Қазақстан Республикасында мемлекеттік білім стандарттарын әзірлеу
және бекіту тәртібі туралы Қазақстан Республикасы Министрлер
кабинетінің 1994 ж. 4 мамырдағы № 477 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2002 ж. 17 маусымдағы № 665 қаулысына сәйкес осы қаулының күші жойылды
Қазақстан Республикасының "Бiлiм туралы" және "Жоғарғы білім туралы" заңдарына сәйкес әр түрлi үлгiдегi және меншiк нысандарындағы білім мекемелерi түлектерiнiң білімiне бiрыңғай төмендегi талап деңгейiн қамтамасыз ету, аттестациялау құжаттарды конвертациялау және республиканың әлемдiк білім кеңiстiгiне енуi үшiн жағдай жасау мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
1. Былай деп белгiленсiн:
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік білім стандарты оқушылар білімiне, iскерлiгi мен дағдысына қойылатын ең төменгi негiзгi талап деңгейiнiң көлемiн реттейдi және мамандар кәсiби даярлығының қажеттi деңгейiн анықтайды;
мемлекеттік білім стандарты барлық үлгiдегi мемлекеттік және мемлекеттік емес оқу орындарына қолданылады;
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік білім стандартын Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлігі Қазақстан Республикасының Еңбек министрлігімен және басқа мүдделi министрлiктермен, ведомстволармен бiрлесе отырып әзiрлейдi және оны Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлігі бекiтедi.
Осындай тәртiппен мемлекеттік білім стандартына ғылымның, техниканың, мәдениет пен білімнiң дамуындағы жаңа бағыттарға байланысты қажеттi өзгерістер енгiзiлiп отырады;
жұмыс оқу жоспарлары базистiк (үлгi) оқу жоспарлары мен кәсiптер және мамандықтар бойынша біліктiлiк сипаттамалары негiзiнде әзiрленедi және оны жергiлiктi білім беру органдарының мүдделi кәсiпорындар мен ұйымдардың ұсыныстарын ескере отырып оқу орындары тарапынан бекітіледi.
2. Мемлекеттік білім стандарттарының сақталуына бақылауды Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлігі жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi