Темір жол көлiгiмен жүк тасымалдаудың тарифтерi туралы Қазақстан
Республикасы Министрлер Кабинетінің қаулысы 6 мамыр 1993
ж. № 365
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 13 наурыздағы № 258 қаулысына сәйкес осы қаулының күші жойылды
Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
Қазақстан Республикасы Көлiк министрлігінiң 1993 жылғы 6 мамырдан бастап iшкi республикалық қатынаста темір жол көлiгiмен жүк тасымалдаудың қолданылып жүрген тарифтерi деңгейiне 2,0 шектi коэффициент /қосылған құнға салынатын салықсыз/ тағайындау туралы Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен және Экономика министрлігі жанындағы Баға комитетiмен келісілген ұсынысы қабылдансын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi