Поиск 
Введите текст для поиска, например, Налоговый кодекс Украины
Найти
Кодексы бесплатно      
<< Назад
Далее >>
0
0
Два документа рядом (откл)
Сохранить(документ)
Распечатать
Копировать в Word
Скрыть комментарии системы
Информация о документе
Информация о документе
Поставить на контроль
В избранное
Посмотреть мои закладки
Скрыть мои комментарии
Посмотреть мои комментарии
Сравнение редакций
Увеличить шрифт
Уменьшить шрифт
Корреспонденты
Респонденты
Сообщить об ошибке

Қазақстан Республикасы Конституциясы 23-бабының 2-тармағын ресми тyсіндіру туралы Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің қаулысы 2000 жылғы 5 шілде № 13/2

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме!
Получить полный доступ к документу
Вход для пользователей
Для того, чтобы получить текст документа, вам нужно ввести логин и пароль.

Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.
Контактный телефон: +7 (495) 972-24-02, email: info@continent-online.com
  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

Қазақстан Республикасы Конституциясы 23-бабының 2-тармағын ресми
тyсiндiру туралы Қазақстан Республикасы Конституциялық
Кеңесінің қаулысы 2000 жылғы 5 шілде № 13/2

Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi Төраға мiндетiн атқарушы В.Д. Шопин, Кеңес мүшелерi Ж.Д. Бұсырманов, А. Есенжанов, А.К. Котов және Қ.Ә. Омарханов қатысқан құрамда, өтiнiш субъектiсiнiң өкiлi - Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжілісiнің депутаты В.И. Макалкиннің, сондай-ақ шақырылғандардың - Қазақстан Республикасы Судьялар одағының хатшысы А.А. Рекиннің және Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінің Тiркеу қызметi комитетi төрағасының орынбасары Е.Ә. Сапаровтың қатысуымен, өзiнің ашық отырысында Қазақстан Республикасы Парламентi бiр топ депутаттарының Қазақстан Республикасы Конституциясы 23-бабының 2-тармағын ресми түсiндiру туралы өтiнiшiн қарады.

Ұсынылған материалдарды зерделеп шығып, баяндамашылар Ж.Д. Бұсырманов пен А. Есенжановты, өтiнiш субъектiсi өкiлiнің және басқа да отырысқа қатысушылардың сөздерiн тыңдап, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi мынаны анықтады:

Республика Конституциялық Кеңесiне 2000 жылғы 15 маусымда Қазақстан Республикасы Парламентi бiр топ депутаттарының Қазақстан Республикасы Конституциясы 23-бабы 2-тармағының "... судьялар... кәсiптiк одақтарда болмауға ...тиiс." деген бөлiгiн ресми түсiндiру туралы өтiнiшi келіп түстi.

Өтiніш беруге Қазақстан Республикасы Судьялар одағының қоғамдық бiрлестiк ретіндегі қызметi себеп болған. Өтiнiш субъектiсiнің пiкiрi бойынша Одақ оған бiрiккен Қазақстан судьяларының құқықтары мен кәсiби мүдделерiн қорғау мақсатында бiр мамандық иелерi құрған кәсiптiк одақ болып табылады. Өтiнiште атап өтiлгенiндей, бұл, судьялар кәсiптiк одақтарда болмауға тиiс деген Қазақстан Республикасы Конституциясы 23-бабының 2-тармағына қайшы келедi.

Республика Конституциясының және қолданылып жүрген заңдардың нормаларын талдай келіп, Конституциялық Кеңес мынаны негiзге алады.