Тауарлар мен қызмет көрсетулер үшiн қолма-қол ақшамен есеп айырысуды
ұйымдастыруды жетiлдiру туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң қаулысы 1995 жылғы 18 қазандағы № 1342
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 наурыздағы № 258 қаулысына сәйкес осы қаулының күші жойылды
Тауарлар мен қызмет көрсетулер үшiн есеп айырысуды және экономикада бастапқы еңбекақының өсуi жағдайында қолма-қол ақша айналысын жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
Барлық шаруашылық жүргiзушi субъектiлерге 1995 жылдың 20 қазанынан бастап тауарлар мен қызмет көрсетулерге бағаны мынадай ретпен/тиындарды/ дөңгелектеу ұсынылсын: 1-ден 25-ке дейiн - 0; 26-дан 75-ке дейiн - 50; 76-дан 99-ға дейiн - 100.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi