Сәулет-қала құрылысы саласында бақылау және қадағалау функцияларын
жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін реттеу туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің ҚАУЛЫСЫ 1998 жылғы 23 қарашадағы
№ 1187 № 1187
ҚР Үкіметінің 2008.23.04. № 381 Қаулысымен күші жойылды
Сәулет-қала құрылысын бақылау функцияларын орындайтын ұйымдардың қызметін реттеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, министрліктер мен ведомстволардың басшылары бір айлық мерзім ішінде заңдарда белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасында сәулет-қала құрылысын бақылауды жетілдіру туралы" 1996 жылғы 24 қаңтардағы № 88 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 6, 30-құжат) құрылған, сәулет-қала құрылысын бақылауды жүзеге асыруды қамтамасыз ететін республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың функцияларын қайталайтын жекелеген ұйымдардың функцияларын жою жөнінде шаралар қабылдансын.
2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігіне жүктелсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі