62. Каспий теңiзiнiң солтүстiк бөлiгіндегі мемлекеттік қорықтық аймақтың шекараларында табиғатты пайдалануға және теңiздiк iздеу-барлау бұрғылауын жүргiзуге бақылау жасауды жүзеге асыруға рұқсаттар беру Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органына және басқа да Уәкiлеттi органдарға олардың құзыреттерiне сәйкес жүктеледi.
63. Жұртшылықтың бақылауды жүзеге асыруға қатысуы Қазақстан Республикасының нормативтiк актілерімен реттеледi.
64. Арнаулы талаптарды бұзу - Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылық жүктейдi.
65. Оператор экологиялық қауiпсiздiкке нақты катер туғызатын жұмысты оның себептерi жойылғанға дейiн тоқтата тұруға мiндетті.
66. Каспий теңiзiнiң солтүстiк бөлiгіндегі мемлекеттік қорықтық аймақтың экожүйесiне зиян келтiретiн жұмыстар оларды Уәкiлеттi органдар аластағанға дейiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен тоқтатылады.
67. Залалды әсер Қазақстан Республикасының аумақтық суларынан тысқары тарап кеткен жағдайда зиян кінәлі тұлғалардан Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен өндіріп алынады.
68. Жүргізілген бұрғылау жұмыстарынан Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі мемлекеттік қорықтық аймақтың өсімдіктері мен жануарларына келтірілген зиян кінәлі тұлғалардан Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен өндіріп алынады.