32) 81-тармақтың төртiншi абзацындағы «демалатын орынға бару және қайту үшiн тасымалдау құжаттары немесе ақша берiледi, әрi» деген сөздер алынып тасталсын;
33) 82-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«82. Демалыс алуға құқығы бар қызметкерлер оны бөлiп-бөлiп пайдалана алады. Жол жүруге арналған уақытқа демалыстың бiр куәлiгiне ғана берiледi.»;
34) 84-тармақтағы «оларды шақырып алған, бiрақ ол пункттен мекеннен аспайтын демалыс орнына бару және кейiн қайту үшiн тасымалдау құжаттары әрi» деген сөздер алынып тасталсын;
35) 86-тармақтың бiрiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қызметкерлерге қысқа мерзiмдi ақылы демалыс шұғыл әлеуметтiк-тұрмыстық мәселелердi, ең алдымен сырқаттануына, туысқандық борышын өтеуiне байланысты мәселелердi шешу үшiн, сондай-ақ басқа да дәлелдi себептер бойынша қызметкердiң демалысты өткiзетiн жерге барып қайтатын жолының уақыты есепке алынбастан 10 тәулiкке дейiн берiледi.»;
36) 87-тармақта:
екiншi абзацындағы «облыстық Iшкi iстер басқармасының, Алматы қалалық iшкi iстер Бас басқармасының» деген сөздер «облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және республика астанасының, көлiктiң iшкi iстер бас басқармасының, басқармасының Iшкi iстер министрлігі Академиясының, жоғары және арнаулы орта оқу орындарының, Республикалық мемлекеттік кәсiпорнының» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы төртiншi абзацпен толықтырылсын:
«Жиi және ұзақ ауыратын қатардағы және басшы құрамдағы адамдарды, егер, әдетте, еңбекке жарамсыз болған күндерiнiң саны сол бiр сырқат бойынша үзiлiссiз 4 айға дейiнгінi (12 айда) немесе жыл iшiнде әртүрлi сырқаттар бойынша 5 айға дейiнгiнi құрайтын болса, емдеу-профилактикалық мекемелерiнiң ұсыныстары бойынша iшкi iстер органдарының кадр аппараттары, қызметтi одан әрi өткеруге жарамдылығын анықтау үшiн, әскери-дәрiгерлiк комиссияға медициналық куәландыруға жiбередi.»;
37) 88-тармақта:
алтыншы абзацындағы «90» деген сан «89» деген санмен ауыстырылсын;
жетiншi және сегізiншi абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
«Iшкi iстер органдары жүйесiнiң оқу орнын күндiзгi оқу нысаны бойынша бiтiруiне байланысты демалыс, оқу бiтiрушiлерге оларды iшкi iстер органдарына лауазымға тағайындағаннан кейiн, олар жеке бөлiнген жер бойынша берiледi.
Iшкi iстер министрлігі жүйесiнiң жоғары және арнаулы орта оқу орындарында сырттай оқу нысаны бойынша оқитын қызметкерлерге емтихан тапсыру кезеңiне ұзақтығы емтихандық сессиясының ұзақтығына тең, бiрақ бiр жылдың iшiнде қырық күннен аспайтын оқу демалыстары берiледi, бұл ретте шет елдердiң құқық қорғау (полицейлiк) органдарының оқу орындарында күндiзгi оқу нысанында оқитын тыңдаушылар (курсанттар) мен сырттай оқу нысаны бойынша 1шкi iстер министрлігінiң немесе басқа мемлекеттiң жоғары және арнаулы орта оқу орындарында, сондай-ақ біліктiлiгiн арттыру және мамандар даярлау курстарында оқитын қатардағы және басшы құрамдағы адамдарға оқу орнына темiржол көлiгiмен баруға және қайтуға арналған шығыстары өтеледi. Бiлiктiлiгiн арттыру және мамандар даярлау курстарында оқитын қызметкерлерге қызметтiк iссапарлар үшiн белгiленген тәртiппен және нормалар бойынша оқуда болған әр күнi үшiн тәулiктiк төленедi және тұрғын жай жалдау жөніндегі шығыстары өтеледi.
Өзге оқу орындарында сырттай (кешкi) оқу нысаны бойынша оқитын қызметкерлерге еңбекақы төлеу оқу орнына бару, демалыстар беру мәселелерi «Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы» Қазақстан Республикасы Заңының нормаларымен реттеледi.»;
38) 90-тармақта:
үшiншi абзацындағы «отставкаға (әскери есептен шығара отырып)»деген сөздер «әскери есептен шығара отырып» деген сөздермен ауыстырылсын;
39) 91-тармақта:
а) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«а) зейнетақы алуға құқық беретiн еңбек сiңiрген жылдары (қызмет мерзiмi) және әскери қызметте болудың шектi жасына жетуi бойынша;";
6) тармақшасындағы «әскери» деген сөз алынып тасталсын;
40) 92-тармақтағы «отставкаға» деген сөз алынып тасталсын;
41) 95-тармақта:
бiрiншi абзацындағы»(қызмет мерзiмi)»деген сөздерден кейiн «және әскери қызметте болудың шектi жасына жетуi» деген сөздермен толықтырылсын, «екi ай» деген сөздер «бiр ай» деген сөздермен ауыстырылсын;
екiншi абзацындағы «92-тармағының» деген сөздерден кейiн «а)»деген әрiппен толықтырылсын;
42) 97-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«97. Орта, аға және жоғары басшы құрамдағы адамдарды әскери есепке қою және әскери есептен шығару арқылы босатуды:
а) iшкi қызмет подполковнигiн қоса алғанда, полиция подполковнигiне дейiн - облыстардағы, республикалық маңызы бар қаладағы және республика астанасындағы, көлiктегi iшкi iстер бас басқармаларының, басқармаларының, Iшкi iстер министрлігі жүйесi Академиясының, жоғары және арнаулы орта оқу орындарының бастықтары;
б) iшкi қызмет полковнигiн қоса алғанда, полиция полковнигiне дейiн, сондай-ақ жоғары басшы құрамдағы адамдарды - Министр жүргiзедi.»;
43) 98-тармақ алынып тасталсын;
44) 101-тармақта:
бiрiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Iшкi iстер органдарының қызметкерлерi Қазақстан Республикасының Yкіметі белгiлеген тәртiппен iшкi iстер органдарының кадрларында қалдырыла отырып, мемлекеттік органдарға қызметке жiберiле алады.»;
45) 104-тармақтың бiрiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«104. Iшкi iстер органдарының қызметкерлерi Iшкi iстер министрiнiң бұйрығымен, iшкi iстер органдары жеке құрамының тiзiмдерiнен шығарыла отырып, одан әрi қызмет атқару үшiн Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiне, басқа да әскерлерi мен әскери құрылымдарына, Ұлттық қауiпсiздiк комитетi, салық полициясы органдарына, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттiгiне, сондай-ақ Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң осындай құрылымдары мен құқық қорғау органдарына (халықаралық шарттардың негiзiнде) қызметке жіберiлуi мүмкiн. Қызметке жiберу iшкi iстер органы қызметкерiнiң рапорты бойынша тиiстi мемлекеттік органдардың келісімiмен жеке түрде жүргiзiледi.»;
46) IX тарау алынып тасталсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.