi
арқылы генерациялау ортасы қозатын лазер.
"Қондырылған ЭЕМ бар дербес карточка" (5) - ISО/IЕС 7816 стандартына
сәйкес келетiн, қондырылған микросхемасы бар, дайындаушы бағдарламалаған
және тұтынушы қайта бағдарламалай алмайтын дербес карточка.
"Ең жоғары қуат"(6) - импульстің джоулдегi, импульстiң секундтағы
ұзақтығына бөлiнген энергия.
"Өлшеудiң кiнараттылығы" (2) - 95 процент ықтимал ауыспалы өлшенетiн
шын мән өлшенген мәннiң маңындағы қандай диапазонда екендiгін айқындайтын
сипатты параметр. Бұл шамаға өтем жасалмаған ұдайы болатын ауытқулар, өтем
жасалмаған люфт және кездейсоқ ауытқулар кiредi (ISО10360-2 немесе VDI/VDE
2617 қараңыз).
"Пленкалық интегралды схемалар" (3) - оқшаулаушы "қасықшаға" қалың немесе
жұқа пленка жүргізу арқылы пайда болған "схемалар элементтерi" мен металл
қосылыстарының жиынтығы.
Ерекше ескерту
"Қасықша"3 - қосылыстар құрылымымен немесе онсыз негiзгi материалдың
пластинасы, оған немесе оның ішінде дискреттi компоненттер немесе
интегралды схемалар немесе олар және басқалар бiрге орналасуы мүмкін
Ерекше ескерту
"Двигателдiң толық дербес электронды-сандық контролерi" (7,9) - турбиналы
двигателдi немесе двигателдiң тягасын немесе валдан алынатын, отынның
шығысын оны беру аяқталғанға дейiн реттеудiң басынан бастап жұмыс
жағдайының диапазонындағы шығу қуатының деңгейiн ауыспалы параметрлермен
басқаруға арналған сандық ЭЕМ пайдалана отырып құрастырмалы циклды
двигателдi басқарудың электронды жүйесi.
"Уақыттың нақты масштабындағы жиiлiк белдеуi" (3) сигналдардың
динамикалық талдауыштары үшiн - талдауыш бейнелеушi немесе еске сақтаушы
құрылғыға талдаудың үздiксiздiгін бұзусыз кiру ақпаратын бере алатын
сигнал жиiлiгiнiң мейлiнше кең диапазоны. Уақыттың нақты масштабында
жиілiктердiң белдеуiн бағалау кезiнде көп каналды талдауыштар үшін осы
параметрдің мейлінше көп мәнiмен каналдың конфигурациясы пайдаланылуы тиiс.
"Тұрақты уақыт" (6) - түпкi мәнiнен (яғни, түпкi мәнiнiң 63 процентiнен)
деңгейге қол жеткізу үшiн (1-1 е) токты көбейткен кезiнде жарықтық
көтермелеуге талап етілетiн уақыт.
"Оптикалық талшықтардың бұрынғы нысаны" (5) - оптикалық талшықтарды
дайындауда қолдану үшiн арнаулы өңдеуден өткен шыныдан, пластмассадан
немесе басқа да материалдардан жасалған пластиндер, кесектер немесе
өзектер.
"Қолдану" (Жалпы технологиялық ескерту, барлық санаттар) - (тұрған
жерлерiнде орнатуды қоса алғанда) пайдалану, монтаждау жұмыстар,
техникалық қызмет көрсету, жөндеу, күрделi жөндеу, қайта қалпына
келтiру.
"Табиғи уран" (0) - табиғи жағдайларда кездесетiн изотоптардың қоспасы бар
уран.
"Әскери қолдану үшiн бейiмделген" (1) - адамдарға немесе жануарларға әсер
етуiнiң немесе жабдықтардың, топырақтың құнарлылығын немесе қоршаған
ортаны нашарлатудың тиiмдiлiгін арттыру мақсатында белгiлi бiр сапалары
бойынша (мысалы, қоспасының саны, сақтау кезiндегі жарамдылығының
мерзiмi, вируленттілігi, қасиеттерiнiң берiлуi, ультракүлгiн сәуленiң
әсерiне төзiмдiлiгi бойынша) кез келген түрiн өзгертулерге немесе
iрiктелуге ұшыраған.
"Бағдарламалар" (2,6) - компьютердiң атқаруына жататын нысанды орындауға
немесе жаңғыруға арналған командалардың жүйелiлiгi.
"Пайдаланушының бағдарламалаушылығы" (6) - пайдаланушыға
а. Қосылыстардың немесе ажыратқыштардың физикалық өзгерiсiнен
б. Енгізiлетін параметрлердi бақылауды қоса алғанда функцияларды
бақылауды белгілеуден басқа бағдарламаны өзге құралдармен қоюға,
модификациялауға немесе алмастыруға мүмкiндiк беретiн жабдықтың
болуы.
"Бағдарламалық қамтамсыз ету" (бүкiл Тiзiм) - көзден кез келген түрiнде
жазылған бiр немесе одан көп "бағдарламалардың" немесе
"микробағдарламалардың" жиынтығы.
Ерекше ескертпе
"Өндiрiстік жабдық" (9) - аспаптық құралдардың, үлгiлердiң, қысқыш
бейiмдемелердiң, жақтаулардың, айналдырмалардың, жалаушалардың,
арматураның, реттеуге арналған тетiктердің жиынтығы, сынақтан өткізуге
арналған жабдық, "өндiрiстердiң" бiр немесе одан көп кезеңдерiнде "өңдеу"
үшiн арнайы әзiрленген немесе модификацияланған басқа жабдық пен оған
арналған компоненттер.
"Өндiрiстiк қондырғылар" - "өндiрiстердiң" бiр немесе одан көп
кезеңдерiнде "өңдеуге" арналған жабдықты монтаждау процесiнде орнатылатын
жабдық пен ол үшiн арнайы әзiрленген бағдарламалық қамтамасыз ету.
"Өндiрiс" (Жалпы технологиялық ескертпе, 7-санат) - барлық сатыны:
құрастыруды, әзiрлеудi, жинауды (орнатуды), тексерудi, сынақтан өткізудi,
сапасын қамтамасыз етудi қамтиды.
"Кеңiстікте бөлiнген" (6) - бiр объектінiң орналасқан жерi кез келген
басқасынан кез келген бағытта 1,5 м астамға алыстатылған. Жылжымалы
бергiштер барлық кезде де "кеңiстiкте бөлiнген" болып есептеледi.
"Ұшуды тiкелей басқару" (7) - ұшу аппаратын тұрақтандыру немесе күш
көздерiмен (импульспен), мысалы, аэродинамикалық басқарылатын
тегiстiктермен немесе салмақ векторын өзгерту арқылы маневр жасау.
"Шүйке" - оралған жіптердiң орамы (1-санат).
Ерекше ескерту:
"Жұмыс органдары" (2) - басып алулар, "белсендi аспаптық тораптар" және
"роботтың" қол манипуляторының аяғындағы тiрек торшасына бекітiлетін
кез келген басқа да аспаптар.
Ерекше ескертпе:
"Әзiрлеме" (бүкiл Тiзiм) - жобалау, жобалық зерттеу, жобалық нұсқаларды
талдау, жобалау тұжырымдамасын әзiрлеу, жинау және прототиптерiн
сынақтан өткізу (тәжірибелiк үлгілерiн) секiлдi сериялық өндiрiске дейiнгi
жұмыстардың барлық сатысы, тәжірибелiк өндiрiс пен техникалық
құжаттаманың схемасын жасау, техникалық құжаттаманы берудiң процесi,
құрылымдық жобалау, макеттеу.
"Рұқсат" (2) - өлшеу құрылғысындағы көрсеткiштердiң мейлiнше аз өсуi,
сандық приборларда - кiшi мәнi бар бит (көзi - АМSВ-89.1.12).
"Ракета" (1,3,5,6,7,9) - кем дегенде салмағы 500 кг жүкті кем дегенде 300
км қашықтыққа жеткізуге қабiлеттi күрделi ракеталық жүйелер немесе адам
ұшпайтын ғарыштық аппараттар.
"Спектрдi кеңейту" (5) - энергия байланыстың тар белдеулі каналына
қатысты елеулi түрде неғұрлым кең энергетикалық спектрге кеңейетiн әдiс.
"РЛЖ спектрiн кеңейту" (6) - жиілiктердiң тар белдеуiне қатысты кездейсоқ
немесе жалған кездейсоқ кодтау әдiстерiн қолдану арқылы жиiлiктердiң
мейлiнше кең белдеуiнде шоғырланған сигналдың энергиясын бөлуге
арналған модуляцияның кез келген әдiсi.
"Фокальды тегiстік торы" (6) - фокальды тегiстікте жұмыс iстейтiн
есептейтін электронды немесе онсыз жекелеген элементтер детекторларының
планарлы жiктерiнiң сызықты немесе екi өлшемдi планарлық торы немесе
комбинациясы.
Ерекше ескерту: Бұл анықтамаға уақытша кiдiртудi енгізудiң және осы
элементтерде интеграциялау операцияларының болмауы
жағдайы кезіндегі жекелеген детекторлардың немесе кез
келген екi-, үш- немесе төрт элементтi детекторлардың
жиынтығы кiрмейдi.
"РЛЖ спектрiнiң кеңейтiлуiмен" - "РЛЖ спектрiн кеңейту қараңыз" (6-санат)
"РЛЖ қайта құрылатын жиілiкпен" (6) - импульстердiң немесе импульстердiң
топтарының арасында импульстың жиiлiктерiнiң белдеуiнiң енiне тең немесе
одан асатын шамаға РЛЖ бергiшiнiң жиілiгін жеткiзетiн жалған кездейсоқтық
жүйелiлiгіне сәйкес өзгеретін кез-келген әдiс.
"Робот" (2,8) - үздiксiз түрде немесе белгiлi бiр нүктелердiң арасында
қозғалыс жасап, өлшеу бергiштерiне ие болып және мынадай
сипаттамалардың бәрi болатын манипулятор:
а. Көп функцияналдылық;
б. үш өлшемдi кеңiстікте қайта құрылатын қозғалыстар арқылы
белгiлi бiр күйдi орнатуға немесе материалды, детальдарды,
аспаптарды немесе арнайы құрылғыларды бағдарлау қабiлетi.
в. Тұйық немесе қусырылған контурмен, оның iшiнде қадамдық
двигательдермен үш немесе одан көп серло ретке келтірушiлердi
басқара алады; және
г. Бағдарланатын қисынды контролер бола алатын, яғни аралық
механикалық операцияларсыз еске сақтау мен немесе компьютердi
пайдалану есебiнен оқыту әдiсi арқылы "бағдарламалау
мүмкiншiлігімен қол жетiмдi пайдаланушы" бар.
Ерекше ескерту: жоғарыда келтiрілген анықтамаға мынадай приборлар
кiрмейдi:
1. Тек қолмен немесе телеоператормен ғана басқарылатын
манипуляторлар;
2. Тiркелген жүйелiктегi операциялары бар манипуляторлар,
оған қозғалыстардың механикалық тiркелген
бағдарламаланатын түрлерiне сәйкес жұмыс істейтiн
автоматтандырылған жұмыс iстейтiн құрылғылар жатады.
Бағдарлама штивтер немесе жұдырықшалар секiлдi
тiркегiштермен механикалық шектелген.
Қозғалыстардың жүйелiгi және траекторияларды немесе
бұрыштарды таңдау механикалық, электрондық немесе
электр құралдарымен өзгертiлмейдi немесе
алмастырылмайды;
3. Операциялардың ауыспалы жүйелiгімен механикалық
басқарылатын манипуляторлар, оларға қозғалыстардың
механикалық тiркелген бағдарламаланатын түрлеріне
сәйкес жұмыс iстейтiн автоматтандырылған жұмыс iстейтiн
қозғалатын құрылғылар жатады.
Бағдарлама тiркелген, бiрақ штивтер немесе жұдырықшалар
секілдi қайта құрылатын бейiмдемелермен шектелiнген.
Қозғалыстардың жүйелiгi және траекторияларды немесе
бұрыштарды таңдау бағдарламаның орнатылған құрылғының
шеңберiнде ауыспалы болып табылады Бағдарламаның бiр
немесе бiрнеше координаттарға қатысты құрылымының
өзгеруi немесе модификациясы (мысалы, штивтердiң өзгеруi
немесе жұдырықшалардың ауысуы) тек механикалық
операциялар арқылы ғана жүзеге асырылады;
4. Қозғалыстардың механикалық тiркелiнетiн
бағдарламаланатын түрлерiне сәйкес жұмыс iстейтiн
автоматтандырылған қозғалатын құрылғыларға жататын
ауыспалы жүйелiктегi әрекеттерiмен сервобасқарылмайтын
манипуляторлар. Бағдарлама өзгертiлуге жатады, бiрақ
оперециялардың жүйесi тек механикалық тiркелген электр
приборлардан немесе қайта құрылатын тiркегiштерден
болатын екi ұдай сигналдың көмегi кезiнде ғана өзгередi;
5. Материалдарды ұсақтау үшiн бункерлердің ажырамас бөлiгi
ретiнде дайындалған және жүктеу немесе жүктен босату
үшiн осы бункерлердегiлерге қол жеткізудi қамтамасыз
етедi арналған декарттық координаттардағы
манипулятордың қатарына жататын перфокарт қабылдағышы
бар көтергiш құрылғылар.
"Тегiстегiш" (1) - параллельдi шүйкелерге шамалас орам (әдетте 12-120).
Ерекше ескерту: "Шүйке" - "шамамен параллель орналасқан көп талшықтардың
орамы" (әдетте 200 астам).
"Аса пластикалық қалыптау" (1,2) - кем дегенде екi есе қашықтықта берiктiк
модулi де мәнiнiң жағдайы кезiнде ұзартуға қол жеткізу мақсатында
бөлме температурасы жағдайында созуға еріктiк модулiн әдеттегi сынақтан
өткізу кезiнде ерiктік шегінiң нүктесiнде ұзарту коэффициентiнiң төмен
мәндерiмен сипатталатын (20 кем) металлдарды қыздыруды пайдаланатын
деформациялау процесi.
"(Аса өткiзгiш) (1,3,6,8) (ас өткiзгіштік тиiмдiлiгiнiң негiзiнде) - термин
материалдарға, мысалы, толық электрлiк қарсыласуын жоғалта алатын, мысалы,
шексiз жоғары электр өткiзгіштiгі болатын және джоулдiк қыздырусыз үлкен
электр тоғы болатын металдарға, қорытпаларға немесе қосылыстарға қатысты.
Ерекше ескертпе: Материалдың аса өткiзгіштік күйi ең шектен асқан
температурамен, температураның функциясы болып табылатын шектен асқан
магнит өрiсiмен және магнит өрiсiнiң де, сондай-ақ температураның
функциясы болып табылатын токтың шектен асқан тығыздығымен дербес
сипатталады.
"Байланыстар" (1) - жалпы талшықты нысанда армирленген матрица
талшықтарымен комбинациялар алу мақсатында термопластикалық талшықтардың
түйiнiнiң ұштасуы және талшықтардың нығайтылуы.
"Yйір" (3) - мынадай құрайтындардың бәрi бар
а. Сол архитектура;
б. Негізгі командалардың сол жиынтығы; және
в. Сол базалық технология (яғни, тек Н-МОП NМОS) немесе - КМоп (GМОS)
микропроцессордан немесе компьютерлiк микросхемадан тұратын
элементтердiң тобы.
"Импульсты қысу" (6) - РЛЖ үлкен ұзындықтағы сигналын оны импульстың
жоғары энергиясының басымдығын сақтай отырып кешi ұзындықтағы сигналға
айналдыру үшiн кодтау және өңдеу.
"Жиiлiктердiң синтезаторы" (3) - жиiлiктердiң стандарттарының аз санының
көмегімен мақсатты түрде алатын немесе синхрондайтын бiр немесе
бiрнеше бiр мезгілде немесе кезек-кезек генерацияланатын жиынтығын
генерациялаудың пайдаланылатын әдiсiне қатыссыз қамтамасыз ететін
сигналдың генераторының немесе жиiлiктер көзiнiң кез келген түрi.
"Синхронды оптикалық торап" (5) - оптикалық талшықтар бойынша
синхронды берудiң форматын пайдалана отырып, басқарудың тығыздаудың