"Прибор-алматроникс" ғылыми-техникалық бірлестігінің Қазақстан
Республикасында ғылымға сүйенетін өндірістерді дамыту жөніндегі
қызметін қолдау туралы Қазақстан Республикасы Министрлер
кабинетінің 1994 ж. 3 мамырдағы № 468 Қаулысы
(2005.29.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
1. "Прибор-Алматроникс" ғылыми-техникалық бiрлестiгiнiң Қазақстан Республикасында ғылымға сүйенетiн өндiрiстердi дамыту жөніндегі ұсынысы мақұлдансын.
ҚР Үкіметінің 1995.06.09. № 809 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді
2. Қазақстан Республикасының Экономика министрлігі, Ғылым және жаңа технологиялар министрлігі республиканың мүдделi министрлiктерiмен және ведомстволарымен бiрлесiп, "Прибор-Алматроникс" ғылыми-техникалық бiрлестiгiнiң нақты жобаларын қарастырсын және оларды Экономиканы өзгерту қорының, Ғылым қорының қаржысынан, сондай-ақ валюталық кредит жүйесiн ашу есебiнен қаржыландыру мүмкiндiгiн iздестiретiн болсын.
3. ҚР Үкіметінің 2005.29.09. № 964 қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
4. ҚР Үкіметінің 2005.29.09. № 964 қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
5. ҚР Үкіметінің 2005.29.09. № 964 қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
6. Алматы қаласының әкіміне "Прибор-Алматроникс" ғылыми-техникалық бiрлестiгi мен оның құратын ғылымға сүйенетiн шағын бизнес орталықтарын 1996 жылға дейiн олардың қалыптасу кезеңiне қаланың электрмен және жылумен жабдықталуын дамытуға үлес қосып қатысу қаржысын төлеуден босату ұсынылсын.
7. ҚР Үкіметінің 2005.29.09. № 964 қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi