Орталық және жергілікті атқарушы органдарда заң жұмысының сапасын
арттыру жөніндегі қосымша шаралар туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2000 жылғы 7 маусымдағы № 868 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2006 жылғы 9 қарашадағы № 1072 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Конституциясының 69-бабы 3-тармағының "Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 10-бабы 1-тармағының және "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 3-тармағының төмен тұрған деңгейдегі әрбір нормативтік құқықтық кесімді жоғары тұрған деңгейдегі кесімдерге сәйкес келтіру қажеттілігі туралы талаптарын орындауды қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ орталық және жергілікті атқарушы органдардағы заң жұмысының сапасын көтеру, олар қабылдайтын шешімдердің заңдылығын қамтамасыз ету, олардың қызметінде азаматтардың құқықтары мен еркіндіктерінің бұзылу жағдайларының алдын алу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдары және олардың ведомстволары Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен осы органдардың штат санының лимиті шегінде, ал жергілікті атқарушы органдар - облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері бекіткен осы органдардың штат санының лимиті шегінде бір айлық мерзімде өз құрылымында дербес заң қызметтерінің құрылымдық бөлімшелерін (дербес бөлімдерді, басқармаларды, департаменттерді) құруды қамтамасыз етсін.
2. Орталық және жергілікті атқарушы органдардың басшылары:
екі апталық мерзімде нормативтік құқықтық кесімдердің жобаларын міндетті түрде заң қызметтерімен келісуді көздейтін осы жобаларды дайындаудың ішківедомстволық ережелерін әзірлесін және Қазақстан Республикасының Әділет министрлігімен келіскеннен кейін бекітсін.
екі айлық мерзімде белгіленген тәртіппен заң қызметтеріндегі бос қызметтерді білікті мамандармен толықтыруды қамтамасыз етсін;
"Мемлекеттік басқару органдарының және оларға қарасты кәсіпорындардың, мекемелердің заң қызметі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 5 мамырдағы № 624 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік басқару органдарының және олардың ведомстволық бағынысты кәсіпорындарының, ұйымдарының заң қызметі туралы ережесі талаптарының қатаң орындалуын қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі:
заңнаманың жекелеген салалары бойынша тақырыптық лекциялар циклын әзірлесін, олардың тиісті министрліктерде, агенттіктер мен ведомстволарда оқылуын қамтамасыз етсін;
министрліктер, агенттіктер мен ведомстволар басшыларының орынбасарларын, сондай-ақ олардың құрылымдық бөлімшелерінің басшылары мен басшыларының орынбасарларын олардың тиісті мемлекеттік органның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қолданылып жүрген заңнама нормаларын білуін тексеру мақсатында жүйелі (жылына 1 реттен сирек болмайтын мерзімділікпен) компьютерлік тестілеуді ұйымдастырсын;
тестілеудің нәтижелері туралы тиісті мемлекеттік органдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін;
министрліктердің, агенттіктер мен ведомстволардың келісуі бойынша олардың заң қызметтері қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде жүйелі тағлымдамалардан өтуін ұйымдастырсын.
4. «Қазақстан Республикасының министрліктерінде, мемлекеттік комитеттері мен өзге де орталық атқарушы органдарында заң қызметінің жай-күйін жақсарту және оның жұмысының сапасын арттыру шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 29 сәуірдегі № 521 қаулысының 3-тармағы күші жойылды деп танылсын (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., № 18, 152-құжат).
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі