4) айына бір рет бірінші кезекте қажетті заттар мен маусым бойынша киім салынған сауқаттар, сәлемдемелер, бандерольдер алуға құқығы бар.
Науқас сотталғандар, мүгедектер медициналық қорытындыда саны мен ассортименті айқындалған дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдар салынған сауқаттар мен сәлемдемелер алуға құқылы;
5) адвокатпен саны, ұзақтығы шектеусіз және олардың құпиялылығы қамтамасыз етілген жағдайларда кездесуге;
6) күн сайын ұзақтығы кемінде бір жарым сағат сейілдеуге;
7) жұбайы (зайыбы), жақын туысы қайтыс болған немесе науқастың өміріне қатер төндіретіндей қатты ауырған; оның отбасына айтарлықтай материалдық залал келтірген дүлей зілзала болған жағдайларда және жеке сипаттағы өзге де айрықша мән-жайларда өзінің жеке қаражаты есебінен жұбайымен (зайыбымен), жақын туыстарымен телефон арқылы сөйлесуге;
8) жұбайы (зайыбы), жақын туысы қайтыс болуына немесе науқастың өміріне қатер төндіретіндей қатты ауыруына, оның отбасына айтарлықтай материалдық залал келтірген дүлей зілзалаға байланысты бару-қайту жолына қажетті (бес тәуліктен аспайтын) уақытты есептемегенде, жеті тәуліктен аспайтын мерзімге қысқа мерзімді жол жүруге құқығы бар.
87-бап. Қамаққа алу түріндегі жазаны өтеп жүрген сотталған әскери қызметшiлердiң құқықтық жағдайының ерекшелiктерi
1. Қамаққа алу түрiндегi жазаны өтеу уақыты әскери қызметтiң жалпы мерзiмiне және кезектi әскери атақ беру үшін еңбек сiңiрген жылдарына есептелмейдi.
2. Жазаны өтеу уақытында сотталған адамды кезектi әскери атақ беруге ұсынуға, жоғары тұрған лауазымға тағайындауға, жаңа қызмет орнына ауыстыруға және, денсаулығына байланысты қызметке жарамсыз деп танылған жағдайларды қоспағанда, әскери қызметтен шығаруға болмайды.
3. Қамаққа алу түріндегі жазаны өтеу уақытында сотталған әскери қызметшілерге ақшалай ризық төленбейді.
16-тарау. БАС БОСТАНДЫҒЫНАН АЙЫРУ ТҮРІНДЕГІ ЖАЗАНЫ ОРЫНДАУДЫҢ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕРІ
88-бап. Бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны орындайтын жерлер
1. Бас бостандығынан айыруға сотталған адамдар жазасын мекемелерде өтейді.
Бас бостандығынан айыруға сотталғандар, осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, жаза мерзімін бір мекемеде өтейді.
2. Бас бостандығынан айыруға сотталғандар оларды түзеу, әлеуметтік тұрғыдан пайдалы байланыстарын ұстап тұру, қауіпсіздігін қамтамасыз ету және олардың жаңа құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу үшін қажетті жағдайлар ескеріле отырып, мекемеге жіберіледі.
3. Сотталған адамды қылмыстық-атқару жүйесі уәкілетті органының шешімі бойынша басқа облыстың тиісті режим түріндегі мекемесіне жазасын өтеу үшін жіберуге:
1) сотталған адамның тұрғылықты жері бойынша тиісті түрдегі мекеме болмаған;
2) осы Кодекстің 115-бабының екінші бөлігінде көзделген жазаны өтеу орындарының лимиті асып кеткен жағдайларда жол беріледі.
2017.03.07. № 84-VI ҚР Заңымен 4-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Сотталған адамды қылмыстық-атқару жүйесі уәкілетті органының шешімі бойынша жазасын одан әрі өтеу үшін бір мекемеден сол түрдегі басқа мекемеге не қауіпсіздігі аралас мекемеге ауыстыруға:
1) осы Кодекстің 12-бабының бесінші бөлігіне сәйкес сотталған адамның қауіпсіздігі қамтамасыз етілген;
2) мекеме қайта ұйымдастырылған немесе таратылған;
3) сотталған адамның келісімімен, өндірістік қажеттілік болған;
4) мекемеде құқықтық тәртіпті сақтау қажет болған жағдайларда жол беріледі.
2017.18.04. № 58-VI ҚР Заңымен 4-1-бөлікпен толықтырылды
4-1. Осы баптың үшінші және төртінші бөліктеріне сәйкес басқа мекемеге жіберілген не ауыстырылған сотталған адамды одан әрі ұстауға негіз болмаған кезде, оның өтініші бойынша не оның келісімімен әлеуметтік пайдалы байланыстарын қолдау мақсатында ол тиісті түрдегі басқа мекемеге ауыстырылуға жатады.
Оң мінез-құлық дәрежесінің және тиісті түрдегі мекемеде орынның болуы сотталған адамды ауыстырудың міндетті шарттары болып табылады.
Бұл ретте сотталған адамның әлеуметтік пайдалы байланыстары құжаттармен расталады.
Сотталған адамның әлеуметтік пайдалы байланыстарын қолдау үшін ауыстыру Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасымен келісу бойынша қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкілетті орган бекіткен қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.
5. Қылмыстың қауіпті қайталануы кезінде өмір бойына бас бостандығынан айыруға, толық қауіпсіз мекемеде жазасын өтеуге, өлім жазасы түріндегі жазасы кешірім жасау тәртібімен бас бостандығынан айырумен ауыстырылған сотталғандар, сотталған әйелдер, кәмелетке толмаған сотталғандар тиісті мекемелердің тұрған жері бойынша жазасын өтеу үшін жіберіледі.
6. Қазақстан Республикасының мекемелерінде жазасын өтеп жүрген, бас бостандығынан айыруға сотталған шетелдіктер жазасын одан әрі өтеу үшін Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда белгіленген тәртіппен не Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінде көзделген тәртіппен, шет мемлекеттің құзыретті органдарымен және лауазымды адамдарымен өзара түсіністік шарттарында жазбаша келісім бойынша өздері азаматтары (боданы) болып табылатын мемлекетке жіберілуі мүмкін.
89-бап. Мекемелер түрлерi
1. Мекемелер:
1) қауіпсіздігі барынша төмен мекемелер;
2) орташа қауіпсіз мекемелер;
3) кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған орташа қауіпсіз мекемелер;
4) қауіпсіздігі барынша жоғары мекемелер;
5) төтенше қауіпсіз мекемелер;
6) толық қауіпсіз мекемелер;
7) қауіпсіздігі аралас мекемелер болып бөлінеді.
2. Қауіпсіздігі аралас мекемелерге:
1) сотталғандарды әртүрлі режим түрлерімен ұстауға арналған мекемелер;
2017.03.07. № 84-VI ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) қамаққа алуға, бас бостандығынан айыруға сотталған не шаруашылық қызмет көрсету жөніндегі жұмыстарды орындау үшін қалдырылған не жіберілген не осы Кодекстің 88-бабы төртінші бөлігінің 4) тармақшасына сәйкес мекемелерден келген, бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарды ұстау үшін пайдаланылатын тергеу изоляторлары жатады.
2017.18.04. № 58-VI ҚР Заңымен 3-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерде абайсызда жасаған қылмыстары үшiн бас бостандығынан айыруға сотталғандар және қасақана қылмыс жасағаны үшiн бiр жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға алғаш рет сотталған адамдар, сондай-ақ осы Кодекстiң 96-бабының бірінші бөлігіне сәйкес, орташа қауіпсіз және қауіпсіздігі барынша жоғары мекемелерден ауыстырылған сотталғандар жазасын өтейдi.
2017.18.04. № 58-VI ҚР Заңымен 4-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Орташа қауіпсіз мекемелерде:
1) онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа қасақана қылмыстар және ауыр қылмыстар жасағаны үшін бір жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыруға алғаш рет сотталған адамдар;
2) айыппұл, түзеу жұмыстары, бас бостандығын шектеу бас бостандығынан айырумен ауыстырылған адамдар;
3) мекемелерден осы Кодекстің 96-бабының бірінші бөлігінің 1) тармақшасына, үшінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларына сәйкес ауыстырылған сотталғандар;
4) кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған орташа қауіпсіз мекемелерден осы Кодекстің 156-бабына сәйкес ауыстырылған сотталғандар жазасын өтейді.
2017.18.04. № 58-VI ҚР Заңымен 5-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5. Қауіпсіздігі барынша жоғары мекемелерде:
1) аса ауыр қылмыстар жасағаны үшін бас бостандығынан айыруға алғаш рет сотталған ерлер, сондай-ақ қылмыстардың қайталануы кезінде не егер сотталған адам бұрын бас бостандығынан айыруды өтеген болса, қылмыстардың қайталануы болмаған кезде;
2) қылмыстарының қауіпті қайталануы кезінде бас бостандығынан айыруға сотталған әйелдер;
3) осы Кодекстің 96-бабының бірінші бөлігінің 1) тармақшасына, үшінші бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес ауыстырылған сотталғандар жазасын өтейді.
2017.18.04. № 58-VI ҚР Заңымен 6-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6. Төтенше қауіпсіз мекемелерде:
1) қылмыстарының қауіпті қайталануы кезінде;
2) өмір бойына бас бостандығынан айыруға;
3) өлім жазасы түріндегі жазасы кешірім жасау тәртібімен бас бостандығынан айырумен ауыстырылған;
4) осы Кодекстің 96-бабының бірінші бөлігінің 1) тармақшасына, үшінші бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес ауыстырылған сотталғандар жазасын өтейді.
2017.18.04. № 58-VI ҚР Заңымен 7-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7. Толық қауіпсіз мекемелерде:
1) аса ауыр қылмыстар жасағаны үшін, қылмыстарының қауіпті қайталануы кезінде бес жылдан астам мерзімге;
2) өздеріне қатысты өлім жазасы туралы сот үкімі өлім жазасын орындауға мораторий енгізілгенге дейін немесе мораторий қолданылған уақытта күшіне енген;
3) осы Кодекстің 88-бабы төртінші бөлігінің 4) тармақшасына сәйкес ауыстырылған;
4) осы Кодекстің 96-бабы үшінші бөлігінің 3) тармақшасына сәйкес жіберілген сотталғандар жазасын өтейді.
8. Кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған орташа қауіпсіз мекемелерде бас бостандығынан айыруға сотталған кәмелетке толмағандар, сондай-ақ мекемеде кемінде бір жыл болу шартымен, кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған орташа қауіпсіз мекемелерде жиырма бір жасқа толғанға дейiн қалдырылған сотталғандар жазасын өтейдi.
9. Мекемелерде жазасын өтеп жүрген сотталғандар басқа қылмыс жасады деп күдік келтірілген немесе айыпталған кезде, олардың әкімшілігімен келісу бойынша осы мекемелерде, бірақ жазасын өтеп жүрген басқа сотталғандардан оқшауланып ұсталады.
10. Сотталғандар камераларда тұратын бір мекемеде әртүрлі режим түрлері бар оқшауланған учаскелер жасалуы мүмкін.
90-бап. Сотталғандарды жазасын өтеу үшін жiберу
1. Сотталған адам қауіпсіздігі аралас мекеменің әкiмшiлiгi заңды күшіне енген үкімді орындау туралы сот өкімін алған күннен бастап он күннен кешіктірілмей жазасын өтеуге жіберіледі.
Осы мерзiм iшiнде сотталған адамның:
1) адвокатпен саны, ұзақтығы шектеусіз және құпиялылығы қамтамасыз етілген жағдайларда кездесуге;
2) жұбайымен (зайыбымен), туыстарымен немесе өзге де адамдармен қысқа мерзiмдi кездесуге;
3) өзінің жеке қаражатынан не өзге адамдардың қаражатынан ақысы төленетін, ұзақтығы он бес минут телефон арқылы сөйлесуге құқығы бар.
2. Қауіпсіздігі аралас мекеменің әкiмшiлiгi сотталған адамның таңдауы бойынша жұбайына (зайыбына) не туыстарының бiрiне, не өзге де адамға оның жазасын өтеу үшiн қайда жiберілетіндігі туралы жазбаша хабарламаны екі жұмыс күні ішінде жіберуге мiндеттi.
91-бап. Сотталғандардың орнын ауыстыру
1. Бас бостандығынан айыруға сотталғандар жазасын өтеу орнына жiберiледi және жазаны өтейтін бір орыннан екiншiсiне айдауылмен ауыстырылады.
2. Сотталғандардың айдауылмен орнын ауыстыру ұстау қағидалары сақтала отырып: ерлер - әйелдерден, кәмелетке толмағандар - ересектерден; өлiм жазасына кесiлгендер - басқа санаттағы сотталғандардан жеке; бiр қылмыстық iс бойынша өтетін тергеудегі сотталғандар - бөлек; туберкулезбен ауыратындар немесе жыныстық жолмен берілетін инфекциядан емделудiң толық курсын өтпегендер, психикалық ауытқулары бар науқастар - өзара бөлек және денi саулардан жеке, қажет болған кезде, дәрiгердiң қорытындысы бойынша - медицина қызметкерлерiнiң ерiп жүруiмен жүзеге асырылады.
3. Сотталғандардың айдауылмен орны ауыстырылған кезде олар қажетті тұрмыстық және санитариялық-гигиеналық жағдайлармен қамтамасыз етiледi.
4. Сотталғандардың орнын ауыстырған кезде мекеме (жөнелтуші орган) оларды маусым бойынша киіммен, аяқкиіммен, сондай-ақ сотталғандарға жол жүрудің барлық кезеңіне белгіленген нормалар бойынша тамақпен қамтамасыз етеді.
5. Сотталғандардың орнын ауыстыру бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
6. Сотталған адамды жазасын өтеу орнына жiберу немесе басқа мекемеге ауыстыру кезiнде ақшаны уақытша орналастырудың қолма-қол ақшаны бақылау шотындағы ақшасы сотталған адам жiберiлген не ауыстырылған мекеменің ақшаны уақытша орналастыратын қолма-қол ақшаны бақылау шотына аударылады.
7. Уәкілетті лауазымды адамдар сотталғандардың орнын ауыстырған кезде құпиялылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қолданады.
2017.18.04. № 58-VI ҚР Заңымен 8-бөлікпен толықтырылды
8. Белгіленген тәртіппен әлеуметтік, табиғи немесе техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар жарияланған не сотталғандардың мекемеде болу мүмкіндігін жоққа шығаратын ерекше жағдайлар режимін енгізген жағдайда олар қылмыстық-атқару жүйесі уәкілетті органының шешімі бойынша төтенше жағдайдың салдары жойылғанға не ерекше жағдайлар режимінің мерзімі аяқталғанға дейін басқа мекемелерге ауыстырылады.
Төтенше жағдай салдарларын жою немесе ерекше жағдайлар режимін енгізуге негіз болған жағдайларды жою мүмкін болмаған кезде сотталғандар осы немесе басқа облыстағы тиісті түрдегі мекемеге жіберіледі.
92-бап. Сотталғандарды қауіпсіздігі аралас мекемеде қалдыру және толық қауіпсіз мекемеге жіберу
1. Қауіпсіздігі аралас мекемелерде немесе толық қауіпсіз мекемелерде шаруашылық қызмет көрсету жөніндегі жұмыстарды орындау үшін жазасын орташа қауіпсіз мекемеде өтеу тағайындалған, бес жылдан аспайтын мерзiмге бас бостандығынан айыруға алғаш рет сотталған адамдар тартылады. Қалдыру және еңбекке тарту туралы шешім қауіпсіздігі аралас мекеме бастығының қаулысы бойынша олардың келісімімен жүзеге асырылады.
Сотталған адамды толық қауіпсіз мекемеге жіберу оның бастығымен келісу бойынша жүзеге асырылады.
2. Шаруашылық қызмет көрсету жөніндегі жұмыстарды орындау үшiн қауіпсіздігі аралас мекемеде қалдырылған немесе толық қауіпсіз мекемелерге жіберілген сотталғандар орташа қауіпсіз мекемелер үшін осы Кодексте көзделген жағдайларда, өзге адамдардан оқшауланып ұсталады.
3. Басқа адам жасаған қылмыс туралы iс бойынша тергеу әрекеттерін жүргiзу қажет болған кезде жазасын мекемелерде өтеумен бас бостандығынан айыруға сотталған адам қауіпсіздігі аралас мекемеде қалдырылуы, сондай-ақ прокурордың санкциясымен Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінде белгiленген мерзiмге басқа мекемеден ауыстырылуы мүмкiн.
4. Басқа адам жасаған қылмыс туралы iс бойынша сот талқылауына қатысу қажет болған кезде, сотталған адам орташа қауіпсіз мекемелер үшін осы Кодексте көзделген жағдайларда, iстi сотта қарау уақытына сот қаулысымен қауіпсіздігі аралас мекемеде қалдырылуы мүмкiн.
5. Егер сотталған адам басқа iс бойынша қылмыстық жауаптылыққа тартылса және оған қатысты күзетпен ұстау түрiндегі бұлтартпау шарасы таңдалса, оны қауіпсіздігі аралас мекемеде ұстау мерзiмдерi Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне сәйкес айқындалады.
6. Сотталған адам осы баптың үшінші, төртінші және бесінші бөліктерінде көрсетілген негiздер бойынша, сондай-ақ құқықтық тәртiпті ұстап тұру үшiн қауіпсіздігі аралас мекемеге ауыстырылуы мүмкiн.
Осы баптың үшінші, төртінші және бесінші бөліктерінде көзделген негіздер бойынша қауіпсіздігі аралас мекемелерге жіберілген сотталғандар басқа адамдардан оқшауланып камераларда ұсталады және оларға түрін сот тағайындаған мекеме үшін осы Кодексте белгіленген шарттар қолданылады.
7. Мекемелерде құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету үшін қауіпсіздігі аралас мекемеге ауыстырылған сотталғандар:
1) ай сайын тамақ өнімдері мен бiрiншi кезекте қажеттi заттарды сатып алуға ақшаны уақытша орналастырудың қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы қаражатын екі айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде жұмсауға;
2) бір жыл iшiнде екі қысқа мерзiмдi кездесу алуға;
3) күн сайын ұзақтығы бiр жарым сағаттық сейілдеудi пайдалануға құқылы.
Сотталғандар камераларда және қауіпсіздігі аралас мекемеде ұсталатын барлық санаттағы адамдардан оқшауланып ұсталады.
93-бап. Сотталғандарды мекемелерге қабылдау
1. Сотталғандарды мекемелерге қабылдауды мекемелердің ішкi тәртiптеме қағидаларында белгiленген тәртiппен әкімшілік жүргізеді. Бұл ретте:
1) сотталған адамның жеке басы туралы деректер және оны мекемеге жіберу негіздері;
2) мекеме жауаптылықпен сақтауға қабылдайтын, сотталған адамға тиесілі мүліктің тізімі;
3) сотталған адамның кез келген дене зақымы және оның дене бітіміне немесе психикалық жай-күйіне қатысы бар, денсаулығы туралы мәліметтер;
4) сотталған адамның шағымдары тіркеледі.
2. Мекемелерге келген сотталғандар он бес тәулiкке дейiнгi мерзiмге карантин бөлiмшесіне орналастырылады. Сотталғандар карантин бөлiмшесінде болған кезеңде жазаны өтеудің дағдылы жағдайларында болады.
3. Карантин бөлімшесінде болудың мақсаты:
1) мекеме әкімшілігінің жазаны өтеу тәртібі мен шарттарын айқындау үшін маңызы бар, сотталғандардың жеке басы туралы мәліметтерді зерделеу;
2) сотталғандарды жазаны өтеу тәртібімен және шарттарымен таныстыру;
3) сотталғандардың инфекциялық ауруларын анықтау және олардың таралуын алдын алу болып табылады.
94-бап. Сотталғандарды мекемелерде бөлек ұстау
1. Мекемелерде сотталған ерлер мен әйелдердi, кәмелетке толмағандар мен ересектердi бөлек ұстау белгiленеді.
2. Осы баптың бесінші бөлігінде аталған адамдарды қоспағанда, бас бостандығынан айыруға алғаш рет сотталғандар бас бостандығынан айыруды бұрыннан өтеп жүрген сотталғандардан жеке ұсталады.
Бiр мекемеде бас бостандығынан айыруға алғаш рет сотталған және бұл жазаны бұрыннан өтеп жүрген әйелдер бөлек ұсталуы мүмкiн.
Басқа сотталғандардан оқшауланып, сондай-ақ бөлек: қылмыстардың қауiптi қайталануы жағдайында сотталғандар; өмiр бойына бас бостандығынан айыруға сотталғандар; өмiр бойына бас бостандығынан айыру кешiрiм жасау тәртiбiмен белгiлi бiр мерзiмге бас бостандығынан айыруға ауыстырылған сотталғандар; өлiм жазасы кешiрiм жасау тәртiбiмен бас бостандығынан айыруға ауыстырылған сотталғандар ұсталады.
3. Жекелеген мекемелерде, сотталғандығының санына қарамастан, сотталған - соттардың, құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдардың бұрынғы қызметкерлері, сотталғандардың мінез-құлқын бақылау мен қадағалауды жүзеге асыруға уәкілетті адамдар ұсталады.
4. Сотталғандарды бөлек ұстаудың осы бапта белгiленген талаптары балалар үйi бар мекемелерге қолданылмайды.
5. Әртүрлi инфекциялық аурулармен ауыратын сотталғандар бөлек және денi сау сотталғандардан жеке ұсталады. Емдеу-профилактикалық мекемелерде (ауруханаларда, мамандандырылған психиатриялық және туберкулезге қарсы ауруханаларда) сотталған ерлер сот айқындаған режим түрiне қарамастан, бiрге ұсталады. Туберкулезге қарсы ауруханаларда сотталғандарды бөлек ұстау медициналық көрсетімдермен айқындалады.
95-бап. Сотталған адамның жазасын даралау мақсатында оның мінез-құлқын бағалау
1. Жазаны орындау кезеңінде оны даралау мақсатында сотталған адамның мінез-құлқы дәрежесін айқындау арқылы оның мінез-құлқын бағалау жүзеге асырылады.
2. Сотталған адамның мінез-құлық дәрежесі:
1) осы Кодекстің 96-бабына сәйкес ол жазасын өтеп жүрген мекеме түрін өзгерту;
2) осы Кодекстің 135, 137, 139, 142, 144, 150-баптарына сәйкес оның мекемеде жазасын өтеу жағдайларын өзгерту;
3) осы Кодекстің 128, 130, 152, 154-баптарына сәйкес оның құқықтарын кеңейту не құқықтық шектеулер белгілеу үшін негіз болып табылады.
2017.18.04. № 58-VI ҚР Заңымен 3-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Сотталған адамның мінез-құлық дәрежесін мекеме комиссиясы ұсынатын, оның мінез-құлқын сипаттайтын материалдар (мекемелердің ішкі тәртіптеме қағидаларын сақтауы; еңбек пен оқуға қатынасы; тәрбиелік іс-шараларға қатысуы; сотталғандарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетуге бағытталған бағдарламаларға қатысуы; сотталғандардың ерікті ұйымына мүше болуы; қылмыстан келтірілген зиянның орнын толтыру бойынша шаралар қолдану) негізінде мекеме бастығының қаулысымен айқындалады.
2017.18.04. № 58-VI ҚР Заңымен 4-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Сотталған адамның мінез-құлық дәрежесін айқындау мақсатында оның мінез-құлқын бағалау сотталған адам мекемеге келген күннен бастап жүзеге асырылады.
Көтермелеулері және жазалаулары жоқ не жазалауы осы Кодексте белгіленген тәртіппен өтелген сотталған адам белгілі бір мінез-құлық дәрежесі жоқ деп танылады.
Сотталған адамды бір түрдегі мекемеден екіншісіне ауыстырған жағдайда мінез-құлық дәрежесінің бұрын қойылған бағалауы оның мінез-құлқын осы Кодексте көзделген мерзімдерде мекеме комиссиясы қараған кезге дейін сақталады.
Сотталғандардың мінез-құлық дәрежелері мынадай критерийлер негізінде айқындалады:
оң сипатталатын сотталғандар үшін:
1) кемінде бір көтермелеуі болған әрі соңғы көтермелеу алған күннен бастап үш және одан көп ай бойы жазалаулары болмаған кезде - дәрежесі бірінші оң мінез-құлық;
2) бірінші оң мінез-құлық дәрежесі болған, сотталғандардың ерікті ұйымына мүше болған әрі бірінші оң мінез-құлық дәрежесін алған күннен бастап алты және одан көп ай бойы жазалаулары болмаған кезде - дәрежесі екінші оң мінез-құлық;
3) екінші оң мінез-құлық дәрежесі болған, сотталғандардың ерікті ұйымына мүше болған әрі екінші оң мінез-құлық дәрежесін алған күннен бастап бір жыл және одан көп уақыт бойы жазалаулары болмаған кезде - дәрежесі үшінші оң мінез-құлық;
теріс сипатталатын сотталғандар үшін:
1) жазаны өтеудің белгіленген тәртібін бұзушы деп танылған кезде - дәрежесі бірінші теріс мінез-құлық;
2) жазаны өтеудің белгіленген тәртібін үнемі бұзушы деп танылған кезде - дәрежесі екінші теріс мінез-құлық;
3) жазаны өтеудің белгіленген тәртібін қаскөйлікпен бұзушы деп танылған кезде - дәрежесі үшінші теріс мінез-құлық.
Сотталған адамды жазаны өтеудің белгіленген тәртібін бұзушы, үнемі бұзушы не қаскөйлікпен бұзушы деп тану осы Кодекстің 130-бабының үшінші бөлігіне және 154-бабының төртінші бөлігіне сәйкес жүзеге асырылады.
96-бап. Мекеме түрiн өзгерту
1. Дәрежесі екінші немесе үшінші оң мінез-құлықты сотталғандар сот алдында мекеменің түрін:
1) сотталғандар сот үкімі бойынша тағайындалған мерзiмнiң кемiнде жартысын толық қауіпсіз мекемеде өтегеннен кейін - толық қауіпсіз мекемеден төтенше қауіпсіз, қауіпсіздігі барынша жоғары немесе орташа қауіпсіз мекемеге;
2) жазаны өтеудің жеңiлдетiлген және жеңілдікті жағдайларындағы сотталғандар онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыс үшiн жаза мерзiмiнiң кемiнде төрттен бiрiн, ауыр қылмыстары үшiн - жаза мерзiмiнiң кемiнде үштен бiрiн, ал бұрын бас бостандығын айыруды өтеуден шартты түрде мерзiмiнен бұрын босатылғандар мен жазаның қалған өтелмеген бөлігі кезеңiнде жаңа қылмыстар жасағандар - жаза мерзiмiнiң кемiнде үштен екiсiн өтегеннен кейін - орташа қауіпсіз немесе қауіпсіздігі барынша жоғары мекемелерден қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерге өзгерту туралы өтінішхат беруге құқылы.
2. Мыналар:
1) қылмыстардың қауіптi қайталануы кезінде;
2) аса ауыр қылмыстар, сондай-ақ террористік немесе экстремистік қылмыстар жасағаны үшін;
3) өмiр бойына бас бостандығынан айыруға, сондай-ақ өмiр бойына бас бостандығынан айыру кешiрiм жасау тәртiбiмен белгiлi бiр мерзiмге бас бостандығынан айырумен ауыстырылған сотталғандар;
4) өлiм жазасы кешiрiм жасау тәртiбiмен бас бостандығынан айырумен ауыстырылған;
5) мiндеттi емделуден өтпеген, сондай-ақ емдеу-профилактикалық мекемелерiнде мамандандырылған емдеудi қажет ететiн;
6) дәрежесі теріс мінез-құлықты сотталғандар қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерге ауыстырылуға жатпайды.
2017.18.04. № 58-VI ҚР Заңымен 3-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Дәрежесі үшінші теріс мінез-құлықты және жазаны өтеудің белгіленген тәртібін қаскөйлікпен бұзушылық жасаған сотталғандарға қатысты сотқа:
1) қауіпсіздігі барынша төмен мекемеден - түрі бұрын сот үкімімен айқындаған мекемеге;
2) олар сот үкімімен жіберілген қауіпсіздігі барынша төмен мекемеден - орташа қауіпсіз мекемеге;
3) орташа қауіпсіз, қауіпсіздігі барынша жоғары және төтенше қауіпсіз мекемеден - олар толық қауіпсіз мекемеге қайдан жiберiлсе, сол қауіпсіздік түрiндегi мекемеде жазаның қалған мерзiмiн өтеумен, үш жылдан аспайтын мерзiмге толық қауіпсіз мекемеге ауыстыру туралы ұсыну енгізіледі.
2017.18.04. № 58-VI ҚР Заңымен 4-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Сотталған адам жаза мерзімінің осы баптың бірінші бөлігінде белгіленген бір бөлігін өтеген кезде мекеме әкімшілігі дәрежесі екінші немесе үшінші оң мінез-құлықты сотталған адамды мекеме түрін өзгерту туралы мәселені қарау үшін сотқа өтінішхат беру құқығының басталғаны туралы бес күн мерзімде жазбаша хабардар етуге міндетті.
5. Сотталған адам мекеме түрін өзгерту туралы өтінішхатпен жүгінген жағдайда, әкімшілік өтінішхатты сотталған адамның жеке басына, жазасын өтеу уақытындағы мінез-құлқына, еңбек пен оқуға деген көзқарасына мінездеме беретін материалдарды және сотталған адамның жеке ісін қоса бере отырып, он күн ішінде сотқа жіберуге, сондай-ақ көрсетілген өтінішхатты жібергені туралы прокурорды жазбаша нысанда хабардар етуге міндетті.