Құрылысы аяқталмаған тұрғын үйлерді пайдалануға беруді жеделдету жөніндегі қосымша шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 28 қазан № 1098 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 19 қыркүйектегі № 1411 Қаулысымен күші жойылды
Құрылысы аяқталмаған тұрғын үйлерді пайдалануға беруді жеделдету және азаматтардың қорғалмаған бөлігін қолдауға арналған мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорын қосымша қалыптастыру үшін инвесторлар тарту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
ҚР Үкіметінің 2000.04.13. № 565 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді
1. Облыстардың және Астана мен Алматы қалаларының әкімдеріне:
1) Қайта ұйымдастырылған Мемлекеттік тұрғын үй құрылысы банкінің жарғылық капиталы болып табылмайтын құрылысы аяқталмаған тұрғын үйлерді алып отырған жер учаскелерімен қоса, мемлекет қаражаты есебінен төленген құрылысқа кеткен шығыстарды алмай, берешектің қалған бөлігін өтеу, құрылысты аяқтау және халықтың қорғалмаған бөлігін қолдау үшін пәтерлердің бір бөлігін мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорына бөлу шартымен, инвесторларға конкурстық негізде беруді заңдарда белгіленген тәртіппен жүзеге асыру;
2) құрылысы аяқталмаған тұрғын үйлерді белгіленген тәртіппен инвесторларға беру жөніндегі конкурстарды өткізу тәртібін реттейтін қажетті нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу.
2. ҚР Үкіметінің 2000.04.13. № 565 қаулысымен алып тасталды
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрі