2018.12.07. № 180-VІ ҚР Заңымен 2-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Адамдар тобы немесе алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған немесе бiрнеше мәрте жасалған дәл сол іс-әрекет -
екі жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не елу тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.
12-тарау. МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАР
317-бап. Медицина немесе фармацевтика жұмыскерiнiң кәсiптік мiндеттерiн тиiсiнше орындамауы
2018.12.07. № 180-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара); 2018.28.12. № 208-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Медицина немесе фармацевтика қызметкерiнiң кәсiптік мiндеттерiне ұқыпсыз қарауы немесе адал қарамауы салдарынан оларды орындамауы, тиiсiнше орындамауы, егер бұл іс-әрекеттер абайсызда адамның денсаулығына ауырлығы орташа зиян келтiруге алып келсе, -
екі жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жүз сексен сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не елу тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.
2018.12.07. № 180-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.28.12. № 208-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-бөлік өзгертілді
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, абайсызда денсаулыққа ауыр зиян келтіруге әкеп соққан іс-әрекеттер -
белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан бір жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып немесе онсыз, үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi бөлiгінде көзделген, абайсызда адам өлiмiне әкеп соққан іс-әрекеттер -
белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып, бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Осы баптың бірiншi бөлiгiнде көзделген, абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан іс-әрекеттер -
белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып, үш жылдан жеті жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
5. Медицина жұмыскерiнiң, сол сияқты халыққа тұрмыстық немесе өзге де қызмет көрсету ұйымы жұмыскерiнiң кәсiптік мiндеттерiне ұқыпсыз қарауы немесе адал қарамауы салдарынан оларды тиiсiнше орындамауы, егер бұл іс-әрекет басқа адамға АИТВ жұқтыруға әкеп соқса, -
белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып, бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
318-бап. Клиникалық зерттеулер жүргiзу тәртiбiн және профилактиканың, диагностиканың, емдеудiң және медициналық оңалтудың жаңа әдiстерi мен құралдарын қолдану тәртiбiн бұзу
1. 2020.07.07. № 361-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2018.12.07. № 180-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.07.07. № 361-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-бөлік өзгертілді
2. Лауазымды адам жасаған не ауыр зардаптарға алып келген, клиникалық зерттеулер жүргiзу және профилактиканың, диагностиканың, емдеудiң және медициналық оңалтудың жаңа әдiстерi мен құралдарын қолдану тәртiбiн бұзу -
белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан бес жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып, төрт мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір мың сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не төрт жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2020.07.07. № 361-VI ҚР Заңымен 319-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
319-бап. Жүктілікті жасанды үзуді заңсыз жүргізу
2018.12.07. № 180-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.07.07. № 361-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-бөлік өзгертілді
1. Тиісті бейіндегі жоғары медициналық білімі жоқ адамның жүктілікті жасанды үзуді жүргізуі -
екі мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2018.12.07. № 180-VІ ҚР Заңымен 2-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, бірнеше рет жасалған іс-әрекет -
төрт мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір мың сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не төрт жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2018.12.07. № 180-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.07.07. № 361-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-бөлік өзгертілді
3. Тиісті бейіндегі жоғары медициналық білімі бар адамның жүктілікті жасанды үзуді заңсыз жүргізуі -
белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып, бір мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не төрт жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2018.12.07. № 180-VІ ҚР Заңымен 4-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, бірнеше рет жасалған іс-әрекет -
белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып, үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не сегіз жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2020.07.07. № 361-VI ҚР Заңымен 5-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Абайсызда жәбірленушінің өліміне не оның денсаулығына ауыр зиян келтіруге алып келген, жүктілікті жасанды үзуді заңсыз жүргізу -
белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып немесе онсыз, үш жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2020.07.07. № 361-VI ҚР Заңымен 320-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
320-бап. Медициналық көмек көрсетпеу
2018.12.07. № 180-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.07.07. № 361-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-бөлік өзгертілді
1. Қазақстан Республикасының заңдарына және (немесе) медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарттарына және (немесе) медициналық көмек көрсету қағидаларына сәйкес науқасқа медициналық көмек көрсетуге мiндеттi адамның дәлелсіз себептермен оны көрсетпеуi, егер бұл абайсызда науқастың денсаулығына ауырлығы орташа зиян келтiруге алып келсе, -
белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан екі жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, екі жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не елу тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.
2. Дәл сол іс-әрекет, егер ол абайсызда науқастың өлiміне не оның денсаулығына ауыр зиян келтiруге әкеп соқса, -
белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып, бес мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2020.07.07. № 361-VI ҚР Заңымен 321-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
321-бап. Медицина қызметкері құпиясын жария ету
2018.12.07. № 180-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Медицина жұмыскерінiң кәсiптiк немесе қызметтiк қажеттiлiксiз адамның бойында АИТВ бар екенi туралы мәлiметтердi хабарлау арқылы пациенттiң сырқаты немесе медициналық куәландыру нәтижелерi туралы мәлiметтердi жария етуi -
белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, бір жүз алпыс айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жүз алпыс сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не қырық тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.
2018.12.07. № 180-VІ ҚР Заңымен 2-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Медицина жұмыскерінiң кәсiптiк немесе қызметтiк қажеттiлiксіз пациенттiң сырқаты немесе медициналық куәландыру нәтижелерi туралы мәлiметтердi жария етуi, егер бұл іс-әрекет ауыр зардаптарға әкеп соқса, -
белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып немесе онсыз, төрт мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір мың сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не төрт жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
322-бап. Заңсыз медициналық және фармацевтикалық қызмет және есiрткi немесе психотроптық заттарды алуға құқық беретін рецептілердi немесе өзге де құжаттарды заңсыз беру не қолдан жасау
2018.12.07. № 180-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Медициналық немесе фармацевтикалық қызметпен осы қызмет түрiне сертификаты және (немесе) лицензиясы жоқ адамның айналысуы, егер бұл абайсызда адамның денсаулығына ауырлығы орташа зиян келтiруге әкеп соқса, -
белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан екі жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, екі жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не елу тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.
2018.12.07. № 180-VІ ҚР Заңымен 2-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Абайсызда адамның денсаулығына ауыр зиян келтiруге әкеп соққан дәл сол іс-әрекет -
белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып немесе онсыз, үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не сегіз жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, абайсызда адам өліміне әкеп соққан іс-әрекет -
белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып немесе онсыз, бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Осы баптың бiрiншi бөлiгінде көзделген, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан іс-әрекет -
белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып немесе онсыз, үш жылдан жеті жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2018.12.07. № 180-VІ ҚР Заңымен 5-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Есiрткi немесе психотроптық заттарды алуға құқық беретін рецептілердi немесе өзге де құжаттарды заңсыз беру не қолдан жасау -
белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып немесе онсыз, бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір мың екі жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен 323-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
323-бап. Жалған дәрілік заттармен немесе медициналық бұйымдармен жұмыс істеу
2018.12.07. № 180-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-бөлік өзгертілді
1. Жалған дәрілік заттарды немесе медициналық бұйымдарды өткізу мақсатында өндіру, дайындау немесе сақтау, сол сияқты қолдану немесе өткізу, егер бұл ауыр зардаптарға алып келсе, -
мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан екі жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, екі мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2018.12.07. № 180-VІ ҚР Заңымен 2-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Мынадай:
1) адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен;
2) бірнеше рет;
3) ірі мөлшерде жасалған дәл сол іс-әрекеттер -
мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, бес мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір мың екі жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, қылмыстық топ жасаған іс-әрекеттер -
мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан бес жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
13-тарау. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАР
324-бап. Шаруашылық немесе өзге де қызметке қойылатын экологиялық талаптарды бұзу
2018.12.07. № 180-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Табиғи ресурстарды пайдалану, кәсiпорындарды, құрылыстарды немесе өзге де объектiлердi жобалау, орналастыру, салу немесе реконструкциялау, пайдалануға беру немесе пайдалану, өнеркәсiп, энергетика, көлiк немесе байланыс объектiлерiн, ауыл шаруашылық мақсатындағы және мелиорация объектiлерiн пайдалану, қалаларды не басқа да елдi мекендердi салу кезiнде әскери немесе қорғаныс объектiлерiне, әскери немесе ғарыш қызметiне қойылатын экологиялық талаптарды бұзу, егер бұл іс-әрекет ірі экологиялық залал келтіруге әкеп соқса немесе әкеп соғуы мүмкін болса немесе адамның денсаулығына зиян келтірсе, -
белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан екі жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не сегіз жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, аса ірі экологиялық залал келтіруге не адам өліміне не адамдардың жаппай сырқаттануына әкеп соққан іс-әрекет -
белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, үш жылдан жеті жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
325-бап. Экологиялық тұрғыдан әлеуетті қауіпті химиялық немесе биологиялық заттармен жұмыс істеу кезінде экологиялық талаптарды бұзу
2018.12.07. № 180-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Экологиялық тұрғыдан әлеуетті қауіпті химиялық немесе биологиялық заттарды өндiру, тасымалдау, сақтау, көму, пайдалану немесе олармен өзге де жұмыс iстеу кезінде экологиялық талаптарды бұзу, егер бұл іс-әрекет айтарлықтай экологиялық залал келтіруге әкеп соқса немесе әкеп соғуы мүмкін болса немесе адамның денсаулығына зиян келтiрсе, -
бір жүз алпыс айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жүз алпыс сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не қырық тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.
2018.12.07. № 180-VІ ҚР Заңымен 2-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Ірі экологиялық залал келтірген не келтiру қатерін туғызған, сол сияқты төтенше экологиялық ахуал аумағында жасалған дәл сол іс-әрекет -
белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан екі жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не сегіз жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, аса ірі экологиялық залал келтіруге не адам өліміне не адамдардың жаппай сырқаттануына әкеп соққан іс-әрекеттер -
белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, екі жылдан жеті жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
326-бап. Микробиологиялық немесе басқа да биологиялық агенттермен немесе уытты заттармен жұмыс iстеу кезінде экологиялық талаптарды бұзу
2018.12.07. № 180-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Микробиологиялық немесе басқа да биологиялық агенттердi немесе уытты заттарды жинап қою, жою немесе көму кезiнде экологиялық талаптарды бұзу не оларды қайта өңдеу, сақтау немесе көму үшiн Қазақстан Республикасына заңсыз әкелу, егер бұл іс-әрекет айтарлықтай экологиялық залал келтіруге әкеп соқса немесе әкеп соғуы мүмкін болса немесе адамның денсаулығына зиян келтірсе, -
бір жүз алпыс айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жүз алпыс сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не қырық тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.
2018.12.07. № 180-VІ ҚР Заңымен 2-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Ірі экологиялық залал келтірген не келтіру қатерін туғызған, сол сияқты төтенше экологиялық ахуал аумағында жасалған дәл сол іс-әрекет -
белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан екі жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не сегіз жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, аса ірі экологиялық залал келтіруге не адам өлiмiне не адамдардың жаппай сырқаттануына әкеп соққан іс-әрекеттер - белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, үш жылдан жеті жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
327-бап. Ветеринариялық қағидаларды немесе өсiмдiктердiң аурулары мен зиянкестерiне қарсы күресу үшiн белгiленген қағидаларды бұзу
2018.12.07. № 180-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Ветеринариялық қағидаларды эпизоотиялардың таралуына немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан бұзу -
үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не сегіз жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2018.12.07. № 180-VІ ҚР Заңымен 2-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Өсiмдiктердiң аурулары мен зиянкестерiне қарсы күресу үшiн белгiленген қағидаларды ауыр зардаптарға әкеп соққан бұзу -
екі мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
328-бап. Суларды ластау, қоқыстау немесе сарқу
2018.12.07. № 180-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Жербетi немесе жерасты суларын, мұздықтарды, ауыз сумен жабдықтау көздерiн ластау, қоқыстау, сарқу не олардың табиғи қасиеттерiн өзге де өзгерту, егер бұл айтарлықтай экологиялық залал келтіруге әкеп соқса немесе әкеп соғуы мүмкін болса немесе адамның денсаулығына зиян келтірсе, -
бір жүз алпыс айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жүз алпыс сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не қырық тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.
2018.12.07. № 180-VІ ҚР Заңымен 2-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Ірі экологиялық залал келтірген не келтіру қатерін туғызған, сол сияқты ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда не төтенше экологиялық ахуал аумақтарында жасалған дәл сол іс-әрекеттер -
белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан екі жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не сегіз жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөлiктерiнде көзделген, аса ірі экологиялық залал келтіруге не адам өлiмiне не адамдардың жаппай сырқаттануына әкеп соққан іс-әрекеттер - белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, екі жылдан жеті жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
329-бап. Атмосфераны ластау
2018.12.07. № 180-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Экологиялық талаптарды бұзу салдарынан атмосфералық ауаны ластау немесе оның табиғи қасиеттерін өзге де өзгерту, егер бұл іс-әрекет ірі экологиялық залал келтіруге әкеп соқса немесе адамның денсаулығына зиян келтірсе, -
белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан екі жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не сегіз жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Аса ірі экологиялық залал келтіруге не адам өліміне не адамдардың жаппай сырқаттануына әкеп соққан дәл сол іс-әрекет - белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, үш жылдан жеті жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
330-бап. Теңiз ортасын ластау
2018.12.07. № 180-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Экологиялық талаптарды бұзу салдарынан теңіз ортасын ластау, егер бұл іс-әрекет ірі экологиялық залал келтіруге әкеп соқса немесе адамның денсаулығына зиян келтірсе, -
белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан екі жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не сегіз жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Аса ірі экологиялық залал келтіруге не адам өліміне не адамдардың жаппай сырқаттануына әкеп соққан дәл сол іс-әрекет - белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, үш жылдан жеті жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
331-бап. Қазақстан Республикасының континенттік қайраңы және Қазақстан Республикасының айрықша экономикалық аймағы туралы заңнаманы бұзу
2018.12.07. № 180-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Қазақстан Республикасының континенттік қайраңында заңсыз құрылыстар тұрғызу, олардың айналасына немесе Қазақстан Республикасының айрықша экономикалық аймағында қауiпсiздiк аймақтарын құру, сол сияқты құрылыстарды және теңiздегi кеме жүрісінің қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету құралдарын салу, пайдалану, күзету және салынғандарын жою қағидаларын бұзу -