30. Қазынашылықтың аумақтық органы сызбаға нөмiр бередi, сызбаға қазынашылықтың басшысы қол қояды, мөрмен куәландырады және есеп айырысуға қатысушы барлық берушiлердiң орналасқан жерi бойынша қазынашылықтың аумақтық органдарына жолдайды.
5. Кредиторлық берешектi өтеу жөніндегі
есеп айырысуларды жүргiзудің тәртібі
31. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі құжаттар осы Ереженiң 6-дан бастап 30-ды қоса алғандағы тармақтарында айтылған талаптарға сәйкес болған жағдайда, ұсынылған құжаттар бойынша қорытынды дайындайды.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кiрiс министрлігі республикалық бюджетке төленетiн төлемдер бойынша кредиторлық берешектiң бар-жоғы туралы салық органдарының анықтамалары бойынша қорытындылар дайындайды.
Республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiсi құжаттарды Комиссияның Жұмыс органында тiркегеннен кейiн Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кiрiс министрлігі мен Қаржы министрлігінiң түсiндiрулерiмен және қорытындыларымен бiрге сызбалардың көшiрмелерiн Комиссияның мүшелерiне жолдайды.
32. Комиссия ұсынылған құжаттарды қарайды және олар бойынша ұсыныстар әзiрлейдi. Республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшiсi Комиссия мәжілісiнiң хаттамасы негiзiнде Комиссия мақұлдаған сызбалар бойынша кредиторлық берешек туралы Қазақстан Республикасы Yкіметі шешiмінің жобасын дайындайды және белгiленген тәртiппен оны Қазақстан Республикасының Үкіметіне қарауға енгiзедi.
33. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кредиторлық берешектi өтеу туралы шешiмiнiң негiзiнде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитетi республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiсiне қазынашылық рұқсат жазады. Республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiсi мемлекеттік мекемелердiң тiзiлiміне сәйкес мемлекеттік мекемеге рұқсат жазады.
34. Мемлекеттік мекеменiң шоты ашылған қазынашылықтың аумақтық органы қаржыландыру лимиттерi келiп түскен кезде немесе Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетiнiң жазбаша нұсқауын алған кезде, кредиторлық берешектi өтеудің есеп айырысуларына қатысушы мемлекеттік мекемелердiң тiзiлiмдерiн қоса бере отырып, электронды почтамен 2000 жылғы 20 қаңтардағы жағдай бойынша расталған күнi өтелмеген және берешектiң сомасынан аспайтын республикалық бюджетке төленетiн төлемдер бойынша кредиторлық берешектiң бар екендiгiне растау алу үшiн салық төлеушiнiң тiркелген жерi бойынша тиiстi салық органына № 8 нысан бойынша сұрау салу-растау жолдайды.
35. Салық органы салық төлеушiнiң бұрын № 3 нысан бойынша тиiстi анықтамада көрсетiлген берешегiн № 8 нысан бойынша растайды.
36. Мемлекеттік мекеме тiкелей берушiге оның ағымдағы шотына төлем тапсырмасын жазып бередi және оны төлеу үшiн қазынашылық органына ұсынады.
37. Қаржыландыру лимитi түскен қазынашылықтың аумақтық органы салық органы растаған соманы кредиторлық берешектi өтеу сызбасымен және мемлекеттік мекеменiң төлем тапсырмасымен салыстырады. Олар сәйкес келген жағдайда төлем тапсырмасы арналымы бойынша жөнелтіледi. Егер салық органы растаған берешектiң сомасы сызбада, мемлекеттік мекеменің төлем тапсырмасында көрсетiлген сомадан аз болса, салық органының растауында көрсетiлген сомаға ресiмделедi. Лимиттiң қалған сомасы керi қайтарып алуға жатады. Салық органы сұрау салуды растамаған жағдайда, қазынашылықтың аумақтық органы төлем тапсырмасын қабылдамайды.
38. Тiкелей берушi 107101 "Берешектердiң республикалық бюджетке түсуi" кiрiс кодымен салық төлеушiнiң тiркелген жерi бойынша салық органының СТН-iн көрсете отырып, ағымдағы шоттан 080 "Бюджеттердiң арасында бөлiнетiн кiрiстер" шотына төлем тапсырмасын жазады.
Бұл ретте төлем тапсырмасында мынадай деректермелер:
МФО;
шоттың нөмiрi;
берушiнiң (салық төлеушiнiң) атауы;
реттік нөмiрiмен бiрге тiркеудiң тоғыз орынды коды, мәтiндiк кеңiстiкте "Кредиторлық берешектi өтеу" деген сөздер және төлемдердi тағайындау түрлерi бойынша сомасы;
төлемнiң тағайындалған коды (107101);
шығыстардың тоғыз орынды коды (мемлекеттік мекемелер үшiн);
төлемнiң жалпы сомасы көрсетiлуi мiндеттi.
39. Тiкелей берушіде республикалық бюджетке төленетiн төлемдер бойынша кредиторлық берешегi болмаған жағдайда тiкелей берушi 2-Берушінің расталған берешегінің сомасына оның орналасқан жерi бойынша қазынашылықтың аумақтық органы ашқан оның ағымдағы шотына төлем тапсырмасын жазады. 2-Берушi, өз кезегiнде, осы Ереженiң 38-тармағына сәйкес республикалық бюджеттiң кiрiсiне төлем тапсырмасын жазады.
Сызбаларға сәйкес бiрнеше Берушi қатысқан жағдайда төлем тапсырмасы бiр Берушiнiң ағымдағы шотынан екiншi Берушінің ағымдағы шотына жазылады.
Салық органдары заңды тұлғалардың бөлiмшелерiнiң республикалық бюджетке төленетiн төлемдер бойынша кредиторлық берешегiн растаған жағдайда, заңды тұлға өзiнің төлем тапсырмасымен олардың бөлiмшелерінің тiркелген орны бойынша салық органының СТН-iн және бөлiмшенiң атауын көрсете отырып, 107101 "Берешектердiң республикалық бюджетке түсуі" кодына берешектiң сомасын есепке алады.
Ресми түрде банкрот деп жарияланған не ол бойынша таратудың соттан тыс рәсiмiн жүргiзу туралы шешiмдер қабылданған Берушiлердiң шоттарына ақша қаражатын аударуға рұқсат етiлмейдi. Егер, соған қарамастан, көрсетiлген ұйымдардың шоттарына ақша қаражаты есепке алынған болса, онда операция қате болып саналады, ал ақша қаражаты мемлекеттік мекеменiң бюджеттік шотына қайтаруға жатады, ал лимиттер керi қайтарып алуға жатады.
40. Қазынашылықтың аумақтық органы өтеу сызбасына сәйкес республикалық бюджеттiң кiрiсiне соңғы төлем жүргiзгеннен кейiн төлемдер жүргiзiлген қазынашылық органдарына төлем тапсырмаларын жiбередi. Жауапты атқарушы арнайы жүргiзiлген iс қағазына төлем тапсырмасын тiгедi және кредиторлық берешектi өтеу сызбасына және кредиторлық берешектердi өтеу сызбаларын тiркеу журналына белгi соғады.
Одан басқа, кредиторлық берешектi өтеудiң сызбасы тiркелген қазынашылықтың аумақтық органы салық төлеушiнiң тiркелген жерi бойынша салық органына оның бұрын осы салық органы растаған республикалық бюджетке төленетiн төлемдер бойынша кредиторлық берешегiнiң өтелгендiгi туралы № 8 нысан бойынша растау жолдайды.
Салық органы берушiнiң төлем тапсырмасына сәйкес кредиторлық берешектi өтеудiң есептемесiн жүргiзгеннен кейін республикалық бюджетке төленетiн төлемдер бойынша кредиторлық берешектiң бар-жоғы туралы анықтамаларды тiркеу журналында тиiстi белгi соғады.
6. Есеп және есептiлiк
41. Мемлекеттік мекеме төлем тапсырмасы көшiрмесiнiң негiзiнде бухгалтерлiк есеп пен есептiлiкте тiкелей берушiлердiң алдындағы кредиторлық берешектiң өтелгендiгiн көрсетедi.
Мемлекеттік мекемелердiң берешектi өтеудi бухгалтерлiк есепте көрсетуi Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазынашылық департаментiнің 1998 жылғы 27 қаңтардағы № 30 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік мекемелердегi бухгалтерлiк есеп жөніндегi нұсқаулыққа сәйкес жүргiзiледi. Бухгалтерлiк есеп Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 1998 жылғы 15 мамырдағы № 217 бұйрығымен бекітілген "Мемлекеттік мекемелердiң жылдық, тоқсандық бухгалтерлiк есептiлiгінің көлемi мен нысандары туралы" Нұсқаулықта белгiленген тәртiппен және мерзiмдерде ұсынылады.
42. Аумақтық салық органы қазынашылықтың аумақтық органының осы Ереженің 40-тармағында көзделген тәртiппен берiлген төлем тапсырмасы мен растауын алған кезде төлем тапсырмасында көрсетiлген төлемдердiң түрлерi бойынша салық төлеушiнiң кредиторлық берешегiн есептеп шығарады. Түсiмдер туралы есепте аталған төлемдер 107101 "Берешектердiң республикалық бюджетке түсуі" коды бойынша көрсетiледi.
43. Есепте бiр Берушiнiң екiншi Берушiнiң алдындағы кредиторлық берешегiн есептен шығару үшiн қазынашылықтың аумақтық органы растаған ағымдағы шот бойынша үзiндінің көшiрмесi мен төлем тапсырмасының көшiрмесi негiздеме болып табылады.
6-1. Жергiлiктi облыстық атқарушы органдардың екіншi
деңгейдегi банктер алдындағы әлеуметтiк мақсаттарға пайдаланылған,
осы мiндеттемелер бойынша ортақ жауапкершiлiкте болатын орталық
атқарушы органдар жүзеге асыратын несиелер бойынша кредиторлық
берешегін өтеудiң ерекшеліктері
ҚР Үкіметінің 2000.03.21. № 430 Қаулысымен 6-1-бөліммен толықтырылды
43-1. Жергілiктi облыстық атқарушы органдардың екiншi деңгейдегi банктер (бұдан әрi - Банктер) алдындағы облыстық әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердiң әлеуметтiк мақсаттарына алынған және пайдаланылған несиелер бойынша кредиторлық берешегiн өтеудi, егер орталық атқарушы органдар осы мiндеттемелер бойынша ортақ жауапкершілікте болған жағдайда, орталық атқарушы органдар жүргiзедi.
Соттың тиiстi шешiмiнiң болуы орталық атқарушы органдардың ортақ жауапкершiлiгiне растама болып табылады.
43-2. Жергiлiкті облыстық атқарушы органдармен бiрге екiншi деңгейдегi банктер алдындағы ортақ мiндеттемелер бойынша кредиторлық берешектi өтеудi республикалық бюджетке төленетiн төлемдер бойынша кредиторлық берешектiң бар-жоғы туралы анықтаманы салық органы растаған сәтiнде қалыптасқан, "Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес республикалық және жергiлiктi бюджеттер арасында бөлiнетiн салықтарды және басқа да мiндеттi төлемдерден басқа, негiзгi борышты, өсiмақыны және айыппұлдарды қоса есептегенде, салық және республикалық бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер бойынша шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң берешегiн өтеу есебiнен орталық атқарушы органдар жүргiзедi (бұдан әрi - Субъектiлер).
43-3. Жергiлiктi облыстық атқарушы орган Банкпен бiрге әлеуметтiк мақсаттарға алынған және пайдаланылған несие бойынша берешектi салыстыру актiсiн жасайды. Егер соттың шешiмi болған жағдайда, онда салыстыру актiсi соттың шешiмiмен расталған сомаға жасалады.
43-4. Банк оларға № 9 нысан бойынша салық органдары анықтама берген сәтiнде толығымен республикалық бюджетке есепке алынатын салық және басқа да мiндеттi төлемдер бойынша берешегi бар Субъектiлердi, оның iшiнде осы Ереженiң 4-тармағына сәйкес 1999 жылғы 1 қаңтардан кейiн Астана қаласының салық органдарында тiркелген Субъектілердi анықтайды және олармен осы берешектi өтеу үшiн банктiк несиелер беру туралы несиелiк шарттар жасасады.
43-5. Банк жергiлiктi облыстық атқарушы органмен бiрлесiп Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне (немесе жергiлiктi облыстық атқарушы органның мiндеттемелерi бойынша ортақ жауапкершiлiкте болатын тиiстi орталық атқарушы органға, егер Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі осы бөлiмнiң шарттары бойынша осындай болып табылмаса) мынадай құжаттарды (нотариалды куәландырылған бес данада):
шарттары бойынша әлеуметтiк мақсаттарға несие алынған және пайдаланылған Банк пен жергiлiктi облыстық атқарушы органның несиелiк шартын;
Банктен жергiлiктi облыстық атқарушы органның несие алғаны мақұлданған облыстық мәслихаттардың шешiмдерiн;
әлеуметтiк мақсаттарға алынған несиенiң пайдаланылуы туралы жергiлiктi облыстық атқарушы органның анықтамасын (түпнұсқа);
43-3-тармаққа сәйкес берешектi салыстыру актiсiн (түпнұсқа);
Субъектiге республикалық бюджетке берешектi өтеу үшiн несие беру туралы Банк пен Субъектi арасындағы несиелiк шартты (түпнұсқа);
Салық органдарының № 9 нысан бойынша анықтамасын (түпнұсқа) ұсынады.
43-6. Орталық атқарушы орган ұсынылған құжаттарды қарағаннан кейiн оларды Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне бередi.
43-7. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі ұсынылған материалдардың негiзiнде есеп айырысуды жүргiзу жөнiнде ұсыныстар даярлайды және оларды Комиссияның қарауына енгiзедi.
43-8. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі берешектi өтеудiң ұсынылған нұсқасын Комиссия мақұлдаған жағдайда, мұнда кредиторлық берешектi өтеу жөніндегі есеп айырысуды жүргiзу үшiн республикалық бюджеттен қаражат бөлiнетiн республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiсiн көрсете отырып, Банк алдындағы берешектi өтеу туралы тиiстi қаулының жобасын белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгiзедi.
43-9. Банк пен Субъектілерге белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетiнiң хаттары негiзiнде қазынашылық органдарында ағымдағы (уақытша) шоттар ашылады.
43-10. Берешектi өтеу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шешімі негiзiнде Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетi белгiленген тәртiппен республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiсiне қазынашылық рұқсат жазып бередi.
43-11. Республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiсi қазынашылықтың аумақтық органында Банктiң ағымдағы шотына ақша аударуға төлем тапсырмасын толтырады және қазынашылықтың осы аумақтық органына 43-5-тармақта санамаланған құжаттардың екi данасын жiбередi.
43-12. Банк Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінен түскен ақшаны банктiк несие ретінде Субъектiлердiң ағымдағы шоттарына аударуға төлем тапсырмасын жазып бередi.
43-13. Банктiң шоты ашылған Қазынашылықтың аумақтық органы Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінен қаражат түскен кезде республикалық бюджетке төленетiн төлемдер бойынша растаманың күнiнде өтелмеген кредиторлық берешектiң бар-жоғына растама алу үшiн Субъектiнiң тiркелген жеріндегі тиiстi салық органына № 8 нысан бойынша сұрау салу-растауды электрондық почта арқылы жібередi.
43-14. Салық органы № 9 нысанға сәйкес бұрын тиiстi анықтамада көрсетiлген № 8 нысан бойынша Субъектiнiң берешегiн растайды.
43-15. Қазынашылықтың аумақтық органы салық органдары растаған соманы Банктiң төлем тапсырмасымен салыстырады. Олар сәйкес келген жағдайда, төлем тапсырмасы Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінен алынған құжаттардың бiр данасымен қоса мақсатты жерiне жiберiледi. Егер салық органы растаған берешек сомасы № 9 нысанға сәйкес салық органының анықтамасында көрсетiлген сомадан кем болып шықса, Банктiң төлем тапсырмасы салық органының растамасында көрсетiлген сомаға ресiмделедi. Лимиттiң қалған сомасы керi қайтарып алуға жатады. Салық органы сұрау салуды растамаған жағдайда, Қазынашылықтың аумақтық органы төлем тапсырмасын қабылдамайды.
43-16. Субъектiлердiң ағымдағы шоттарына Банктен ақша түскеннен кейiн ағымдағы шотынан олар салық төлеушiнің тiркелген жеріндегі салық органының СТН-i көрсетiле отырып, бюджетке төлемдер бойынша расталған берешектiң сомасына кiрiстiң 107101 "Республикалық бюджетке берешектiң түсуi" коды бойынша 080 "Бюджеттердiң арасында бөлiнетiн кiрiстер" шотына төлем тапсырмасын жазып бередi.
Бұл ретте төлем тапсырмасында мынадай деректемелердiң көрсетiлуi мiндеттi:
МФО;
шоттың нөмірі;
Субъектiнiң (салық төлеушiнің) атауы;
"Кредиторлық берешектi өтеу" деген сөздер және төлем мақсаттарының мәтiндiк кеңiстiгiнде төлемдердiң түрлерi бойынша сомалар;
төлем мақсаттарының коды (107101);
төлемнiң жалпы сомасы.
43-17. Республикалық бюджеттiң кiрiсiне қорытынды төлем
жүргiзiлгеннен кейiн қазынашылықтың аумақтық органы ол туралы Қазақстан
Республикасының Қаржы министрлігiне хабарлайды.
Бұдан басқа, қазынашылықтың аумақтық органы салық төлеушi ретіндегі Субъектiнiң тiркелген жерi бойынша салық органына республикалық бюджетке төленетiн төлемдер бойынша бұрынырақта салық органының деректерiмен расталған, оның кредиторлық берешектi өтегенi туралы № 8 нысан бойынша растаманы Субъектiнiң тұрған жерi бойынша жiбередi.
43-18. Салық органы кредиторлық берешектi өтеу жүргiзiлгеннен кейiн республикалық бюджетке төленетiн төлемдер бойынша кредиторлық берешектiң бар-жоғы туралы анықтаманы (№ 4 нысан) тiркеу журналында Субъектiнiң төлем тапсырмасына сәйкес тиiстi белгi соғады.
7. Жауаптылық
44. Республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері, мемлекеттік мекемелер, тікелей берушілер, Берушілер, қазынашылықтың аумақтық органдары, салық органдары және басқа да ұйымдар қолданылып жүрген заңдарға сәйкес теріс және әдейі жалған мәліметтер ұсынғаны үшін жауаптылықта болады.
№ 1-нысан
-----------------------------------------
(Қазынашылықтың аумақтық органының атауы)
Берілген күні 2000 жылғы "----"----------
2000 жылғы 1 қаңтардағы
кредиторлық берешектің бар екендігі туралы
N------АНЫҚТАМА
-----------------------------------------
(облыстың коды)
--------------------------------
(мемлекеттік мекеменің коды)
Осы анықтама -------------------------------------------------берген
(мемлекеттік мекеменің атауы мен СТН-і)
--------------------------------салыстыру актісінің негізінде жасалды:
---------------------------------------------------------------------------
N ! Беруші !Тіркеу! Актінің деректері! Экономикалық
р/р!----------------------! коды !------------------!жіктеме ерекшелігінің
!атауы!орналасқан!СТН-і! ! күні ! Сомасы ! коды
! ! жері ! ! ! ! теңге !
---------------------------------------------------------------------------
1 ! 2 ! 3 ! 4 ! 5 ! 6 ! 7 ! 8
---------------------------------------------------------------------------
---------------------------------------------------------------------------
Жиыны
Кредиторлық берешек сомасының жиыны -----------теңге---------------
(санмен) (сомасы жазумен)
----------------------------------------------------------------
Осы анықтамаға мыналар қоса беріліп отыр:
1. -------------------------------------------------
2. -------------------------------------------------
3. -------------------------------------------------
4. -------------------------------------------------
Қолдары:
---------------------------------- ------------------------------
(қазынашылықтың аумақтық органының (мемлекеттік мекеменің басшысы,
басшысы, лауазымы және аты-жөні) лауазымы және аты-жөні)
МО МО
№ 2-нысан
Мұқабаның үлгісі
----------------------------------------
(Қазынашылықтың аумақтық органының атауы)
Кредиторлық берешектің бар екендігі
туралы анықтамаларды тіркеу
ЖУРНАЛЫ
2-нысан өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.07.27. № 1134
қаулысымен.
---жылғы--------басталды
---жылғы--------аяқталды
Жалғасы
Журналдың барлық парақтары осы үлгі бойынша басылсын
Мемлекеттік мекеменің атауы -----------------------------
---------------------------------------------------------------------------
Анықтаманың! Анықтама ! Тіркеу ! Тікелей беруші ! Ұсынылған
N !берген күн! күн !-----------------------!салыстыру актісіне
! ! !Атауы !Орналасқан!СТН-і! және бухесептің
! ! ! ! жері ! !
! ! ! ! ! ! деректеріне
! ! ! ! ! !сәйкес берешектің
! ! ! ! ! !сомасы (теңге)
---------------------------------------------------------------------------
1 2 3 4 5 6 7
---------------------------------------------------------------------------
---------------------------------------------------------------------------
таблицаның жалғасы:
---------------------------------------------------------------------------
Анықтама берген ! Анықтама алған ! Анықтама алған
тұлғаның аты-жөні ! тұлғаның аты-жөні ! тұлғаның қолы
---------------------------------------------------------------------------
8 ! 9 ! 10