Қазақстан Республикасы қаржы-экономика техникумдарының бағыныстылығы
туралы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің
1993 жылғы 19 мамырдағы № 399 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2006 жылғы 7 шілдедегі № 646 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының қаржы, салық және кеден қызметiн қайта құру туралы» 1992 жылғы 12 қарашадағы № 963 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
1. Қаржы, салық iсi, бухгалтерлiк есеп, кеден қызметi және басқа нарық экономикасының мамандықтары саласында кадр даярлау жөніндегі бiрiншi кезектегi шараларды жүзеге асыру мақсатында Ақмола және Семей қаржы-экономика техникумдары Қазақстан Республикасы Бiлiм министрлігінiң қарамағының алынып, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң тiкелей бағыныстылығына берiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Ақмола және Семей қаржы-экономика техникумдарын ұстауға қажеттi қаражат бөлетiн болсын.
3. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің «Республиканың арнаулы орта оқу орындарының бағыныстылығы туралы» 1992 жылғы 8 мамырдағы № 417 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ, 1992 ж., № 19, 310 бап) бекітілген, бұрын одақтық бағыныста болған және Қазақстан Республикасының министрлiктерiне берiлген арнаулы орта оқу орындарының тiзбесiнен Семей және Целиноград қаржы-экономика техникумдары шығарылсын.
4. Қазақстан Республикасы Премьер-министрiнiң Бiрiншi орынбасарының 1992 жылғы 18 мамырдағы № 7-7 өкімінiң 1-тармағының үшiншi абзацы мен 2-тармағы екiншi абзацының күшi жойылған деп танылсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi