Жүктердi, жолаушыларды, багажды және жүк-багажды темiржол көлiгiмен
тасымалдауға арналған тарифтер туралы Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетінің қаулысы 4 қаңтар 1994 ж. № 23
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 13 наурыздағы № 258 қаулысына сәйкес осы қаулының күші жойылды
Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына мүше елдердiң темiржол көлiгiмен тасымалдаудағы бiрыңғай тарифтiк саясатын жүргiзу мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1994 жылғы 5 қаңтардан бастап мемлекетаралық қатынастағы жүк тасымалдауға арналып қолданылып жүрген тарифтерге шектi көтерiңкi коэффициент 1,16 /қосымша құн салығын есептемегенде/ болып;
1994 жылғы 15 қаңтардан бастап жолаушыларды, багажды және жүк-багажды тасымалдауға /қала маңындағы қатынастан басқасы/ арналып қолданылып жүрген тарифтерге шектi көтерiңкi коэффициент 2,5 /қосымша құн салығын есептегенде/ болып белгiленсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi