2022.27.06. № 129-VII ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7) мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарын квоталау тәртібін әзірлейді және бекітеді;
2022.27.06. № 129-VII ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
8) мүгедектігі бар адамның жұмыс орнының стандарттарын әзірлейді және бекітеді;
9) мыналарды:
ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды;
бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды;
пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау тәртібін әзірлейді және бекітеді;
10) кәсіпкерлік бастамашылыққа жәрдемдесу бойынша шараларды ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібін әзірлейді және бекітеді;
11) жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдардың ерікті түрде қоныс аудару тәртібін әзірлейді және бекітеді;
2022.27.06. № 129-VII ҚР Заңымен 12) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
12) мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін арнаулы жұмыс орындарын құратын жұмыс берушілердің шығындарын субсидиялау тәртібі мен шарттарын әзірлейді және бекітеді;
2018.16.04. № 147-VІ ҚР Заңымен 12-1) тармақшамен толықтырылды
12-1) халықты жұмыспен қамту саласында көрсетілетін қызметтердің аутсорсингін ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
2018.16.04. № 147-VІ ҚР Заңымен 12-2) тармақшамен толықтырылды
12-2) халықты жұмыспен қамту саласында көрсетілетін қызметтердің аутсорсингі туралы шарттың үлгілік нысанын әзірлейді және бекітеді;
2018.16.04. № 147-VІ ҚР Заңымен 12-3) тармақшамен толықтырылды
12-3) халықты жұмыспен қамту саласында көрсетілетін қызметтердің аутсорсингіне қатысуға үміткер жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктеріне қойылатын біліктілік талаптарын әзірлейді және бекітеді;
2018.16.04. № 147-VІ ҚР Заңымен 13) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
13) білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша әлеуметтік кәсіптік бағдарлауды жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
14) әлеуметтік-еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесін қалыптастыруды қамтамасыз етеді;
2018.16.04. № 147-VІ ҚР Заңымен 15) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
15) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру парақтары, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары нысандарын әзірлейді және бекітеді;
16) халықты жұмыспен қамту орталығының үлгілік жарғысын әзірлейді және бекітеді;
2018.16.04. № 147-VІ ҚР Заңымен 16-1) тармақшамен толықтырылды
16-1) халықты жұмыспен қамту саласында бюджет қаражаты есебінен көрсетілетін қызметтерге арналған тарифтерді қалыптастыру әдістемесін және тарифтердің шекті деңгейін әзірлейді және бекітеді;
17) 2018.16.04. № 147-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
18) халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі аудандық (қалалық) және өңірлік комиссиялар туралы үлгілік ережелерді әзірлейді және бекітеді;
19) өңірлердің (аудандардың, қалалардың және облыстардың) жұмыспен қамту картасын қалыптастыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды әзірлейді және бекітеді;
7-баптың 20), 21), 22) және 23) тармақшалары 2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
2020.13.05. № 327-VІ ҚР Заңымен 20) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
20) жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру немесе ұзарту, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыру тәртібі мен шарттарын әзірлейді және бекітеді;
2018.16.04. № 147-VІ ҚР Заңымен 21) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
21) шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға өз бетін ше жұмысқа орналасу үшін оның біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтамаларды беру немесе ұзарту қағидаларын, шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін басым салалардың (экономикалық қызмет түрлерінің) және олардағы сұранысқа ие кәсіптердің тізбесін әзірлейді және бекітеді;
2020.13.05. № 327-VІ ҚР Заңымен 21-1) тармақшамен толықтырылды
21-1) мемлекеттік басқарудың тиісті саласына басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдармен келісу бойынша маусымдық шетелдік жұмыскерлердің еңбек қызметін жүзеге асыруы үшін кәсіптердің тізбесін әзірлейді және бекітеді;
2020.13.05. № 327-VІ ҚР Заңымен 22) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
22) Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға квота белгілеу және оны облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана арасында бөлу қағидаларын әзірлейді;
2020.13.05. № 327-VІ ҚР Заңымен 23) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
23) Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға квота белгілейді және оны Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана арасында бөледі;
2018.16.04. № 147-VІ ҚР Заңымен 24) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
24) жұмыспен қамтудың жеке картасының нысанын және оны жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
25) Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес ақпараттық жүйелердi қолдана отырып, электрондық қызметтер көрсетедi;
26) әлеуметтік келісімшарттың үлгілік нысандарын әзірлейді және бекітеді;
2018.16.04. № 147-VІ ҚР Заңымен 26-1) тармақшамен толықтырылды
26-1) халықты жұмыспен қамту саласында көрсетілетін қызметтердің аутсорсингі шеңберінде ұсынылатын, көрсетілетін қызметтердің тізбесін әзірлейді және бекітеді;
2018.16.04. № 147-VІ ҚР Заңымен 26-2) тармақшамен толықтырылды
26-2) мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды іске асыруға жауапты орталық және жергілікті атқарушы органдардың жұмыс орындарын құру мониторингін жүзеге асыру, жұмыс орындарын құру туралы мәліметтерді ұсыну қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
2018.16.04. № 147-VІ ҚР Заңымен 26-3) тармақшамен толықтырылды
26-3) жұмыс іздеп жүрген адамдарды, жұмыссыздарды тіркеу және халықты жұмыспен қамту орталықтары көрсететін еңбек делдалдығын жүзеге асыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
2018.26.12. № 203-VІ ҚР Заңымен 26-4) тармақшамен толықтырылды; 2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 26-4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
26-4) «Электрондық еңбек биржасы» мемлекеттік ақпараттық порталын қолдап отыруды ұйымдастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
2018.26.12. № 203-VІ ҚР Заңымен 26-5) тармақшамен толықтырылды
26-5) еңбек ресурстарын болжамдау ұлттық жүйесін қалыптастыру және оның нәтижелерін пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
27) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2018.16.04. № 147-VІ ҚР Заңымен 7-1-баппен толықтырылды
7-1-бап. Орталық атқарушы органдардың құзыреті
Мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды әзірлеуге және іске асыруға жауапты орталық атқарушы органдар жұмыс орындарын құру мониторингін жүзеге асырады және халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға тиісті мәліметтер ұсынады.
8-бап. 2022.03.01. № 101-VII ҚР Заңымен алып тасталды (2022 ж. 7 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
9-бап. Жергілікті атқарушы органдардың құзыреті
Жергілікті атқарушы органдар халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды:
1) халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесуді қамтамасыз ететін іс-шараларды өткізу;
2) халықты жұмыспен қамту мәселелері бойынша жергілікті органдарды үйлестіруді және оларға әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асыру;
3) кәсіпкерлік бастамашылықты дамыту арқылы жұмыс орындарын құруды қолдау;
4) жұмыс іздеп жүрген адамдарға, жұмыссыздарға әлеуметтік қорғау көрсету;
9-баптың 5) тармақшасы 2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
2020.13.05. № 327-VІ ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5) халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бөлген квота шегінде не квотадан тыс корпоративішілік ауыстыру шеңберінде жұмыс берушілерге өз аумағында және (немесе) басқа да әкімшілік-аумақтық бірліктерде еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсаттарды беру немесе ұзарту, сондай-ақ көрсетілген рұқсаттарды тоқтата тұру және кері қайтарып алу;
2022.27.06. № 129-VII ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6) ауыр жұмыстардағы, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу;
7) пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу;
8) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу;
9) ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квоталар белгілеу;
10) халықты жұмыспен қамту орталықтарының жарғысын бекіту;
2018.16.04. № 147-VІ ҚР Заңымен 10-1) тармақшамен толықтырылды
10-1) халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі аудандық (қалалық) және өңірлік комиссиялар туралы ережелерді бекіту;
2018.16.04. № 147-VІ ҚР Заңымен 10-2) тармақшамен толықтырылды
10-2) мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалар шеңберінде жұмыс орындарын құру мониторингін жүзеге асыру және халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға тиісті мәліметтер ұсыну;
2018.16.04. № 147-VІ ҚР Заңымен 10-3) тармақшамен толықтырылды
10-3) халықты жұмыспен қамту орталықтарының қызметіне Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасын сақтауы бойынша бақылауды жүзеге асыру;
11) жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдардың ерікті түрде қоныс аударуы үшін елді мекендерді айқындау;
12) Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде жүзеге асыру арқылы қамтамасыз етеді.
10-бап. Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органның құзыреті
Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті орган:
1) жұмыс күшіне қатысты бөлігінде сұраныс пен ұсынысты талдайды, болжайды, өңірдің еңбек нарығының жай-күйі туралы жергілікті атқарушы органдарға және халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға хабарлайды;
2) мемлекеттік, үкіметтік бағдарламалар және аумақтарды дамыту бағдарламалары, сондай-ақ жекеше сектор бастамалары шеңберінде іске асырылатын жобаларда сұранысқа ие мамандықтар бойынша ағымдағы бос орындар және құрылатын жұмыс орындарының болжамы туралы әлеуметтік-еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесінің дерекқорын қалыптастыруға қатысады;
3) осы Заңның 17-бабына сәйкес жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау және халықты жұмыспен қамту шараларын әзірлейді, халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын ұйымдастырады;
10-баптың 4) тармақшасы 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
2022.27.06. № 129-VII ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4) мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін арнаулы жұмыс орындарын құру жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
5) жергілікті атқарушы органдардың білім мәселелері жөніндегі құрылымдық бөлімшелерінен, білім жөніндегі ұйымдардан, кәсіптік оқытуды жүзеге асыратын білім беру қызметіне құқығы бар ұйымдардың жанындағы оқу орталықтарынан түлектердің жұмысқа орналасуы туралы мәліметтер, оқыту жүргізілетін кәсіптер (мамандықтар) туралы және нақты кәсіптер (мамандықтар) бойынша даярланған және даярлау жоспарланып отырған және бітіріп шығатын мамандар саны туралы ақпарат сұратады;
6) жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдардың ерікті түрде қоныс аударуы үшін елді мекендерді айқындау бойынша ұсыныстарды жергілікті атқарушы органдарға енгізеді;
7) халықты жұмыспен қамту орталықтарының жұмысын үйлестіреді;
8) жұмыс берушілерден кадрларға болжамды қажеттілік туралы ақпарат сұратады;
9) жұмыстан босату және жұмыс орындарын қысқарту қатері бар ұйымдардың мониторингін жүзеге асырады;
2018.16.04. № 147-VІ ҚР Заңымен 10) тармақшамен толықтырылды
10) осы Заңның 14-бабына сәйкес жұмыс іздеп жүрген адамдарды жұмыссыздар ретінде тіркейді.
2018.16.04. № 147-VІ ҚР Заңымен 11-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
11-бап. Халықты жұмыспен қамту орталығы
1. Халықты жұмыспен қамту орталығы:
1) халықты жұмыспен қамтудың жай-күйін бағалауды және дамуын болжауды, халықты еңбек нарығының жай-күйі туралы хабардар етуді жүзеге асырады;
2) осы Заңда көзделген жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын, сондай-ақ бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің қосымша шараларын іске асыруды жүзеге асырады;
2018.16.04. № 147-VІ ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) өтініш жасаған адамдарды осы Заңның 13-бабына сәйкес жұмыс іздеушілер ретінде тіркейді;
4) жұмысынан айырылған жағдайда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қаражаты есебінен әлеуметтік төлем тағайындау үшін тізбесін халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген қажетті құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады және оларды Мемлекеттік корпорацияға жібереді;
5) әлеуметтік кәсіптік бағдарлау бойынша қызметтер көрсетеді;
2018.16.04. № 147-VІ ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2021.12.10. № 67-VII ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
6) халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындаған тәртіппен, жұмыс іздеп жүрген адамдарды және жұмыссыздарды лайықты жұмыстың бар екендігі туралы міндетті түрде хабардар ете отырып, оларға лайықты жұмыс таңдауда жәрдемдеседі;
7) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорымен өзара iс-қимыл жасауды жүзеге асырады;
2020.13.05. № 327-VІ ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
8) бос орындардың есебін жүргізеді;
2018.16.04. № 147-VІ ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
9) жұмыспен қамтудың жеке картасын жүргізеді;
10) әлеуметтік келісімшарттар жасасады;
2018.16.04. № 147-VІ ҚР Заңымен 11) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
11) жұмыс іздеп жүрген адамдарға, жұмыссыздарға және өтініш жасаған өзге де адамдарға еңбек делдалдығын көрсетеді;
11-1) 2021.12.10. № 67-VII ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2018.16.04. № 147-VІ ҚР Заңымен 11-2) тармақшамен толықтырылды
11-2) тіркелген жұмыссыздарға қатысты бюджет қаражаты есебінен және көрсетілген қызметтер үшін олардан төлемақы алмай, халықты жұмыспен қамту саласында көрсетілетін қызметтердің аутсорсингін халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүзеге асырады;
2018.16.04. № 147-VІ ҚР Заңымен 11-3) тармақшамен толықтырылды
11-3) халықты жұмыспен қамту саласында көрсетілетін қызметтердің аутсорсингі туралы шарттың іске асырылу барысын мониторингтеуді және бақылауды жүзеге асырады;
2020.13.05. № 327-VІ ҚР Заңымен 11-4) тармақшамен толықтырылды
11-4) Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы азаматтарының қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы өтініштерін қабылдайды;
12) Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасында көзделген жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің өзге де шараларын көрсетеді.
2018.16.04. № 147-VІ ҚР Заңымен 2-тармақпен толықтырылды
2. Халықты жұмыспен қамту орталықтарының қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
2018.26.12. № 203-VІ ҚР Заңымен 11-1-баппен толықтырылды
11-1-бап. Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі өңірлік комиссия
1. Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі өңірлік комиссияны (бұдан әрі - өңірлік комиссия) облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) аумағында жергілікті атқарушы орган құрады.
2. Өңірлік комиссия облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті өкілді және атқарушы органдарының, облыс, республикалық маңызы бар қала, астана деңгейіндегі кәсіподақтардың аумақтық бірлестігінің және облыс, республикалық маңызы бар қала, астана өңірлік кәсіпкерлер палаталарының, өзге де мүдделі мемлекеттік органдардың және басқа да ұйымдардың өкілдерінен қалыптастырылады.
3. Өңірлік комиссия облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) аумағында орналасқан мемлекеттік органдардың және басқа да ұйымдардың халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын іске асыру және әлеуметтік көмек мәселелері бойынша қызметін үйлестіруді жүзеге асырады.
4. Өңірлік комиссияның қызметі халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларының тиімді іске асырылуын қамтамасыз етуге және оларды облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) аумағында жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды тұжырымдауға бағытталған.
2018.26.12. № 203-VІ ҚР Заңымен 11-2-баппен толықтырылды
11-2-бап. Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі аудандық (қалалық) комиссия
1. Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі аудандық (қалалық) комиссияны (бұдан әрі - аудандық (қалалық) комиссия) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) аумағында жергілікті атқарушы орган құрады.
2. Аудандық (қалалық) комиссия ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті өкілді және атқарушы органдарының, аудан, қала деңгейіндегі кәсіподақтардың аумақтық бірлестігінің және тиісті облыстардың, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың аудандарындағы өңірлік кәсіпкерлер палаталары филиалдарының, өзге де мүдделі мемлекеттік органдардың және басқа да ұйымдардың өкілдерінен қалыптастырылады.
3. Аудандық (қалалық) комиссия ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) аумағында орналасқан мемлекеттік органдардың және басқа да ұйымдардың, аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын іске асыру және әлеуметтік көмек мәселелері бойынша қызметін үйлестіруді жүзеге асырады.
4. Аудандық (қалалық) комиссияның қызметі халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларының тиімді іске асырылуын қамтамасыз етуге және оларды ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) аумағында жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды тұжырымдауға бағытталған.
3-тарау. ЖҰМЫССЫЗДЫҚ
12-бап. Лайықты жұмыс
1. Лайықты жұмыс тұрғылықты жерін өзгертумен байланысты жұмыс іздеп жүрген адамның немесе жұмыссыздың келісімімен ғана ұсынылуы мүмкін.
Тұрғылықты жерінен лайықты жұмысқа көлiктiң қолайлылығын, осы жердің қоғамдық көлік желілерінің дамуын ескере отырып, тиісті атқарушы орган айқындайды.
2. Бiрiншi рет жұмыс iздеп жүрген, бiрақ кәсiбi (мамандығы) жоқ, сондай-ақ екі жылдан артық жұмысы жоқ адамдар үшін алдын ала кәсiптiк даярлықты талап ететiн жұмысты, ал оны ұсыну мүмкін болмаған жағдайда адамдардың жас шамасы және өзге де ерекшеліктері мен Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, басқа ақы төленетін жұмысты (уақытша сипаттағы жұмысты қоса алғанда) лайықты жұмыс деп есептеуге болады.
2022.27.06. № 129-VII ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Мүгедектігі бар адам үшін – оның тұрмыс-тіршілігінің шектелу дәрежесін ескере отырып, оған қолжетімді болуы қамтамасыз етілген жағдайдағы жұмыс, ал жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдар үшін икемді және толық емес жұмыс уақыты режиміндегі жұмыс лайықты деп есептеледі.
4. Алдын ала даярлықты талап ететін немесе талап етпейтін (азаматтардың жас шамасы және өзге де ерекшелiктерiн ескере отырып) уақытша сипаттағы жұмыс:
1) бiрiншi рет жұмыс iздеп жүрген (бұрын жұмыс істемеген) және бұл ретте біліктілігі жоқ;
2) жазғы демалыс кезеңінде студенттер және жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушылары;
3) тоқтап тұруға байланысты жұмыспен қамтамасыз етілмеген адамдар;
4) ұзақ үзілістен (екі жылдан астам) кейін еңбек қызметін қайта жалғастыруға талпынғандар, сондай-ақ халықты жұмыспен қамту орталықтары оқуға жібергендер және дәлелсіз себеппен оқуын тоқтатқандар;
5) жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем аяқталғаннан кейін кәсіптік оқытудан немесе қосымша білім алудан бас тартқан адамдар арасынан бiрiншi рет жұмыс iздеп жүрген адамдарға және жұмыссыздарға сәйкес келеді деп есептеледі.
2018.16.04. № 147-VІ ҚР Заңымен 13-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
13-бап. Жұмыс іздеп жүрген адам
2021.12.10. № 67-VII ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Жұмысы және (немесе) табысы (кірісі) жоқ, лайықты жұмыс іздеп жүрген адам жұмысқа орналасуына жәрдемдесу үшін өтініш жасаған кезде тұрғылықты жері бойынша халықты жұмыспен қамту орталығында тікелей не «электрондық үкімет» веб-порталы немесе Мемлекеттік корпорация арқылы немесе «Электрондық еңбек биржасы» мемлекеттік ақпараттық порталы арқылы жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркеледі.
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Халықты жұмыспен қамту орталығы жұмыс іздеп жүрген адамға өтеусіз негізде жұмысқа орналасуға жәрдемдеседі, сондай-ақ халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен әлеуметтік кәсіптік бағдарлау және кәсіптік оқыту бойынша қызметтер көрсетеді.
2021.12.10. № 67-VII ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Жұмыс іздеп жүрген және халықты жұмыспен қамту орталығынан (кент, ауыл, ауылдық округ әкімінен) немесе «Электрондық еңбек биржасы» мемлекеттік ақпараттық порталы арқылы лайықты жұмыс туралы ұсыныс алған адам - халықты жұмыспен қамту орталығын, ал ауылдық елді мекенде тұратын адам - кент, ауыл, ауылдық округ әкімін ұсынылған лайықты жұмысқа келісетіні немесе одан бас тартатыны туралы халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындаған тәртіппен хабардар етуге тиіс.
2018.16.04. № 147-VІ ҚР Заңымен 14-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
14-бап. Жұмыссыздарды тіркеу
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Жұмыс іздеп жүрген адамды жұмыссыз ретінде тіркеу халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.
2. Жұмыс іздеп жүрген адамды жұмыссыз ретінде тіркеу оның деректері мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелері арқылы тексеріл геннен кейін жұмыспен қамтудың жеке картасына алынған мәліметтер енгізіле отырып жүзеге асырылады.
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Халықты жұмыспен қамту орталығы жұмыс іздеп жүрген адамға жұмыссыз ретінде тіркелген күні немесе тіркеуден бас тарту туралы халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен және мерзімдерде хабарлайды.
4. 2021.12.10. № 67-VII ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2021.12.10. № 67-VII ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5. Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органда тiркелген және халықты жұмыспен қамту орталығынан (кент, ауыл, ауылдық округ әкімінен) немесе «Электрондық еңбек биржасы» мемлекеттік ақпараттық порталы арқылы лайықты жұмыс туралы ұсыныс алған жұмыссыздар - халықты жұмыспен қамту орталығын, ал ауылдық елдi мекендерде тұратын жұмыссыздар - кент, ауыл, ауылдық округ әкiмiн ұсынылған лайықты жұмысқа келісетіні немесе одан бас тартатыны туралы халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындаған тәртіппен хабардар етуге тиіс.
6. Мыналар:
1) он алты жасқа толмаған;
2) еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін, оның ішінде жұмысты толық не толық емес жұмыс уақыты жағдайларында ақы үшін орындайтын немесе табыс (кіріс) әкелетін, ақы төленетін өзге де жұмысы бар;
3) «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 1-тармағында белгіленген зейнеткерлік жасқа толған;
2018.26.12. № 203-VІ ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)