"Қазмұнайөнiмi" концернiне дизель отынының экспортына қосымша
квота бөлу туралы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы
17 маусымдағы № 509 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2005.29.09. № 964 қаулысымен күші жойылды
Энергетика, ет пен сүт өнеркәсiбi және авиация кәсiпорындарын техникалық және авиациялық маймен қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
1. "Қазмұнайөнiмi" концернiне көлемi 35 мың тонна дизель отынының экспортына қосымша квота белгiленсiн.
2. "Қазмұнайөнiмi" концернiне дизель отынының осы көлемiн трансформатор, мұздатқыш пен авиация майына айырбасқа баспабас операция шартымен беруге рұқсат етiлсiн.
3. Қазақстан Республикасы Сыртқы экономикалық байланыстар министрлігі баспабас лицензиялар берсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi