Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 25 қаңтардағы № 90 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң Қаулысы 1997 жылғы 12 ақпандағы № 201
ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 31 тамыздағы № 529 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
"Халықаралық ғылыми-техникалық орталықтың (ХҒТО) жобаларын жүзеге асыруға байланысты қызметтi үйлестiру жөніндегі ведомствоаралық ғылыми-техникалық кеңес құру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 25 қаңтардағы № 90 қаулысына мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:
аталған қаулымен бекітілген Халықаралық ғылыми-техникалық орталықтың (ХҒТО) жобаларын жүзеге асыруға байланысты қызметтi үйлестiру жөніндегі Ведомствоаралық ғылыми-техникалық кеңестiң құрамына мыналар енгiзiлсiн:
Қосынов А.О. - Қазақстан Республикасының Ғылым
министрi - Ғылым академиясы
президентінің орынбасары, төраға
Ахметов Т.З. - Қазақстан Республикасы Ғылым министрлігі-
Ғылым академиясы халықаралық
ғылыми-техникалық ынтымақтастық
басқармасының бастығы, төрағаның
орынбасары
Бәкiрова С.Б. - Қазақстан Республикасы Ғылым министрлігі-
Ғылым академиясы халықаралық
ғылыми-техникалық ынтымақтастық
басқармасының бөлiм бастығы, ғылыми хатшы
Әбiшев Ж.Н. - Минералды шикiзатты кешендi ұқсату
жөніндегі ұлттық ғылыми орталықтың
бас директоры
Ахметов С.А. - Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
жанындағы Ақпаратты қорғау жөніндегі
мемлекеттік техникалық комиссия
төрағасының орынбасары
Гамарник Г.Н. - Қазақстан Республикасы Бiлiм
министрiнiң бiрiншi орынбасары
Демин А.Б. - Қазақстан Республикасы Әдiлет
министрлігі халықаралық құқықтық
қамтамасыз ету басқармасының бастығы
Елеукенов Д.Ш. - Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер
министрлігінiң халықаралық қауiпсiздiк
және қару-жараққа бақылау жасау
басқармасының бастығы
Жантемiров М.К. - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк
комитетi бас басқармасы бастығының
бiрiншi орынбасары (келісім бойынша)
Жантикин Т.М. - Қазақстан Республикасы Атом энергиясы
жөніндегі агенттiгiнiң бас директоры
Қарабаев М.К. - Қазақстан Республикасы Биотехнология
жөніндегі ұлттық орталығы бас
директорының орынбасары
Қаудыров Т.Е. - Қазақстан Республикасы Өнеркәсiп және
сауда министрлігі патент ведомствосының
төрағасы
Құлжанов М.К. - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
министрiнiң орынбасары
Сафрыгин М.М. - Қазақстан Республикасы Қорғаныс
министрiнiң әскери-техникалық саясат
жөніндегі кеңесшiсi
Д.К.Дәукеев, В.Е.Жүсiпбеков, Ж.Н.Қадыров, Ж.Ж.Жақыпбеков, Б.К.Нұрғалиев, В.Н.Околович, Ю.А.Шаповалов аталған құрамнан шығарылсын.
Аталған қаулымен бекітілген Халықаралық ғылыми-техникалық орталықтың (ХҒТО) жобаларын жүзеге асыруға байланысты қызметтi үйлестiру жөніндегі ведомствоаралық ғылыми-техникалық кеңес туралы ережедегi:
5-тармақтың 5.1.-тармақшасының үшiншi абзацындағы және 8-тармақтың үшiншi абзацындағы "Қазақстан Республикасының Ғылым және жаңа технологиялар министрлігі" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Ғылым министрлігі - Ғылым академиясы" деген сөздермен ауыстырылсын.
7-тармақтағы "Қазақстан Республикасының Ғылым және жаңа технологиялар министрi" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Ғылым министрi - Ғылым академиясының президентi" деген сөздермен ауыстырылсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi