үшінші бөліктің екінші абзацындағы «он бес» деген сөздер «бес» деген сөзбен ауыстырылсын;
төртінші бөлік алып тасталсын;
бесінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Оңалту және банкроттық саласындағы уәкiлеттi органға банкроттық рәсiмiнiң жүзеге асырылу барысы туралы ағымдағы және сұралатын ақпаратты беру мiндетiн орындамау не тиiсiнше орындамау -
ескерту жасауға алып келеді.»;
алтыншы бөліктің екінші абзацындағы және жетінші бөліктің екінші абзацындағы «он бес» деген сөздер «бес» деген сөзбен ауыстырылсын;
сегізінші бөлік алып тасталсын;
тоғызыншы бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Банкроттың лауазымды адамдарынан құрылтай құжаттарын, есепке алу құжаттамасын, банкроттың мүлкіне құқық белгілейтін құжаттарды, мөрлерді (олар болған кезде), мөртабандарды, банкротқа тиесілі материалдық және өзге де құндылықтарды қабылдау міндетін орындамау не тиісінше орындамау -»;
оныншы бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Борышкерді банкрот деп тану туралы сот шешімінің күші жойылған жағдайда, өкiлеттiктердi уақытша басқарушыдан банкроттықты басқарушыға немесе борышкерге беру кезінде құрылтай құжаттарын, есепке алу құжаттамасын, банкроттың (борышкердің) мүлкіне құқық белгілейтін құжаттарды, мөрлерді (олар болған кезде), мөртабандарды, банкротқа (борышкерге) тиесілі материалдық және өзге де құндылықтарды беру міндетін орындамау не тиісінше орындамау -»;
он бірінші бөлікте:
бірінші абзацтағы «борышкер мүлкiнiң меншiк иесiнiң» деген сөздер «банкрот - дара кәсіпкердің, банкрот - заңды тұлға мүлкі меншiк иесiнiң (ол уәкілеттік берген органның), құрылтайшысының (қатысушысының)» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«ескерту жасауға алып келеді.»;
он екінші бөліктің екінші абзацындағы «елу» деген сөз «отыз» деген сөзбен ауыстырылсын;
он үшінші бөлік алып тасталсын;
он төртінші және он бесінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
«14. Құны банкроттықты басқарушы тағайындалғанға дейінгі мерзім ішінде елеулі төмендейтін мүлікті (жедел өткізуді қажет ететін тез бұзылатын тауарлар, мал және басқа да тауарлар) сатуды «Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіпті бұза отырып жүзеге асыру -
он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.
15. Осы баптың бiрiншi, екінші және он екінші бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсiздiк) -
алпыс айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.»;
мынадай мазмұндағы он алтыншы және он жетінші бөліктермен толықтырылсын:
«16. Осы баптың үшінші, бесінші, алтыншы, жетінші және он бірінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) -
он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
17. Осы баптың тоғызыншы, оныншы және он төртінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) -
отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.»;
4) 179-бапта:
бірінші бөлікте:
бірінші абзацтағы «кредиторлар жиналысына» деген сөздер «кредиторлар комитетіне» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші абзацтағы «елу» деген сөз «отыз» деген сөзбен ауыстырылсын;
екінші бөліктің екінші абзацындағы «елу» деген сөз «отыз» деген сөзбен ауыстырылсын;
бесінші бөлікте:
бірінші абзацтағы «кредиторлар жиналысы» деген сөздер «кредиторлар жиналысы мен комитеті отырыстарының» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші абзацтағы «он бес» деген сөздер «бес» деген сөзбен ауыстырылсын;
алтыншы бөлік алып тасталсын;
жетінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Банкроттың мүлкін сату жоспарын жасау немесе оны өткізуді жүзеге асыру жөніндегі міндетін орындамау немесе тиісінше орындамау -»;
сегізінші және тоғызыншы бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Борышкердің пайдасына ақша түскеннен кейiн кредиторлармен есеп айырысуды жүзеге асыру жөніндегі мiндетін орындамау не тиiсiнше орындамау, сол сияқты кредиторлармен есеп айырысуды кредиторлардың талаптарын қанағаттандырудың белгiленген тәртiбiн бұза отырып жүргiзу -
он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
9. Әдейі банкроттық белгілерінің болуын көрсететін, қолда бар деректер туралы құқық қорғау органдарына хабарламау -
елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.»;
оныншы бөліктің екінші абзацындағы «елу» деген сөз «отыз» деген сөзбен ауыстырылсын;
он бірінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Кредиторлар комитетінің шешімінсіз әкімшілік шығыстарды төлеу -»;
он екінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Құрылтай құжаттарын, есепке алу құжаттамасын, банкроттың мүлкіне құқық белгілейтін құжаттарды, мөрлерді (олар болған кезде), мөртабандарды, банкротқа тиесілі материалдық және өзге де құндылықтарды банкроттықты басқарушы шеттетілген (босатылған) кезде - жаңадан тағайындалған банкроттықты басқарушыға, борышкерді банкрот деп тану туралы сот шешімінің күші жойылған кезде - борышкерге немесе оңалтуды басқарушыға, банкрот кәсіпорынды сату кезінде сатып алушыға беру міндетін орындамау не тиісінше орындамау -»;
он төртінші бөлікте:
бірінші абзацтағы «Растайтын құжаттарды қоса бере отырып, сұратылатын» деген сөздер «Сұратылатын» деген сөзбен ауыстырылсын;
екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«ескерту жасауға алып келеді.»;
он бесінші бөлікте:
бірінші абзац «барысы» деген сөзден кейін «, борышкердің қаржылық жағдайы» деген сөздермен толықтырылсын;
екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«ескерту жасауға алып келеді.»;
он алтыншы бөліктің екінші абзацындағы «он бес» деген сөздер «бес» деген сөзбен ауыстырылсын;
он сегізінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«18. «Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген жағдайларда адамдарды субсидиарлық жауаптылыққа тарту және сомаларды өндіріп алу туралы талап қоюмен сотқа жүгінбеу -
отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.»;
он тоғызыншы бөлікте:
бірінші абзацтағы «келiсiмде» деген сөз «жасалған банкроттық рәсімін жүргізу туралы шартта» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші абзацтағы «он бес» деген сөздер «бес» деген сөзбен ауыстырылсын;
жиырмасыншы бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«20. Уақытша басқарушыдан немесе оңалтуды басқарушыдан құрылтай құжаттарын, есепке алу құжаттамасын, банкроттың мүлкіне құқық белгілейтін құжаттарды, мөрлерді (олар болған кезде), мөртабандарды, банкротқа тиесілі материалдық және өзге де құндылықтарды қабылдау міндетін орындамау не тиісінше орындамау -
он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.»;
жиырма бірінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«21. Банкке, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға банкроттың банктік шоттарын жабу туралы өтінішті уақтылы жібермеу, банкроттың мөрін (болған кезде) жою -»;
жиырма екінші және жиырма үшінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
«22. Осы баптың төртінші, бесінші, он төртінші - он жетінші және он тоғызыншы бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) -
он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
23. Осы баптың үшінші, жетінші, сегізінші, он бірінші, он екінші, он үшінші, жиырмасыншы және жиырма бірінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) -
отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.»;
мынадай мазмұндағы жиырма төртінші және жиырма бесінші бөліктермен толықтырылсын:
«24. Осы баптың бірінші, екінші, оныншы және он сегізінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) -
алпыс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
25. Осы баптың тоғызыншы бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет -
бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.»;
5) 180-бапта:
бірінші бөлікте:
бірінші абзацтағы «оңалту рәсiмiн қолдану» деген сөздер «оңалту туралы іс бойынша іс жүргізуді қозғау» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші абзацтағы «он бес» деген сөздер «бес» деген сөзбен ауыстырылсын;
екінші бөліктің екінші абзацындағы «елу» деген сөз «отыз» деген сөзбен ауыстырылсын;
үшінші бөлікте:
бірінші абзацтағы «Оңалту жоспарының тиiмдiлiгi туралы қорытындыны сотқа жiберу» деген сөздер «Борышкердің қаржылық орнықтылығы туралы қорытындыны сотқа ұсыну» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші абзацтағы «он бес» деген сөздер «отыз» деген сөзбен ауыстырылсын;
төртінші және бесінші бөліктер алып тасталсын;
алтыншы бөліктің екінші абзацындағы «он бес» деген сөздер «бес» деген сөзбен ауыстырылсын;
жетінші бөлікте:
бірінші абзацтағы «Кредиторлар» деген сөз «Алғашқы кредиторлар» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші абзацтағы «он бес» деген сөздер «бес» деген сөзбен ауыстырылсын;
сегізінші бөлік алып тасталсын;
тоғызыншы бөлікте:
бірінші абзацтағы «бесінші бөлігінде көзделген жағдайды қоспағанда, осы баптың бiрiншi - сегiзiншi» деген сөздер «бірінші, алтыншы және жетінші» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші абзацтағы «бiр жүз» деген сөздер «он бес» деген сөздермен ауыстырылсын;
оныншы бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Осы баптың екінші және үшінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) -
алпыс айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.»;
6) 181-бапта:
бірінші және екінші бөліктер алып тасталсын;
үшінші бөлікте:
бірінші абзацтағы «күзетiлуiн» деген сөз «күзетілуі мен бақылануын» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші абзацтағы «он бес» деген сөздер «отыз» деген сөзбен ауыстырылсын;
төртінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Оңалту жоспарының орындалуын қамтамасыз етпеу не тиісінше қамтамасыз етпеу -»;
бесінші бөліктің бірінші абзацындағы «Құжаттардың көшiрмелерiн қоса бере отырып, оңалту» деген сөздер «Оңалту» деген сөзбен ауыстырылсын;
алтыншы бөлікте:
бірінші абзацтағы «кредиторлар жиналысының» деген сөздер «кредиторлар жиналысы мен комитеті отырыстарының» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші абзацтағы «он бес» деген сөздер «бес» деген сөзбен ауыстырылсын;
жетінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Құрылтай құжаттарын, есепке алу құжаттамасын, борышкердің мүлкіне құқық белгілейтін құжаттарды, мөрлерді (болған кезде), мөртабандарды, борышкерге тиесілі материалдық және өзге де құндылықтарды жаңадан тағайындалған оңалтуды басқарушыға немесе банкроттықты басқарушыға беру міндетін орындамау не тиісінше орындамау -
он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.»;
сегізінші бөліктің екінші абзацындағы «елу» деген сөз «отыз» деген сөзбен ауыстырылсын;
оныншы бөлік алып тасталсын;
он бірінші бөлікте:
бірінші абзац «барысы» деген сөзден кейін «, борышкердің қаржылық жағдайы» деген сөздермен толықтырылсын;
екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«ескерту жасауға алып келеді.»;
он екінші бөлікте:
бірінші абзацтағы «Растайтын құжаттарды қоса бере отырып, сұратылатын» деген сөздер «Сұратылатын» деген сөзбен ауыстырылсын;
екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«ескерту жасауға алып келеді.»;
он төртінші бөлік алып тасталсын;
он бесінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«15. Кредиторлар комитеті мүшелерінің назарына борышкердің алдыңғы айдағы қаржылық жағдайы, жүргізілген мәмілелер туралы ақпаратты жеткізу жөніндегі, сондай-ақ кредиторлар комитетінің талап етуі бойынша ақпаратты беру жөніндегі міндеттерді орындамау не тиісінше орындамау-
он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.»;
он алтыншы бөліктің екінші абзацындағы «елу» деген сөз «отыз» деген сөзбен ауыстырылсын;
он жетінші бөлік алып тасталсын;
он сегізінші бөлікте:
бірінші абзацтағы «жиырма», «мақұлдауынсыз» деген сөздер тиісінше «бес», «келісімінсіз» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші абзацтағы «бір жүз» деген сөздер «елу» деген сөзбен ауыстырылсын;
он тоғызыншы бөлікте:
бірінші абзацтағы «бесінші бөлігінде көзделген жағдайды қоспағанда, осы баптың бiрiншi - он сегiзiншi» деген сөздер «бесінші, алтыншы, он бірінші және он екінші» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші абзацтағы «бір жүз» деген сөздер «он бес» деген сөздермен ауыстырылсын;
жиырмасыншы бөлікте:
бірінші абзацтағы «бесінші бөлiгінде», «әрекет» деген сөздер тиісінше «жетінші, тоғызыншы және он бесінші бөліктерінде», «әрекеттер (әрекетсіздік)» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші абзацтағы «он бес» деген сөздер «отыз» деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы жиырма бірінші және жиырма екінші бөліктермен толықтырылсын:
«21. Осы баптың үшінші, сегізінші, он үшінші және он алтыншы бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) -
алпыс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
22. Осы баптың төртінші және он сегізінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) -
бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.»;
7) 182-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«182-бап. Әдейi банкроттық
Әдейі банкроттық, яғни құрылтайшының (қатысушының), лауазымды адамның, заңды тұлғаны басқару функциясын жүзеге асыратын тұлғаның, сол сияқты дара кәсіпкердің заңды тұлға немесе дара кәсіпкер банкрот деп танылғанға дейін үш жыл ішінде кредиторлар алдындағы міндеттемелерін орындаудан жалтару мақсатында мүлікті иеліктен шығару немесе жасыру арқылы жеке мүддесі немесе өзге тұлғалардың мүдделері үшін жасалған әрекеттері, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса,-
жеке тұлғаға - екі жүз айлық есептік көрсеткіш, заңды тұлғаға төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.»;
8) 183-бап алып тасталсын;
9) 684-баптың бірінші бөлігіндегі «183,» деген цифрлар алып тасталсын;
10) 804-баптың бірінші бөлігінің 31) тармақшасындағы «183,» деген цифрлар алып тасталсын.
7. 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 20-II, 20-III, 112-құжат; 2016 ж., № 1, 4-құжат; № 6, 45-құжат; № 7-II, 55-құжат; № 8-I, 62, 65-құжаттар; № 8-II, 72-құжат; № 12, 87-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 124, 126-құжаттар; 2017 ж., № 9, 21-құжат; № 14, 50, 51-құжаттар; № 22-III, 109-құжат; № 23-III, 111-құжат; № 23-V, 113-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 11, 37-құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 46, 49, 50-құжаттар; № 19, 62-құжат; № 22, 82, 83-құжаттар; № 24, 94-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 5-6, 27-құжат; № 7, 37, 39-құжаттар; № 8, 45-құжат; № 15-16, 67-құжат; № 19-20, 86-құжат; 2019 жылғы 27 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2019 жылғы 25 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2019 жылғы 29 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2019 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 38-бапта:
2-тармақтың 1) тармақшасы алып тасталсын;
3-тармақ 3) тармақшадағы «белгіленген жағдайларда да тоқтатылады.» деген сөздер «белгіленген;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) сот шешімімен банкрот деп танылған дара кәсіпкерге қатысты банкроттық рәсімінің аяқталуы туралы сот ұйғарымы заңды күшіне енген жағдайларда да тоқтатылады.»;
2) 138-бап 115) тармақшадағы «саласында жүзеге асырылады.» деген сөздер «саласында;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 116) тармақшамен толықтырылсын:
«116) Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасының сақталуына жүзеге асырылады.».
8. 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2015 ж., № 20-V, 20-VІ, 114-құжат; 2016 ж., № 7-ІІ, 55-құжат; № 12, 87-құжат; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 7-құжат; № 8, 16-құжат; № 16, 56-құжат; № 21, 98-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат; № 16, 53-құжат; № 24, 93-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 7, 36, 37-құжаттар; № 15-16, 67-құжат):
1) мазмұнында 42-тараудың және 355-баптың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:
«42-тарау. ДАРА КӘСІПКЕРЛЕР МЕН ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ БЕРЕШЕГІН ҚАЙТА ҚҰРЫЛЫМДАУ, ОЛАРДЫ ОҢАЛТУ, ОЛАРДЫҢ БАНКРОТТЫҒЫ, СОНДАЙ-АҚ ОЛАРДЫ БАНКРОТТЫҚ РӘСІМІН ҚОЗҒАМАЙ ТАРАТУ ТУРАЛЫ ІС ЖҮРГІЗУ
355-бап. Дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың берешегін қайта құрылымдау, оларды оңалту және олардың банкроттығы, сондай-ақ оларды банкроттық рәсімін қозғамай тарату туралы iстердi қарау»;
2) 27-баптың бірінші бөлігінің үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттар Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда қаржы ұйымдарын және банк конгломератына бас ұйым ретінде кіретін және қаржы ұйымдары болып табылмайтын ұйымдарды қайта құрылымдау туралы істерді, дара кәсіпкерлердің және заңды тұлғалардың берешегін қайта құрылымдау, оларды оңалту және олардың банкроттығы, сондай-ақ оларды банкроттық рәсімін қозғамай тарату туралы істерді де қарайды.»;
3) 35-баптың сегізінші бөлігінің екінші абзацы «борышкер» деген сөзден кейін «немесе ол уәкілеттік берген тұлға» деген сөздермен толықтырылсын;
4) 243-баптың 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«10) берешекті қайта құрылымдау туралы;»;
5) 302-баптың бірінші бөлігінің 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«11) дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың берешегін қайта құрылымдау, оларды оңалту, олардың банкроттығы, сондай-ақ оларды банкроттық рәсімін қозғамай тарату туралы;»;
6) 42-тарау мынадай редакцияда жазылсын:
«42-тарау. ДАРА КӘСІПКЕРЛЕР МЕН ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ БЕРЕШЕГІН ҚАЙТА ҚҰРЫЛЫМДАУ, ОЛАРДЫ ОҢАЛТУ, ОЛАРДЫҢ БАНКРОТТЫҒЫ, СОНДАЙ-АҚ ОЛАРДЫ БАНКРОТТЫҚ РӘСІМІН ҚОЗҒАМАЙ ТАРАТУ ТУРАЛЫ ІС ЖҮРГІЗУ
355-бап. Дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың берешегін қайта құрылымдау, оларды оңалту және олардың банкроттығы, сондай-ақ оларды банкроттық рәсімін қозғамай тарату туралы iстердi қарау
Сот дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың берешегін қайта құрылымдау, оларды оңалту және олардың банкроттығы, сондай-ақ оларды банкроттық рәсімін қозғамай тарату туралы iстердi «Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген ерекшеліктермен осы Кодексте көзделген жалпы қағидалар бойынша қарайды.»;
7) 434-баптың екінші бөлігінің 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) берешекті қайта құрылымдау туралы істер, сондай-ақ оңалту рәсімі мен банкроттық рәсімі шеңберінде туындайтын даулар жөніндегі, оның ішінде борышкер немесе ол уәкілеттік берген тұлға жасасқан мәмілелерді жарамсыз деп тану туралы, борышкердің мүлкін қайтару туралы, банкроттықты немесе оңалтуды басқарушының талап қоюлары бойынша дебиторлық берешекті өндіріп алу туралы істер бойынша сот актiлері кассациялық тәртiппен қайта қарауға жатпайды.».
9. 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2017 ж., № 22-І, 22-II, 107-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 11, 37-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 42, 44-құжаттар; № 15, 50-құжат; № 19, 62-құжат; № 22, 82, 83-құжаттар; № 24, 93, 94-құжаттар; 2019 ж., № 1, 2, 4-құжаттар; № 2, 6-құжат; № 5-6, 27-құжат; № 7, 37, 39-құжаттар; № 8, 45-құжат; № 15-16, 67-құжат; № 19-20, 86-құжат; 2019 жылғы 27 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2019 жылғы 25 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2019 жылғы 29 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2019 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) бүкіл мәтін бойынша «төлем қабілетсіздігін реттеу» деген сөздер «берешекті қайта құрылымдау» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 19-баптың 4-тармағындағы «, жалған» деген сөз алып тасталсын;
3) 24-баптың 15) тармақшасының екінші бөлігі мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:
«өзіне қатысты банкрот деп тану және банкроттық рәсімін қозғай отырып тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енген салық төлеуші банктік шоттарды ашқан кезде;»;
4) 85-баптың 4-тармағының 6) тармақшасында:
төртінші абзацтағы «, 217» деген цифрлар алып тасталсын;
бесінші абзацтағы «, 240» деген цифрлар алып тасталсын;
5) 116-баптың 4-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) оңалту рәсімі қолданылған жағдайда - оңалту рәсімін қолдану туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап;»;
6) 117-бапта:
3-тармақтың бірінші бөлігінің жетінші, тоғызыншы және оныншы абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
«Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сот берешекті қайта құрылымдау туралы келісімді бекіткен жағдайда, салық төлеушіге қатысты салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша салықтық міндеттемені орындау мерзімі өзгерген кезде;»;
«сот оңалту туралы іс бойынша іс жүргізуді қозғау туралы ұйғарым шығарған кезде - осындай ұйғарым шығарылған күннен бастап;
берешекті қайта құрылымдау рәсімі қолданылған кезде - сот осындай рәсімді қолдану туралы шешім шығарған күннен бастап;»;
4-тармақта:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) оңалту жоспарын бекітуден бас тарту туралы сот ұйғарымы заңды күшіне енген жағдайда - сот оңалту туралы іс бойынша іс жүргізуді қозғау туралы ұйғарым шығарған күннен бастап;»;
мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) салық төлеушіге қатысты оңалту рәсімін қолданудан бас тарту туралы сот шешімі заңды күшіне енген жағдайда - сот оңалту туралы іс бойынша іс жүргізуді қозғау туралы ұйғарым шығарған күннен бастап;»;
7) 610-баптың 1-тармағының 13) тармақшасындағы «, жеделдетілген оңалту рәсімін қолдану» деген сөздер алып тасталсын.
10. 2017 жылғы 26 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2017 ж., № 23-І, 23-II, 110-құжат; 2018 ж., № 15, 50-құжат; № 19, 62-құжат; № 24, 93-құжат; 2019 ж., № 7, 37, 39-құжаттар; № 15-16, 67-құжат; № 19-20, 86-құжат; 2019 жылғы 29 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2019 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 123-баптың 4-тармағында:
бірінші бөліктің 2) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«2) оңалту рәсімі қолданылған жағдайда - оңалту рәсімін қолдану туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап;
3) сот берешекті қайта құрылымдау туралы келісімді бекіткен жағдайда - осындай келісімді бекіту туралы сот ұйғарымы заңды күшіне енген күннен бастап;»;
екінші бөліктегі «төлем қабілетсіздігін реттеу» деген сөздер «берешекті қайта құрылымдау» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 124-бапта:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Өсiмпұл кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары бойынша төлеушіде туындаған берешек сомасына:
1) «Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сот берешекті қайта құрылымдау туралы келісімді бекіткен жағдайда, төлеушіге қатысты кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары бойынша берешекті өтеу мерзімі өзгерген кезде;
2) сот банкроттық туралы іс бойынша іс жүргізуді қозғау туралы ұйғарым шығарған кезде - осындай ұйғарым шығарылған күннен бастап;
3) сот оңалту туралы іс бойынша іс жүргізуді қозғау туралы ұйғарым шығарған кезде - осындай ұйғарым шығарылған күннен бастап;
4) берешекті қайта құрылымдау рәсімі қолданылған кезде - осындай рәсімді қолдану туралы сот шешімі шығарылған күннен бастап есепке жазылмайды.»;
мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
«5-1. Өсімпұлды есепке жазу:
1) төлеушіні банкрот деп танудан бас тарту туралы сот шешімі заңды күшіне енген жағдайда - сот банкроттық туралы іс бойынша іс жүргізуді қозғау туралы ұйғарым шығарған күннен бастап;