Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне;
мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға;
салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсімдерін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органға беруі;
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 13) тармақшамен толықтырылды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 13) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
13) қылмыстық қудалау органына қылмыстық құқық бұзушылық туралы хабарлама жіберу кезінде мемлекеттік органның лауазымды адамының немесе ұйымда басқарушылық функцияларды атқаратын адамның растаушы құжаттар мен материалдар ретінде банк құпиясын құрайтын құжаттар мен мәліметтерді ұсынуы;
2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 14) тармақшамен толықтырылды; 2020.03.07. № 359-VI ҚР Заңымен 14) тармақша өзгертілді (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
14) жылжымайтын мүлікті иеліктен шығару туралы шартты нотариус жасайтын куәландыру бойынша жылжымайтын мүлікпен қолма-қол емес ақшасыз нысанда мәміле жасау үшін банк клиентіне ашылған эскроу-шоттағы ақшаның бар-жоғы және сомасы туралы ақпаратты банк клиентінің келісуімен нотариустың электрондық нысанда қалыптастырылған сұрау салуы бойынша банктің электрондық нысанда ұсынуы;
2020.03.07. № 359-VI ҚР Заңымен 15) тармақшамен толықтырылды (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2023.12.07. № 23-VІІІ ҚР Заңымен 15) тармақша өзгертілді (2023 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
15) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мемлекеттік кіріс органдары мен уәкілетті органға кәсіпкерлік субъектілерінің банктік шоттардан қолма-қол ақша алу қағидаларына сәйкес кәсіпкерлік субъектілерінің банктік шоттардан қолма-қол ақшаны белгіленген шекті мөлшерлерден асырып алуы туралы мәліметтер мен ақпаратты ұсынуы;
2023.12.07. № 23-VІІІ ҚР Заңымен 16) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
16) активтерді қайтару жөніндегі уәкілетті органның бірінші басшысы не оның міндетін атқаратын адам қол қойған, «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бекітілген тізілімнің үзінді-көшірмесі қоса берілген жазбаша сұрау салуы бойынша банктердің тізілімге енгізілген тұлғалар бойынша банк құпиясын құрайтын ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды беруі банк құпиясын жария ету болып табылмайды.
Осы тармақшаның ережелері:
өзіне қатысты сот шешімі бойынша қайта құрылымдау жүргізілген, дауыс беретін акцияларының 90 пайыздан астамы 2013 жылғы 31 желтоқсанда ұлттық басқарушы холдингке тиесілі;
бірігу арқылы қайта ұйымдастыру нәтижесінде осы бөліктің екінші абзацында көрсетілген банктің құқық мирасқоры болып табылатын банкке қолданылады.
2016.26.07. № 12-VІ ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
5. Банктік шоттардың бар екендігі және нөмiрлерi туралы анықтамалар шоттың (шоттардың) иесi қарыз алушы, кепiлдік берушi, кепілгер, лизинг алушы немесе кепiл берушi болып табылатын банкке кредит алынғанын растайтын, тізбесі мен ұсыну тәртібі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінде белгіленетін құжаттар ұсынылған жағдайда банктің сұратуы негізінде берiледi.
Банк сұратуды және кредит алынғанын растайтын құжаттарды қағаз жеткізгіште не электрондық нысанда жібере алады.
2016.28.12. № 36-VI ҚР Заңымен (ресми жарияланған күнінен кейін екі ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2017.06.05. № 63-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.25.12. № 122-VI ҚР Заңымен (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2017.26.12. № 124-VІ ҚР Заңымен (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2019.21.01. № 217-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 24 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.18.11. № 412-V ҚР Заңымен (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 6-тармақ өзгертілді
6. Заңды тұлғаның және (немесе) оның құрылымдық бөлімшесінің банк шоттарының, сондай-ақ заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғаның, жеке нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың, кәсіби медиатордың ағымдағы шоттарының бар-жоғы және нөмiрлерi туралы, осы шоттардағы ақша қалдықтары және ақша қозғалысы туралы анықтамалар мыналарға берiледi:
а) қылмыстық қудалау функциясын жүзеге асыратын мемлекеттік органдарға және лауазымды адамдарға: мөрмен расталған және прокурор санкциялаған жазбаша сұрау салу негізінде, олардың іс жүргізуінде жатқан қылмыстық істер бойынша;
б) соттарға:
сот ұйғарымы негiзiнде олар жүргiзiлiп, қаулысы, шешімі және үкімі негізінде олардың іс жүргізуінде жатқан iстер бойынша;
в) прокурорға: тексеру жүргiзу туралы қаулының негiзiнде, өз құзыретi шегiнде, өз қарауындағы материалдар бойынша;
в-1) прокурордың санкциясымен Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарына және Мемлекеттік күзет қызметіне - барлау және (немесе) нұқсан келтіру акцияларының алдын алу, оларды әшкерелеу және жолын кесу мақсатында;
г) 2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
д) мемлекеттік кіріс органдарына салықтық әкімшілендіру, кедендік бақылау мақсатында мыналарға:
тексерілетін заңды тұлғаға және (немесе) оның құрылымдық бөлімшесіне қатысты - салық салуға байланысты мәселелер бойынша;
тексерілетін жеке тұлғаға;
дара кәсіпкер, жекеше нотариус, адвокат, жеке сот орындаушысы, кәсіби медиатор ретінде тіркеу есебінде тұрған, тексерілетін жеке тұлғаға қатысты - салық салуға байланысты мәселелер бойынша;
Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген талап қоюдың ескіру мерзімінен аспайтын уақыт кезеңі үшін - дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінен шығарылған және қызметін оңайлатылған тәртіппен тоқтатқан жеке тұлғаға қатысты;
орналасқан жерінде іс жүзінде болмауы Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен расталған және Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген жағдайларда осындай мерзімді ұзарту кезеңін қоспағанда, Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген табыс ету мерзімінен кейін алты ай өткенге дейін салық есептілігін табыс етпеген заңды тұлғаға және (немесе) оның құрылымдық бөлімшесіне, дара кәсіпкерге, жекеше нотариусқа, жеке сот орындаушысына, адвокатқа, кәсіби медиаторға қатысты;
Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес қызметі тоқтатылған кезде салықтық міндеттемені орындау ерекшеліктері қолданылатын заңды тұлғаға, дара кәсіпкерге, жекеше нотариусқа, жеке сот орындаушысына, адвокатқа, кәсіпқой медиаторға қатысты;
әрекетсіз заңды тұлғаға, дара кәсіпкерге, жекеше нотариусқа, адвокатқа қатысты беріледі;
кедендік тексеру шеңберінде Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын тексерілетін заңды тұлғаға және (немесе) оның құрылымдық бөлімшесіне, дара кәсіпкерге қатысты;
пайда болған күнінен бастап төрт ай ішінде республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 10000 еселенген мөлшерінен асатын мөлшерде өтелмеген салық берешегі бар заңды тұлғаға, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесіне, дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлғаға қатысты;
д-1) мемлекеттік сот орындаушыларына: өздерінің іс жүргiзуіндегі атқарушылық іс жүргізу істері бойынша мемлекеттік сот орындаушысының әділет органының мөрімен расталған және прокурор санкциялаған қаулысы негiзiнде заңды тұлғаның және (немесе) оның құрылымдық бөлімшесінің банктік шоттарының бар-жоғы және нөмірлері туралы, осы шоттарда өндіріп алынатын сома шегінде ақшаның бар-жоғы туралы мәліметтер бөлігінде ғана;
д-2) жеке сот орындаушыларына: өздерінің іс жүргiзуіндегі атқарушылық іс жүргізу істері бойынша жеке сот орындаушысының жеке мөрімен расталған және прокурор санкциялаған қаулысы не жеке мөрмен расталған оның көшірмесі негізінде заңды тұлғаның және (немесе) оның құрылымдық бөлімшесінің банктік шоттарының бар-жоғы және нөмірлері туралы, осы шоттарда өндіріп алынатын сома шегінде ақшаның бар-жоғы туралы мәліметтер бөлігінде ғана;
д-3) прокурордың санкциясымен банкрот деп тану туралы заңды күшіне енген сот шешімі бар тұлғаға қатысты банкроттық және (немесе) оңалту туралы іс қозғалғанға дейінгі бес жыл ішіндегі кезең үшін оңалту және банкроттық саласындағы уәкiлеттi органға.
2017.26.12. № 124-VІ ҚР Заңымен (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2015.18.11. № 412-V ҚР Заңымен (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 6-1-тармақ өзгертілді
6-1. Жеке тұлғаның банк шоттарының бар-жоғы және нөмірлері туралы, осы шоттардағы ақша қалдықтары және қозғалысы туралы анықтамалар мемлекеттік кіріс органдарына мыналарға:
заңда белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Қазақстан Республикасы Парламентінің және мәслихаттың депутаттығына, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелігіне кандидат ретінде тіркелген адамға және оның жұбайына (зайыбына) қатысты;
мемлекеттік лауазымға не мемлекеттік немесе оларға теңестірілген функцияларды орындауға байланысты лауазымға кандидат болып табылатын адамға және оның жұбайына (зайыбына) қатысты;
өз өкілеттіктерін орындау кезеңінде мемлекеттік лауазым атқаратын адамға және осы кезеңде оның жұбайына (зайыбына) қатысты;
жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамға қатысты беріледі.
Осы тармақта, осы баптың 6-тармағының д) тармақшасында, 6-2-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көзделген мәліметтер мемлекеттік кіріс органының сұрау салуы негізінде тек салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысан бойынша салықтық әкімшілендіру мақсатында ғана Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша ұсынылады.
Осы баптың 6-2-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасында, 6-3 және 6-4-тармақтарында көзделген мәліметтер мемлекеттік кіріс органының сұрау салуы негізінде тек салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысан бойынша салықтық әкімшілендіру мақсатында ғана уәкілетті органмен келісу бойынша ұсынылады.
2015.18.11. № 412-V ҚР Заңымен 6-2-тармақпен толықтырылды (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді, 2026 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылады)
6-2. Банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органға оның сұрау салуы негізінде мынадай:
1) активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны ұсынуға міндетті жеке тұлғалардың банк шоттарының бар-жоғы, нөмірлері туралы және олардың осы шоттардағы ақша қалдықтары туралы;
2) сыйақыны қоса алғанда, өтеу сомаларын көрсете отырып, активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны ұсынуға міндетті жеке тұлғаларға берілген кредиттер туралы мәліметтерді ұсынады.
Осы тармақта көрсетілген мәліметтерді салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының салық заңнамасында айқындалған жеке тұлғаларда активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны ұсыну жөніндегі міндет туындаған жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша сұратады.
Салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органның осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген сұрау салуына активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны ұсыну жөніндегі міндет туындаған жеке тұлғалардың тізімі қоса берілуге тиіс.
2015.18.11. № 412-V ҚР Заңымен 6-3-тармақпен толықтырылды (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
6-3. Тексерілетін жеке тұлғаға берілген кредиттер туралы, оның ішінде сыйақыны қоса алғанда, өтеу сомалары көрсетілген мәліметтерді банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар мемлекеттік кіріс органдарының сұрау салулары бойынша Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес ұсынады.
Мемлекеттік кіріс органдары осы тармақта көрсетілген мәліметтерді тексерілетін тұлғаға салық салумен байланысты мәселелер бойынша салықтық әкімшілендіру мақсатында пайдаланады.
2015.18.11. № 412-V ҚР Заңымен 6-4-тармақпен толықтырылды (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
6-4. Жеке тұлғаның Қазақстан Республикасында тұрғын үй сатып алу үшін алынған ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақыны өтеуі туралы мәліметтерді беру бөлігіндегі банктік құпия мемлекеттік кіріс органдарының талабы негізінде ашылуы мүмкін. Мемлекеттік кіріс органдарының талабы банктердің немесе жекелеген банктік операциялар түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың кірістер мен мүлік туралы декларацияда көрсетілген ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақыны өтеу туралы мәліметтер беруіне жеке тұлға (шот иесі) келіскен жағдайда ресімделеді.
2016.30.11. № 26-VI ҚР Заңымен 6-5-тармақпен толықтырылды (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 6-5-тармақ өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
6-5. Банктік шоттарының бар-жоғы (ашылғаны), нөмірлері туралы және осы шоттардағы ақша қалдықтары, сондай-ақ өзге де мүліктің, оның ішінде металл шоттарда орналастырылған немесе басқарудағы мүліктің бар-жоғы, түрі және құны туралы мәліметтерді банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсімдерін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органға:
1) бейрезидент жеке тұлғаларға және бейрезидент заңды тұлғаларға, сондай-ақ бенефициарлық меншік иелері бейрезиденттер болып табылатын заңды тұлғаларға;
2) Қазақстан Республикасының халықаралық шартына сәйкес жолданған шет мемлекеттің уәкілетті органының сұрау салуында көрсетілген жеке және заңды тұлғаларға қатысты ұсынады.
Осы тармақта көрсетілген мәліметтерді ұсыну тәртібін, мерзімдерін және нысанын уәкілетті органмен және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсімдерін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган белгілейді.
2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2016.28.12. № 36-VI ҚР Заңымен (ресми жарияланған күнінен кейін екі ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2019.21.01. № 217-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 24 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.30.12. № 179-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 3 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 7-тармақ өзгертілді
7. Жеке тұлғаның банк шоттарының бар-жоғы және нөмiрлерi туралы, осы шоттардағы ақша қалдықтары мен ақша қозғалысы туралы анықтамалар, сондай-ақ оның банктiң сейф жәшiктерiнде, шкафтары мен үй-жайларында сақтаулы жатқан мүлкінің сипаты мен құны туралы қолда бар мәлiметтер мыналарға берiледi:
а) жеке тұлғаның өкiлдерiне:
нотариалды түрде куәландырылған сенімхат негiзiнде;
б) анықтау және алдын ала тергеу органдарына: олардың іс жүргiзуіндегі қылмыстық iстер бойынша, жеке тұлғаның шоттарда немесе банкте сақтаулы жатқан ақшасына және өзге де мүлкiне тыйым салынуы, олардан өндiрiп алу немесе мүлкiн тәркiлеу қолданылуы мүмкiн болатын жағдайларда, анықтау немесе алдын ала тергеу органының біріншi басшысы немесе тергеушісi қол қойған, мөрiмен расталған жазбаша сұрау салу не біріншi басшының немесе тергеушiнің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық нысандағы сұрау салу, прокурордың санкциясы, оның ішінде электрондық нысанда салынған санкциясы негiзiнде;
в) соттарға:
есепшоттарда немесе банкiде сақтаулы жатқан жеке тұлғаның ақшасы мен өзге де мүлкiне арест салынуы, олар өндiрiп алынуы немесе мүлкiн тәркiлеу қолданылуы мүмкiн болатын реттерде, соттың ұйғарымы, қаулысы, шешімі, үкімі негiзiнде олар жүргiзiп жатқан iстер бойынша;
г) прокурорға: қарауындағы материал бойынша оның құзыретi шегiнде, қағаз жеткізгіште немесе электрондық құжат нысанында ұсынылған тексеру жүргiзу туралы қаулының негiзiнде.
г-1) прокурордың санкциясымен Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарына және Мемлекеттік күзет қызметіне: барлау және (немесе) нұқсан келтіру акцияларының алдын алу, оларды әшкерелеу және жолын кесу мақсатында;
д) алынып тасталды
е) алынып тасталды
ж) мемлекеттік сот орындаушыларына: мемлекеттік сот орындаушысының әділет органының мөрімен расталған және прокурор санкциялаған қаулысының негізінде өздерінің іс жүргізуіндегі атқарушылық іс жүргізу істері бойынша борышкер жеке тұлғаның банк шоттарының бар-жоғы және нөмiрлерi туралы, осы шоттарда өндіріп алу сомасы шегіндегі ақшаның бар-жоғы туралы, ал ақша жеткіліксіз болған жағдайда атқарушылық іс жүргізу қозғалған кезден бастап осы шоттардағы ақша қозғалысы туралы және сейф жәшіктерінің бар-жоғы туралы мәліметтер бөлігінде ғана;
з) жеке сот орындаушыларына: жеке сот орындаушысының өз жеке мөрімен растаған және прокурор санкциялаған қаулысының негізінде өздерінің іс жүргізуіндегі атқарушылық іс жүргізу істері бойынша борышкер жеке тұлғаның банк шоттарының бар-жоғы және нөмiрлерi туралы, осы шоттарда өндіріп алу сомасы шегіндегі ақшаның бар-жоғы туралы, ал ақша жеткіліксіз болған жағдайда атқарушылық іс жүргізу қозғалған кезден бастап осы шоттардағы ақша қозғалысы туралы және сейф жәшіктерінің бар-жоғы туралы мәліметтер бөлігінде ғана;
и) төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімін немесе сот арқылы банкроттық рәсімін қолдану туралы іс қозғалған жеке тұлғаның банктік шоттарының бар-жоғы және нөмірлері, осы шоттардағы ақша қалдықтары туралы, сондай-ақ төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімін немесе сот арқылы банкроттық рәсімін қолдану туралы іс қозғалғанға дейінгі үш жыл ішіндегі кезеңде осындай шоттар бойынша ақша қозғалысы туралы мәліметтерді ұсыну туралы сұрау салу негізінде қаржы басқарушысына прокурордың санкциясымен беріледі. Өкілеттіктерді растау мақсатында сұрау салуға соттың рәсімді қолдану туралы іс қозғау жөніндегі ұйғарымы қоса беріледі.
к) «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген рәсімдерді қолдану туралы арыз берген азаматқа қатысты банктік шоттардың бар-жоғы және нөмірлері, осы шоттардағы ақша қалдықтары туралы, сондай-ақ сұрау салу берілгенге дейінгі үш жыл ішіндегі кезеңде осындай шоттар бойынша ақша қозғалысы туралы мәліметтерді ұсыну туралы сұрау салу негізінде Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы бойынша мемлекеттік басқару саласындағы уәкілетті органға беріледі.
2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2016.26.07. № 12-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 7-1-тармақ жаңа редакцияда; 2019.21.01. № 217-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 24 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 7-1-тармақ өзгертілді
7-1. Клиенттің банктік шоттарының бар-жоғы екендігі және нөмiрлерi, банктік шоттары бойынша ақша қалдықтары мен қозғалысы туралы осы баптың 6 және 7-тармақтарында көзделген анықтамалар уәкілетті органның, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сұратуы алынған күннен бастап үш операциялық күн ішінде қағаз жеткізгіште немесе электрондық нысанда ұсынылады.
Анықтама сот орындаушысының прокурор санкциялаған қаулысы атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы электрондық нысанда келіп түскен кезде электрондық құжат нысанында ұсынылуы мүмкін.
Клиенттің банктік шоттарының бар екендігі және нөмiрлерi, банктік шоттары бойынша ақша қалдықтары мен қозғалысы туралы қағаз жеткізгіште ұсынылатын анықтамалар клиенттiң банктік шоттары бойынша ақша қозғалысы туралы үзінді-көшірме нысанында жіберіледі және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде айқындалған мәліметтерді қамтиды.
Клиенттің банктік шоттарының бар екендігі және нөмiрлерi, банктік шоттары бойынша ақша қалдықтары және қозғалысы туралы анықтамалар осы баптың 6-тармағының а), б), в), д), д-1) және д-2) тармақшаларында, сондай-ақ 7-тармағының б), в), г), ж) және з) тармақшаларында аталған тұлғаларға қағаз жеткізгіштегі немесе электрондық нысандағы сұрату негізінде беріледі.
2017.06.05. № 63-VІ ҚР Заңымен 7-2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
7-2. Банк омбудсманына өзінің қарауында жатқан, қарыз алушы жеке тұлғалардың банктік қарыз шарттарынан туындайтын келіспеушіліктерді реттеу жөніндегі өтініштерін қарау бойынша банктік құпия ашылуы мүмкін.
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 8-тармақ жаңа редакцияда (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
8. Жеке тұлғаның банктік шоттарының бар-жоғы және нөмiрлерi және олардағы ақшаның қалдығы туралы анықтамалар, сондай-ақ банктiң сейф жәшiктерiнде, шкафтары мен үй-жайларында сақтаулы жатқан оның мүлкiнiң бар-жоғы, сипаты мен құны туралы қолда бар мәлiметтер, иесi қайтыс болған жағдайда мыналарға:
1) мұра өкiмiнде шот (мүлiк) иесi деп көрсетiлген адамдарға;
2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
2) сот ұйғарымы, қаулысы немесе нотариустың сұрау салуы негізінде, өздерінің іс жүргізуінде жатқан мұрагерлік істер бойынша соттар мен нотариустарға;
3) шетелдiк консулдық мекемелерге: олар жүргізіп жатқан мұрагерлiк iстер бойынша;
4) мұрагерлерге беріледі.
2015.13.11. № 400-V ҚР Заңымен 8-1-тармақпен толықтырылды
8-1. «Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жеке тұлғаның, оның ішінде кәсіпкерлік қызметін заңды тұлға құрмастан жүзеге асыратын жеке тұлғаның, жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың, кәсіби медиатордың банктік шоттарының болуы және нөмірлері туралы, жария ету субъектілерінің ақшаны жария ету үшін ашылған осы шоттардағы ақшаның қалдықтары мен қозғалысы туралы анықтама Бас Прокурордың немесе оның орынбасарларының санкциясымен анықтау және алдын ала тергеу органдарына, мемлекеттік кіріс органдарына беріледі.
9. алынып тасталды
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 10-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 10-тармақ өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
10. Уәкілетті орган «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының көрсетілген ұйымдарға банктік құпияны қамтитын ақпаратты аталған бапта көзделген шарттармен береді.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 38-2) тармақшасында көрсетілген ұйымдарға банк құпиясын қамтитын ақпаратты аталған бапта көзделген шарттармен береді.