1) туроператор үшiн - шарт жасасу кезіндегі айлық есептiк көрсеткiштiң төрт мыңнан кем емес және он мыңнан аспайтын мөлшерiнде;
2) турагент үшiн - шарт жасасу кезіндегі айлық есептiк көрсеткiштiң екi мыңнан кем емес және бес мыңнан аспайтын мөлшерiнде болады.
15-бап. Сақтандыру сыйлықақысының мөлшерi
Туроператордың немесе турагенттiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысының мөлшерi тараптардың келісімi бойынша белгiленедi және ол:
1) туроператор үшiн - шартта белгiленген сақтандыру сомасының 1 процентiнен кем емес және 2 процентiнен аспайтын мөлшерiнде;
2) турагент үшiн - шартта белгiленген сақтандыру сомасының 1,5 процентiнен кем емес және 2 процентiнен аспайтын мөлшерiнде болады.
16-бап. Сақтандыру сыйлықақысын төлеу тәртібі мен мерзiмдерi
1. Туроператордың немесе турагенттiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысын төлеу тәртібі мен мерзiмдерi тараптардың келісімiмен белгiленедi.
2. Егер туроператордың немесе турагенттiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартында өзгеше көзделмесе, онда кезектi сақтандыру жарнасының уақтылы төленбегенi үшiн сақтанушы сақтандырушыға Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде белгiленген тәртiппен және мөлшерде тұрақсыздық айыбын төлеуге мiндеттi.
5-тарау. Сақтандыру жағдайы және сақтандыру төлемі
17-бап. Сақтандыру жағдайы және сақтандыру төлемiнiң мөлшерiн айқындау
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
1. Туроператордың немесе турагенттің туристке туриске операторлық немесе туристiк агенттік қызметті жүзеге асыру кезiнде оның мүлiктiк және (немесе) өзге де мүдделерiне келтiрiлген зиянды өтеу жөнiндегi азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiнiң басталу фактici туроператордың немесе турагенттiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты бойынша сақтандыру жағдайы деп танылады.
2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Сақтандыру жағдайы туристің зиянды өтеу туралы талаптарын сақтанушы негізді деп мойындаған және сақтандырушы сақтанушының талаптарды мойындауымен келіскен кезден бастап басталған деп есептеледі.
Сақтанушы туристің зиянды өтеу туралы талабын негізді деп мойындамаған жағдайда, сақтандыру жағдайы сақтандырушы келтірген зиянды өтеу туралы соттың шешімі заңды күшіне енген кезден бастап басталған деп есептеледі.
3. Сақтандырушы сақтандыру төлемiнiң мөлшерiн осы Заңның 8-бабы 4-тармағының ережелерiн ескере отырып, туристiң талабының сомасына немесе келтiрiлген зиянды өтеу туралы соттың заңды күшiне енген шешiмiне сүйенiп айқындайды.
4. Сақтанушының залалдарды болғызбау немесе азайту мақсатында шеккен шығыстары, егер мұндай шығыстар қажеттi болса немесе сақтандырушының нұсқауларын орындау үшiн жұмсалған болса, тiптi егер тиiстi шаралар сәтсiз болса да, сақтандырушының өтеуiне жатады.
Мұндай шығыстар нақты мөлшерiнде өтеледi, алайда сақтандыру төлемiнiң және шығыстар өтемақысының жалпы сомасы туроператордың немесе турагенттiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартында көзделген сақтандыру сомасынан аспауы үшiн, егер шығыстар сақтанушы сақтандырушының нұсқауларын орындау нәтижесiнде туындаған болса, олар сақтандыру сомасына қатыссыз, толық мөлшерiнде өтеледi.
5. Туроператордың немесе турагенттiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты бойынша франшиза бiр сақтандыру жағдайы бойынша және әрбiр пайда алушы бойынша айлық есептiк көрсеткiштiң бес еселенген мөлшерiн құрайды. Келтiрiлген зиянның мөлшерi франшизаның белгiленген мөлшерiнен асып кеткен жағдайда, сақтандыру төлемi толық мөлшерде жүзеге асырылады.
Пайда алушының өмiрi мен денсаулығына келтiрiлген зиян үшiн сақтандыру төлемi франшиза қолданылмай жүзеге асырылады.
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 6-тармақпен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi)
6. Бір сақтандыру шарты бойынша сақтандыру төлемдерінің жалпы мөлшері сақтандыру шартында белгіленген сақтандыру сомасының мөлшерінен аспауға тиіс.
18-бап. Сақтандыру төлемiн жүзеге асырудың шарттары мен тәртібі
1. Сақтанушы не турист сақтандырушыға сақтандыру төлемi туралы талапты жазбаша нысанда сақтандыру төлемiн жүзеге асыру үшiн қажеттi құжаттарды қоса бере отырып қояды.
2. Сақтандыру төлемi туралы өтiнiшке мынадай құжаттар:
1) сақтандыру полисi;
2) туристiң зиянды өтеу туралы сақтанушы мойындаған талабы немесе туристiк қызметтер көрсету кезiнде сақтанушының келтiрген зиянды өтеу туралы соттың заңды күшiне енген шешiмiнiң көшiрмесi;
3) пайда алушы жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi немесе пайда алушының өкiлi - заңды тұлғаға берiлген сенiмхат;
4) сақтанушы мен туристiң арасында жасалған туристiк қызметтер көрсету шартының нотариат куәландырған көшiрмесi;
5) залалдарды болғызбау және азайту жөнiнде шаралар қолдануға байланысты шығыстарды растайтын құжаттар;
6) сақтандыру жағдайының басталу фактiсiн және пайда алушыға келтiрiлген зиянның мөлшерiн растайтын құжаттар қоса берiледi.
3. Құжаттарды қабылдаған сақтандырушы өтiнiш берушiге, табыс етiлген құжаттардың толық тiзбесiн және олар қабылданған күндi көpceтe отырып, анықтама беруге мiндеттi.
4. Сақтандырушының сақтандыру төлемiн жүзеге асырған кезде пайда алушыдан оның сақтандырушыға талап қою құқығын шектейтiн шарттарды қабылдауын талап етуге құқығы жоқ.
5. Сақтанушы туристiк қызметтер көрсетуге байланысты зиян келтiрген турист, ал турист қаза тапқан жағдайда - оның мұрагерлерi пайда алушы болып табылады.
Сондай-ақ сақтанушы немесе туристке (оның құқықтық мирасқорына) келтiрiлген зиянды осы Заңда белгiленген сақтандырушы жауапкершiлiгiнiң көлемi шегiнде өтеген және сақтандырушыдан өз шығындарын өтетуге құқық алған өзге тұлға да пайда алушы бола алады.
6. Сақтандырушы сақтандыру төлемiн осы баптың 2-тармағында көзделген құжаттарды алған күннен бастап жетi жұмыс күнiнен кешiктiрмей жасайды.
7. Сақтандыру төлемiнiң мөлшерiне туроператордың немесе турагенттiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартының тараптары немесе пайда алушы дауласқан жағдайларда, сақтандырушы сақтандыру төлемiн осы баптың 6-тармағында белгiленген мерзiм iшiнде, аталған тұлғалардың бiрде-бiрi дауласпаған бөлiгiнде жүзеге асыруға мiндеттi.
Сақтандыру төлемiнiң даулы бөлiгiн сақтандырушы соттың бiтiмгершiлiк туралы келісімi немесе, егер сот шешiмдi шұғыл түрде орындауды ұйғармаса, осы дау бойынша соттың шешiмi заңды күшiне енген күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде төлеуге тиiс.
8. Туроператордың немесе турагенттiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты қолданылатын кезеңде келтiрiлген зиян үшiн сақтандыру төлемi туралы талап сақтандырушыға сақтандыру жағдайы басталған кезден бастап үш жыл iшiнде қойылуы мүмкiн.
9. Сақтандыру төлемi уақтылы жүзеге асырылмаған кезде сақтандырушы пайда алушыға Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде белгiленген тәртiппен және мөлшерде тұрақсыздық айыбын төлеуге мiндеттi.
19-бап. Зиян келтiрген тұлғаға керi талап қою құқығы
1. Сақтандыру төлемiн жүзуге асырған сақтандырушының жүзеге асырылған сақтандыру төлемiнiң шегiнде сақтанушыға мынадай жағдайларда:
1) сақтанушының сақтандыру жағдайының туындауына бағытталған не оның басталуына ықпал ететiн қасақана iс-әрекеттерi;
2014.03.07. № 227-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) сақтанушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен сақтандыру жағдайымен себептiк байланыстағы қасақана қылмыстық не әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар деп танылған әрекеттердi жасаған;
3) сақтанушы сақтандыру жағдайынан болатын залалдарды азайту жөніндегі шараларды қасақана қолданбаған;
4) сақтанушы сақтандырушыға сақтандыру объектiсi, сақтандыру тәуекелi, сақтандыру жағдайы және оның салдарлары туралы көрiнеу жалған мәлiметтердi хабарлаған;
5) сақтанушы сақтандыру жағдайының басталуы үшiн жауапты тұлғаға өзiнiң талап қою құқығынан бас тартқан, сондай-ақ талап қою құқығының өтуi үшiн қажеттi құжаттарды сақтандырушыға беруден бас тартқан жағдайда керi талап қоюға құқығы бар.
2. Сақтандыру төлемiн жүзеге асырған сақтандырушыға төленген сома шегiнде, сақтандырушы сақтандыру нәтижесiнде өтеген залалдар үшiн жауапты тұлғаға сақтанушы қоятын кері талап қою құқығы өтедi.
20-бап. Сақтандырушыны сақтандыру төлемiн жүзеге асырудан босату негiздерi
1. Сақтандырушы, егер сақтандыру жағдайы:
1) туристiң сақтандыру жағдайының туындауына бағытталған не оның басталуына ықпал ететiн қасақана iс-әрекеттерiнiң;
2014.03.07. № 227-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) туристiң Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен сақтандыру жағдайымен себептi байланыстағы қасақана қылмыстық немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар деп танылған әрекеттерiнiң салдарынан болса, сақтандырушы сақтандыру төлемiн жүзеге асырудан толық немесе iшiнара бас тартуға құқылы.
2. Сақтандырушының сақтандыру төлемiн жүзеге асырудан бас тартуы үшiн:
1) сақтанушының залал келтiруге кiнәлi тұлғадан залалдың тиiстi өтемiн алуы;
2) 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3) еңсерiлмейтiн күш жағдайлары;
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
4) сақтанушы осы Заңның 18-бабының 2-тармағына сәйкес сақтандырушыға сақтандыру төлемi туралы өтiнiшке қоса берiлетiн құжаттарды толық көлемде бермеуі;
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi)
5) сақтандырушының сақтандыру сомасы мөлшерінде сақтандыру төлемін жүзеге асыруы;
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi)
6) Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 839-бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген негіздер негіз бола алады.
3. 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
4. Сақтандырушы сақтандыру төлемiнен бас тарту үшiн негiздер бар кезде, осы Заңның 18-бабында көзделген құжаттарды алған күннен бастап жетi жұмыс күнi iшiнде сақтандыру төлемi туралы өтiнiш берген тұлғаға бас тарту себептерiнiң уәждi негiздемесi келтiрiлген сақтандыру төлемiнен толық немесе iшiнара бас тарту туралы тиiстi шешiмдi жазбаша нысанда жiберуге мiндеттi.
5. Сақтандырушының осы бапта көзделмеген негiздер бойынша сақтандыру төлемiнен бас тартуға құқығы жоқ.
6-тарау. Қорытынды ережелер
21-бап. Дауларды қарау тәртібі
Туроператордың немесе турагенттiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартынан туындайтын даулар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен қаралады.
22-бап. Туроператордың немесе турагенттiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы Қазақстан Республикасының заңдарын бұзғаны үшiн жауаптылық
Туроператордың немесе турагенттiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы Қазақстан Республикасының заңдарын бұзуға кінәлі тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.
Қазақстан Республикасының