Агроөнеркәсіп кешені салаларын қосалқы бөлшектермен қамтамасыз
етудің республикалық бағдарламасы туралы Қазақстан Республикасы
министрлер кабинетінің 1994 ж. 28 ақпандағы № 231 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2005.29.09. № 964 қаулысымен күші жойылды
ТМД елдерiмен сауда-экономикалық байланыстардың үзiлуi, қаржылық-есептеу операцияларының бұзылуы агроөнеркәсiп кешенiн материалдық-техникалық жағынан, әсiресе қосалқы бөлшектермен қамтамасыз етудiң күрт нашарлауына әкеп соқтырды, бұл дала жұмыстарын уақытында жүргiзуге қауiп төндiруде. Республика кәсiпорындары агроөнеркәсiп кешенiне керектi жалпы номенклатурадан қосалқы бөлшектердiң 10 проценттен азын шығарады. Сонымен бiрге республика кәсiпорындарының бiрқатарында оларды шығарудың қол жеткен деңгейi төмендеуде.
Қалыптасқан жағдай барлық резервтердi пайдалануды және республика кәсiпорындарында ауыл шаруашылығы техникасына, машиналар мен жабдықтарға шетелдiк қосалқы бөлшектердiң орнын алмастыратын бөлшектер шығаруды ұйымдастыру жөнiнде шұғыл шаралар қабылдауды талап етедi.
Ауыл шаруашылығын қажеттi қосалқы бөлшектермен қамтамасыз етудi жақсарту мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Агроөнеркәсiп кешенiне арналған машина жасау жөніндегі Кеңес мақұлдаған агроөнеркәсiп кешенi салаларын қосалқы бөлшектермен қамтамасыз етудiң Республикалық бағдарламасы бекітілсiн (қоса берiлiп отыр).
2. Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп министрлігіне, Iшкi iстер министрлігіне, "Қорғау", "Крамдс" ұлттық акционерлік компанияларына, "Ақ жол", "Қазагрожөнмаш-холдинг", "Желдірме" мемлекеттік холдингтiк компанияларына, "Кең дала", "Тоған" мемлекеттік акционерлік компанияларына, облыстардың әкiмдерiне:
аталған бағдарламаның № 2 және № 3 қосымшаларына сәйкес көлемде және номенклатурада агроөнеркәсiп кешенi үшiн 1994 жылы қосалқы бөлшектер шығару жөніндегі "Қосалқы бөлшектер" бағдарламасын жүзеге асыруды және ескiрген бөлшектердi қалпына келтiрудi қамтамасыз етсiн;
жаңа бұйымдар шығаруды меңгерген кәсiпорындарға конструкторлық-технологиялық құжаттамалармен қамтамасыз етуде, өндiрiске әзiрлеуге және материалдық-техникалық жабдықтауда көмек көрсетсiн.
3. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі, "Қазагрожөнмаш-холдинг" мемлекеттік холдинг компаниясы, "Кең дала" мемлекеттік акционерлік компаниясы және облыстардың әкiмдерi:
шаруашылықтардағы ескiрген бөлшектердi жинап, оларды жөндеу кәсiпорындарына берудi;
пайдаланған гильзаларды, поршеньдер мен подшипниктердi жинап, оларды шығарушы зауыттарға қайтадан балқытуға және қайта қалпына келтiруге тапсыруды ұйымдастырсын.
4. "Қазконтракт" республикалық контракт компаниясы, "Кең дала" мемлекеттік акционерлік компаниясы және олардың аумақтық бөлiмшелерi бiрiншi кезекте кәсiпорындардың қосалқы бөлшектердi жасау үшiн шикiзатқа және материалдық ресурстарға деген өтiнiмдерiн олар берген есеп айырысу-өтiнiмдерiне сәйкес қанағаттандырсын.
5. "Қосалқы бөлшектер" бағдарламасында көзделген қосалқы бөлшектер шығаруды игеру жөніндегі жұмыстардың орындалуын қамтамасыз ету үшiн Қазақстан Республикасының Экономика министрлігі Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп министрлігімен, Iшкi iстер министрлігімен, "Қорғау", "Крамдс" ұлттық акционерлік компанияларымен, "Қазагрожөнмаш-холдинг", "Желдірме" мемлекеттік холдинг компанияларымен, "Кең дала", "Тоған" мемлекеттік акционерлік компанияларымен бiрлесе отырып аталған бағдарламаның № 4 қосымшасына сәйкес қаражаттар iздестiру мәселесiн қарайтын болсын.
6. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі, "Қазагрожөнмаш-холдинг" мемлекеттік холдинг компаниясы, "Кең дала" мемлекеттік акционерлік компаниясы "Қосалқы бөлшектер" бағдарламасының № 5 және № 6 қосымшаларына сәйкес ТМД елдерiнен сатып алынатын және республика кәсiпорындарында жасалатын қосалқы бөлшектерге төлем жасау үшiн орталықтандырылған кредит қаржысын бөлудi пысықтасын және Қазақстан Республикасының Ұлттық банкiне бұл жөнiнде ұсыныс жасалсын.
7. Қазақстан Республикасының Экономика және Өнеркәсiп министрлiктерi 1994 жылдың 1 сәуiрiне дейiнгi мерзiмде республика кәсiпорындарында жылжыту (қосымша) подшипниктерi мен iштен жану двигательдерiнiң газ тарату клапандарын жасауды ұйымдастыру жөніндегі ұсыныстарды қосымша қарап, қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне енгiзетiн болсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi
Қазақстан Республикасы Министрлер
Кабинетінің 1994 жылғы 28 ақпандағы
№ 231 қаулысына Қосымша
Агроөнеркәсiп кешенi салаларын қосалқы бөлшектермен
("Қосалқы бөлшектер" бағдарламасы) қамтамасыз
Етудiң
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫ
"Қосалқы бөлшектер" Республикалық бағдарламасы Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылық машиналарын жасауды қалыптастыру кезеңi болып табылады және республика өнеркәсiп орындарында бiрiншi қажеттегi жаңа бөлшектердi шығаруды ұйымдастыру арқылы агроөнеркәсiп кешенiн (АӨК) ауыл шаруашылық техникасының қосалқы бөлшектерiмен қамтамасыз етудi жақсарту мақсатын көздейдi.
Негiзгi екi мiндеттi шешу жобаланып отыр:
Агроөнеркәсiп кешенiн материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етуде сырттан келген өнiмдерге тәуелдiлiктiң төмендеуiмен қатар өндiрiстiк-техникалық мақсаттағы өз өнiмдерiнiң үлесiн арттыру;
республикада бар өнеркәсiптiк және конверсиялық құжаттардың ұтымды күштерiн жүзеге асыру;
Бағдарлама мыналарды:
номенклатураны және 1248 атаудан тұратын (№ 1 қосымша) қосалқы бөлшектер шығарудың қазiргi кезде республикада бар қажеттi көлемдерiн сақтауды;
560 түрлi бөлшектердiң жаңа номенклатурасын шығаруды меңгеру және "Ақ жол", "Қазагрожөнмаш-холдинг", "Қорғау", Iшкi iстер министрлігі мен басқа да ведомстволардың, компаниялар мен бiрлестiктердiң тапсырыстарын кәсiпорындарға орналастыруды (№ 2 қосымша);
"Қазагрожөнмаш-холдинг" және "Кең дала" компанияларының кәсiпорындарында ескiрген бөлшектердiң көлемдерi мен номенклатурасын бiрте-бiрте ұлғайта отырып қайта қалпына келтiретiн өндiрiстiк қуаттарды дамыту (№ 3 қосымша) көздейдi.
Бағдарлама мынадай есеп айырысу нәтижелерiн:
республика кәсiпорындарының агроөнеркәсiп кешенi үшiн жаңа өнiмдер шығаруды игеру барысында негiзгi материалдық ресурстардың, қаржы құралдары мен кезеңдiк инвестиция көлемдерiнiң қажеттiлiгiн (№ 4 қосымша);
1994 жылғы дала жұмыстарына техника даярлауды қамтамасыз етудi ескере отырып ТМД елдерiнен қосалқы бөлшектер сатып алуға кеткен шығындарды (№ 5 қосымша);
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі мен "Кең дала" компаниясының өнiм сатып алуды кредиттеу қажеттiлiгiнiң көлемдерiн (№ 6 қосымша) қамтиды.
Бағдарламаны жүзеге асыру ауыл шаруашылығы өндiрiсiнiң техникалық деңгейiн қолдауға, шетелдiк материалдық-техникалық ресурстар мен валюта шығындарын беру тәуелдiлiгiн төмендетуге мүмкiндiк бередi. № 1 Қосымша Агроөнеркәсiп кешенi үшiн Қазақстан Республикасы кәсiпорындары игерiп, шығаратын қосалқы бөлшектер саны (Кесте) № 2 Қосымша 1994 жылдан бастап Қазақстан Республикасының өнеркәсiп орындарында агроөнеркәсiп кешенi үшiн жаңа қосалқы бөлшектер шығару Көлемi (Кесте) № 3 Қосымша Агроөнеркәсiп кешенi үшiн 1994 жылы ескiрген бөлшектердi қайта қалпына келтiру Көлемi (Кесте) № 4 Қосымша 1994 жылғы қосалқы бөлшектер шығаруды қайтадан игеру үшiн қаржы қаражатына Қажеттiлiк (Кесте) № 5 Қосымша 1994 жылдың дала жұмыстарына қатысатын достастық елдерiнен ауыл шаруашылығы техникаларына қосалқы бөлшектер сатып алуға керектi қаржылық ресурстарға деген Қажеттiлiк (Кесте) № 6 Қосымша 1994 жылы дайын өнiмдер сатып алу үшiн кредит қорларына Қажеттiлiк (Кесте)
Предыдущие редакции: