41-бап. 2015.28.10. № 368-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
8-тарау. Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану жөніндегі
заңдарын бұзғаны үшін жауапкершілік және олардың орындалуын бақылау
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара); 2007.21.07. № 307-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 42-бап өзгертілді
42-бап. Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау жөніндегі заңдарын бұзғаны үшін жауапкершілік
Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұра объектілерді қорғау туралы заңдарының бұзылуына кінәлілігі әрекетінен немесе әрекетсіздігінен көрінген тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
Тарих және мәдениет ескерткiшiне немесе оның қорғау аймағына зиян келтiрген жеке және заңды тұлғалар тарих және мәдениет ескерткiшiн немесе оның қорғау аймағын қалпына келтiруге, ал бұл мүмкiн болмаған кезде келтiрiлген зиянды Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарына сәйкес өтеуге мiндеттi. Тарих және мәдениет ескерткiшiн немесе оның қорғау аймағын қалпына келтiру тарихи-мәдени мұра объектілерді қорғау және пайдалану жөніндегі уәкiлеттi органның бақылауымен жүзеге асырылады.
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 43-бап өзгертілді (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара); 2007.21.07. № 307-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 43-бап жаңа редакцияда
43-бап. Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын бақылау
Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын бақылауды:
1) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдары;
2) уәкілетті орган жүзеге асырады.
9-тарау. 2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)
Қазақстан Республикасының