Осы Нұсқаулықтың ережелерi бұзыла отырып шығарылған бұйрық жарамсыз болып табылады.
Тауарларды қабылдауға қатысуға құқық беретiн басқа кәсiпорындар өкiлдерiне берiлетiн куәлiктер де осы талаптарға сай келуi тиiс.
28. Тауарлар қабылдауға қатысуға тартылатын алушы кәсiпорын адамдары осы Нұсқаулықпен таныстырылуы керек. Олар осы Нұсқаулықтың талаптарын сақтауға және тауарлардың жетiспеушiлiгiнiң, сапасыздығы мен жиынтықсыз болу себептерiн, пайда болған жерiн анықтауға қолдан келетiн шаралардың бәрiн қолдануға мiндеттi.
29. Тауарларды саны, сапасы және жиынтығы бойынша қабылдайтын адамдар өздерiнiң қатысуымен анықталған фактiлерге ғана өз қолдарын қойып, куә болуға қақылы. Қабылдауға қатысушылардың тiкелей анықталмаған деректердi актiге жазуына рұқсат етiлмейдi. Шындыққа сәйкес келмейтiн деректерi бар тауарлардың саны, сапасы және жиынтығы бойынша қабылдау туралы актiге қолын қойғаны үшiн тауарларды қабылдауға қатысқан адамдар заң жүзiнде жауап бередi.
Тауарларды қабылдауға қатысу үшiн бөлiнген басқа кәсiпорын өкiлi тауарларды қабылдауға қатысқаны үшiн алушы кәсiпорыннан сыйақы алуға құқы жоқ. Төлем тек жiберушi /жасаушы/ тарапынан уағдаластық бойынша өкiлiнiң кәсiпорны арқылы ғана жасалуы мүмкiн.
30. Тауарларды қабылдау, әдетте, үзiлiссiз жүргiзiлуге тиiс. Тексерудiң ұзақтығынан немесе қандай да бiр себептерден қабылдау жұмыстарында үзiлiс бола қалса, алушы тауарлардың сақталуын және оны қабылдауды тез арада аяқтауды қамтамасыз етуге мiндеттi.
Тауарларды қабылдау кезіндегі үзiлiс туралы, үзiлiс кезіндегі тауарлардың сақталу жағдайы мен оның себебi туралы осы Нұсқаулықтың 34-тармағына сәйкес актiге жазылады. Актiде нақты сақталу жағдайын көрсетпей, "үзiлiс кезiнде тауардың сақталуы қамтамасыз етiледi" деп жалпылама сипатта жазуға жол берiлмейдi.
IV. ТАУАР САНЫН, САПАСЫН IРIКТЕП /IШIНАРА/ТЕКСЕРУ.
ТАУАРДЫҢ САНЫН, САПАСЫН АНЫҚТАУ ҮШIН ҮЛГIЛЕРI
31. Егер бұл стандарттармен, техникалық шарттармен, өзге де мiндеттi ережелермен немесе шартпен көзделген болса, тауар санын, сапасын iрiктеп /iшiнара/ тексерiп, тауардың бiр бөлiгiн тексеру нәтижесiн бүкiл топқа қолдануға рұқсат етiледi.
32. Стандарттармен, техникалық шарттармен, басқа да мiндеттi ережелермен немесе шартпен тауарлар сапасын анықтау үшiн үлгiлердi /сынамаларды/ таңдап алу көзделген жағдайда, тауарларды сапасы бойынша қабылдауға қатысатын адамдар сол тауарлардың үлгiлерiн /сынамаларын/ таңдап алуға мiндеттi.
Үлгiлердi /сынамаларды/ таңдап алу жоғарыда көрсетiлген нормативтiк актiлерге өте-мөте сәйкес жүргiзiледi. Таңдап алынған үлгiлерге /сынамаларға/ мөр басылады не пломбыланады және таңдап алуға қатысушы адамдардың қолы қойылған этикеткалармен жабдықталады.
33. Үлгiлердi /сынамаларды/ таңдап алу туралы акт жасалады, оған қатысушы адамдардың бәрi қол қояды. Актiде:
а/ актi жасалған уақыты мен орны, тауарларды алушының аты, үлгiлердi /сынамаларды/ таңдап алуға қатысқан адамдардың тегi мен лауазымы;
б/ тауарлар келiп түскен жасаушының /жiберушiнiң/ атауы;
в/ тауарлар келiп түскен есеп-фактура мен көлiк қағазының нөмiрi мен күнi және олардың алушы қоймасына түскен күнi, ал тауарларды жеткiзушi келгенде және жеткiзу қоймасынан босатылған кезде тiркеме қағаздың немесе тауарды өткiзген есеп-фактураның нөмiрi мен күнi;
г/ тауардың орын саны мен салық мөлшерi, сондай-ақ үлгiлерi /сынамалары/ таңдап алынған орындардың саны мен нөмiрлерi;
д/ стандарттарда, техникалық шарттарда, басқа да мiндеттi ережелер мен шартта көзделген тәртiппен үлгiлердiң /сынамалардың/ таңдап алынғандығын көрсету /олардың нөмiрi мен күнiне сiлтеме жасау/;
г/ таңдап алынған үлгiлер /сынамалар/ стандарттарда немесе техникалық шарттарда көзделген деректермен жабдықталғандығы;
ж/ үлгiлер /сынамалар/ кiмнiң мөрiмен немесе пломбасымен, /пломба таңбасымен/ пломбаланғаны немесе мөрленгенi;
з/ тауарлардың немесе өнiмдердiң сапасы қолданылып жүрген нормативтi-техникалық құжат талаптарына сәйкестiгiн куәландыратын құжаттың нөмiрi мен күнi;
и/ үлгiлердi таңдап алуға қатысушы адамдар үлгiлерге /сынамаларға/ неғұрлым толық сипаттама беру үшiн, актiге енгiзiлуi қажет деп тапса, басқа да деректер көрсетiлуi тиiс.
34. Таңдап алынған үлгiлердiң /сынамалардың/ бiрi алушыда қалып, екiншiсi тауарларды жасаушыға /жiберушiге/ жiберiледi. Стандарттарда, техникалық шарттарда, басқа да мiндеттi ережелер мен шартта көзделген барлық жағдайда, талдауға немесе лабораторияда немесе ғылыми-зерттеу институттарында сынауға тапсыру үшiн қосымша үлгiлер /сынамалар/ таңдап алынады.
Үлгiлердi /сынамаларды/ талдауға немесе сынаққа тапсырылғаны жайында үлгiлердi таңдау актiсiне тиiстi белгiлер қойылады. Тауардың /сапасы сараптау арқылы расталына алатын тез бұзылатынынан басқасы/ таңдап алынған үлгiлерi /сынамалары/ тауарлардың сапасы туралы дау шешiлгенге дейiн, ал сапасыз тауарлардың шығарылуы жайындағы материалдар прокуратура мен сот органдарына берiлген жағдайда осы орындарды iс шешiлгенге дейiн ашылуда /жасаушыда/ сақталуы тиiс.
V. ҚАБЫЛДАУ АКТIЛЕРIН РЕСIМДЕУ ЖӘНЕ
ОЛАРДЫҢ МАЗМҰНЫ
35. Егер тауарларды қабылдау кезiнде көлiктiк және жолдамалық құжаттарда /есеп-фактурада, сипаттамада, хаттауда, орау қағаздарында және т.б./ көрсетiлген деректерге кереғар тауар жетiспеушiлiгi айқындалса, онда тауарларды саны бойынша қабылдау нәтижесi актiмен ресiмделедi. Акт тауар жетiспеушiлiгi айқындалған сол күнi жасалуға тиiс.
Тауар жетiспеушiлiгi туралы актiде:
а/ актiнi жасаған алушының аты мен оның мекен-жайы;
б/ актiнiң жасалған күнi мен нөмiрi, тауарлар қабылдаған және актi жасалған жерi, тауарды қабылдауды бастаған және аяқтаған уақыты;
тауар қабылдауға белгiленген мерзiмнен ауытқыған жағдайда уақытында қабылданбаудың себебi, кешiгудiң басталуы мен аяқталу уақыты;
в/ тауарларды саны бойынша қабылдауға және актi жасауға қатысушы адамдардың тегi, аты-жөнi, олардың жұмыс орны, атқаратын қызметi, құжаттың берiлген күнi мен нөмiрi, тауарларды қабылдауға қатысуға актi жасаған адамдардың өкiлеттiлiгi, сондай-ақ осы адамдардың тауарларды саны бойынша қабылдау ережелерiмен таныстырылғаны көрсетiлуге тиiс;
г/ жiберушi /жасаушы/ мен жеткiзушiнiң атауы мен мекен-жайы;
д/ жiберушiнiң /жасаушының/ өкiлiн шақырту туралы телефонограмманың немесе жедел-хаттың берiлген күнi мен нөмiрi;
е/ есеп-фактура мен көлiктiк тiркеме қағаздың /коносаменттiң/ күнi мен нөмiрi;
ж/ тауарлардың жөнелту станциясынан /тоқтамадан, айлақтан/ немесе жiберушi қоймасынан жөнелтiлген күнi мен нөмiрi;
з/ тауарлардың белгiленген станцияға /тоқтамаға, айлаққа/ келген күнi, көлiк органының жүктi берген уақыты, вагонды, контейнердi, автофургонды және басқа да пломбаланған көлiк құралдарын ашқан уақыты алушы қоймасына тауарлардың жеткiзiлген уақыты;
и/ егер ондай акт тауарларды көлiк органынан алған кезде жасалған болса, коммерциялық актiнiң /автомобиль көлiгi органы берген актiнiң/ нөмiрi мен күнi;
к/ қабылдауға дейiн алушы қоймасында тауарлардың сақталу жағдайы, таразылардың және басқа өлшеу аспаптарының /жүк көтергiштiгi, таңба салынған, сынақтан өткен күнi және т.б./ қалпы туралы мәлiметтер;
л/ тауарды байқап көру кезіндегі ыдыс пен ораудың жайы, ыдыстың сыртқы таңбалану тұрқы, солардың негiзiнде жiберушiнi не жасаушының орауында ұсынылып отырғанын аңғартуға болатын басқа да деректер, ыдыстың ашылған күнi;
м/ тауарды iрiктеп тексеру кезiнде - iрiктеп тексеру негiзiн көрсете отырып, тауарларды таңдап алу тәртібі /стандарт, техникалық талап, шарт/;
н/ тауар кiмнiң таразысымен немесе пломбасымен /жiберушiнiң немесе көлiк органының/ тиелгенi, көлiк жүйесіндегі қолданылып жүрген ережелерге сәйкес пломбалардың жарамдылығы мен таңбалардың мазмұны жетiспеушiлiк айқындалған әр орынның нақтылы және ыдыстағы /ораудағы/ трафарет бойынша салмағы;
о/ орындардың /құжаттар бойынша және нақтылы/ көлiк және жiберушi таңбасы, жеке орындарда орау белгiлерiнiң, пломбалардың бар болуы немесе жоқтығы;
п/ жетiспейтiн тауар саны қандай тәсiлмен анықталғаны /таразыға тартумен, орын есебiмен, өлшеумен т.б./, жетiспейтiн тауар мен ыдыс орны вагонда, контейнерге және т.б. сия алатын ба едi;
р/ жетiспеушiлiктi растау үшiн қабылдауға қатысушы адамдардың пiкiрi бойынша басқа деректердi актiде көрсетудiң қажеттiгi;
с/ жетiспейтiн тауардың дәл саны және егер қабылдау кезiнде бағасы белгiлi болса, оның құны;
т/ жетiспеушiлiктiң себептерi мен мәлiм болған орыны туралы қорытынды көрсетiледi.
Егер тауарларды қабылдау кезiнде жетiспеушiлiк қана емес, сонымен қатар жiберушiнiң /жасаушының/ көлiктiк және жолдамалық құжаттарында жоқ артық заттар табылса, онда актiде осы артық заттар туралы дәл деректер көрсетiлуi тиiс әрi алушы бұл жайында жiберушiге /жасаушыға/ дереу хабарлауға мiндеттi.
36. Тауар жетiспеушiлiгi белгiленген қабылдау актiсiне:
а/ жолдамалық құжаттардың көшiрмесi немесе салыстыру ведомостi, яғни нақты қолда бар тауарларды жiберушiнiң /жасаушының/ құжаттарында көрсетiлген деректермен салыстыру ведомостi;
б/ әрбiр ыдыс орнына салынған орау таңбалары /байлам картасы және т.б./;
в/ егер ондай тексеру жүргiзiлген болса, жүк салмағының тексерiлгендiгi туралы белгiленген станцияның /тоқтаманың, айлықтың/ түбiртегi;
г/ көлiк органынан коммерциялық актi жоқ болса, жетiспеушiлiк табылған вагоннан /контейнерден, автофургоннан, басқа көлiк құралдарынан/, ыдыс орындарынан алынған пломбалары;
д/ түпнұсқалық көлiк құжаты /тiркеме қағаз, коносамент/, ал сол құжатқа байланысты алушы көлiк органына наразылық бiлдiрген жағдайда - оның көшiрмесi;
е/ тауар қабылдаған адамдардың өкiлеттiгiн куәландыратын құжаттар /бұйрық, куәлiк, сенiмхат/;
ж/ осы Нұсқаулықтың 20-тармағына сәйкес жасалған акт;
з/ егер тауарлардың мөлшерi таразылау немесе өлшеу жолымен анықталса, таразылау мен өлшеу деректерi бар құжаттар;
и/ жетiспеушiлiктiң болу себептерiн куәландыратын басқа да құжаттар /ылғалдыққа бейiм тауарлардың ылғалдылығына талдау жасау, мұзбен жабдықтау жайындағы мәлiмет, коммерциялық актiлер және т.б./;
к/ тез бұзылатын тауарларды қабылдау актiсiне - вагондарды беру мен әкету ведомосi, жалпы пайдаланымдағы орындарда жүк алушылардың құралдарымен жүктi түсiру кезiнде қабылдау-тапсыру жаднамасы қоса тiркелуi тиiс.
37. Осы Нұсқаулықтың 23,24-тармақтарында көрсетiлген өкiлдердiң қатысуымен тауарларды сапасы мен жиынтығы бойынша қабылдау нәтижесi жөнiнде алынған тауарлардың нақты сапасы мен жиынтығы туралы акт жасалады.
акт тауарларды сапасы мен жиынтығы бойынша қабылдау аяқталған күнi жасалуы тиiс.
Бұл актiде:
а/ тауар алушының атауы мен оның мекен-жайы;
б/ актiнiң жасалған күнi мен нөмiрi, тауарлар қабылдаған жерi, тауарларды қабылдауды бастаған және аяқтаған уақыты, осы Нұсқаулықтың 23-тармағында көрсетiлген өкiлдердiң қатысуымен тауарлар белгiленген мерзiмi бұзылып қабылданған жағдайда, актiде қабылдауды кiдiрту себептерi, оның басталған және аяқталған уақыты көрсетiлуге тиiс;
в/ тауарларды сапасы бойынша қабылдауға және акт жасауға қатысқан адамдардың тегi, аты-жөнi, олардың жұмыс орны, атқаратын қызметi, тауарларды сапасы мен жиынтығы бойынша тексеруге қатысатын өкiлдiң өкiлеттiгi туралы құжаттың берiлген күнi мен нөмiрi, сондай-ақ бұл адамдардың тауарларды сапасы бойынша қабылдау ережелерiмен таныстырылғандығы туралы мәлiмдеу;
г/ жасаушының, жiберушiнiң аты мен мекен-жайы;
д/ жасаушының /жiберушiнiң/ өкiлiн шақырту туралы телефонограмманың немесе жеделхаттың берiлген күнi мен нөмiрi немесе жасаушыны /жiберушiнi/ шақырту мiндеттi ережелермен немесе шартпен көзделмегенi туралы белгi;
е/ тауарларды жеткiзу туралы шарттың, есеп-фактураның, көлiктiк тiркеме қағаздың /коносаменттiң/ және тауардың сапасын куәландыратын құжаттың нөмiрi мен берiлген күнi;
ж/ тауарлардың белгiленген станцияға /тоқтамаға, айлаққа/ келген күнi, көлiк органының жүктi берген уақыты, вагонды, контейнердi, автофургонды және басқа пломбаланған көлiк құралдарын ашқан уақыты, алушы қоймасына тауарлардың жеткiзiлген уақыты;
з/ егер көлiк органынан тауарды алған кезде ондай акт жасалған болса, коммерциялық актiнiң /автомобиль көлiгi органы берген актiнiң/ нөмiрi мен берiлген күнi;
и/ тауарларды байқап көру кезіндегі ыдыс пен ораудың жайы, ыдыстың сыртқы таңбасының тұрқы және тауарларды жiберушiнiң не немесе жасаушының ба орауында жiберiлiп отырғанын аңғаруға болатын басқа да деректер, ыдыс пен ораудың ашылған күнi, таңбалаудан, ыдыс пен ораудың кемшiлiктерi, сондай-ақ айқындалған кемшiлiктердiң әрбiрiнiң қатысы бар тауарлардың саны;
л/ тауарларды iрiктеп тексеру кезiнде - iрiктеп тексеруге негiздi көрсете отырып /стандарт, техникалық талап, басқа да мiндеттi ережелермен шарт/, iрiктеп тексеру үшiн тауарларды сұрыптау тәртібі;
м/ тауар кiмнiң, жiберушiнiң немесе көлiк органының пломбасымен тиелгенi және алынғаны, пломбалардың, олардағы таңбалардың дұрыстығы орындарды көлiктiк және жөнелтулiк таңбалау /құжаттар бойынша және нақтылы/, жекелеген орындарда орау таңбалары мен пломбалардың бары-жоғы;
н/ байқап көруге ұсынылған және жасаушының өзiнде немесе сол жерде, соның iшiнде жеке бөлшектерiн ауыстыру жолымен жөндеуге жататын жарамсыз деп табылған тауарларды айқындап отырып, нақтылы тексерiлген тауарлардың, сондай-ақ олардың сапасын куәландыратын құжатта көрсетiлген сортына сәйкес келмейтiн тауарлардың саны /салмағы/, толық атауы және санамасы. Айқындалған кемшiлiктердi егжей-тегжейлi баяндау және олардың сипаты;
о/ стандартқа, техникалық шарттарға, басқа да мiндеттi ережелерге сiлтеме жасалып, тауардың неғұрлым төмендегi сортқа көшiрiлуiне негiздемелер;
п/ жинақталмаған тауар саны, жетiспейтiн бөлшектер, тораптар мен бөлiктер тiзбесi және олардың құны;
р/ стандарттың, техникалық шарттардың, сызбалардың, үлгiлердiң /эталондардың/ нөмiрi, тауарлардың сапасына тексеру жүргiзген шарттың нөмiрi мен жасалған күнi;
с/ егер тауарда ондай нөмiр көрсетiлсе, тауарды жасаушы кәсiпорындағы өнiм сапасын тексерушiсiнiң нөмiрi;
т/ үлгiлердiң /сынамалардың/ таңдап алынғандығы және олардың қайда жiберiлгендiгi;
у/ қабылдауға қатысушы адамдардың пiкiрi бойынша тауарлардың сапасыздығын немесе жиынтықсыздығын растау үшiн актiде көрсетiлуге тиiстi басқа да деректер;
ф/ тауарларда табылған ақаулардың сипаты және олардың пайда болу себептерi туралы қорытынды көрсетiлуге тиiс.
38. Тауарлардың сапасы мен жиынтығы бойынша қабылдау актiсiне:
а/ тауарлардың сапасы мен жиынтығын куәландыратын жасаушы /жiберушi/ құжаттары;
б/ тауарлардың сапасыздығы мен жиынтықсыздығы айқындалған ыдыс орындарынан алынған орау таңбалары;
в/ көлiк құжаты /тiркеме қағаз, коносамент/;
г/ тауарлардың сапасы мен жиынтығы бойынша қабылдауға қатысатын адамдардың өкiлеттiгiн куәландыратын құжат /бұйрық, наряд, куәлiк, сенiмхат/;
д/ осы Нұсқаулықтың 20-тармағына сәйкес жасалған акт;
е/ үлгiлердi /сынамаларды/ таңдап алу актiсi және таңдап алынған үлгiлердi /сынамаларды/ талдау /сынау/ нәтижесiнiң қорытындысы;
ж/ тауарлардың бұзылуы /сапасының нашарлауы/ немесе олардың жиынтықсыздығы себептерi жайында куәландыратын басқа да құжаттар /коммерциялық актiлер, тез бұзылатын жүктер үшiн - мұзбен жабдықтау туралы мәлiметтер, температуралық режим, сондай-ақ вагондардың берiлуi мен әкетiлу ведомостiсi, жалпы пайдаланылымдағы орындарда жүк алушылар құралдарымен жүктi түсiру кезіндегі қабылдау-тапсыру жаднамасы және т.б./ қоса берiлуi тиiс.
39. Тауарлардың саны, сапасы мен жиынтығы жөніндегі қабылдау актілеріне қабылдауға қатысқан барлық адамдардың қолдары қойылуы керек. Актiнiң мазмұнымен келiспеген адам келiспейтiндiгi жайында өз пiкiрiн бiлдiре отырып, актiге қолын қоюға мiндеттi.
Қабылдауға қатысушы адамдар қол қояр алдында шындыққа сәйкес келмейтiн деректерi бар актiге қол қойғаны үшiн жауапкершiлiгi туралы актiде сiлтеме болуға тиiс.
40. Саны бойынша қабылдау актілері мен осы Нұсқаулықтың 23,24-тармақтарының "а" және "б"-тармақшаларында көрсетiлген өкiлдердiң қатысуымен жасалған тауар сапасыздығы немесе жиынтықсыздығын айқындаушы актiнi сол жасалған күннiң ертеңiнен кешiктiрмей, алушы кәсiпорынның басшысы немесе оның орынбасары бекiтедi.
Қабылдау демалыс немесе мереке күнi жасалған жағдайда, қабылдау актiсi демалыс немесе мереке күнiнен кейiнгi бiрiншi жұмыс күнi бекітілуге тиiс.
Тауарлық сараптау бюросы немесе өнiмдер сапасы жөніндегі инспекция жасалған актiлер инспекциялар және тауарлық сараптау бюросы туралы тиiстi ережелерге сәйкес белгiленген тәртiппен бекітіледi.
Тауарларды қабылдау актiсi кемiнде үш данадан жасалады. Актiнiң мазмұны анық болуы ол жеңiл оқылуға тиiс.
41. Тауарлардағы жасырылған жетiспеушiлiктер туралы акт осы Нұсқаулықтар, басқа да мiндеттi ережелер мен шартта көзделген тәртiппен жасалады.
42. Тұтынушы дүкеннен сатып алынғаннан кейiн сапасыздығына көзi жеткен тауарлар жөнiнде алушы /сатып алушы/ осы Нұсқаулықтың 37-шi тармағында көрсетiлген актiнiң орнына жасаушыға /жiберушiге/:
а/ тұтынушының тауарларды ауыстыру жайындағы өтiнiшiн және тауарлардың, оларды жасаушының, жiберушiнiң /жеткiзушiнiң/ атауын, тауарлардың бағасын, кемшiлiктердiң сипаты мен оның пайда болу себебiн, тауарларды сату, ауыстыру, жөндеу немесе олардың құнын қайтару уақтысы көрсетiлген дүкен қорытындысын;
б/ бөлшек сауда жүйесiнен сатып алынған өнеркәсiп тауарларын ауыстыру Ережелерiнде көзделген, тауарлардың сапасы төмен екенiн растайтын құжаттар;
в/ тұтынушының тауарды ауыстырғаны немесе оның құнын алғаны туралы қолхат ұсынуы керек.
43. Жасаушы /жiберушi/ немесе алушы /сатып алушы/ оған негiз болған жағдайда сапа жөніндегі инспекцияның, тауарларды сараптау бюросының немесе ғылыми-зерттеу институтының /лабораториясының/ қорытындысы жөнiнде жоғары тұрған ұйымға қарсылық бiлдiруiне қақылы. осы арыздың көшiрмесi екiншi жаққа жiберiледi. Егер тиiстi жоғары ұйым жасаушының /жiберушiнiң/ немесе алушының /сатып алушының/ дәлелдерi негiздi деп тапса, онда тез бұзылатын тауарлардан басқасына, белгiленген тәртiппен қайтадан сараптама жасау белгiленедi.
Тауарларды қайтадан сараптама жасау, сондай-ақ соттың немесе тергеу органдарының тапсыруымен де жүргiзiлуi мүмкiн.
44. Жасаушы /жiберушi, жеткiзушi/ алушы /сатып алушы/ жарамсыз деп тауып қайтарған тауарлардың сапасын шартта көзделген тәртiппен, сондай-ақ осы Нұсқаулықта алушы /сатып алушы/ үшiн белгiленген тәртiппен қайта тексеруге қақылы.
45. Тауарлардың саны: сапасы және жиынтығы бойынша қабылдау актілері алушы кәсiпорында белгiленген тәртiппен тiркелiп, сақталады.
46. Алушы /сатып алушы/ төмендеу сортқа түсiрiлген тауарларды қабылдаған жағдайда қабылдау нәтижесi туралы актiге сәйкес бұл тауарлар жасаушы /жiберушi/ есебiнен қайта таңбаланады. Шартта қайта таңбалауды кiмнiң: жасаушының /жiберушiнiң/ немесе алушының /сатып алушының/ жүргiзетiнi қарастырылуға тиiс.
VI. ТАУАРЛАРДЫҢ ЖЕТIСПЕУШIЛIГI, САПАСЫЗДЫҒЫ
МЕН ЖИЫНТЫҚСЫЗДЫҒЫ ТУРАЛЫ ДАУЛАРДЫ ШЕШУДIҢ
ШАҒЫМДЫҚ ТӘРТIБI
47. Тауарлардың саны бойынша жетiспеушiлiкке байланысты шағымды және сапасы, жиынтығы, ыдысы, оралуы мен таңбалануы жөнiнде стандарттарға, техникалық шарттарға, сызбаларға, рецептураларға, үлгiлерге /эталондарға/ сәйкес келмейтiн тауарлардың жеткiзiлуiнен туындайтын шағымды алушы /сатып алушы/ жасаушыға /жiберушiге, жеткiзушiге/ белгiленген мерзiмде түсiредi.
Егер алушыға /сатып алушыға/ жасаушы немесе оның тұрған орны белгiсiз болса, онда шағым екi данада жiберушiге /жеткiзушiге/ жолданады, ол оны алғаннан кейiн кешiктiрмей, бiр данасын жасаушыға жiберiп, бұл жайында алушыны /сатып алушыны/ хабардар етуге мiндеттi.
Шағымға, егер жiберушiде /жасаушыда, жеткiзушiде/ олар жоқ болса, осы Нұсқаулықтың 36,38-тармақтарында көрсетiлген қосымшаларымен бiрге тауарлардың жетiспеушiлiгiн немесе сапасыздығын, жиынтықсыздығын дәлелдейтiн қабылдау актiсi, сондай-ақ, егер шағым берiлген кезде тауар сатылып кеткен болса, санитарлық қадағалау органдарының нұсқауы бойынша тез бұзылатын тауарлардың сатылуын растайтын құжаттар қоса тiркелуге тиiс.
Тауарлардың сапасы туралы шағымға санитарлық қадағалау органдарының нұсқауы бойынша тез бұзылатын тауарды жою туралы, өнiмдердi металл сынықтары ретiнде тапсырғаны туралы актiлерде және өнiмдердi олардың нақтылы сапасына сәйкес жергiлiктi жерде пайдаланылғаны туралы өзге де құжаттар қосылады.
48. Тауарлардың төмендеу сортқа көшiрiлуiне байланысты олардың құнындағы /арзандату/ айырмасының орнын толтыру туралы шағым түскен жағдайда, алушы тауарлардың нақты алынған сорты мен кiрiске алынғанын растайтын құжаттарды шағымға қосуға мiндеттi. Сауда ұйымдары, егер тауарлар әлi сатылмаса, тауарлар қай сортқа көшiрiлсе, сол бағамен сатылғаны туралы немесе қайта бағаланғаны туралы ұйым басшысының /немесе оның орынбасарының/ және бас бухгалтердiң қолдары қойылған анықтаманы, сондай-ақ тауарлардың тиiстi сортқа қайта таңбаланғандығы туралы лауазымды адамдардың қолы қойылған анықтаманы түсiруге мiндеттi.
49. Тауар жетiспеушiлiгi туралы шағым алынысымен жiберушi /жасаушы/ кәсiпорын басшысы немесе оның орынбасары шағым материалдары бойынша қызметтiк тексерудi белгiлейдi. Тексеру материалдарын жiберушi /жасаушы/ кәсiпорынның басшысы немесе оның орынбасары қарап, бекiтедi.
Қызметтiк тексеру нәтижелерi туралы жiберушi /жасаушы/ кәсiпорын алушы шағымына жауап бергенде хабарлайды.
Тексеру нәтижесi бойынша тауарларды бей-берекет ұстау және ұрлау фактілері анықталған жағдайда, жiберушi кәсiпорын басшысы ол туралы дереу Iшкiiсминi органдарына немесе прокуратураға хабарлап, оларға тиiстi құжаттарды жiберуге мiндеттi.
Қажет болған жағдайда кәсiпорын басшысы немесе оның орынбасары сапасыз немесе жинақталмаған тауар шығаруға кiнәлi адамдарды заң жүзiмен жауапқа тарту үшiн материалдарды прокуратураға жiбередi.
50. Шағымды қарау нәтижесi туралы жiберушi /жасаушы, жеткiзушi/ оны алған күннен бастап, белгiленген мерзiмде алушыға хабарлайды.
Шағымды қанағаттандырудан бас тартқан жағдайда, алушыға шағымға қосылған құжаттар қайтарылады.
51. Егер жетiспеушiлiк тауарды қайтарып жiберген сатып алушының кiнәсiнен болмаса, сатып алушы тауардың бастапқы жiберушi-жасаушы ыдысын немесе орауын ашпай жiберсе, соңғысы тауар жетiспеушiлiгi үшiн жауапкершiлiктен құтыла алмайды.
Бастапқы жiберушi /жасаушы/ тауарларды ыдысын ашпай тиеп жiберген сатып алушы шағымды қанағаттандырудан бас тартқан жағдайда, бас тарту себептерiнен басқа, сол тауарларды алған күнiн және жiберушi /жасаушы/ шотының жiберiлген күнi мен нөмiрiн хабарлауға мiндеттi.
52. Егер қолданылып жүрген заңдар бойынша жүктiң жетiспеушiлiгi, сапасы төмендiгi немесе оның бұзылғаны үшiн көлiк органдарына жауапкершiлiк артуға негiз болса, алушы тиiстi көлiк органына белгiленген тәртiппен шағым жасауға мiндеттi.