20-4-баптың 4-тармағының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Қазақстан Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының қызметшілері өздерінің лауазымдық өкілеттіктеріне орай қаржы ұйымдарының, олардың филиалдары мен үлестес тұлғаларының, Қазақстанның Даму Банкінің, бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалардың, бағалы қағаздар нарығының өзге де субъектілерінің, бағалы қағаздар эмитенттерінің, кредиттік бюролардың, банк холдингтерінің, банк конгломераттарының, банктің ірі қатысушыларының, сақтандыру холдингтерінің, сақтандыру топтарының, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру ұйымдары мәжбүрлеп таратылған жағдайда сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның ірі қатысушыларының, сақтандыру нарығында актуарлық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясы бар актуарийлердің, арнайы қаржы компанияларының, ислам арнайы қаржы компанияларының, инвестициялық қорлардың, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушыларының, банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының, банк холдингінің, сақтандыру холдингінің ірі қатысушысы белгілері бар тұлғалардың, кәсіби ұйымдардың, микроқаржы ұйымдарының, коллекторлық агенттіктердің, төлем жүйелеріне қатысушылардың, төлем жүйелері операторлары мен операциялық орталықтарының, оның ішінде олармен жасалған шарт бойынша төлем жүйесінің жұмыс істеуі үшін қызметтер көрсетуге уәкілеттік берілген кез келген өзге де тұлғаның, көрсетілетін төлем қызметтерін берушілердің, оның ішінде олармен жасалған шарт бойынша төлем қызметтерін көрсету жөніндегі функцияларды жүзеге асыруға уәкілеттік берілген кез келген өзге де тұлғаның, сондай-ақ валюталық операцияларды жүзеге асыратын тұлғалардың, банктердің уақытша әкімшіліктерінің (уақытша әкімшілерінің), тарату комиссияларының, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының (бұдан әрі - тексерілетін субъект) қызметіне тексерулерді жүзеге асырған жағдайда, лауазымдық өкілеттіктерін нақты және бейтарап орындауына кедергі келтіруі мүмкін барлық мән-жай туралы, оның ішінде:»;
7-тармақ 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
7. «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» 1995 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 3-4, 35-құжат; № 15-16, 109-құжат; № 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 1, 180-құжат; № 14, 274-құжат; 1997 ж., № 12, 183-құжат; 1998 ж., № 5-6, 50-құжат; № 17-18, 224-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 63, 64-құжаттар; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 1-құжат; № 8, 52-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 18, 157-құжат; 2003 ж., № 4, 25-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 5, 30-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 10, 52-құжат; № 15, 95-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; 2008 ж., № 12, 52-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 129-құжаттар; 2009 ж., № 24, 122, 125-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 17, 136-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 22-VІ, 159-құжат; № 23-І, 169-құжат; 2016 ж., № 24, 124-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 22-ІІІ, 109-құжат):
14-баптың үшінші бөлігіндегі «Шаруашылық серіктестігіне қатысушылардың тізілімін жүргізуді бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушы жүзеге асыратын шаруашылық серіктестіктерін» деген сөздер «Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылардың тізілімін жүргізуді орталық депозитарий жүзеге асыратын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді» деген сөздермен ауыстырылсын.
8. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 15-16, 106-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 184-құжат; № 15, 281-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 5, 58-құжат; № 13-14, 205-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 11-12, 176-құжат; № 17-18, 224-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 9, 86-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 5, 31-құжат; № 10, 51-құжат; № 11, 56, 67-құжаттар; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 15, 86-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 140-құжат; 2005 ж., № 7-8, 24-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 11, 55-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28, 33-құжаттар; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18, 21-құжаттар; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 13, 91-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; № 15, 76-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 6, 27-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 94, 96-құжаттар; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 13, 68-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 20-VІІ, 115-құжат; № 21-ІІ, 130-құжат; № 21-ІІІ, 137-құжат; № 22-І, 140, 143-құжаттар; № 22-ІІІ, 149-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VІ, 159-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-ІІ, 55-құжат; № 8-І, 65-құжат; № 12, 87-құжат; № 22, 116-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 9, 21-құжат; № 13, 45-құжат; № 21, 98-құжат; № 22-ІІІ, 109-құжат; № 23-ІІІ, 111-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 жылғы 28 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2018 жылғы 24 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 17-2-баптың 4-тармағында:
бірінші бөлікте:
3) тармақшада:
«акцияларды» деген сөз «акциялар шығарылымын» деген сөздермен ауыстырылсын;
8-тармақтың 10) тармақшасының бесінші абзацы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
«тіркеуші мен» деген сөздер алып тасталсын;
екінші бөлікте:
«акцияларды» деген сөз «акциялар шығарылымын» деген сөздермен ауыстырылсын;
«күннен бастап» деген сөздер «күннен кейін» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 26-баптың 1-тармағының үшінші бөлігі «банктердің» деген сөзден кейін «және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың» деген сөздермен толықтырылсын;
3) 30-бапта:
2-тармақтың 8) тармақшасы «ипотекалық ұйымның» деген сөздерден кейін «, банк болып табылмайтын, бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымның» деген сөздермен толықтырылсын;
6-1-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Банктер болып табылмайтын, бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдар Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасында айқындалған тәртіппен уәкілетті органның тиісті лицензиялары негізінде банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыруға құқылы.»;
13-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген банк операцияларын орталық депозитарий, банктер болып табылмайтын, бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдар Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасында айқындалған ерекшеліктерді ескере отырып жүзеге асыра алады.».
9-тармақ 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
9. «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» 1998 жылғы 22 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 5-6, 49-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2002 ж., № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; № 24, 178-құжат; 2004 ж., № 5, 30-құжат; 2005 ж., № 14, 58-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24, 25-құжаттар; № 8, 45-құжат; 2007 ж., № 4, 28-құжат; № 20, 153-құжат; 2008 ж., № 13-14, 56-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16-құжат; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; 2011 ж., № 1, 9-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-VІІ, 117-құжат; № 22-VІ, 159-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 8-ІІ, 70-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; 2018 жылғы 28 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2018 жылғы 24 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 12-баптың 1-тармағының 4) тармақшасындағы «тіркеушіге» деген сөз «орталық депозитарийге» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 16-1-бапта:
тақырыптағы «тіркеуші» деген сөз «орталық депозитарий» деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақта:
бірінші бөліктегі «бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысымен (тіркеушімен) серіктестікке қатысушылардың тізілімін жүргізуге шарт» деген сөздер «бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын орталық депозитариймен серіктестікке қатысушылардың тізілімін жүргізуге арналған шартты» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші және үшінші бөліктердегі «тіркеуші» деген сөз «орталық депозитарий» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылар тізілімін қалыптастыру, жүргізу және сақтау тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленеді.»;
3) 17-баптың 2-тармағының бірінші бөлігінде:
2) және 6) тармақшалардағы «тіркеуші» деген сөз тиісінше «орталық депозитарий» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 19-бапта:
4-1-тармақта:
бірінші абзацтағы «тіркеуші» деген сөз «орталық депозитарий» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) тармақша «адам» деген сөзден кейін «және орталық депозитарий» деген сөздермен толықтырылсын;
5) 22-баптың 1-1-тармағындағы «тіркеуші» деген сөз «орталық депозитарий» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 29-баптың 3-тармағындағы «Тіркеуші», «тіркеушінің» деген сөздер тиісінше «Орталық депозитарий», «орталық депозитарийдің» деген сөздермен ауыстырылсын;
7) 32-баптың 1-тармағының екінші бөлігіндегі «тіркеуші» деген сөз «орталық депозитарий» деген сөздермен ауыстырылсын;
8) 46-баптың 1-1-тармағының үшінші бөлігіндегі «тіркеуші» деген сөз «орталық депозитарий» деген сөздермен ауыстырылсын.
10. «Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 22, 406-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; № 12, 85-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; 2005 ж., № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 25-құжат; № 8, 45-құжат; № 13, 85-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28, 33-құжаттар; № 8, 52-құжат; № 18, 145-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 94-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 15, 78-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 22-І, 143-құжат; № 22-ІІІ, 149-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VІ, 159-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 22-ІІІ, 109-құжат; 2018 ж., № 1, 4-құжат):
1) 3-бапта:
1-1), 1-2) және 13) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«1-1) актуарий - уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген актуарийлерді оқытудың ең төмен міндетті бағдарламасы бойынша емтихан тапсырған жеке тұлға;
1-2) актуарийлер бірлестігі - актуарийлердің ерікті мүшелігіне негізделген, өз мүшелерінің мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету, олардың кәсіби қызметіне жағдай жасау және өзге де функцияларды орындау үшін құрылған өзін-өзі реттейтін ұйым;»;
«13) ортақ сақтандыру (бірлескен қайта сақтандыру) - бір мезгілде бірнеше сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен ортақ сақтандыру (бірлескен қайта сақтандыру) шарты бойынша сақтандыру тәуекелдерін өздерінің арасында жасалған бірлескен қызмет туралы шартқа сәйкес жауапкершіліктерін бөле отырып қабылдауына байланысты туындайтын қызмет және соған байланысты қатынастар;»;
мынадай мазмұндағы 13-1) тармақшамен толықтырылсын:
«13-1) ортақ сақтандыру (бірлескен қайта сақтандыру) шарты - сақтандыру (қайта сақтандыру) пулына қатысушылардың бірлескен қызметі туралы шарт шеңберінде сақтандыру (қайта сақтандыру) пулына қатысушылар мен сақтанушы (цедент) арасында жасалатын сақтандыру (қайта сақтандыру) шарты;»;
17) және 18-3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«17) сақтандыру брокері - сақтанушының тапсырмасы бойынша сақтандырушымен сақтандыру шарттарын жасасуға және орындауға байланысты қатынастарда сақтанушының атынан өкілдік ететін немесе сақтанушының тапсырмасы бойынша сақтандыру шарттарын және (немесе) қайта сақтанушының (цеденттің) тапсырмасы бойынша қайта сақтандыру шарттарын жасасу бойынша өз атынан делдалдық қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;»;
«18-3) сақтандыру (қайта сақтандыру) пулы - қатысушылары арасында белгілі бір мерзімге жасалған бірлескен қызмет туралы шарттың негізінде сақтандырудың жекелеген сыныптары (түрлері) немесе белгілі бір сақтандыру тәуекелдері бойынша сақтандыру қызметін бірлесіп жүзеге асыратын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының бірлестігі;»;
отызыншы абзацтағы «18-3» деген цифрлар «18-4» деген цифрлармен ауыстырылсын;
21) тармақша алып тасталсын;
29) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«29) тәуелсіз актуарий - осы Заңның талаптарына сай келетін және актуарийдің есеп-қисаптарына бағалау жүргізу үшін тартылатын жеке тұлға;»;
30) тармақша алып тасталсын;
2) 5-1-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктері мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға Қазақстан Республикасының резиденттері - жеке және заңды тұлғалардан Қазақстан Республикасы бейрезиденттерінің пайдасына сақтандыру сыйлықақыларын (жарналарын) төлеуге байланысты төлемдерді және ақша аударымдарын жүзеге асыруға тыйым салынады.»;
3) 6-бапта:
10-тармақтың 3) тармақшасының екінші - сегізінші абзацтары 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
3-тармақта:
мынадай мазмұндағы 6-1), 11-1) және 11-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«6-1) ғарыш объектілерін сақтандыру;»;
«11-1) ғарыш объектілері иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;
11-2) кәсіби жауапкершілікті сақтандыру;»;
12) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«12) осы тармақтың 9), 10), 11), 11-1) және 11-2) тармақшаларында көрсетілген сыныптарды қоспағанда, азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру;»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Сақтандырудың жекелеген сыныбын (түрін) жүргізу шарттары бойынша қосымша талаптар, оның ішінде сақтандырудың жекелеген сыныптары (түрлері) шеңберіндегі пруденциалдық нормативтер уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді.»;
мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:
«7. Жүктелген сақтандыру міндетті сақтандыру түрін білдіреді, бұл ретте міндетті сақтандыру туралы талап, сақтандырудың түрлері мен ең төмен шарттары (оның ішінде, сақтандыру объектісі, сақтандыру тәуекелдері және сақтандыру сомаларының ең төмен мөлшерлері) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленеді, ал сақтандырудың өзге де шарттары мен тәртібі тараптардың келісімімен айқындалады.
Жүктелген сақтандыру осы Заңның 6-бабының 3-тармағында көрсетілген бір немесе бірнеше сақтандыру сыныбы шегінде жүзеге асырылады және сақтандырудың жекелеген сыныбы болып табылмайды.»;
4) 7-бапта:
10-тармақтың 4) тармақшасының екінші -оныншы абзацтары 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
«5-1. Ғарыш объектілерін сақтандыру ғарыш объектісін иеленуге, пайдалануға, оған билік етуге байланысты тұлғаның мүліктік мүдделеріне оның бүлінуі немесе жойылуы салдарынан келтірілген залалды ішінара немесе толық өтеу мөлшерінде сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру көзделетін сақтандыру түрлерінің жиынтығын білдіреді.»;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Осы Заңның 6-бабы 3-тармағының 9), 10) және 11) тармақшаларында көзделген, көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру тасымалдаушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігін қоса алғанда, залалды өтеуге міндетті тұлға көлік құралын пайдалануы салдарынан келтірген залалды ішінара немесе толық өтеу мөлшерінде үшінші тұлғаларға сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру көзделетін сақтандыру түрлерінің жиынтығын білдіреді.»;
мынадай мазмұндағы 8-1 және 8-2-тармақтармен толықтырылсын:
«8-1. Ғарыш объектілері иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру ғарыш объектісін пайдалануына байланысты залалды өтеуге міндетті тұлға келтірген залалды ішінара немесе толық өтеу мөлшерінде үшінші тұлғаларға сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру көзделетін сақтандыру түрлерінің жиынтығын білдіреді.
8-2. Кәсіби жауапкершілікті сақтандыру арнайы рұқсат (лицензия, хабарлама) негізінде жүргізілетін және (немесе) арнаулы білімді, тәжірибені және (немесе) біліктілікті талап ететін кәсіби қызмет процесіндегі немесе нәтижесіндегі қате әрекеттер (әрекетсіздік) және (немесе) олқылықтар салдарынан үшінші тұлғаларға зиян келтіруге байланысты залалды ішінара немесе толық өтеу мөлшерінде сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру көзделетін азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру түрін білдіреді.»;
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру, осы Заңның 6-бабы 3-тармағының 9), 10), 11), 11-1) және 11-2) тармақшаларында көрсетілгендерді қоспағанда, залалды өтеуге міндетті сақтанушы барлық тәуекелді сақтандыру салдарынан келтірген залалды ішінара немесе толық өтеу мөлшерінде үшінші тұлғаларға сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру көзделетін сақтандыру түрлерінің жиынтығын білдіреді.»;
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Ипотекалық сақтандыру ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша кепіл мүлкін өткізгеннен кейін қарыз алушының ипотекалық тұрғын үй қарызы шарты бойынша міндеттемелерді орындамауы салдарынан кредитордың мүліктік мүдделеріне келтірілген залалды ішінара немесе толық өтеу мөлшерінде сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру көзделетін сақтандыру түрін білдіреді.»;
5) 9-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«9-бап. Қайта сақтандыру жөніндегі қызмет
1. Қазақстан Республикасының аумағында қайта сақтандыруды жүзеге асыру жөніндегі қызмет осы Заңда көзделген тәртіппен лицензиялауға жатады.
2. Сақтандыру ұйымы қайта сақтандыру жөніндегі лицензиясыз сақтандыру тәуекелдерін қайта сақтандыруға беруді жүзеге асырады.
3. Сақтандыру ұйымы қайта сақтандыру жөніндегі лицензия болған кезде ғана сақтандыру тәуекелдерін қайта сақтандыруға қабылдауға құқылы.
4. «Жалпы сақтандыру» саласы бойынша лицензиясы бар сақтандыру ұйымы қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру сыныбын қоспағанда, «жалпы сақтандыру» саласы бойынша оның лицензиясында көрсетілген сақтандырудың барлық сыныбы бойынша қайта сақтандыру жөніндегі лицензияны алуға және қызметті жүзеге асыруға құқылы.
5. «Өмірді сақтандыру» саласы бойынша лицензиясы бар сақтандыру ұйымы осы Заңның 8-бабының 3-тармағында көзделген сыныптарды біріктіруді ескере отырып, «өмірді сақтандыру» саласы бойынша оның лицензиясында көрсетілген сақтандырудың барлық сыныбы бойынша қайта сақтандыру жөніндегі лицензияны алуға және қызметті жүзеге асыруға құқылы.
6. Осы баптың 4 және 5-тармақтарында белгіленген талаптар Қазақстан Республикасының бейрезиденттері - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарымен жасалатын қайта сақтандыру шарттарына қолданылмайды.
Қайта сақтандыру жөніндегі лицензия негізінде қызметтің айрықша түрі ретінде қайта сақтандыруды жүзеге асыратын қайта сақтандыру ұйымы «өмірді сақтандыру» және «жалпы сақтандыру» салаларында сақтандырудың барлық сыныбы бойынша қайта сақтандыруды жүзеге асыруға құқылы.
7. Цедент сақтандыру тәуекелдерін қайта сақтандыруға берген кезде цедентте қайта сақтандыру ұйымының қайта сақтандыруға (акцептке) тәуекелдерді қабылдағаны туралы, қайта сақтандыру талаптарының барлығы көрсетілген жазбаша нысандағы растамасының болуы міндетті.
8. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сақтандыру тәуекелдерін Қазақстан Республикасының бейрезиденттері - тыйым салынған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының тізіліміне енгізілген Қазақстан Республикасының бейрезиденттері - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына қайта сақтандыруға беруге құқылы емес.
Қазақстан Республикасының бейрезиденттері - тыйым салынған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының тізіліміне енгізу үшін мыналар:
1) Қазақстан Республикасының резиденті - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сот шешімімен қанағаттандырылған (қайта сақтандыру төлемін жүзеге асырудан бас тартқан немесе оны толық көлемде жүзеге асырмаған жағдайда) қайта сақтандыру төлемін жүзеге асыру туралы талабын Қазақстан Республикасының бейрезиденті - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының орындамау фактісінің болуы;
2) Қазақстан Республикасының бейрезиденті - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уәкілетті органға қабылданған тәуекелдер, сыйлықақылар көлемі және жасалған қайта сақтандыру шартының елеулі талаптары туралы мәліметтерді ұсынбау, сол сияқты анық емес не толық емес мәліметтерді ұсыну фактісінің болуы негіз болып табылады.
Қазақстан Республикасының бейрезиденттері - тыйым салынған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының тізілімі уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады.
Қазақстан Республикасының бейрезиденттері - тыйым салынған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының тізілімін жүргізу тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
10-тармақтың 5) тармақшасының он жетінші абзацы 2020 ж. 16 желтоқсанға дейін қолданылады
9. Қазақстан Республикасының бейрезиденті - сақтандыру брокерінің Қазақстан Республикасының аумағында уәкілетті органның лицензиясы негізінде сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыратын еншілес ұйымы болған жағдайда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сақтандыру тәуекелдерін Қазақстан Республикасының бейрезиденті - сақтандыру брокерінің делдалдығы арқылы Қазақстан Республикасының бейрезиденті - қайта сақтандыру ұйымына қайта сақтандыруға бере алады. Уәкілетті органның лицензиясы негізінде сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының бейрезиденті - сақтандыру брокерінің еншілес ұйымы уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісіне сәйкес, Қазақстан Республикасының бейрезиденті - осы сақтандыру брокерінің делдалдығы арқылы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы жасасқан қайта сақтандыру шарттары туралы есепті уәкілетті органға ұсынады.