6) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының жыл сайынғы міндетті аудитін жүргізетін аудиторлық ұйымдарға;
7) мұрагерлерге - нысаналы жинақтарды алушы қайтыс болған не оны қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімі заңды күшіне енген жағдайда мұраға құқық туралы куәлік ұсыныла отырып, сұрау салу бойынша;
8) нотариустар мен шетелдік консулдық мекемелерге - нысаналы жинақтарды алушы қайтыс болған не оны қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімі заңды күшіне енген жағдайда өздерінің іс жүргізуіндегі мұрагерлік істер бойынша сұрау салу арқылы;
9) жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған барлық типтегі ұйымдардың басшыларына мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріндегі мәліметтер және (немесе) жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың осындай ұйымдарда болуын растайтын құжаттардың негізінде берілуі мүмкін.
7-8-бап. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының нысаналы активтері
1. Нысаналы жинақтарды алушының, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, уәкілетті операторлардың борыштары бойынша, оның ішінде санамаланған субъектілер таратылған және (немесе) банкрот болған жағдайларда нысаналы активтерге, нысаналы жинақтарға және нысаналы жинақ төлемдеріне тыйым салуды немесе өндіріп алуды қолдануға жол берілмейді.
2. Нысаналы активтер:
1) тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім беру ақысын төлеу мақсатында және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де жағдайларда нысаналы жинақ төлемдерін жүзеге асыруға;
2) қате есепке жатқызылған нысаналы жинақтарды және өзге де қате есепке жатқызылған ақшаны қайтаруға ғана пайдаланылады.
7-9-бап. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының нысаналы активтерін сақтау және есепке алу
1. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының нысаналы активтері Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры арасында жасалатын шартқа сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі шоттарда жалпы сомада сақталады және есепке алынады.
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының нысаналы активтерін есепке алу және сақтау мақсатында шетелдік кастодиан-банктерде шоттар ашуға құқылы.
7-10-бап. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының нысаналы талаптар, нысаналы жинақтар және нысаналы активтер бойынша есебі мен есептілігі және оларды бақылау
1. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен нысаналы талаптар, нысаналы жинақтар және нысаналы активтер бойынша есепке алуды жүргізеді және есептілік жасайды.
Нысаналы активтерді есепке алуды жүзеге асыру және ақпараттың сенімділігін, сақталуын және санкцияланбаған қол жеткізуден қорғалуын қамтамасыз ету үшін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының бағдарламалық қамтылымы түріндегі автоматтандырылған ақпараттық жүйелер пайдаланылады.
2. Нысаналы талаптарды, нысаналы жинақтар мен нысаналы активтерді есепке алуды жүргізу тәртібін бақылауды қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады.
7-11-бап. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына оның нысаналы активтері бойынша аудит жүргізу
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының міндетті жыл сайынғы аудиті шеңберінде аудиторлық ұйым бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының нысаналы активтері бойынша аудитті жүзеге асырады. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының нысаналы активтері бойынша міндетті жыл сайынғы аудит бойынша шығыстар бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының меншікті активтері есебінен жүзеге асырылады.»;
3) 13-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Әрбір баланың заңнамада белгіленген тәртіппен өз бетінше немесе өзінің заңды өкілдері арқылы мәмілелер жасауға, банктерде, Ұлттық пошта операторында салымдары болуға және жалақысына, стипендиясына немесе өзге де кірістеріне және зияткерлік меншік құқығы объектілеріне билік етуге, өзге де мүліктік құқықтарды иемденуге және оларды жүзеге асыруға құқығы бар.
Ата-аналар немесе заңды өкілдер баланың жәрдемақысы немесе материалдық көмек ретінде мемлекет бөлетін ақшаны баланың атына банктерге және (немесе) Ұлттық пошта операторына салуға құқылы.».
11. «Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:
11-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 3-9) тармақшамен толықтырылсын:
«3-9) нысаналы талаптарға қатысушылар мен нысаналы жинақтарды алушылардың дерекқорын қалыптастыру және ақпараттық жүйеде олардың есебін жүргізу үшін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына;».
12. «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 5-баптың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 116) тармақшамен толықтырылсын:
«116) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес білім беру ақысын төлеу мақсатында ғылым және жоғары білім беру саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін нысаналы жинақ төлемдерін пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді.»;
2) 5-3-баптың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 32) тармақшамен толықтырылсын:
«32) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес білім беру ақысын төлеу мақсатында білім беру саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін нысаналы жинақ төлемдерін пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді.»;
3) 44-баптың 3-тармағының екінші бөлігіндегі «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы атындағы» деген сөздер «Қазақстан Республикасы» деген сөздермен ауыстырылсын.
13. «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 58-баптың 2-тармағының екінші бөлігінде:
2) тармақша «зейнетақы төлемдерін» деген сөздерден кейін «, нысаналы активтерді, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім беру ақысын төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін нысаналы жинақ төлемдерін» деген сөздермен толықтырылсын;
3) тармақша «жинақ ақшасы түріндегі» деген сөз дерден кейін «, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім беру ақысын төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін нысаналы жинақ төлемдері түріндегі» деген сөздермен толықтырылсын;
2) 62-баптың 3-тармағының екінші бөлігінде:
2-тармақша «зейнетақы төлемдерін» деген сөздерден кейін «, нысаналы активтерді, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім беру ақысын төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін нысаналы жинақ төлемдерін» деген сөздермен толықтырылсын;
3) тармақша «жинақ ақшасы түріндегі» деген сөздерден кейін «, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім беру ақысын төлеу мақсатын да бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін нысаналы жинақ төлемдері түріндегі» деген сөздермен толықтырылсын;
3) 98-баптың бірінші бөлігінде:
14-1) тармақша «, нысаналы активтерден, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім беру ақысын төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін нысаналы жинақ төлемдерінен» деген сөздермен толықтырылсын;
18-1) тармақша «жинақ ақшасы түріндегі» деген сөздерден кейін «, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім беру ақысын төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін нысаналы жинақ төлемдері түріндегі» деген сөздермен толықтырылсын.
14. «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» 2012 жылғы 1 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 6-1-бап алып тасталсын;
2) 7-баптың 3-1-тармағы алып тасталсын;
3) 8-баптың 3-тармағының 28) тармақшасындағы «Қорды басқару жөніндегі кеңеске ақпарат жібере отырып,» деген сөздер алып тасталсын;
4) 24-баптың 5-тармағындағы «, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметі мүшелерінің және өзге де мемлекеттік қызметшілердің Қорды басқару жөніндегі кеңестің ұсынымы бойынша сайлануын» деген сөздер алып тасталсын.
15. «Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» 2012 жылғы 13 ақпан дағы Қазақстан Республикасының Заңына:
10-баптың 2-тармағындағы «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы атындағы» деген сөздер «Қазақстан Республикасының» деген сөздермен ауыстырылсын.
16. «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» 2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
39-1-бапта:
тақырыптағы «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы атындағы» деген сөздер «Қазақстан Республикасының» деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақтағы «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы атындағы» деген сөздер «Қазақстан Республикасының» деген сөздермен ауыстырылсын.
17. «Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы» 2013 жылғы 14 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-бапта:
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) білім беру жинақтау салымы - салымшының немесе енгізушілердің жарналарын, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес білім беру ақысын төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін нысаналы жинақ төлемдері есебінен жарналарын, қатысушы банктің капиталдандырылған сыйақылары мен мемлекет сыйлықақысын қамтитын, салымшының қатысушы банк шотындағы ақшасы;»;
14) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«14) қатысушы банк - осы Заңда белгіленген талаптарға сай келетін және Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласындағы оператормен Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласындағы ынтымақтастық туралы келісім жасасқан Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкі, Ұлттық пошта операторы;»;
2) 11-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Бұл ретте Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес білім беру ақысын төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін нысаналы жинақ төлемдері есебінен қалыптастырылған білім беру жинақтау салымының қаражатын (олар болған кезде) салымшы:
1) «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында ашылған салымшының нысаналы жинақтау шотына аудару кезіндегі валюталар бағамы бойынша АҚШ долларында одан әрі аудару үшін, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім беру ақысын төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін нысаналы жинақ төлемдерін есепке жатқызу үшін банктік шоттарды ашуды және жүргізуді жүзеге асыратын екінші деңгейдегі банктерде, Ұлттық пошта операторында ашылған өзінің банктік шотына аударуға;
2) «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім беру ақысын төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін нысаналы жинақ төлемдерін есепке жатқызу үшін банктік шоттарды ашуды және жүргізуді жүзеге асыратын екінші деңгейдегі банктерде, Ұлттық пошта операторында ашылған өзінің банктік шотына ұлттық валютамен аударуға;
3) білімнің басқа деңгейлерін меңгеру мақсатында білім беру қызметтеріне ақы төлеуге жұмсауға;
4) білім беру жинақтау салымында қаражат жинақтауды жалғастыруға құқылы.»;
3) 11-1-бапта:
8-тармақ «бөліп төленеді» деген сөздерден кейін «не «Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес білім беру ақысын төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін пайда алушының нысаналы жинақ төлемдері есебінен төленеді» деген сөздермен толықтырылсын;
13-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) және 3) тармақшаларында көзделген жағдайларда, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес білім беру ақысын төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін нысаналы жинақ төлемдерінің сомасын (олар болған кезде) пайда алушы:
1) «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында ашылған салымшының нысаналы жинақтау шотына аудару кезіндегі валюталар бағамы бойынша АҚШ долларында одан әрі аудару үшін, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім беру ақысын төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін нысаналы жинақ төлемдерін есепке жатқызу үшін банктік шоттарды ашуды және жүргізуді жүзеге асыратын екінші деңгейдегі банктерде, Ұлттық пошта операторында ашылған өзінің банктік шотына аударуға;
2) «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім беру ақысын төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін нысаналы жинақ төлемдерін есепке жатқызу үшін банктік шоттарды ашуды және жүргізуді жүзеге асыратын екінші деңгейдегі банктерде, Ұлттық пошта операторында ашылған өзінің банктік шотына ұлттық валютамен аударуға құқылы.»;
4) 15-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы тармақтың бірінші бөлігі 1) тармақшасының кассалық операцияларды жүргізуге арналған лицензияларының болуы туралы талабы және 2) тармақшасының талабы Ұлттық пошта операторына қолданылмайды.».
18. «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1-қосымшаның 53-жолының 3-бағаны мынадай мазмұндағы 29 және 30-тармақтармен толықтырылсын:
«29. Тұрғын үй құрылысы жинақ банктерінің тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім беру ақысын төлеу мақсатында нысаналы жинақ төлемдерін есепке жатқызуға арналған жеке тұлғалардың ағымдағы шоттарын ашуы және жүргізуі.
30. Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесіне қатысу үшін тұрғын үй құрылысы жинақ банктерінің депозиттерді қабылдауы, жеке тұлғалардың банктік шоттарын ашуы және жүргізуі.».
19. «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» 2016 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 27-бапта:
3-тармақтың бірінші бөлігінің 1) тармақшасы «(кәмелетке толмаған және еңбекке қабілетсіз кәмелетке толған балаларды күтіп-бағуға арналған ақшаны)» деген сөздерден кейін «, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім беру ақысын төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін нысаналы жинақтарды және (немесе) нысаналы жинақ төлемдерін» деген сөздермен толықтырылсын;
10-тармақтың үшінші бөлігінде:
2) тармақша «зейнетақы төлемдерін» деген сөздерден кейін «, нысаналы активтерді, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім беру ақысын төлеу үшін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін нысаналы жинақ төлемдерін» деген сөздермен толықтырылсын;
2-1) тармақша «жинақ ақшасы түріндегі» деген сөздерден кейін «, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім беру ақысын төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін нысаналы жинақ төлемдері түріндегі» деген сөздермен толықтырылсын;
11-тармақтың екінші бөлігі:
«зейнетақы төлемдерін» деген сөздерден кейін «, нысаналы активтерді, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім беру ақысын төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін нысаналы жинақ төлемдерін» деген сөздермен толықтырылсын;
«жинақ ақшасы түріндегі» деген сөздерден кейін «, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім беру ақысын төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін нысаналы жинақ төлемдері түріндегі» деген сөздермен толықтырылсын;
2) 46-баптың 7-тармағының 5) тармақшасы:
«зейнетақы төлемдерін,» деген сөздерден кейін «нысаналы активтерді, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім беру ақысын төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін нысаналы жинақ төлемдерін,» деген сөздермен толықтырылсын;
«жинақ ақшасы түріндегі» деген сөздерден кейін «, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім беру ақысын төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін нысаналы жинақ төлемдері түріндегі» деген сөздермен толықтырылсын.
2-бап.
1. Осы Заң 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
2. Қазақстан Республикасының он сегіз жасқа толмаған азаматтарында осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап нысаналы талаптарға құқық пайда болады деп белгіленсін.
3. Осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін туған нысаналы талаптарға қатысушылар үшін есепке жазылатын жыл сайынғы нысаналы жинақтар саны олар он сегіз жасқа толғанға дейін қалған жылдар санына тең болады деп белгіленсін.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ
Астана, Ақорда, 2023 жылғы 16 қараша
№ 40-VІІІ ҚРЗ