Қазақстан Республикасы Зейнетақы қоры қызметiнiң жекелеген мәселелерi
туралы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің
1994 ж. 30 қарашадағы № 1329 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2006 жылғы 7 шілдедегі № 646 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Зейнетақы қоры қызметiнiң тиiмдiлiгiн арттыру, мемлекеттік әлеуметтiк сақтандыру қаражатын шоғырландыру және оның одан әрi қайта бөлiнуiне жағдай жасау мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасының Халықты әлеуметтiк қорғау министрлігі:
облыстардың, Алматы және Ленинск қалаларының халықты әлеуметтiк қорғау басқармаларының Қазақстан Республикасының Зейнетақы қорына аударылуға жататын келiп түскен сақтандыру жарналарының жалпы сомасының 30 процент мөлшерiн аймақтардан жиналған сақтандыру жарналарының сұранымы мен көлемiне қарамастан, аталған қаражатты кейiннен зейнетақы төлеуге қаражаттан тапшылық көрiп отырған облыстар бойынша қайта бөле отырып, айдың соңғы банк күнi Қазақстан Республикасы Зейнетақы қорының орталықтандырылған есепшотына ай сайын аударым жасауын ұйымдастыратын болсын. Мезгiлiнде төленбеген салық сомасынан есептелген өсiмнен түскен қаражат 10 процентi кейiннен сақтандыру жарналарын жинаумен әрi шоғырландырумен және халықты әлеуметтiк қорғау органдарын техникалық жарақтандырумен тiкелей айналысатын халықты әлеуметтiк қорғау органдарының қызметкерлерiн материалдық ынталандыру мақсатында пайдалануға аймақтарға бөлу үшiн толығымен Қазақстан Республикасы Зейнетақы қорының орталықтандырылған есепшотына аударылады деп белгiленсiн;
Қазақстан Республикасы Зейнетақы қорының табыс есепшотына есептелген өсiмнен түскен қаражатты есепке алу мен пайдаланудың тәртібін бiр ай мерзiмде әзiрлеп, Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне бекiтуге енгiзсiн;
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесi қарау үшiн «Қазақстан Республикасы Зейнетақы қорының 1995 жылға арналған бюджетi туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын екi апта мерзiмде даярлап, Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне ұсынатын болсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi