Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 15 тамыздағы № 1261
қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 10 тамыздағы № 1124 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Жылжымайтын мүлiкті бағалау және тiркеу жөнiндегі мекемелер мен кәсiпорындарды "Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі Жылжымайтын мүлiк пен заңды тұлғаларды тiркеу жөніндегі агенттігiнiң Жылжымайтын мүлiк жөніндегі орталықтары" мемлекеттік кәсiпорны етiп қайта құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 15 тамыздағы № 1261 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., № 37, 358-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
7 тармақта:
"жылжымайтын мүлкiне" деген сөздер "мүлкiне (жылжымайтын)" деген сөздермен ауыстырылсын;
"және заңды" деген сөздер алынып тасталсын;
"тұлғалардың" деген сөзден кейiн "кәсiпкерлiк қызметке пайдаланылмайтын" деген сөздермен толықтырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі