"ЮТЭК" отын-энергетика компаниясының Президентi және Байқаушы
кеңесi туралы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің
1995 жылғы 7 тамыздағы № 1089 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2005.29.09. № 964 қаулысымен күші жойылды
"Республиканың оңтүстiк аймақтарындағы отын-энергетика кешенi кәсiпорындарының жұмысын жақсарту жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 29 сәуірдегі № 602 қаулысын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
1. С. Дүзбаев "ЮТЭК" отын-энергетика компаниясының президентi болып тағайындалсын.
2. "ЮТЭК" отын-энергетика компаниясының Байқаушы кеңесiнiң құрамына акциялардың мемлекеттік пакетi иелерiнен мыналар бекітілсiн:
Балғымбаев Н.Ө. - Қазақстан Республикасының Мұнай және газ
өнеркәсiбi министрi - Кеңес төрағасы
Кеңес мүшелерi:
Храпунов В.В. - Қазақстан Республикасының Энергетика және
көмiр өнеркәсiбi министрi
Қалмырзаев С.С. - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік
мүлiктi басқару жөніндегі мемлекеттік
комитетiнiң төрағасы
Байгелдиев Ө. - Жамбыл облысының әкімі
Хасанов Т. - "Мұнайгаз" мемлекеттік холдинг
компаниясының президентi
Мәдиев Б.М. - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік
мүлiктi басқару жөніндегі мемлекеттік
комитетi жетекшi басқармасының бастығы
Ғалымгереев Б.Ж.- Қазақстан Республикасының Мұнай және газ
өнеркәсiбi министрлігінiң кеңесшiсi
Дүзбаев С. - "ЮТЭК" отын-энергетика компаниясының
Президентi
3. Байқаушы кеңес төрағасына осы Компания президентiмен контракт жасау тапсырылсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi