Уран өнiмiнiң экспорты туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
қаулысы 2000 жылғы 4 тамыз № 1192
ҚР Үкіметінің 2008.04.05. № 406 Қаулысымен күші жойылды
"Қару-жараққа, әскери техникаға және екiұдай мақсаттағы өнiмге экспорттық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 18 маусымдағы Заңына және "Қазақстан Республикасында тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң) экспорты мен импортын лицензиялаудың тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінің 1997 жылғы 30 маусымдағы № 1037 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Қазатомөнеркәсiп" Ұлттық атом компаниясы" жабық акционерлік қоғамына (бұдан әрi - "Қазатомөнеркәсiп" ҰАК" ЖАҚ) "Yлбi металлургия зауыты" ашық акционерлік қоғамы, "Қазатомөнеркәсiп" ҰАК" ЖАҚ және "Ньюкем Ньюклеа ГмбХ" арасындағы 2000 жылғы 28 наурыздағы U 308 нысандағы уран материалын сату және сатып алуға нөмiрсiз келісім-шартының ережелерiне сәйкес 46700 (+/- 2%) килограмм мөлшерде U (СЭҚ ТН коды 284410390) табиғи уранның шала тотығы - тотығының Қазақстан Республикасынан экспортына рұқсат етiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгі өнiмдi экспорттауға заңнамада белгіленген тәртiппен лицензия берсiн.
3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кiрiс министрлігінiң Кеден комитетi жоғарыда көрсетiлген өнiмнiң кедендiк ресiмделуiн қамтамасыз етсiн.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінiң Атом энергетикасы жөнiндегі комитетiне жүктелсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі