Еңбекке уақытша жарамсыздықтың екi айдан артық мерзiмi белгiленуi
мүмкiн ауру түрлерiнiң тiзбесiн бекіту туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 7 тамыздағы № 1213 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2007 жылы 4 желтоқсандағы № 1171 Қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Еңбекке уақытша жарамсыздықтың екi айдан артық мерзiмi белгiленуi мүмкiн ауру түрлерiнiң тiзбесi бекітілсiн.
2. Осы қаулымен бекітілген Ауру түрлерiнiң тiзбесi бойынша уақытша еңбекке жарамсыздық мерзiмi Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленеді.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2000 жылғы 7 тамыздағы
№ 1213 қаулысымен
бекітілген
Еңбекке уақытша жарамсыздықтың екi айдан артық мерзiмi
белгiленуi мүмкiн ауру түрлерiнiң тiзбесi
1. Ішектiң пенетрациясымен және iштен қан өтумен асқынған iш сүзегi мен паратифтер
2. Сальмонеллездiк септицемия
3. Ботулизм, асқынған нысаны
4. Амебиаз, асқынған нысаны
5. Бактериологиялық және гистологиялық расталған тыныс алу органдарының
туберкулезi
6. Бактериологиялық және гистологиялық расталмаған тыныс алу органдарының
туберкулезi
7. Басқа органдардың туберкулезi
8. Милиарлық туберкулез
9. Оба
10. Туляремия
11. Түйнеме, өкпелiк нысаны
12. Декомпенсация сатысындағы созылмалы өткiр және ауыр дәрежедегі өткiрге
жуық бруцеллез
13. Асқынған нысандағы сап және мелиоидоз
14. Бүйректердi зақымдайтын лептоспироз
15. Алапес (Гасен ауруы)
16. Асқынған нысандағы листериоз
17. Дифтерия, уытты нысаны
18. Менингококкалық инфекция
19. Стрептококколық септицемия
20. Басқа септицемия
21. Миокардитпен асқынған бөртпе сүзегi
22. Өткiр полиемиелит
23. Орталық жүйке жүйесiнiң баяу вирустық инфекциялары
24. Құтыру
25. Маса вирустық энцефалит
26. Кене вирустық энцефалит
27. Басқа айдарларда жiктелмеген, басқа да вирустық энцефалиттер
28. Анықталмаған вирустық энцефалиттер
29. Вирустық менингит
30. Орталық нерв жүйесiнiң басқа айдарларда жiктелмеген, басқа да вирустық инфекциялары
31. Орталық нерв жүйесiнiң вирустық инфекциясы
32. Бүйрек синдромымен асқынған геморрагикалық безгек
33. Герпетикалық менингит
34. Герпетикалық энцефалит
35. Ауыр дәрежедегi А вирустық гепатитi
36. Ауыр дәрежедегi В вирустық гепатитi
37. Комамен анықталмаған вирустық гепатит
38. Адамның иммун тапшылығы вирусы (ВИЧ) туғызатын ауру
39. Менингитпен асқынған эпидемиялық паротит
40. Кандидоздық менингит
41. Кандидоздық септицемия
42. Plasmodium falciparum тудыратын малярия, асқынған нысаны
43. Plasmodium vivax тудыратын малярия, асқынған нысаны
44. Plasmodium malariae тудыратын малярия, асқынған нысаны
45. Лейшманиоз, висцеральдық нысаны
46. Токсоплазмалық менингоэнцефалит
47. Басқа органдарды зақымдайтын токсоплазмоз
48. Экинококкоз
49. Цистицеркоз
50. Ерiннiң қатерлi iсiгi
51. Тілдiң қатерлi iсiгi
52. Қызыл иектiң қатерлi iсігi
53. Ауыз қуысы түбiнiң қатерлi iсiгi
54. Қызыл иектiң iшкi бөлiгiнiң қатерлi iсiгi
55. Ауыздың басқа да анықталмаған бөлiгiнiң қатерлi iсiгi
56. Құлақ маңы сiлекей безiнiң қатерлi iсiгi
57. Анықталмаған үлкен сiлекей бездерiнiң басқа да қатерлi iсiктерi
58. Бадамша бездiң қатерлi iсiгi
59. Жұтқыншақтың қатерлi iсiгi
60. Аңқаның қатерлi iсiгi
61. Алмұрт тәрiздi синустың қатерлi iсiгi
62. Жұтқыншақтың төменгi бөлiгiнiң қатерлi iсiгi
63. Ерiннiң, ауыз қуысы мен жұтқыншақтың басқа және таралуы дәл белгiленбеген қатерлi аурулары
64. Өңештiң қатерлi iсiгi
65. Асқазанның қатерлi iсiгi
66. Ащы iшектiң қатерлi iсiгi
67. Тоқ iшектiң қатерлi iсiгi
68. Ректосигмоидтық қосылыстың қатерлi iсiгi
69. Тiк iшектiң қатерлi iсiгi
70. Құйрық пен тiк iшектің қатерлi ісiгі
71. Бауыр мен бауыр ішiлiк өт жолдарының қатерлi iсiгi
72. Өт қабының қатерлi iсiгi
73. Өт шығару жолдарының басқа да анықталмаған бөлiктерiнiң қатерлі iсiгi
74. Ұйқы безiнiң қатерлi iсiгi
75. Ас қорыту органдарының басқа да таралуы дәл белгiленбеген қатерлi iсiгi
76. Мұрын мен орта құлақ қуысының қатерлi iсiгi
77. Қосымша қуыстардың қатерлi iсiгi
78. Көмей мен кеңiрдектiң қатерлi iсiгi
79. Қолқа мен өкпенiң қатерлi iсiгi
80. Айырша бездiң қатерлi iсiгi
81. Жүректiң, көкiрек қуысы мен өкпе қабының қатерлi iсiгi
82. Тыныс алу органдары мен кеуденiң ішкі органдарының басқа да таралуы
дәл белгiленбеген қатерлi iсiгi
83. Сүйектiң және буын шемiршектерiнiң қатерлi iсiгi
84. Терiнiң қатерлi меланомасы
85. Терiнiң басқа да қатерлi iсiктерi
86. Мезотелиома
87. Капоша саркомасы
88. Шеткi нервтер мен вегетативтiк нерв жүйесiнiң қатерлi iсiгi
89. Шарбы асты кеңiстiгi мен шарбының қатерлi iсiгi
90. Бiрiктiрушi және жұмсақ тiндердiң басқа да үлгiлерiнiң қатерлi iсiгі
91. Сүт безiнiң қатерлi iсiгi
92. Әйелдiң сыртқы жыныс мүшесiнiң қатерлi iсiгi
93. Қынаптың қатерлi iсiгi
94. Жатырдың қатерлi iсiгi
95. Анабездiң қатерлi iсiгi
96. Шарананың қатерлi iсiгi
97. Ер адамдардың жыныс мүшелерiнiң қатерлi iсiгi
98. Бүйректiң, бүйрек түбекшесiнiң қатерлi iсiгi
99. Зәр жолының, зәр қабының қатерлi iсiгi
100. Көздiң және оның қосымша аппаратының қатерлi iсiгi
101. Мидың және ми қабықтарының қатерлi iсiгi
102. Жұлынның, бас сүйегi нервтерiнiң және орталық нерв жүйесi
бөлiктерiнiң қатерлi iсiгi
103. Қалқанша бездiң қатерлi iсiгi
104. Бүйрек үстi безiнiң қатерлi iсiгi
105. Басқа да эндокриндiк бездер мен туыстас құрылымдардың қатерлi iсiгi
106. Басқа да дәл белгiленбеген орналасулардың қатерлi iсiгi
107. Лимфатикалық түйiндердiң екiншi және анықталмаған қатерлi iсiгi
108. Тыныс алу және ас қорыту органдарының екiншi қатерлi iсiгi
109. Басқа орналасулардың екiншi қатерлi iсiгi
110. Ходжкин ауруы (лимфогранулематоз)
111. Фолликулярлық ходжкиндiк емес лимфома
112. Диффуздық ходжкиндiк емес лимфома
113. Шеткi және терiлiк т-клеткалық лимфомалар
114. Ходжкиндiк емес лимфоманың басқа да анықталмаған үлгiлерi,
лимфосаркома
115. Қатерлi иммунопролиферативтiк аурулар
116. Көпше миелома және қатерлi плазмоклеткалық iсiктер
117. Лимфолейкоз
118. Миелолейкоз
119. Моноцитарлық лейкоз
120. Анықталған клеткалық үлгiдегi басқа да лейкоздар
121. Анықталмаған клеткалық үлгiдегi лейкоз
122. Лимфоидтық, қан жасаушы және оларға туыстас тканьдердiң басқа да және
анықталмаған қатерлi iсiктерi
123. Дербес (бiрiншi) көпше орналасулардың қатерлi iсiгi
124. Ауыз қуысының, өңештiң және асқазанның карцинома in situ
125. Басқа да анықталмаған ас қорыту органдарының карцинома in situ
126. Орта құлақ пен тыныс органдарының карцинома in situ
127. Терiнiң карцинома in situ
128. Сүт безiнiң карцинома in situ
129. Жатыр мойнының карциномасы
130. Басқа да және анықталмаған жыныс органдарының карцинома in situ
131. Басқа да және анықталмаған орналасулардың карцинома in situ
132. Ауыздың, жұтқыншақтың, сiлекей бездерінiң қатерсiз iсiгi
133. Тоқ iшектiң, тiк iшектiң және құйрықтың қатерсiз iсiгi
134. Орта құлақтың және тыныс алу органдарының қатерсiз iсiгi
135. Сүйектердiң және буын шемiршектерiнiң қатерсiз iсiгi
136. Сүт безiнiң қатерсiз iсiгi
137. Анабездiң қатерсiз iсiгi
138. Ер адамдардың жыныс органдарының қатерсiз iсiгi
139. Көздiң және оның қосымша аппаратының қатерсiз iсiгi
140. Мидың және орталық нерв жүйесi бөлiктерiнiң қатерсiз iсiгi
141. Қалқанша бездiң қатерсiз iсiгi
142. Феохромоцитома және басқа нейроэндокриндiк iсiктер
143. В 12 витаминi және фолиево тапшылығы анемиясы
144. Гемолитикалық анемиялар
145. Апластикалық анемиялар
146. Қанның ұйығыштығының бұзылуы, пурпура және басқа геморрагикалық
жағдайлар
147. Агранулоцитоз
148. Көкбауыр аурулары
149. Эссенциалдық тромбоцитоз
150. Метгемоглобинемия
151. Гистиоцитоз
152. Құрама иммун тапшылығы
153. Саркоидоз
154. Гипотиреоз
155. Мойын органдарын қысу синдромымен IV-V дәрежедегi уытты емес алқым
iсiгi (зоб)
156. Тиреотоксикоз (гипертиреоз)
157. Тиреодит
158. Қант диабетi
159. Гипопаратиреоз, гиперпаратиреоз
160. Гипофиздiң гиперфункциясы
161. Гипофункция және гипофиз функцияларының басқа да бұзылулары
162. Иценко-Кушинттiң синдромы
163. Адреногенитальдық бұзылулар
164. Бүйрек сырты жетiмсіздігі
165. Гиперальдостеронизм
166. Бүйрек сырты функцияларының басқа да бұзылулары
167. Айырша бездiң тұрақты гиперплазиясы
168. Айырша бездiң абсцесi
169. Карциноидтық синдром
170. Амилоидоз
171. Шизофрения
172. Асқынған менингит
173. Өрескел неврологиялық түсулермен энцефалит, миелит және энцефаломиелит
174. Өрескел неврологиялық түсулерi бар бас сүйек iшiндегi және омыртқа
iшiндегi абцесс пен гранулема
175. Айқын неврологиялық синдромы бар орталық нерв жүйесiнiң қабынуы
ауруларының бөлектелген зардаптары
176. Паркинсон ауруы, екiншi паркинсонизм
177. Айқын функционалдық бұзылулары бар басқа да экстрапирамидтiк және
қимылдық бұзылулар
178. Жаңғалақтық склероз
179. Ес-түсiнен айырылатын қояншық
180. Қызметтерiнiң өрескел бұзылулары бар иық тұтасуларының зақымдануы
181. Басқа айдарларда жiктелген аурулар кезiндегi нерв түбiршектерi мен
тұтасуларының қысылуы
182. Қолдың мононевропатиясы
183. Аяқтың мононевропатиясы
184. Тұқым қуалайтын және идиопатиялық невропатия
185. Қабынған полиневропатия
186. Басқа да полиневропатиялар
187. Басқа айдарларда жiктелген аурулар кезiндегi полиневропатия
188. Myasthenia gravis және нервтiк-бұлшық еттiк синапстың басқа да
бұзылулары
189. Декомпенсация сатысында жиi ұшығулары бар басқа да миастениялар
190. Балалардың церебриалдық параличi
191. Гемиплегия
192. Параплегия мен тетраплегия
193. Басқа да параличтiк синдромдар
194. Гидроцефалия
195. Уытты энцефалопатия
196. Мидың басқа да зақымданулары
197. Жұлынның басқа да аурулары
198. Басқа өткiр конъюнктивиттер
199. Көз пемфигоиды
200. Склерит
201. Көз қабығының жарасы, ірiңдi нысаны
202. Интерстициалдық және терең кератит
203. Жабысқақ лейкома
204. Буллездiк кератопатия
205. Қарапайым ұшықтың вирусы негiзiндегi кератит және кератоконъюнктивит
206. Басқа айдарларда жiктелген, басқа да жұқпалы және паразитарлық
аурулар кезiндегi кератит пен кератоконъюнктивит
207. Басқа да иридоциклиттер
208. Мөлдiр қабықтың және цилиарлық дененiң басқа да анықталған аурулары
209. Афакия
210. Хориоретинальдық қабыну
211. Қан құйылу және көздiң қан тамыры қабығының жарылуы
212. Көз торын шел басуы және оның жарылуы
213. Көз торы қан тамырларының бiтелуi
214. Ретинальдық қан құйылу
215. Көздiң қабынып ауруы салдарынан болған қайталама глаукома
216. Шыны тәрiздес денеге қан құйылу
217. Эндофтальмит
218. Көру нервiсiнiң невритi
219. Ретробульбарлық неврит және басқа айдарларда жiктелген ауру
220. Мастоидит және емiзiк тәрiздi өсiндiнiң басқа да аурулары
221. Орта құлақтың холестеатомасы
222. Вестибулярлық функцияның бұзылулары және бас айналу синдромы
223. Жүрекке әсер ететiн ревматикалық безгек
224. Ревматикалық хорея
225. Ревматикалық миокардит
226. Созылмалы ревматикалық перикардит
227. Бүйректiк жетiмсiздiгi бар бүйректi негiзiнен зақымдайтын
гипертензивтiк (гипертониялық) ауру
228. Негiзiнен жүрек пен бүйректердi зақымдайтын гипертензивтiк
(гипертониялық) ауру
229. Миокардтың өткiр инфарктiсi
230. Миокардтың қайталама инфарктiсi
231. Миокардтың өткiр инфарктiсiнiң кейбір ағымдағы асқынулары
232. Жүректiң (бұрын миокардтың инфарктiсi болған) созылмалы ишемиялық
ауруы
233. Жүректiң аневризмасы
234. Өкпе эмболиясы
235. Өкпе артериясының аневризмасы
236. Өткiр перикардит
237. Өткiр және өткiрiрек эндокардит
238. Өткiр миокардит
239. Кардиомиопатия
240. Жүректiк жетiмсiздiк
241. Субарахноидалдық қан құйылу
242. Миға қан құйылу
243. Шағын нысандарын қоспағандағы ми инфарктiсi
244. Қолқаның аневризмасы және шарбылануы
245. Аневризманың басқа нысандары
246. Шеткi қан тамырларының басқа аурулары (Лериш синдромы)
247. Эмболия және артерияның трамбозы
248. Бронхоэктатикалық ауру
249. Өкпенiң және көкiрек қуысының абсцессi
250. Өңештiң басқа аурулары (күйгеннен кейiнгi тарылулар)
251. Терең жарамен асқынған гангренасы бар, кетпейтiн бiр жақты немесе
анықталмаған шаттағы жарық
252. Терең жарамен асқынған гангренасы бар кiндiктiң жарығы
253. Терең жарамен асқынған алдыңғы iш қабырғасының гангренасыз бiтелген
жарығы
254. Терең жарамен асқынған алдыңғы iш қабырғасының жарығы
255. Терең жарамен асқынған, гангренасыз бітелген диафрагмалық жарық
(параэзофагеальдық)
256. Терең жарамен асқынған, гангренамен бiтелген диафрагмалық жарық
257. Крон ауруы
258. Жаралы колит
259. Ішектiң өткiр қантамырлық аурулары
260. Тесiлулермен асқынған перитонит
261. Басқа айдарларда жiктелген жұқпалы аурулар кезiндегi шарбының
зақымдануы
262. Бауырдың уытты зақымдануы
263. Басқа аЙдарларда жіктелген бауырлық жетімсіздік
264. Басқа айдарларда жіктелген созылмалы гепатит
265. Бауырдың циррозы
266. Кәдiмгi, жасанды өт тесiлуiмен асқынған өттегi тас ауруы (холелитиаз)
267. Шарбы iшi флегмоносымен және панкреонекрозбен асқынған өткiр
панкреатит
268. Денеге жайылған пустулездiк псориаз
269. Артропатикалық псориаз
270. Уытты эпидермалдық некролиз (Лайелла)
271. Серопозитивтiк ревматоидтық артрит
272. Коксартроз (жамбас сан буындарының артрозы)
273. Түйiндi полиартериит және сол тектес жағдайлар
274. Жүйелi қызыл жегi
275. Дерматополимиозит
276. Бiрiктiрушi тканьдердiң басқа да жүйелi зақымдануы
277. Шорбуындаушы спондилит
278. Остеомиелит
279. Сүйек туберкулезi
280. Айқын неврологиялық түсулерi бар миелопатиялы мойын бөлiгi
омыртқааралық дискiсiнiң зақымдануы
281. Бел және айқын түбiршектi синдромы бар миелопатиялы басқа бөліктер
мен омыртқааралық дискiлердің зақымдануы
282. Өткiр нефриттiк синдром
283. Жедел өршитiн нефриттiк синдром
284. Нефротикалық синдром
285. Өткiр бүйректiк жетiмсiздiк
286. Созылмалы бүйректiк жетiмсiздiк
287. Эндометриоз
288. Ұрықтың белгiленген немесе болжалды патологиялық басқа жағдайлары
кезiнде анаға көрсетiлетiн медициналық көмөк
289. Шараналық бұзылулар
290. Жалған толғақтар (түсiк тастау қауiптерi)
291. Басқа айдарларда жiктелген, бiрақ ананың жүктілiгiн, босануын және
босанғаннан кейiнгi кезеңiн күрделендiретiн басқа да аурулар
292. Тернер синдромы
293. Басқа айдарларда жiктелмеген, жыныс хромосомаларының, әйелдер
фенотиптерiнiң басқа да аномалиялары
294. Басқа айдарларда жiктелмеген, жыныс хромосомаларының, ер адамдар
фенотиптерiнiң басқа да аномалиялары
295. Басқа айдарларда жiктелмеген, хромосомалардың басқа да аномалиялары
296. Бас сүйектiң және бет сүйектерiнiң сынуы
297. Бас сүйек қауашағының және негiзiнiң сынуы
298. Көз ұясы түбiнiң сынуы
299. Жақ сүйегiнiң, жоғары және төменгi иектердiң сынуы
300. Бас сүйегi мен бет сүйектерiнiң көп жерден сынуы
301. Көру нервiлерiнiң және көру жолдарының жарақаттануы
302. Көз қозғаушы нервтерiнiң жарақаты
303. Бөгет нервтерiнiң жарақаты
304. Үш тармақты нервтiң жарақаты
305. Бұру нервiсiнiң жарақаты
306. Бет нервiсiнiң жарақаты
307. Есту нервiсiнiң жарақаты
308. Қосымша нервтiң жарақаты
309. Бас сүйектiң басқа да нервтерiнiң жарақаты
310. Көз бен көз ұясының жарақаты
311. Көздiң iшiндегi еттiң ояңдауы немесе жоғалуымен көздiң жырық жарақаты
312. Бөгде затпен немесе олсыз, көз ұясының терең жарасы
313. Көз алмасының түсуi
314. Бас сүйектiң iшiндегi жарақат
315. Мидың жарақатты iсiгi
316. Мидың ошақтық және диффузиялық жарақаты
317. Эпидуральдық қан құйылу (жарақаттық)
318. Субдуральдық жарақатты қан құйылу
319. Ұзаққа созылған ес-түссiз жағдаймен бас сүйектiң iшiндегi жарақат
320. Бастың мылжалануы
321. Бастың бөлiгiн травматикалық кесу
322. Дабыл жарғағының травматикалық жарылуы
323. Бастың кеп жерден жарақаттануы
324. Көмейге, кеңiрдекке, қалқанша безге, жұтқыншаққа және өңештiң
мойындық бөлiгiне тиетiн ашық жарақат
325. Омыртқаның мойындық бөлiгiнiң сынуы
326. Мойын деңгейiндегi омыртқааралық дискінің травматикалық жарылуы
327. Мойын омыртқаның шығуы
328. Мойын деңгейiндегi көп жерден шығулар
329. Нервтердiң және мойын деңгейiндегi жұлынның жарақаты
330. Омыртқа артериясының жарақаты
331. Мойын деңгейiндегi бiрнеше қан тамырының жарақаты
332. Кеуде омыртқаның сынуы
333. Омыртқаның кеуде тұсындағы көп жерден сынуы
334. Кеуде бөлiгiндегi омыртқааралық дискiнiң травматикалық жарылуы
335. Көкiрек қуысының басқа және анықталмаған бөлiгiнiң орнынан тайып шығуы
336. Кеуде тұсындағы нервтер мен жұлынның жарақаты
337. Қолқаның кеуделік бөлiгi мен жүректiң жарақаты
338. Көкiрек қуысының басқа және анықталмаған органдарының жарақаты
339. Көкiрек қуысының мылжалануы және көкiрек қуысының бiр бөлiгiн
травматикалық кесу
340. Көкiрек қуысының көп жерден жарақаттануы
341. Iштiң, арқаның төменгi бөлiгiнiң және санның ашық жарақаты
342. Омыртқаның бел-құйымшақ бөлігінің және жамбас сүйектерiнiң сынуы
343. Бел-құйымшақ бөлiгiндегi омыртқааралық дискінің травматикалық жарылуы
344. Бел омыртқаның шығуы
345. Құйымшақ-мықын буынының және құйымшақ қосылысының шығуы
346. Қасаға буынының травматикалық жарылуы (қасағаның мүшеленуi)
347. Нервтердiң және iштiң деңгейiндегi жұлынның белдiк бөлiгiнiң, арқа
мен жамбастың төменгi бөлiгiнiң жарақаты
348. Қолқаның iш бөлiгiнiң жарақаты
349. Мықын қан тамырларының жарақаты
350. Iштiң деңгейiндегi бiрнеше қан тамырларының, арқа мен жамбастың
төменгi бөлiгiнiң жарақаты
351. Iш қуысы органдары мен жамбас органдарының жарақаты
352. Іш бөлiгiнiң, арқа мен жамбастың төменгi бөлiгiнiң мылжалануы және
оларды травматикалық кесу
353. Iштiң және арқа мен жамбастың төменгi бөлiгiнiң басқа да және
анықталмаған жарақаттары
354. Иық белдеуі мен иықтың деңгейiндегi сыну
355. Иық буынының шығуы, асқынған
356. Иық белдеуi мен иыктың деңгейiндегi нервтердiң, бұлшық еттердiң және
сiңiрлердiң жарақаты
357. Иық белдеуi мен иықтың мылжалануы
358. Иық белдеуi мен иықты травматикалық кесу
359. Жiлiншiк сүйектерiнiң сынуы
360. Кәрi жілік басының шығуы
361. Шынтақ буынындағы анықталмаған шығу, асқынған
362. Жiлiншiк деңгейiндегi нервтердiң, бұлшық еттердiң және сiңiрлердiң
жарақаты
363. Жiлiншiктiң мылжалануы
364. Жiлiншiктi травматикалық кесу
365. Қол басының қайық тәрiздес сүйегiнiң және бiлек сүйектерiнiң сынуы
366. Алақан сүйектерi мен қолдың басы саусақтарының көп жерден сынуы
367. Бiлек пен қолдың басы деңгейiндегi нервтердiң, бұлшық еттер мен
сiңiрлердiң жарақаты
368. Бiлек пен қол басының мылжалануы
369. Бiлек пен қолдың басын травматикалық кесу
370. Бiлек пен қол басының басқа да және анықталмаған жарақаттары, асқынған
371. Сан сүйектерiнiң сынуы
372. Санның шығуы, асқынған
373. Қабықтық-байланыс аппаратының, сан жамбас буынының шығуы, созылуы
және оған артық күш түсуi, асқынған
374. Сан жамбас буыны мен санның аумағындағы нервтердiң, бұлшық еттер мен
сiңiрлердiң жарақаты, асқынған
375. Сан жамбас буыны мен санның аумағының мылжалануы
376. Сан жамбас буыны мен санның аумағын травматикалық кесу
377. Сирақ табан буындарын қоса алғандағы, сирақ сүйектерiнiң сынуы
378. Тiзе үстiнiң шығуы, операция жасалған
379. Тiзе буынының шығуы, асқынған
380. Крест тәрiздес байланыстың (алдыңғы) (артқы) созылуы, жарылуы және
оларға артық күш түсу
381. Сирақ деңгейiндегi нервтердiң жарақаты
382. Тізе асты артериясының жарақаты
383. Өкше (ахиллдiк) сiңiрiнiң жарақаты
384. Сирақтың мылжалануы
385. Сирақты травматикалық кесу
386. Өкше және таран сүйектерiнiң сынуы
387. Табанның басқа сүйектерiнiң сынуы
388. Табан сүйектерінің сынуы
389. Табанның көп жерден сынуы