Нанның, нан-тоқаш тағамдарының, тарының, ұнтақ жарманың, пiсiрiлген
нан орнына сатылатын ұнның және құрама жемнiң бағасын
ырықтандыру туралы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің
Қаулысы 11 қазан 1994 ж. № 1163
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 13 наурыздағы № 258 қаулысына сәйкес осы қаулының күші жойылды
"Қазақ КСР-нде ауылды, селоны және аграрлық өнеркәсiптiк-кешендi басым дамыту туралы" және "Аграрлық-өнеркәсiптiк кешендi несиелеу және мемлекеттік шараларды қаржыландыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңдарының орындалуы жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінiң есебi туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң 1994 жылғы 7 қыркүйектегi № 143 қаулысын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
1. Нанды және нан-тоқаш тағамдарын, тарыны, ұнтақ жарманы, пiсiрiлген нан орнына сатылатын ұнды, құрама жемдi сату 1994 жылғы 15 қазаннан бастап еркiн баға бойынша жүзеге асырылады деп белгiленсiн.
(2-тармақ) .
Ескерту. 2-тармақтың күшi жойылған - ҚРМК-нiң 1995.04.10.
№ 437 қаулысымен.
3. Барлық меншiк нысанындағы кәсiпорындар, ұйымдар мен мекемелер 1994 жылғы 15 қазандағы жағдай бойынша түгендеу жүргiзсiн және 1994 жылғы 15 қазанға дейiн реттелмелi бөлшек сауда бағасы бойынша сатылған мына өнiмдердiң қалғандарын қайта бағалау:
нан және нан-тоқаш тағамдары бойынша - 3,5 коэффициентiмен;
пiсiрiлген нан орнына сатылатын ұн бойынша - 3,0 коэффициентiмен;
ұнтақ жарма мен тары бойынша - 2,5 коэффициентiмен;
құрама жем бойынша - 2,5 коэффициентiмен жүргiзiлсiн.
Қайта бағалау Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің "Бағаны ырықтандыруға байланысты өнiмдер мен тауарларға қайта бағалау жүргiзу туралы" 1992 жылғы 3 қаңтардағы № 4 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, № 1, 8-бап) белгiленген тәртiпке сәйкес жүргiзiлсiн.
4. Қазақстан Республикасының министрлiктерi, ведомстволары, жергiлiктi әкiмдер мыналарды ескерсiн: "1994 жылға арналған нақтыланған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 14 шiлдедегi Заңымен:
1994 жылғы 1 қазаннан бастап ең төменгi жалақы айына 200 теңгеге дейiн өсiрiлдi;
нан өнiмдерiне бағаның көтерiлуiне байланысты балалары бар отбасылары жәрдемақыларының, аспиранттар, студенттер мен оқушылар алатын стипендиялардың, сондай-ақ табысы аз жұмыс iстемейтiн зейнеткерлерге өтемдiк төлемдердiң мөлшерi арттырылды.
5. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасының Халықты әлеуметтiк қорғау министрлігімен бiрлесе отырып нанға, нан-тоқаш тағамдарына, тарыға, ұнтақ жармаға, пiсiрiлген нан орнына сатылатын ұнға және құрама жемге бағаның босатылуына байланысты табысы аз азаматтарды әлеуметтiк жағынан қорғау мақсатында:
1994 жылдың 1 қазанынан бастап балалары бар отбасыларына берiлетiн жәрдемақылардың, сондай-ақ табысы аз зейнеткерлерге өтемдiк төлемдердiң мөлшерiн 1994 жылға арналған республикалық бюджеттiң 1994 жылдың 9 айындағы орындалуын қарау кезiнде нақтылау есебiнен 30 процентке өсiрсiн;
аталған жәрдемақылар мен өтемдiк төлемдердi қайта есептеу мен төлеудi он күндiк мерзiм iшiнде қамтамасыз етсiн.
6. Қазақстан Республикасының министрлiктерi, ведомстволары, жергiлiктi әкiмдерi және меншiк нысанына қарамастан басқа да ұйымдары:
өздерiнiң қарауындағы әлеуметтiк инфрақұрылымдар бойынша тағамның қалыпты нормаларының төмендеуiне жол бермеу жөнiнде шаралар қолдансын.
7. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі, жергiлiктi әкiмдер "Астық" мемлекеттік акционерлік компаниясы мен тұтыну кооперациясының кәсiпорындарына ұн мен нанға бағаның босатылуына дейiнгi жиналып қалған баға айырмашылығындағы берешектiң толық өтелуiне шаралар қолдансын.
8. "Астық" мемлекеттік акционерлік компаниясы, облыс әкiмдерi Қазтұтынуодағының нан пiсiру кәсiпорындарына өнiмнiң сатылуына қарай, бiрақ ұнның босатылған күнiнен бастап есептегенде бiр ай мерзiмнен кешiктiрмей төлем жасай отырып, белгiленген нарықтық қорлар есебiне ұнның босатылуын қамтамасыз ететiн болсын.
Қазтұтынуодағына 1995 жылдың егiнiнен бастап өзiнiң нан пiсiру кәсiпорындары үшiн астықты тауар өндiрушiлерден тiкелей шарттар бойынша сатып алуға көшу ұсынылсын.
9. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне алдағы уақыттағы әлеуметтiк төлемдер бойынша кредит мекемелерiн қолда бар ақшамен толықтыруды қамтамасыз ету ұсынылсын.
10. "1994 жылға арналған Қазақстан Республикасының нақтыланған республикалық бюджетi туралы" Қазақстан Республикасының Заңын күшiне енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң 1994 жылғы 14 шiлдедегi қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі аталған өнiм түрлерiне бағаның босатылуын және "Ақ қауырсын" құс фабрикасы компаниясы мен "Живпром" компаниясының шошқа кешендерiне қаржылай қолдау жасауды ескере отырып, "1994 жылға арналған нақтыланған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 14 шiлдедегi № 137 Заңына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасын Үкiметке бiр ай мерзiм iшiнде енгiзетiн болсын.
11. "Нанның, нан-тоқаш өнiмдерiнiң, жарманың, ақ жарманың, пiсiрiлген нан орнына халыққа сатылатын ұнның және құрама жемнiң бағасы туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 13 шiлдедегi № 782 қаулысының (Қазақстан Республикасы ПҮАЖ-ы, 1994 ж., № 29, 328-бап), "Құрама жемге реттелетiн көтерме баға туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 19 шiлдедегi № 806 қаулысының (Қазақстан Республикасы ПҮАЖ-ы, 1994 ж., № 29, 335-бап) 1-тармағының күшi жойылған деп танылсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi